Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аймақтық экономиканы дамытудың мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру жолдары

Аталмыш мақалада аймақтық экономиканы басқарудың мемлекеттік реттеу жүйесі қарастырылған. Мақалада Қарағанды облысының басқару жүйесіне талдау жүргізілді, атқарылған іс-шаралары ұсынылған.

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі сонғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік- экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізуде [1]. Осыған байланысты аймақ экономикасын басқарумен олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті екені бәрімізге мәлім.

Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу - аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуын, мемлекеттік және нарықтық экономиканы реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететің мәселелердің бірі [2]. Аймақтық экономиканы дамыту мен мәселелелерді шешу үшін келесі факторларды атап өткен дұрыс. Олар келесілер:

  • • Табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану;
  • • Аймақтардың әлеуметтік-экономикасын жақсарту;
  • • Аймақтарды инновациялық технологиялармен жабдықтау;
  • • Аймақтардағы экологиялық мәселелерге толық назар аудару [3].

Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен-өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың даму барысына зияның тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс. Сол себепті экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама жасап, сол бойынша әрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Сонымен қатар мемлекеттің алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі - халықтын әл-ауқатын ұлттық экономиканы тұрақты дамыту негізінде жоғарылату. Қойылған мақсаттарға жету үшін Қазақстан Республикасының атқару өкіметімен бірқатар приоритеттер жиынтығы айқындалған. Солардың бірі - аймақтық басқарудың нәтижелігін жоғарылату. Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты көптеген қадамдар жасалды.

Ел экономикасының дамуы аймақтардан бастау алатыны сөзсіз, себебі, әр аймақтың экономикалық деңгейі мен әлеметтік жағдайы жоғарылап нарықтағы мәселелерге төтеп бере алса бұл әр бір аймақтың ел экономикасына оң әсер етеді. Биылғы жылғы Ел Президентінің "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына жолдауында ел экономикасын дамытудың жеті стратегиялық қадамын айқындап берді. Соңымен қатар, биылғы жылдағы аса маңызды саяси оқиға Қазақстанның озық дамыған 30 елдің қатарына ену талаптарын таразылаған "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты тарихи жолдауы болып отыр. Елбасы жолдауында биік мақсатқа жетудің нақты жолы мен ұзақ мерзімді басымдықтары айқындалып, ел Үкіметі мен барлық деңгейдегі әкімдерге, атқарушы органдарына аса маңызды міндеттер жүктелді. Осы тұрғыдан алғанда, қазақстанның ірі өнеркәсіп орталығы - Қарағанды аймағы да лайықты деңгейде өз үлесін қосуы тиіс [4].

Қарағанды облысы ішкі жалпы өнімінің аймақтық көлемі бойынша облысымыз республикада төртінші орынға тұрақтады. Оның республикадағы үлесі - 8,5%. Өнеркәсіптік өнім көлемі 2,1%-ға, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 18,2%, белсенді шағын және орта бизнес нысандарының саны 9,1%-ға және олардың өндірген өнімдерінің көлемі 3,4%-ға артқандығы байқалады. Сондай-ақ, бөлшек сауда айналымы 7,5%- ға, ауыл шаруашылығы бойынша өнім көлемі 11,8%-ға, құрылыс жұмыстары 54,7%-ға артты.

Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орын ала отырып, және де баксқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрап отыр. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.

Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі манызды болып табылады.

Қарағанды облысы индустриалды аймақ болғандықтан, 2013 жылы үдемелі индустриалды- инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар нәтижесінде өнеркәсіп саласындағы дамудың оң ырғағы қалыптасты. Нақтырақ айтсақ, есепті кезенде өнеркәсіптік өнім көлемі 1 трлн. 398 млрд. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 102,1 % көрсеткішке жетті. Әсіресе, кен өндіру, фармацевтикалық өндіріс, құрылыс индустриясы, металл құю және дайын металл өнімдерін жасау салалары бойынша өсім байқалады.

Қазіргі таңда аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы тұрғыда мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеуі керек. Бұл жағдайда негізгі міндеті мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау, артта қалған аймақтарға қаржы мен инфестициялардың келуін ынталандыру және тағыда басқа шараларды қолдану.

Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зияның тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп тудыруы мүмкін [1].

Елімізде сонғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақты дамытуға, нақтырақ айтқанда, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне және әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар жүзеге асырылды.

Аймақта жаңа өндірістік жоба ұсынуға қауқарлы және өз жобаларын индустриаландыру картасына енгізуге ықтияр кәсіпкерлік саласының белсенділігі артқанын атап өтуге тиіспіз. Мәселен, жыл басында жалпы сомасы 407 млрд. теңге болатын және 9,5 мың жаңа жұмыс орның ашуға қауқарлы 66 жоба еліміздің Индустриаландыру картасына енген болса, жыл соңында бұл көрсеткіш 80 жобаға жетті. Олардың жалпы құны - 500 млрд. теңге және 12,4 мың жаңа жұмыс орның ашуға мүмкіндік туды. Өткен жылы осы жобалардың ішінен жалпы құны 5,8 млрд. теңге болатын 10 жоба іске қосылып, 455 жаңа жұмыс орны ашылған болатын.

Соңымен бірге, өткен жылы өнеркәсіп секторында 1783 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 885-і - жаңа өндіріс орындарында. Мұның өзі тек өндірістін ғана өркендегенін емес, өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігінің артып келе жатқаның анғартады.

Облыс экономикасының тұрақты дамуында инвестициялық белсенділіктің тигізіп отырған ықпалы зор. Себебі, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2013 жылы 403 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш - өткен жылмен салыстырғанда 118,2%-ға тең. Негізгі капиталды инвестициялық тұрғыдан қаржыландырудың негізгі көзі - кәсіпорындардың өз қаржысы (58%).

Облыстың жүйеқұрушы кәсіпорындарының айналымы 2013 жылы 337 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудің қазақстандық мазмұны - 222 млрд. теңге немесе 66%.

Өткен 2012 жылмен салыстырғанда, қазақстандық мазмұнның жалпы үлесі 11,6%-ға өсті. Қарағанды облысының жүйеқұрушы кәсіпорындары республика аумағында отандық жеткізушілерден тауар сатып алу, жұмыс, қызмет тұтыну көлемі бойынша көшбасшылық ұстанымын берік ұстап келеді. Сондай-ақ, облысымызда экономиканың шикізаттық емес секторында аймақтық кәсіпкерлікті дамытудың тқрақты әрі тепе-теңдік ырғағын сақтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Отандық өндіріске қолдау көрсету, олар өндірген өнімді шетелдік нарыққа шығару, өндірістік кәсіпорындарды жаңғырту бағытындағы жұмыстар да нәтижелі.

Аймақтық экономиканы дамытудың оңтайлы бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті қолдау, облыс бойынша 62 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Бұл салада экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың үштен бірі, яғни, 217 мың адам жұмыспен қамтылған. Аталған секторда өндірілген өнім көлемі 3,4%-ға артып, 550 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, олардың жалпы ішкі өнім көлеміндегі үлесі 18,4%-дан 21,3%- ға өсті. Өткен жылы жаңадан 5 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері құрылып, экономиканың бұл секторында жұмыспен қамтылғандардың санын 11,5 мың адамға арттырды. Бұл көрсеткіштердің барлығ "бизнестің жол картасы" және "Моноқалаларды дамыту" бағдарламаларының арқасында шағын және орта бизнес саласындағы ырғақты дамытудың лайықты нәтижелерін көрсетеді. Аталған бағдарламалар шеңберінде 399 кәсіпкердің жобасын барлығы 69 млрд. теңге көлемінде инвестициялау мүмкін болды. Оның ішінде, 2013 жылы жалпы сомасы 17 млрд. теңге болатын 129 жобаға қолдау көрсетілді. Осы арқылы 36,8 мың жұмыс орның сақтап және жаңадан 8,7 мың жұмыс орнын ашу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің бір жолы әкімшілік-құқықтық механизм көмегімен жүзеге асырылады. Яғни, басқару деңгейлері арасында мемлекеттік функционалдық өкілеттіліктерді бөлуді, әділетті бюджетаралық қатынастарды қатынастарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін заңдарды шығару және жүзеге асыру қажет. Осындай жүйе аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандырады және аймақтарда қалыптасқан жағдай үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырады. Қазіргі таңда аймақтардың дамуы бір деңгейде емес. Сол себепті барлық аймақтардың экономикасын тенестіру үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп және артта қалған аймақтарды қолдау мен ынталандыру үшін қосымша экономикалық механизмдер қолданып тәжірибе алмастыру қажет. Артта қалған аймақтарды қолдау мен ынталандыру механизмінде негізгі орын инвестиция болып табылады [2].

Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыты болып - мемлекеттің әлеуметтік саясатын ұтымды да тиімді жүргізу. Қазіргі таңда қолданылып отырған әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты кедейшілік деңгейін төмендету және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайтуға бағытталуы тиіс.

Елбасы басқару жүйесі мәселесі бойынша өзінің 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: "Біз бірлескен басқару негізінде мемлекеттік басқарудың сапалы да жаңа моделінің нәтижелігін, қоғамға есеп беру мен айқындылықты көздейтінжүйеге енуіміз керек. Біз мемлекеттік холдингтердің мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып, мемлекеттік - жеке серіктестік негізінде дамудың инфрақұрылымдық механизмін қалыптастыруымыз қажет" деді.

Қазақстан Республикасының Индустриалық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік стратегиясының мақсаты - шикізат бағытынан біртіндеп арылуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Мұндай стратегияның қабылдануына әлемдегі экономикалық даму қарқыны негіз болып отыр. Халықаралық валюта қоры, дүниежүзілік банк, трансұлттық корпорациялар сияқты институттардың осыған дейін де әлемдік экономикада билік жүргізіп келуі дамушы елдерге инновациялық игіліктерді игеруге түрткі болғаны аңық.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері: оқу құралы. -Алматы: экономика, 2005. -92 бет.
  2. Сапарбек Н.К. Аймақтық экономиканы дамытудың мемлекеттік жүйесін жаңарту жолдары.
  3. Шорохов В.П., Колькин Д.Н. Оценка конкурентноспособности региона // Проблемы прогнозирования, 2007, №1. -92-101с.
  4. "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан Халқына Жолдауы. 2014 жыл 17 қаңтар.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.