Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жауап алудың дәстурлі емес әдістері

Мақала жауап алудың дәстүрлі емес әдістерінің практикалық қолдануының тұжырымдамаларының талдауына арналған. Жұмыста олардың ұғымы, негізгі қағидалар, жауап алудың мәндері ашылады.

Алдын ала тергеуде және соттық зерттеулерде адамдардың ойлау және танымдық қызметтерінде сол ойлау заңдары қолданылады, және объективті шындықты тану процесіндегіндей жалпы логикалық тәсілдермен әдістер қолданылады . Бірақта осы алдын ала тергеу мен соттық қараудың таным аспектісінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Процестің спецификасы қылмысты тергеу барысында шындықты айқындау, бұл жерде шыныменде дәлелдеу нысанында жүзеге асырылады, оның түсінігі дәлелдеудің көмегімен барлық факторларды, жағдайларды және басқа да осы қылмыстың істі дұрыс шешуге зор ықпалмен тигізеді.

Соттық зерттеулердің нәрсесі адамдардың құқықа қарсы әрекеттері болып табылады.

Осындай көріністердің мазмұның анықтау дәлелдеудің тапсырмаларын құрайды. Көп жағдайда тергеу қақтығыстық сипатта өтеді. Осының нәтижесінде тергеу және сот органдарының өкілдері осы қызмет нәтижесінде істің аяғында мүдделі адамдар қарсы әрекет жасайтын келістікте жұмыс істейді, ашық және жабық қарсылылықтарды шешуге тура келеді.

Тергеу барысында анықтауға жататын деректер мен жағдайлар ереже бойынша өткен күнің оқиғасы. Сондықтанда тергеу өткенге қаратылған оның объектісі бұзылған және қайталаңбайды.

Тергеуші мен сот материалды әлем заттарыңда қалған жеке іздер мен "идеалды" іздер, яғни куәлер есінде қалған жағдайлар арқылы қылмыс оқиғасын жасайды. Оқиғаның қалған іздері бойынша қайта құрастыру зергеушінің қызметінің ерекшелігі болып табылады.

Соттық зерттеулердің өзіндік спецификалық мақсаттары болады. Ол қылмыстың нақты объективті баға берушін нақтылы факторлардың айқындауға бағытталған, соттың зерттеулер өзінің жүзеге асыруыңда спецификалық шарттармен сипатталады: ол алдын ала белгілеңген мерзіммен жектеледі, процессуалдық шешім мерзімімен қабылдауды талап етеді, оған арнайы заңмен өкілетті адам жүргізуі мүмкін.

Қылмысты тергеу процесінде тапсырманы шешу қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген нысанда жүзеге асырылады және қылмыстық іс жүргізу қағидалар мен талаптарына сәйкес келу керек. Бұл дегеніміз тергеушінің барлық өзінің іс әрекетің заңмен қаралған хаттамалық нысанға сәйкес келу керек. Тергеушінің іс-әрекетінің сенімді басталуынан айыру және шешімі дәлелдемелік мәні бола алмайды. Соттың зерттеулері үшін нақты шешім қабылдау үшін және тез, толық шешімді қаже ететін ойлау тапсырмаларының көп жоспарлық сипатта болады.

Дәлелдемелерді бағалау, болжамдарды салыстыру тергеу барысын ойластыру тергеушінің жұмыс уақытымен шектелмейді. Қылмысты тергеу мен байланысқан ойлану тап. Сырмаларын шешу процесі, ол ойлаудың логикалық қозғалысының ерекше нысаны болатын болжамдарды кейінен пайдалану.

Тергеушінің ойлану қызметінде сезімталдық ерекше орын алады - дискурсивті ойлаудың логикалық анықталмаған процесі. Сезімталдықты пайдаланудың құқылығы оңы ойлаудың шынайы өмір сүретін әдісі ретінде материалистік талқылау мен түсіндіріледі.

Сезу, күтпеген жерден ой пайда болу сияқты таңым жолдары олардың құралу барысында аңғарылмайды, бірақ логикалық заңды болып келеді. тергеліп жатқан жағдаймен байланысқан күрделі ой- тапсырмаларын бірден және тез шешу мүмкіндегі ретінде тергеулік сезімталдық бұған қатысты өзінің негізі бар. Тергеулік сезімталдықтың қайнар көзі болып ең бірініші қылмысты тергеудің бір талай тәжіребиесі және білім табылады.

Мәлімет біздің заттар, оқиғалар және көріністер туралы біліміміздің кенеуіне ықпал етеді. Ол өткеннің осы шақтың және болашақтың фактірлеріне қатысты болу мүмкін. Соттық дәлелдеудің негізгі тапсырмасы сол өткен шақта болған, тергеліп жатқан істің нақты жағдайлардың анықтауға тұратындықтан, оны шешу тен-тергеліп жатқан фактілер туралы деректер, іс бойынша дәлелдеме болады.

Қылмыс фактісінің өзі іс бойынша дәлелдеме бола алмайды, себебі тергеу мезетінде ол табиғатта жоқ. Фактілерді тану тек оның физикалық өмір сүруінің аяқталмағанынан кейін ғана басталады, олардан қалған іс-белгілер бойынша факт туралы мәлімет дәлелдеме бар бөлгінің жеке физикалық табиғаты бар және оңы тудырған әрекеттін тоқталғанынан кейінде өмір сүре алады. Осыған байланысты "кенестік қылмыстсң іс-жүргізудегі дәлелдеме теориясы" - монография авторларының позициясына көңіл бөле кеткен жөн. Олардың айтуы бойынша қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеме деп дәлелдеу нәрсесіне кіретін фактілерді д, қосымша фактілерді де айтуға болмайды. Адамның ойлауы объективті өмір сүретін көріністер, нәрселердің өзімен дамымайды, қозғалмайды.

Адам ойында нәрселер, заттар емес, олардың бейнелері, олар туралы мәлеметтер өмір сүреді, қозғалады. Дәлелдеме, көрсетіліп кеткендей бұрың болған анықтау қажет объективті шындықтың фактілері емес, осы фактілер туралы мәлеметтер, олардың көріністері, көшірмелері, бейнелері. Осы жайында Д.А.Турчинде ой бөліскен "Қылмыстық іс жүргізуде мәліметтің дәлелдемелік мәні бар" [1, 87].

Қылмыстық іс бойынша соттық дәлелдеме болып, солардың негізінде заңмен белгіленген тәртіпте анықтама тергеуші және сот қоғамға қауыпты әрекеттін бар немесе жоқтығын, осы әрекеттің жасаған адамның кінәлігін және істі дұрыс шешуге мәні бар басқа да жағдайларды анықтай кез келген фактілі деректер болып табылады. Бұл деректер куәгер, жәбірленуші, сезікті, айыпталушы жауаптары арқылы, сарапшының қортындысы, заттай дәлелдемелер, тергеулік және соттық әрекеттер хаттамалары және басқа да құжаттар арқылы анықталады. Заңда дәлелдеменің құралдар алдын ала заңмен белгіленген және лоар заң көрсеткендей.

Жауаптың дәлелдемелік мәні бір жағынан оның объективтік шындыққа сәйкестігімен және тергеліп жатқан іске қатыстылығы мен екінші жағынан - заңда көрсетілген дәлелдеменің бір құралы арқылы жауап алумен, яғни заңда көрсетілгендей процессуалдық нысаңмен анықталады.

Қылмысты тергеу барысында мәліметті алу, зерттеу, тіркеу және тексеру ұымдастырушылық дайындау және тергеу әрекеттерін, сарапшылық зерттеулер, жедел іздестіру шараларын жүргізумен жүзеге асырылады.

Мәліметтің біразың тергеуші жауап алу барысында алады. Мәлімет теориясы жағынан сөйлесудің ерекше нысаңы ретінде жауап алуды зерттеу жауап алудың кейбір әлементтерінің мәнің толық беруге мүмкіндік береді.

Бізбе бұрыннан бәрі ғылыммен тәжіребиеге маңылмал мәлімет теориясында қабылдаңған терминдер пайдаланылған.

Бұл "мәлімет" терминына қатысты, ол бұрында "қай байланыс" терминіне байланысты деректер хабарламалар деп түсінілген. Немістің философ марксисті Т.Клаус әділетті түрде көрсетеді "Біз бұрыңғы түсініктер ескі мазмұндарды жаңа кен теорияда қайта құрғанда әр қашанда кенірек мағына аламыз".

Кибернетика саласының терминдерінің қолдану заңгерлер мен монографиялық зерттеулер деңгейінде қабылданған және ешқандай келіспеушілік тудырмайды [2, 71].

Мәлімет теориясы жағынан жауап алу алғашқы рет 1968 ж. "Кеңестік қылмыстың іс жүргізудегі және криминалистикадағы жауап алу" монографиясында зерттелген.

Мәлімет теориясы көзқарасы жағынан сөйлесудің ерекше нысаң ретінде жауап алуды қарастырайық. Бір адамнан келесі адамға берілген мәлімет мазмұны өзгерінкірейді. Мәлімет бірнеше сатыдан өткеннен кейін мазмұның өзгеруі өседі.

Куәгерлердің жауабындағы мәліметтің жарияланып кетуі, куәгерлердің қате қабылдануынан, көргенің дұрыс айталмауынан, хаттаманаың жазылуының қателігімен, және жауап алу хаттамасын судьяның дұрыс түсінбеуінен болады. Мәліметтің шынайы шындылықты дәл көрсетуін анықтау маңызы болып келеді, яғни ол қаншалықты дұрыс көрсетілген, жауап беруші мен дұрыс берілген, тергеуші мен қабылданған және жауап алу хаттамасында жазылған. Тергеу кезіндегі мәліметтерді осындай шашырауларының орыны жаңа қайнар көздерден түскен басқада деректер негізінде, мәлімет берудің көп сатылығын қысқарту негізінде толтырылады, сондықтанда тікелей қағиданың мәні өседі, яғни қылмыс көрген адамнан жауап алу тікелей дәлелдемелерді пайдалану. Егер ол іске қатысты болмаса немесе оған белгілі болса. Бұл жағдайда оның сенімділігі өседі.

Мәлімет теориясын негізгі біреуінің айтуы бойынша байланыс торабы арқылы өткен мәлімет өсе алмайды. Шыққан кезде /алушыда/ көлемі бойынша мәлімет шыққанға қарағанда аз болады. Сондықтанда жауап беруші білетін мәліметтің бәрін тергеуші біле бермейді. Жауаптардағы мәліметтер ауызша немесе жазбаша нысанда болады. Бірақ ол басқада жолмен беруілі мүмкін. Мысалы, мықаудың белгілері, іс қимылдары, сүреттері мәліметтің алмастыру тек сөйлегенде өз ара әрекеттескенде ғана мүмкін кез келген өз ара әрекеттікте мәлімет болады. Көмегі арқылы мәлімет беретін әлеуметтік- психологиялық сөйлеу құралды көп "ауызша және жазбаша сөз, мимкалармен іс қимылдар адамдар арасында түсінушілікті белгілейтін және қоғамдық топтарды адамдардың өз-ара қарым-қатынасын белгілейтін әдістер мен құралдар" - деп жазды В.М. Бехтерев.

Қайнар қөзден тергеушіге мәлімет берілу ауызша немесе жазбаша нысаңда болады. Бірінішісі адамдар арасындағы мәлімет берудің және психологиялық әсер етудің маңызы құралы болып табылады осы жағдай басқа құралдарының ішіндегі көп мәліметтің мүмкіндігі бар әрекет ретінде жауап алуды бөледі.

Мәлімет - бұл жауап беруші айтқан сөздер ғана емес, дауыс, мимика, тембр, тон, сыртқы түр, қылығы. "дауыс жылы және жұмсақ, қатаң және қатты, қорқал және бәсен, қуанышты және сенімді, қатал, тірі салтанатты және тағы да басқа адам сезімін, көңіл күйін тіпті оның ойын білдіретін мыңдаған түрлерде болады".

Осыған байланысты жауап алуда негізгі мәлімет және қосымша мәлімет болады. Бірініші жағдайда мәліметтің дәлелдемелік мәні болады. Ал екіншіде - жауап алу тактикасын анықтайды. Біз қарастырған мәлімет теориясының шыға келе жауап алу дегеніміз іске қатысты болатын мазмұнды мәлімет алу болатын сөйлеудің процессуалдық нысаны. Тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот куә, жәбірленуші, сезікті, айыпталушы сөйлеу нәтижесінде мәліметті сөйлеушіден тыңдауға, және қабылдау процесі жүреді.

Бұл процесс төрт кезеңге бөлінеді:

  • - жауап берушіден мәлімет талап ету
  • - жауап берушіден тергеушіге мәлімет беру
  • - қабылдаңған мәліметті тергеушінің ойша сараптауы
  • - мәліметті тіркеу

Жауаптың тағы бір нысаңы, тергеушідегі жауап беруден тергеушіге мәлімет беру процесі.

Тергеуші жауап берушінің алдыңда ойлық тапсырма қояды және оған жауап ретінде мәлімет алады.

Жауап беруші, тергеушіден ойлық тапсырма алғаннан кейін, ойынша саралайды, өндейді және мәліметті жауап нысаңында береді. Тергеушіден шығып жатқан мәлімет қайтатыңдай болуы керек. Кері байланыс тарабы арқылы жүретін мәлімет есепке алыңбаса, адам жалпы әлеуметтік қатынастар жүйесінде өзінің қулықтарының көріністерінде дұрыс елестете алу мүмкіндігінен айрылушы еді.

Көрі байланыс адамның өзінің елесі мен қылықтарының құрылысында өз уақытында қажетті тұзетулер еңгізуге мүмкіндік береді. Жауап беру жауап берішуге мәлімет бере отыра, тергеуші оның еріктік шешімдеріне әсер етеді. Оның алдыңда ой тепсырмаларың қояды, оның ойың бағыттайды.

Қақтығыстың сипаты бар және кері байланыс кезінде келіп түскен мәліметтер жеткіліксіз. Тергеіші мен жауап беруші бір бірінің ойың шешуге, табуға ұмтылады, шахмат ойындағыдай оңда бір-бірінің ойлаған комбинацияларың түсінуге ұмтылады.

Қақтығыстық жағдайдың қартындысына рефлекстік тақалу. Тергеушіге жауап берішінің қалай жауап берітінің байқап отырады. Тергеушіге жауап берушінің ойлау платформаларының туралы наықтамаларың білу қажет. Тергеуші жауап берушінің ойлау процесін білу үшін оған барлық мәліметтерді жеткізу керек және осы әрекет белгілі бір шешуге келуге негіз болар еді.

Осыдан сен тергеуші жауап берушінің алған позициясының мотивің түсіне алар еді.

Айыпталушының ойлау процесін біліп отыру, бағыттау, тергеушіге қажет болғанда рефлексті ойыңдар теориясы тактикалық, психологиялық күрес жүргізуге мүмкіндік береді. Жалпы бұл жерде тергеушінің (біреуі жауап) екіге бөлінгеніндей болады.

Біреуі жауап алатын шыңайысы, екіншісі айыпталушының саңасында ол өз құрайтың. Рефлексті ойлау қылмыс жасайтың адамдар әрекетінің логикалық негізімен субъективті әлемін бөлуге және талдауға оңы алу және тергеудің оптималды жолдарын таңдауға мүмкіндік береді. Рефлексия кезінде мәлімет беруді кері қайтымды деп атауға болады және сызбалы түрде келесідей көрсетуге болады: тергеушіден - жауап берушіге, жауап берушіден - тергеушіге сосың жаңа ойлау тапсырмасы нысаныңда тергеушіден қайтадан жауап берушіге. Бұл жағдайда ойлау барысы келесідей сөздер мен айтылуы мүмкін:

  1. Тікелей берілуі кезінде жауап беруші шың жауап беріп отырғаның мен білемін
  2. Қайта берілу кезінде жауап беруші мен туралы не ойлап жатқаның мен білемін
  3. Кері қайтымды беру кезінде: "жауап беруші менің оны берген жауаптарыма сеніп тұр деп ойлап тұрғаның білемін".

Мәліметті кері қайтымды беру кезінде жауап алудың әр бір қатысушысы өзін оперативтік жағдайды және түсіп жатқан мәліметті тек өзінің көз қарасы бойынша ғана емес қарсыласында көз қарасы арқылы карастырылады. Жауапты нәтижелі өткізу тергеушінің жауап берушіге туралы мәліметтер білу деңгейінде оның ойлау барысының бақылау мүмкіндігіне және жауап берушінің қылығын дұрыс болжауға, жауап алудың барысы мен нәтижесін алдын-ала болуына байланысты, жалпы айтқанда жауап алудың мәні криминалистикалық тактикамен тергеу және соттық тәжірибе негізінде өнделіп шығарылған тәсілдер көмегі арқылы жауап берушіден жауапты талап етуден тұрады.

Жауап алу - бұл қылмыстық істі дұрыс шешуді мәні бар жауап берушіге белгілі фактілер туралы мәліметтерді процессуалдық заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу органы немесе соттың алуынан тұратын тергеулік және соттық әрекет.

Жауаптың бұл анықтамасында оның бүкіл мәнді белгілері көрсетілген. Біріншіден, жауап тергеулік және соттық әрекет ретінде қатастырған. Осылайша оны жүргізуші адамның белсенді ролі көрсетілген. Екіншіден, жауап - бұл жауап алу процесі. Үшіншіден, бұл әрекет ерекше процессуалды нысаң шегінде тергеу органы немесе соттан жүзеге асырылатыны көрсетілген. Төртіншіден, жауап беруші билетінің бәрі жауап алудың нәрсесі емес екендігі көңіл бөлінген.

Жауаптың нәрсесі - тергеліп жатқан қылмыстың іске қатысты бар фактілер туралы жауап беруші білетін мәліметтер, деректер.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде кәмелетке толмаған куәден немесе жәбірленушіден жауап алудың ерекшеліктері 215 бапта көрсетілген.

Осы баптың бірінші бөлімінде көрсетілгендей он төрт жасқа дейін куәдан немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін, ал тергеушінің қалауы бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі куәдан немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін педагог шақырылады.

Криминалистикалық білімнің жаңа, дәстүрлі емес бағыттары құқық қорғау органдарынан криминалдық күштердің жасап жатқан қылмыстарының жаңа түрлерін ашу, олармен күресудің жаңа әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл процесс қылмыстық іс жүргізуге бұрын қылмыстық іске қатысы жоқ деп саналатын объектілерді қарастырумен тығыз байланысты.

Кейінгі кезде, құқық қорғау органдарының криминалистиканың қылмыспен күресудегі жаңа ғылыми-техникалық негіздеріне сүйенуі кездейсоқ емес. Өйткені қазіргі кезде қылмыскерлерде өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруда ғылыми- техникалық жетістіктерді кеңінен қолдануда.

Міне, осы себептен біз осы мақалада кейінгі кездері шет елдерде және көрші Ресей мемлекеттерінде қолданылатын және қолданыла бастаған қылмысты ашудың дәстүрлі емес әдістерін қарастыруды жөн көрдік.

Криминалистикалық полиграфология.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында белгілі кеңестік барлаушы Рудольф Абелдің әшкереленуіне сол кезде онша белгілі емес полиграф аппаратының қолданылуы себепкер болды. Бұл жерде айта кететін жағдай, Абел жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты, міне сол себептен американдық қарсы барлау қызметкерлері тіпті оның қай мемлекетке жұмыс істейтінін де білмеді.

Американдық қарсы барлау қызметкерлері оны бір қараңғы бөлмеге отырғызып, денесіне әр түрлі датчиктерді бекітіп Жапония, Израил, КСРО сияқты көптеген мемлекеттердің әр түрлі географиялық орындарының түрлі-түсті слайдтарын көрсетті. Міне, осы кезде Кеңес Одағының суреттерін көрсеткен кезде Абел аппаратқа физиологиялық әсер беріп өзінің қай мемлекетке жұмыс істейтінін білдіріп алды [1, 142 б.].

Осыдан кейін Кеңестер Одағының МҚК (КГБ) полиграфты қолдануды жедел түрде қолға ала бастады.

Жалпы алғанда, грек тілінен аударғанда полиграф "көптеген жазулар" деген мағынаны білдіреді. Полиграфиялық қондырғы эмоция пайда болғанда жүретін бірнеше (16-ға дейін) физиологиялық процестерді бір мезгілде тіркеуге мүмкіндік беретін көпсалалы приборға жатады [2].

Белгілі бір эмоциялық жағдайда адамның дем алысы, қан қысымы, биотоғы (мидың, жүректің, т.с.с.) өзгеріске ұшырайды.

Осы өзгерістерді полиграф аппаратының көмегімен анықтап тіркеуге болады.

Бұл приборлар медико-биологиялық зерттеулерде, клиникалық медицинада, қолданбалы психофизиологияда қолданылады.

Сонымен қатар, бұл қондырғының жиі қолданылатын бағытына жалғандықты детекциялауды жатқызуға болады.

Арнаулы психофизиологиялық зерттеулер күрделі, көпсатылы процедураларға жатады. Бұл жерде полиграф адамға берілген ақпараттарға оның организмінің тез арадағы реакциялық әсерін тіркейтін прибордың рөлін атқарады.

Айта кететін жағдай, бұл приборлар сыналатын адамның денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді және қауіпсіздік техникасына толық жауап береді.

Американдық полиграфтық операторлар Ассоциациясының мәліметтеріне қарағанда қылмысты зерттеуге полиграфты қолданған кезде 8790 % оң нәтижелер алынған [3 ].

Қазіргі кезде полиграфты қолдану арқылы ақпараттар алудың екі бағытын атап көрсетуге болады:

  1. дәстүрлі - контактылық, яғни сыналушының денесіне датчиктерді қосу арқылы зерттеу;
  2. контактылық емес, бұнда сөздің кейбір сипаттамаларының өзгеруіне немесе сыналушының физикалық көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты (мыс. психологиялық стресс анализаторлары және т.с.с) жүргізілетін зерттеулер.

Осы әдістердің біреуін немесе оларды кешенді түрде қолдану - сыналушы адамның белгілі бір сұрақтарды қойған кезде приборда тіркелетін реакциялық өзгерістерін жазып, бекітуге мүмкіндік береді.

Аталмыш қондырғыны қолдану арқылы мынандай міндеттерді шешуге болады:

  • қылмыстың алдын алу, ашу, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызығушылығын тудыратын тұлғаларды анықтау;
  • тергеу мен сот органдарынан жасырынып жүрген тұлғаларды іздестіруге қажетті ақпараттарды жинауға және өңдеуге;
  • шұғыл-іздестіру шараларын дайындауға және жүргізуге;
  • құқық қорғау органдарында қызмет істеуге үміткерлерді таңдау, және басқа да кадрлық мәселелер.

Басқаша айтар болсақ, полиграф аппаратында сынау кезінде қойылған сұрақтарға сыналушы әр түрлі әсерлер береді, ол, мысалы, ритмикасының өзгеруі, дем алу амплитудасының өзгеруі, пульсінің ақырындауы немесе жиілеуі, артериальдық қан қысымының және тері қабатының электрлік кедергісінің ауытқушылығы түрінде көрініс береді.

Қандай да бір болмасын қойылған осы немесе басқаша сұрақтарға айқын көрінетін әсер беру, белгілі бір субъективтік себептердің салдарынан осы сұрақтың оған қойылған басқа сұрақтарға қарағанда маңыздылығын көрсетеді.

Бұл жерде оператор сыналушыға қандай сұрақ эмоционалдық әсер бергенін айқын көріп, жазып тіркей алады.

Қазіргі кезде алыс шет елдерді айтпағанда, көрші Ресей мемлекетінде полиграфты қолдану өте қарқынды дамуда. Атап айтар болсақ, ФҚК (ФСБ), ІІМ (МВД), СБҚ (СВР), ТЖМ (МЧС), салық және кеден органдарында және Қорғаныс министрлігінің кейбір бөлімдерінде міндетті түрде полигафиялық тексерістен өту туралы инструкциялар қабылданған. Сондай-ақ, жеке бизнес саласында да полиграфты қолданушылар саны өсіп келеді.

Ал енді біздегі, Қазақстандағы жағдай қалай?

Бұл жөнінде айтар болсақ, біздерде де кейінгі кездері құқық қорғау органдарында полиграфты қолдану кеңінен дами бастады.

Полиграфты қолдану басқа да криминалистикалық құралдар мен әдістерді қолданудағы сияқты белгілі бір құқықтық негіздерге сүйенуді талап етеді.

Қылмыстық-іс жүргізу заңдарында дәлелдемелерді жинау, бекіту, алу үшін техникалық құрал-жабдықтарды ғана емес, бұл үшін білімнің әр саласындағы мамандарды да тартуды қарастырған. Бұл жерде, міндетті түрде ғылыми-техникалық құралдарды қолдануды рұқсат ету жағдайлары қарастырылады.

ҚР ҚІЖК 129 бабы қылмысты тергеу органдары ғылыми-техникалық құралдарды қолдана алады, және бұл үшін білімнің әртүрлі саласындағы мамандарды тарта алады деп көрсеткен.

Алайда, не заңда, не заңдық күші бар актілерде қылмысты ашу мен тергеу үшін қолданылатын техникалық құралдар мен тактикалық тәсілдердің нақты бекітілген тізімі көрсетілмеген [4, 110 б.]. Ал, криминалистикада, қылмысты тергеу барысында қолданылатын техникалық құралдарды пайдаланудың: заңдылық, ғылыми дәлелділік, тиімділік, қауіпсіздік және этикалық қағидалары жалпы тұжырымдалған.

Сондықтан, қазіргі кезде Қазақстанда полиграф шұғыл іздестіру шараларын жүргізу аясында қосымша дәлелдемелік материалдар алу үшін қолданылуда.

Полиграфологиялық зерттеулерді жүргізудің негізгі аспектісі азаматтардың жеке басына тиіспеушілік туралы конституциялық құқығын бұзбау болып табылады. ҚР Конституциясының 17 және 18 бабы адамның жеке басының абыройына, жеке өміріне және жанұялық құпияларына қол сұқпаушылығын декларациялаған. Осыған сәйкес, бірде бір тұлға өзінің келісімінсіз ғылыми, медициналық немесе басқаша да зерттеулердің объектісі бола алмайды. Біздің осы қарастырып отырған жағдайымызда да полиграфиялық зерттеулер жүргізу үшін сыналатын адамның жазбаша келісімін алу қажет.

Криминалистикалық гипнология

Жалғандықты және қателесуді анықтаудың дәстүрлі емес әдістерінің біріне бізде және көрші Ресей мемлекеттерінде ресми қабылданбаған және заңдастырылмаған, бірақ кейбір шет елдерде қолданылатын, ақпарат иесін гипноздық жағдайға енгізу арқылы одан жеке мәліметтер алу әдісі жатады.

Гипноз деп адамдардың сыртқы сендіруге жоғары сезімтал, жасанды ұйқыдағы күйін айтамыз [5].

Гипноз техникасы ақпараттарды алу (гипно сұрау, гипно жауап алу), хабарламаларды құпия түрде жіберу, қандай да бір болмасын әлеуметтік ортаға жалған хабарлар тарату, гипноздық жағдайға келтірілген тұлғаның еркін белгілі бір істерді жасауға бағдарламалау және тағы да басқа мақсаттар үшін қолданылады.

Гипноз психологиялық құбылыс және коммуникативтік әсер ету құралы ретінде құқық бұзушылық немесе конструктивтік, адамгершілік мақсаттарда қолданылуы мүмкін [6].

Шет елдік криминалистикада гипнозды дәлелдемелерді жинау үшін қолдану тәжірибесі қалыптасты. Әлемдік тәжірибелерде зорлау қылмысын гипноздық сеанстарды қолдану арқылы ашудың көптеген мысалдары бар.

Шет ел баспасөздерінің көрсеткеніндей гипнозды қолдану арқылы жасалған қылмыс туралы 65-90% жаңа мәліметтер алуға болады екен, ал полиция тергеушілерінің пікірінше, 90% тергелетін қылмыстар, егер гипнозды қолданбаса ашылмайды екен.

Қазақстанда гипноздық жағдайдағы адамнан жауап алу заңдастырылмаған. Сондықтан криминалистикалық гипнология саласындағы маманның көмегі жауап алуға немесе қандай да бір болмасын тергеу әрекеттерін жүргізуге дайындық ретінде көрсетілуі мүмкін. Осы сеансты қолдану арқылы алынған ақпараттардың заңдық күші болмайды, бірақ оларды бағдарлаушылық сипатта қолдана алады.

Криминалистикалық психолингвистика

Адамның жазба немесе ауызша сөзі сан алуан белгілеріне байланысты ақпараттардың бай көзіне жатады. Міне, осы себептен ғалым- криминалистердің, психологтардың, лингвистердің, сондай-ақ, анықтау органдарының қызметкерлерінің, тергеушілердің дәстүрлі түрде осы объектілерге зор көңіл бөлуі тегін емес. Қылмысты ашу, қылмыскерлерді әшкерелеу, қылмыстың алдын алу үшін сөздік ақпараттар кеңінен қолданылады. Жазбаша және ауызша сөздерді зерттеу криминалистиканың жеке бір саласы автортану және фонология (фоноскопия) ғылымдарымен жүргізіледі.

Криминалистикалық психолингвистика ғылымның жаңа бір саласы ретінде психология мен лингвистиканың тоғысқан жерінде пайда болды.

Психолингвистикалық әдістің отаны деп АҚШ саналады, себебі осы тақырыптағы тұңғыш мақала ФБР -дің Бюллетенінде 1979 жылдың қыркүйек айында жарыққа шықты [7].

Психолингвистикалық анализдің негізгі объектілеріне жазбаша (қолжазба, машинкада және т.б. әдістермен жазылған мәтіндер) ауызша хабарламалар жатады. Осы ақпараттар, мәтіннің авторын (егер тексеріліп отырған адам және оның жазған жазуының салыстырмалық үлгілері болса) анықтауға сондай-ақ кешенді диагностикалық, басқа да танымдық мәселелерді шешуге көмектеседі.

Алынған нәтижелер мәтінді жазған немесе осы дыбыстық ақпараттың белгісіз авторын анықтау үшін іздестіру портретін құрастыруға мүмкіндік береді. Осы ақпараттар арқылы оның жасын, жынысын, білім деңгейін, географиялық және этникалық ортасын, қандай қызмет істейтінін анықтауға болады. Бұл мәліметтер ауызша және жазбаша сөздердің сөздік қорларына, синтаксис, акцент және тағы да басқа да ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы анықталады. Бұдан басқа ұқсас объектілердегі анықталған ерекшеліктерін салыстыра отырып, осы сөз бір адамдікі ме, жоқ әлде әр түрлі адамдардікі ме екендігін анықтауға болады.

Криминалистикалық хронобиология (биоритмология).

Тәжірибе көрсеткендей, айыпкер әр түрлі психологиялық жағдайда түрлі көрсетулер береді.

Ғалымдардың айтуынша, адамда болатын әр түрлі биологиялық процесстерді көрсететін жүзден аса биологиялық ритм бар. Бұларға ұйқы мен сергектіктің тәуліктік ритмі, дененің температурасы, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысы және тағы басқаларды жатқызуға болады. Циклі айлар немесе жылдарды құрайтын биоритмдер де болады. Бұлардың көбі күннің сәуле шашуының ритмикалық әсеріне, айдың фазаларына, жердің электромагниттік тербелістерімен тікелей байланысты болады. Мысалы, көптеген елдердің зерттеушілері геомагниттік белсенділік артқан кезде психиатриялық емдеу орындарында аурулардың сандары артып, өз- өзіне қол жұмсаушылық пен кейбір қылмыстардың саны артады деген қорытындыға келген. Сондай-ақ, айдың фазалары мен қасақана кісі өлтіру процесстерінің арасында өзара байланыс бар екендігі де анықталды.

Хронобиология саласындағы мамандардың зерттеулерінің көрсеткеніндей, белгілі бір уақыт аралығында адамның психиялық әлсіздігі артады, оның бейімделушілік және иммундық мүмкіншіліктері төмендейді. Осы себептен тергеудегі тұлғаның психофизиологиялық функциялары өзгеріске ұшырайды. Мұндай өзгерістерді қылмысты тексеруді ұйымдастыруда және ақпарат көздерімен тактикалық міндеттерді шешуде орынды қолдану өзінің оң нәтижелерін береді.

Көрші РФ 1984 жылдан бастап айыпкерлерді биоритмология мәліметтеріне сүйене отырып тергеудің табысты тәжірибелері қолданылып келеді. Әрине, мұндай жауап алу барысында алынған мәліметтер өте маңызды болып саналады. Міне, осы айтылғандарға сүйене отырып - криминалистикалық биоритмологияны аталған білім саласындағы болашағы үлкен сала деп айтуға болады.

Қорыта келгенде, айтарымыз тәуелсіз Қазақстан мемлекеті өрелі өркениет көшіне ілесіп, ақпараттық технологиялар дәуіріне аяқ басты.

Осы жоғарыда көрсетілген криминалистикадағы жаңа бағыттар байсалдылықпен оқып-зерттеуді талап етеді, ал осындай әдіспен алынған мәліметтер дау туғызбайды деп айта алмаймыз. Алайда, есте ұстайтын жәйт, қазір бүкіл дүние жүзі ғылыми- техникалық даму бағытына бет бұруына байланысты біздерге де криминалистика ғылымының даму бағытының болашағын ескере отырып, үлкен көштен қалмау керек.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Образцов В.А, Богомолова С.Н. Криминалистическая психология. Юнити Дана, Закон и право; 2002. -142 б.
  2. Ларин А.М. Криминалистика и паракриминалистика. - М.: БЕК, 1996.
  3. Новые направления исследований в криминалистике. http://www.google.kz/webh
  4. Белкин Р.С. Криминалистика: проблемы, тенденции, перспективы. Общая и частные теории. - М., 1987. - С. 110.
  5. Қазақ Совет энциклопедиясы. - Алматы., 1973, 3 т.312 б.
  6. Гримак Л. Гипноз и преступность. М., 1997.
  7. Образцов В.А. К вопросу об интеграции и дифференциации знаний в криминалистике // Кримтехника. - М., 2000. - С. 270 273.
  8. Сарсембаев Б.Ш. Криминалистикадағы қылмысты ашудың дәстурлі емес әдістері // Экономика және құқық: өзекті мәселері мен даму келешегі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған. Қарағанды 2011, 271 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.