Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жастар азаматтық тұрғындардың ерекше әлеуметтік- демографиялық сатысы ретінде

Мақалада жастар азаматтық тұрғындардың ерекше әлеуметтік-демографиялық сатысы ретінде қарастырылған. Қазіргі таңдағы жастар анықтамасына, оның өзекті мәселелері мен мемлекеттегі болашақ рөліне авторлық көзқарас берілген.

Қазіргі танда, Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттік дамуы мен қалыптасуы барысында жастармен жұмыс жасау, жастардың құқықтық мәдениетінің құрылуы мен олардың құқықтарын қорғау сұрақтары ерекше орын алады.

Қазақстан - әлем қоғамына белсенді ықпалдасып жатқан, жас егеменді мемлекет. "Қазақстан - 2030" аса маңызды стратегиялық құжатында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев келесіні ерекше айқындады: "Жастар саясатында жастар мен өсіп келе жатқан ұрпақтарға, сонымен бірге жас отбасыларға назарымызды алаңсыз аударуымыз қажет". [1, 59б.]

"Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты бүгінгі Жолдау жас ұрпақтың жағдайын жақсарту мен оның мемлекет келешегінің дамуына үлес қосуына күмән тақпайтын идеяларға толы. Сондай-ақ жастарға білім беру мүмкіншілігінің кеңеюі мемлекеттік- жеке әріптестілік тетігі арқылы жүзеге асуы, жастардың субсидиялық жол жүру мен өмір сүру қалпы және ауыл жастары, аз қамтылған жанұяның жастарының тұру жағдайы, сонымен қатар жұмыс істеп жатқан жастардың арнайы білім алу мүмкіндігін жасау мәселелері ерекше айқындалды.

Сонымен қоса, ағарту жастарға тек білім ғана беріп қоймай, әлеуметтік дағдырлану кезінде қолданылуды және білім беру кезінде тәрбие беруді де жүзеге асыруы қажет екендідігі көрсетілді. Патриотизм, моральдық және адамгершілік нормалары, ұлтаралық татулық пен төзімділік, дене және ой дамуы, заңға бағынушылық сияқты құндылықтар барлық білім беру орталықтарында, меншік иелігі түрінің айырмашылығына қарамастан мойындалуы тиіс. Осыған орай, Үкіметке мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамытуға арналған бес жылдық Ұлттық жоспарын, және де барлық оқу орындарда жастардың осындай құндылықтарды білумен қамтамасыз етудің Кешенді жоспарын қабылдау жұмысы жүктелді.[2]

Жастарды ерекше әлеуметтік топ ретінде анықтау және "жастар" ұғымының қалыптасуы әлеуметтік тарихи себептермен айқындалады. Жалпы жастар мәселелерін зерттеу, кез келген болашақ қоғам сияқты, өз бастауын терең өткен заманнан алады. Плутархтың көптеген сөздеріне сүйенсек, жастардың іргетасқа теңеуін және олардың мемлекет өмірі мен дамуының ең негізгі шарты екендігіне көз жеткіземіз. Спартандық заң шығарушы Ликург "жастар заңының" бірінші авторы ғана болып қоймай, жастар туралы заңдар жүйесінің, яғни жастарды жұмыс істеу қызметіне араласу мүмкіндігінің экономикалық тетіктерінің де авторы. [3, 16 б.]

Дәстүрлі қоғамда бой жету әлеуметтік жақтан алғанда қиынға соқпады, балалық шақтан бой жетуге ауысу үрдісі ауырсындырмай өтетін. Жастардың ерекше әлеуметтік мәртебесі болған жоқ. Тарихи үрдістің бағыты мен барысы жас буынға деген қоғамның көзқарасын өзгертуге себеп болды, біртіндеп жастар туралы көзқарастар қоғамның стратегиялық дамуының қоры ретінде қалыптасты. Бүгін ең танымал өріс - аксиологиялық амал болып табылады. Бұнда жастар үлкендер тарапынан әлеуметтік әсерлері бар пассивтік объект ретінде қарастырылмай, керісінше оның субъективті бастауы мен өзіндік құндылығы жағынан қарастырылады.

Қазіргі тандағы зерттеудің берілген саладағы бірыңғай концептуалдық негізін қалыптастыру амал шегіндегі жастар туралы ерекше ғылым - ювентология. В.Адамский, Л. Розенмайр, С. Микой, Б. Немеренко, Ф. Малер, К. Господинов, И.М. Ильинский, В.В. Павловскиймен әзірленіп, жүзеге асырылады. Осындай интегралдық ғылымды зерттеу үшін жастардың жалпыға бірдей тиімді қасиеттері негіз болып келеді. Соңғыларға И.М. Ильинский жасына байыланысты спецификалық мәселелерді (тәуелділік, жалтақтаушылық, өмірлік және кәсіпітік таңдаушылықтың қажеттілігі, өмір серігін таңдау мәселесі және т.б.); табиғаттың екіжүзділігі, оның негізгі сипаттамалары және дамудың заңдылықтары (биологиялық, әлеуметтік, нақты-тарихи себеп болушы); өзбетінше сәйкестендіру, өз мүдделерін танудағы, ұйымдастырушылықтың өсуіне, субъектілікке ие болуы, жастар әлеуметтендірудегі субъект пен объекттің бірдей болуы, анықталатын әлеуметтік мәртебесі; саясат пен шындық тәжірибесінің негізі ретінде "жастар" және "болашақ" ұғымдарының тура байланысын жатқызды. [4, осында да]

Жастардың кешенді зерттеу шеңберіндегі ұғымдық-категориялық аппараттың анықтау мәселесімен байланысатын сұрақтары айтарлықтай өзекті болып қалады. Осы күнге дейін "жастар" ұғымының шектеріне қатысты ғылыми пікірталас жалғасуда. Биологиялық, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық аспектілер есебімен жастардың төменгі жас шамасының шегі 13-14 жасқа тұспа-тұс келеді. Кәсіпті-еңбекті, қоғамдық-саясатты, отбасы- тұрмыстық іс-әрекетіндегі қалыпты әлеуметтік мәртебесіне ие болу жоғарғы жас шамасының шегі 29-30 жасқа келген кезде анықталады.

Қарастырылып жатқан әлеуметтік феноменнің негізгін және функционалды аспектілерін қазіргі таңдағы жастар ұғымы әйгілейді. Жастар қоғамдық-тарихи және әлеуметтік-мә дени феномен ретінде анықталуы мүмкін, бұл өз алдында, үлкен биоәлеуметтік жастық топ, яғни субъктіліктің айқын мөлшері мен даму потенциалымен ерекшеленеді. Олардың жүзеге асырылуы нақты-тарихи шарттардың макродеңгейдегі әлеуметтік шындығына байланысты, әрі жалпы құрылымдық жеке алынған мемлекеттің түріне де тәуелді болады.

Ғасырлар межесіндегі жастар проблемалардың асқынуы және әлеуметтік- демографиялық жағдайдың нашарлауы жастар саясатын мемлекеттің ең маңызды іс-әрекетінің бағыты ретінде мойындауға себеп болды. Бірақ, жастар саясатының құқықтық негізде қайшылық пен фрагменттік, осыған қатысты басқару құрылымдардың әлсіздігі мен тұрақты өзгерістері, ресурстық қамтамасыз етудің жетіспеушілігі жастар саясатына және жалпы жастарға жағымсыз әсерін тигізуде. Экономиканы терең қайта онталайндыру жағдайында, жастардың әлеуметтік- экономикалық жағдайы, олардың азаматтық және саясаттық бағдарлануы қауіп тудырады. Нарыққа көшу барысында, инфраструктураны экономиканың әр саладағы жекешелендіру үрдістерін қалыптастыруда: бір жағынан, бүкіл буындар оқу орындарымен ұсынылатын кәсіптік номенклатура, жас мамандарға жалпы білім беру мен кәсіптік даярлауда сапа мен денгейдің арасында және екініші жағынан, қызметтегі барлық денгейде әр түрлі меншіктің мекемелері мен кәсіпорындарының кадрлық қажеттіліктері арасында байыпты алшақтықтың орын алуына себеп болды. Экономикадағы радикалдық өзгерістер адами потенциалдың өсуін, жастардың кәсіптік дайындық пен оқытудағы бағытын өзгертуге, өсіп келе жатқан буынның, қазіргі замандағы экономикалық ойлауды қалыптастыруын талап етеді. [5, 82-82 б]

Бұл - жастар мәселесін және білім беру мәселелерін мемлекеттің негізгі мәселелеріне айналдырды. Жастардың еңбекпен қамтылуы, қоғамдық өндіріске жастардың қатысуының мотивациялық аспектісі - саясаттану, әлеуметтану, экономикалық теория мен басқару теориясындағы зерттеудегі өзекті объектілерінің қатарына кірді. Осындай кешенді әдістің беталысын анықтау, талдап жатқан мәселені және оның шешу жолдарына терең ұғым беруге мүмкіндік береді.

Жастар - жастық ерекшелектерінің, әлеуметтік жағдай ерекшеліктерінің және осыған қатысты әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің негізінде анықталатын, әлеуметтік-демографиялық топ . [6, 478 б]

Жастар қоғамның ең белсенді, тез тіл табыса алатын бір бөлігі. Ол қоғам мен мемлекеттегі саясаттық, әлеуметтік, экономикалық бағытта өзгерістер мен ең маңызды жетістіктердің негізгі қимылдайтын күші болып келеді. Олардың қасиеттерінен кез-келген елдің, оның аймақтарының дамуы тәуелді, әрі олардың мүмкін болатын әлеуметтік пен криминалды дағдарыстың үрдістері тәуелді болады.

Жастар тез және өткір әлеуметтік- экономикалық және әлеуметтік-саясаттық жағдайлардың өзгерістеріне әрекет қайтарады, масштабының үнемі көбеюі экономикалық және қоғамдық-саясаттық өмірге, биліктік құрылымға, бизнес пен басқаруға қатысуға себеп болады. Жас адамдар қоғам дамуының жеделдетуін және тежелуін нақтылайды, ал мемлекеттің қиын дағдарыс кезеңдерінде, олар белсенді түрде көптеген өткір шиеленістерді жеке аралық қарым- қатынастар деңгейде ушықтыра отырып, олардың шешілуін криминалды жолдың өндірушілері болып табылады.

Жастар тап болып жатқан шындықтардың табиғаты да аса құбылмалы. Жастардың да, оларға қатысты, қарым-қатынасы құбылмалы. Жастар санасындағы бүгінгі күнде жалғыз нәрсе өзгермейді - нарықтың фетишизациясы. Келешекке қатысты, жұмыссыздықтан да қорқып жүрсе де, жастардың көбісі таңдаған мамандыққа сенеді. Көзқарастар мен пікірлерде, болашақ жұмысына қатысты мәселеде прагматикалық әдіс басым болып келеді. Жас қыздар мен жігіттердің көбісі жұмыс әрекетінің қоғамдық, шығармашылық мәнісі маңызды болғанымен де, айлық туралы ұмытпау керек деп есептейді. Жұмыс іздеу барысында жастарға негізінде өзіне сенімді болу керек деп санайды.

Сондықтан, аса сенімді болу үшін жоғары білім алуға, шет тілді меңгеруге, бизнесте жұмыс әдеттеріне ие болуға, нарықтық экономика жағдайында дұрыс ойлау мен іс-әрекетке көшу және құқықтық тұрғыда хабардар болуға тырысады. Құқықтық мамандық пен экономикалық мамандық қатарына мәртебелі үштікке, жастар менеджер мен кәсіпкер болуға мамандыруды сенімді кіргізеді, ал жастардың бір бөлігі - қарақшылық пен рэкетті де қосады.

Жастар билік пен қоғамның өзіне деген қарым- қатынасты - енжар және ашық тұтыну қараушылық деп есептейді. Мүмкін сондықтан да, қазіргі жас ұрпақ өз әлемінде тұйықталып қалды. Күрделі және қатыгез ішкі әлем олардың құтаю мәселелерімен бірге жұтып қойған сияқты.

Бүгін жастардың көбісі саясаттық емес ұйымдарда өз белсенділігін жүзеге асыруды ұнатады. Осындай ұйымдардың негізгі формасы - "тусовки" деп аталатын, жалпы бірігей мүдделерден қалыптасатын ұйым, ол: спорт, музыкалық және т.б. салаларға байланысты жалпы қызығушылықтар негізінде құрылады. "Тусовки" жастардың бірігу түріне айналды, олардың әлеуметтіндірілудің құралы, қоғам мен мемлекеттің (білім беру, мәдениеттік, тәрбиелік) ықпалынан тыс болуда [7, 118 б].

Жастар ерекше әлеуметтік-демографиялық топ, әрі қоғамның динамикалық бөлігі болып келеді, мемлекеттік және қоғамдық қатынастарда спецификалық рөлі және орнымен сипатталады. Жастарға қатысты әдебиетте, әр түрлі құжаттарда "жастар" ұғымын, оның жас шектерін қалыптастыру мүмкіндіктердің мысалдары баршылық. Жастың, жастар саясатына, әсіресе, мемлекеттік саясатын жүзеге асыруына, әсер ететін ұстамдылық мәнісі бар. Жастар шегіне - мемлекет қамтып отыратын, жастар саны тәуелді болады. Сол үшін бірегей мүмкіншіліктер, кадрлар, және ең бастысы - қаржы қажет. Мемлекет, жастық параметрлерді заңдылық ретінде белгілеп, "жастар" дәрежесіне кімде-кімді енгізбес бұрын, ғылыми ұсыныстар мен өз мүмкіндіктерін есепке алуды жөн деп есептейді.

Жастарға қатысты, бүкіләлемдік іс әрекеттер бағдарламасы 2000 жылға және келесі кезеңге дейін, "жастар" терминінің статистикалық байқаудан басқа, әлем елдерінде мағынасы байыпты ажыратылатындығын аңғартады. Жастар ұғымы үнемі саясаттық, экономикалық, әлеуметтік-мәдени шарттардан тәуелді болып өзгереді. Жас адамдар бүкіл әлем елдердің даму мақсаты үшін негізгі адами ресурс ретінде болып саналады және сонымен бірге, әлеуметтік өзгерістер, экономикалық даму мен техникалық прогресстің бас жолсеріктері ретінде ұсынылады. Олардың шығармашылық қиялдары, армандары, қажымас қайраты мен зеректігі сол өмір сүретін қоғамның үнемі дамуы үшін өте маңызды. Сондықтан, барлық денгейлерде, жастар саясаты мен бағдарламасын жүзеге асыру мен жаңа ынталылықпен қамтамасыз ету үшін ерекше қажеттілік талап етіледі. Осы саясаттың шеңберінде мәселелер қалай шешілетінін және жастардың әлеуметтік мүмкіндітері қандай іс-әрекетпен жүзеге асырылатыны, сонымен бірге, болашақ ұрпақтардың қазіргі таңдағы өмір жағдайлары мен әл-ауқаты әлеуметтік пен экономикалық шарттардан да тәуелді болады [8].

БҰҰ 60-шы жылдарда жастардың жас шектерін 15 тен 24 жасқа дейін белгілеген. Осындай шешім өзіндік дәйектемеге ие болды. Сол уақытта жастардың көбісі 15 жаста жұмыс істеген, яғни ата- аналардан экономикалық тұрғыдан тәуелсіз болды; көптеген елдерде 24 жаста жастардың көбісі өз отбасыларын құрған; 15 тен 24 жасқа дейін адамды қалыптастыру мен тәрбиелеу үшін ең маңызды кезең деп есептелді. Осыдан басқа, шешімнің саясаттық негізі де болды, 60-шы жылдардың аяғында көтерілістердің негізгі бөлігін орта тап өкілдері - оқушылар мен студенттер және олардың туыстары құрған.

Саясаттанушылар мен зерттеушілердің көбісі төменгі 15 жас шамасының шегімен келісті, бірақ сонымен қатар, дамып келе жатқан елдерде, жасөспірімдер 13 жастан бастап жұмыс істей берген. Сондай-ақ жоғарғы 24 жас шамасының шегімен келіссе де, дамыған қоғамдардың жас шамасының шын жағдайынан әлдеқайда төмен екендігі белгілі болды. Яғни төменгі шек, саналы түрде, жоғарлатылды, ал жоғарғы шек керісінше, төмендетілді. Бірақ, бұл мәмілеге келісім - саясаттық жақтан оң бағаға ие болатын, өйткені осы себеп бойынша теоретикалық айтыс- тартыстарды бір ортақ бөлгішке әкеліп, жастар ортасындағы жағдайды бағалау бойынша, жастарды зерттеу ұйымдарының, ортақ бағдарламалары мен жоспарлары арқылы, жастар саясатын жүзеге асыру үшін БҰҰ қатысушылар - елдердерінің тәжірибелерін іс-әрекеттерге бағыттау мүмкіндігі туды. Бұл БҰҰ өткізген 1985 жылғы Халықаралық жастар жылының идеясының негізделуіне айтарлықтай әсерін тигізді. Бұған дайындық кезеңі 70 - ші жылдардың аяғында басталған екен.

Әдеттегідей, төменгі жас шегі зерттеушілердің ойынша, жыныстық толысумен, жалпы білім беретін мектепті бітірумен және мамандық бойынша оқуды бастауменен байланысты болады. Тарихи қалыптасқан бұл шек, мәселен Совет Одағы "Совет Одағындағы мемлекеттік жастар саясатын бастау туралы" заңын қабылдай отырып, төменгі жас шегін тіптен алып тастады, себебі депутаттар бір жылдық даудың нәтижесінде де ымыраға келе алмады. Сөзсіз, бұл оғаштық, осылайша, "балалар" мен "жастар" ұғымдары арасында шекараны заңнамалық түрде жойған ( айта кететін бір жайт, ҚазССР "ҚазССР мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңында да төменгі жас шегі белгіленбеген).

"Жастар" ұғымының жоғарғы шегін анықтау үшін, жастық шақтың аяқталуының төрт негізгі шарттарын анықтаған жөн, олар: экономикалық тәуелсіздік, жеке тәуелсіздік, қаржыларды пайдалану, өз отбасын құру. Тәжірибеге орай, кейбір шарттар, жеке алғанда, өте ерте кезеңде пайда болуы әбден мүмкін. Бірақ жұмыссыздықтың салдарынан адам 30-35 жаста да, ата-аналардан тәуелді болып ересек деп есептелмей, асырауындағы жан ретінде қалуы да мүмкін.

Көптеген мемлекеттердің заңнамасында жастар кезеңін анықтау барысында, жоғары жас шегі деп 25 жас есептеледі. Жеке құқықтық қатынастар үшін ол 30-дан, тіпті 35-тен де жоғары немесе 21-ден төмен де болуы мүмкін.

Төменгі жас шегі, әлбетте, 13-25 жасымен анықталады. "Жастар" ұғымы бірнеше қатар елдерде, тек қана жастар шеңберінде ғана емес, сонымен бірге тұрғындардың осы сатысының белгілі қасиеттерінің әртүрлі компоненттері мен келісімдерден шығып жиі анықталады.

2004 жылғы 7 шілдеде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының жастар азаматтарының жасы ретінде он төрт жастан бастап жиырма тоғызға дейінгі жас аралығы белгіленген. Төменгі жас шегінің 14 жасқа сәйкес келуі - белгілі тұрғындардың әлеуметтік- экономикалық және демографиялық, биологиялық аспектілерімен есептелінген. Жоғарғы жас шегінің 29 жасқа сәйкес келуі, тіршіліктің қоғамдық- саясаттық, отбасы-тұрмыстық және кәсіптік- еңбектік салаларындағы тұрақты әлеуметтік мәртебесіне ие болуымен анықталады.

Құрылымдық жағынан, оны бірнеше топтарға бөлу керек, себебі жастар жасы айтарлықтай үлкен жас аралықтарына ие, және де физиологияық, психологиялық, әлеуметтік арақатынастары жастардың жасөспірімдер, не болмаса жеткіншектік жастар топтарына жататынын анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік жақтан алғанда, жас адамдармен кез-келген қоғамның даму болашақтары байланыстырылады, сондықтан да, олардың ер жету үрдісі мен әлеуметтендірілуі әлеуметтік институттардың ғана емес, мемлекеттік құрылымдардың негізгі көңіл бөлетін мәселесі болып табылады. [9, 14 б]. Ұлттық заңнамаға сәйкес жастарға кәмелетке толмағандар (14 - 18 дейін) және 18-29 жастағы кәмелетке толған жас адамдар кіреді.

Жас шектерін заңнамалық түрде бекіту кадрлық және материалдық ресурстарын сәйкес реттеуге мүмкіндік береді, жастардың әлеуметтік проблемаларын тиімді, әрі шешімді қабылдауға әкелетін, елдің басқа да экономикалық потенциалы болып есептеледі.

Осылайша, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында "жастар" ұғымы бірдей бекітілген, ол жастар шегінің белгілеуіне жол ашты. Төменгі жас шегінің 14 жасқа сәйкес келуі - белгілі тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық, биологиялық аспектілерімен есептелінеді. Жоғарғы жас шегінің 29 жасқа сәйкес келуі, тіршіліктің қоғамдық-саясаттық, отбасы- тұрмыстық және кәсіптік-еңбектік салаларындағы тұрақты әлеуметтік мәртебесіне ие болуымен анықталады.

Қазіргі таңда бұл салада өзекті мәселелер көптеп кездеседі, оның ішінде жастар арасындағы құқықбұзушылықтар, олар өз кезегінде тиімді шешу жолдардың болуын қалайды.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана. - Алматы, 2002. - С.65.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар
  3. Зеленин А.А. Механизмы реализации молодежной политики Российской Федерации на региональном уровне: автореф. … докт. полит. наук. - Нижний Новгород, 2009. - С.16.
  4. Там же. - С.17.
  5. Зайцева Е.С. Приоритетные аспекты работы с молодежью в условиях современной России // Мат. междунар. науч.- прак. конф., 22-30 августа 2009. М., 2010. - С. 82-84.
  6. Конь И.С. Молодежь // Большая советская энциклопедия. 3-е изд. - М., 1998. - Т. 16. - С.478.
  7. Каржаубаева Л.М. Формирование личности несовершеннолетнего преступника // Проблемы совершенствования законодательства и практика его применения: Мат. междунар. науч. - прак. конф., 18 октября 2005. Минск., 2005. - С.118.
  8. Резолюция, принятая Генеральной Ассамблеей ООН № 50/81. Всемирная программа действий, касающаяся молодежи, до 2000 г. и последующий период // http: //www.un.org/Russian/ guestion/r50-81pdt.
  9. Бушкевич В.В. Конституционно-правовое обеспечение прав молодежи. - Автореф. … канд. юрид. наук. - Москва, 2011. - С.14.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.