Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ГРЭС – қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау

Біздің дәуірімізге тән ерекшіліктердің бірі өнеркәсіп өндірісінің ғылыми- техникалық прогресі болып табылады. Қаланың өнеркәсіптік мекемелері атмосфераны көмірсутектерімен, күкіртті көміртекпен, күкіртті ангидридпен, азот тотықтарымен, хлор және фтордың әр түрлі қоспаларымен және т. б. ластықтармен ластайды.

Жылу станцияларында электр энергиясын өндіру күлдің, күйенің, күкіртті қоспалардың және азот тотықтарының орасан зор мөлшерде атмосфераға қосылуына себеп болады.

Облыс тұрғындарының басым көпшілігі тұратын Тараз қаласының ауасы қоршаған ортаның негізгі компоненті ретінде адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді.

«Қоршаған ортаға әсерді бағалау» термині әр түрлі шаралар мен жобалардың мекендеу ортасына, адамдардың денсаулығына тигізуі мүмкін әсерін анықтауға және болжауға бағытталған іс-әрекетті білдіреді. Бұл үрдістің негізгі мазмұны қандай-да бір жобаға қатысты шешім қабылдағанда оның экологиялық жағын жан-жақты ескеру болып табылады. Мұнда жоба дегеніміз жаңа жобаланатын нысан жұмысын, немесе жұмыс істеп тұрған мекеменің қолданыстағы ҚОӘБ құжатын кеңейту немесе өзгерту болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасындағы шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалық құжаттамасының барысында ҚОӘБ рәсімі әрқайсысы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысымен аяқталатын жүйелі іс-қимылдар реті бойынша өткізіледі.

Қоршаған ортаға әсерді бағалауды өткізудің сатылары

>ҚОӘБ õıрı∣ıı∣ıı сатысы қолдағы бар мұрағат, қор материалдары, басқа мамандандырылған әдебиет көздері, соған ұқсас жобалар бойынша көзделіп отырған (жоспарланатын) қызметтің техникалық-экономикалық параметрлерінің негізінде орындалады.

гек¡нш¡ сатысы – «Көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау» барысында қоршаған және әлеуметтік-экономикалық ортаның құрамындағы өзгерістердің және қоғам өмірінде және қоршаған ортадағы олардың келтіретін зардаптарының ықтимал әлеуетті бағыттары айқындалады.

гүшінші сатысы - "Қоршаған ортаның әсерін бағалау" көзделіп отырған шаруашылық қызметінің нақты объектілері (қосымша А) мен құрылыстарының қоршаған ортаға әсерінің барлық аспектілері толық көлемінде жіті талдауды көздейді және ол қоршаған ортаның құрамдас бөліктері бойынша төмендегідей материалдарды қамтиды:

  1. әуедегі орта
  2. су қорлары
  3. жер қойнауы
  4. өндіріс және тұтыну қалдықтары
  5. физикалық әсерлер
  6. жер қорлары және топырақ
  7. өсімдік
  8. жануарлар дүниесі
  9. әлеуметтік-экономикалық орта
  10. аймақтағы көзделіп отырған қызметті іске асырудың экологиялық тәуекелін бағалау

гпюртінші сатысы жұмыс құжаттамасына "Қоршаған ортаны қорғау" тарауын әзірлеу болып табылады.. "Қоршаған ортаны қорғау" тарауының құрамы мен мазмұны көбінесе ҚОӘБ үшінші сатысының материалдарына ұқсас келеді[1 ].

Жамбыл ГРЭС-і» АҚ Қазақстан Республикасы Жамбыл облысында, Тараз қаласынан 6 км-де орналасқан. Оның құрамына Жамбыл облысында орналасқан үш өндірістік алаңша кіреді.

Атмосфераға ластаушы заттарды шығарушы негізгі көздер қатарына мазутпен, газбен және газды-мазутты қоспамен жұмыс істейтін бу қазандары, іске қосушы қазандықтың қазандары жатады. Қазандардан шығатын газдар № 1, 2, 3 түтін құбырлары арқылы шығарылады.

Түтін құбырларының және оларға қосылған бу қазандарының сипаттамасы келесі кестеде келтірілген.

Түтін құбырларынан өзге Жамбыл ГРЭС-інде ластаушы заттар шығаратын тағы бір қатар көздер бар.

Қазандар жұмыстың бір тәртібінен екінші тәртібіне көшкенде және жүктеме өзгергенде қысқа уақыт аралығында көміртегі тотығының мардымсыз мөлшері бөлінеді.

Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ қоршаған ортаға әсер көрсететін өндірістік бөлімдері: Мазут шаруашылығы, мазутты сақтау және циркуляциялық қыздыру үшін болаттан жасалған вертикальды цилиндр пішінді МБ ст.№№ 1÷13 ыдыстары қолданылады, ГРП–1 және ГРП–2 газреттегіш нүктелері бар сыртқы және жалпыбекеттік таратқыш газқұбырлары,тура ағынды бу қазаны ПК-47-3, табиғи циркуляциялы ТГМЕ- 206 бу қазаны, іске қосу қазандығы, орталық май шаруашылығы. аккумуляторлық батареялар, реагенттік шаруашылық ХВО[2].

Нысан орналасқан ауданның ластануы атмосфералық ауаның жалпы фондық ластануымен және негізінен Тараз қаласы автомобиль көліктерінен шығатын ластаушы заттардың шығарындыларымен анықталады.

_«Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-ы жұмыс істеу барысында атмосфераға шығарылатын зиянды заттар, келесі жұмыстар кезінде бөлінетін шығарындылардан тұратын жиын болып табылады:

№ 1 алаңша (бекет):

  • қазандық турбина агрегаттарын пайдалану кезінде;
  • іске қосу қазандықтарын пайдалану кезінде;
  • көмекші құралдарының жұмысы кезінде;
  • металдарды дәнекерлеу кезінде;
  • сырлау жұмыстары кезінде;
  • станоктар паркін пайдалану кезінде;

№ 2 алаңша ( «Сеңгірбай» демалыс аймағы):

  • жылыту пештерін пайдалану кезінде;
  • демалушыларға арналған тұрмыстық пештерді пайдалану кезінде. № 3 алаңша (сауықтыру орталығы):
  • қазандықтың қазандарын пайдалану кезінде.

«Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-ның атмосфералық ауаға әсері берілген жағдайда ластаушы заттардың таралуын есептеу арқылы анықталады. Есептеу нәтижесінде санитарлық-қорғау аймағының шекарасында ластаушы заттардың ШРК-дан аспағаны анықталады.

Су бассейнінің жағдайына тоқталып кететін болсақ, өндірістік алаңша территориясында: экрандалған тоған-буландырғыш, ХВО шламжинағыш және тоған- буландырғыш тәртібінде жұмыс істейтін мазутты және майлы шайынды суларға арналған шламжинағыштар орналасқан. Шаруашылықтық-тұрмыстық шайынды сулар толық биологиялық тазартудан өткен соң (өзінің биологиялық тазарту бекетінде) арнайы каналдар арқылы Талас өзеніне құйылады. Жерасты суларының жағдайына техногендік әсер етуін бақылау екі бақылау ұңғымалары көмегімен жүргізіледі, олардың біреуі жерасты ағынынан жоғары, екіншісі – төмен бұрғыланған. ЖГРЭС-інің аттестатталған зертханасы жыл сайын бекітілетін өндірістік мониторинг бағдарламасы бойынша жер асты суларын бақылап отырады.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша шайынды сулар жер асты суына әсер етпейтіндігі, тоған-буландырғыштың, шлам жинағыштың экрандары қанағаттанарлық жағдайда екендігі, жер асты суының сапасы және күйі ШРК-ға сай екендігі анықталды. «Сеңгірбай» демалыс аймағының алаңшасында 3 экрандалған шұңқыр орналасқан, шайынды сулар ЖГРЭС-інің тазартқыш қондырғысына шығарылады.Шайынды сулар ТКШ-ның «Тараз-су» жасалған келісімшарт бойынша қалалық канализацияға жіберіледі.

Өндірістік алаңшаның территориясы топырағының құрамындағы тұз мөлшері жоғары емес, және сынаманың әр килограмына 0,9-дан 1,6 гр-ға дейін келеді, топырақтың су ерітіндісінің рН мөлшері 6,5 – 7,0 аралығында. Топырақтың бұл түрі адамның ауылшаруашылықтық және инженерлік әрекетінде алдын-ала мелиоративтік өңдеулер жүргізбей-ақ пайдаланылады. Топырақтың сапасына әсер ететін көздерге қазан агрегаттарының түтін газдары, автокөліктің жұмысынан бөлінетін газдар, және жөндеу бөлімдерінің шығарындылары жатады. ГРЭС-тің сауықтыру орталығы, Тараз қаласынан 2 км қашықтықта тұрғын үйлер аймағында орналасқан, Нысан аймағының топырағы аздап қиыршық тас, конгломерат араласқан саз және саздақ топырақтан тұрады. Топырақтың сапасына әсер етуі мүмкін көздерге өз қазандығынан бөлінетін түтінді газдар жатады.

Мекеме орналасқан аймақ топырағы орманға жарамдылығы бойынша I және II топқа жатады, сондықтан қазіргі уақыттағы ағаштар-бұталар тұқымдарының ассортименті әр түрлі болып келеді.

Ағашты формалары негізінен санациялық әсері жоғары түрлерден тұрады. Олар арнайы егілген. Сонымен қатар табиғи түрде өсіп шыққан ағаштардың біраз түрі бар. Аудандастырылған ағашты өсімдіктердің бұл жерге сіңгіштігі жер үсті суларының жақындығынан деп табылып отыр. Егілген ағаштардың тірі қалу мүмкіндігі 75-95 % екендігі тіркелген [3].

ЖГРЭС өндірістік алаңшаларынан тыс жерлердің өсімдіктер әлемі осы аймаққа тән түрлерден тұрады, шеткі аймақтарында жусанды-дәнді өсімдіктер: ақ селеу, жусан, т.б. аймақтағы бұталы өсімдіктер көп емес, Өндірістік алаңшалардан тыс жерлердің өсімдіктері сол жерлерге тән жусанды дәнді өсімдіктерден – жабайы сұлы, ақ селеу сияқты өсімдіктерден тұрады. Аймақта бұталы өсімдіктер шамалы, және негізінен ұсақжапырақты шегіршіннен тұрады. Территорияда эндемик ағаштар (берілген аймаққа тән) кездеспейді. Сирек және жойылып бара жатқан, табиғи тамақтық және шипалы өсімдіктер жоқ.

Мекеменің есептік құжаттар кадастрына сәйкес қарастырылып отырған аймақта ауылшаруашылық дақылдары өсірілмейді.

Қарастырылып отырған аймақта жануарлар дүниесі негізінен ұсақ кеміргіштерден, бауырымен жорғалаушылардан, құстардан және жәндіктерден тұрады. Өндіріс алаңшаларында нысанның және тұрғын үйлердің жақындығынан жабайы жануарлар кездеспейді.

Мекеменің өндіріс алаңшалары орналасқан территорияда құстар мен сүтқоректілердің миграция кезінде тыныстайтьын орындары, маусымдық миграция жолдары тіркелмеген.

Эндемик-жануарлар, сирек және жойылып бара жатқан жануарлар, оның ішінде Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрлері аймақта жоқ.

Мекеменің өндірістік жұмысының нәтижесінде атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың жалпы Өндірістік алаңшада қазандар жұмыс істегенде, отынның бір түрінен екінші түрге ауысқанда, қазандар жүктемесі өзгергенде көміртегі тотығы (СО, коды 0337) мөлшері 1500 мг/м3-ке дейін жетеді.

Атмосфераның жерге жақын қабатындағы зиянды заттар концентрациясы "Эра-1.7" бағдарламасы бойынша ПЭЕМ-да орындалады. Мұнда зиянды заттардың зерттеліп отырған аймақтың есептеу нүктелеріндегі (тор түйіндеріндегі) ең жоғары концентрациялары және кейбір көздердің мекеме шығарындыла-рындағы зиянды заттардың максимальды концентрациясына қосатын үлесі анықталды. Желдің қолайсыз бағыттары және жылдамдығы зерттеудің әр бір түйінінде анықталды.

Зиянды заттардың таралуын есептеуді жылдамдату және қарапайымдан-дыру мақсатында тек төмендегі теңсіздік орындалатын заттар ғана алынды:

М/ПДКм.p > Ф

Н > 10 м болғанда Ф = 0.01хН

Н < 10м болғанда Ф = 0.1

мұндағы М – мекеменің бүкіл көздерінен шығарылатын шығарындылардың тіркелген шарттардың ең қолайсыздарына сәйкес келетін жиынтық мәні, г/с;

ШРКм.1р. – максимальды бір реттік ШРК, мг/м3;

Н(м) – шығару көздерінің мекеме бойынша орташа биіктігі [3, п.7.8], төмендегі формуламен анықталады:

Атмосфераның ластануын есептеу зиянды заттардың максимальды мүмкін шығарындылары бойынша жабдықтардың максимальды жүктемесі кезінде жүргізілді.

Мекеменің санитарлық қорғау аймағы (СҚА) СНжЕ №1.01.001-94 құжатына сәйкес анықталды және ол 1000 м-ге тең .

Ластаушы заттардың таралуын есептеу арқылы әр өндіріс алаңшалары бойынша жерге жақын ауа қабатындағы ластаушы заттар концентрациялары анықталды. Есептеулер бойынша мыналар анықталды:

№ 1 өндірістік алаңша – 53 түрлі ластаушы зат шығарады, оның 3 түрі бойынша атмосфераның жерге жақын қабатындағы олардың концентрациясы анықталады;

№ 2 өндірістік алаңша – 10 түрлі түрлі ластаушы зат шығарады, оның 28 түрі бойынша атмосфераның жерге жақын қабатындағы олардың концентрациясы анықталады;

№ 3 өндірістік алаңша – 7 түрлі түрлі ластаушы зат шығарады, оның 2 түрі бойынша атмосфераның жерге жақын қабатындағы олардың концентрациясы анықталады.

Т. И. Батуров атындағы ЖГРЭС-і стратегиялық маңызға ие мекеме болғандықтан және облыс пен ҚР-ның оңтүстігін энергиямен негізгі қамтамасыз етуші болғандықтан, қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету жөніндегі шаралар мынадай кешенді қарастырады:

  1. Негізгі технологиялық жабдықтарды режимдік-жөндеу-қалпына келтіружұмыстарын жүргізу арқылы эмиссияларды төмендету;
  2. Автокөліктер істегенде бөлінетін газдардың түтінділігіне және токсинділігіне бақылау жүргізу және отын құралғыларын реттеуді жүргізу;

Мекеменің өндірістік жұмысының экожүйеге және тұрғындар аймағына негативті әсерін төмендету үшін территорияны және санитарлық-қорғау аймағын тозаң-газға төзімді ағаштар және бұталармен көгеріштендіру қажет. Олар ластанған ауа ағыны үшін механикалық және биологиялық сүзгі болып табылады[4].

Мекеменің әр өндірістік алаңшасында жеке канализация жасалған._Жамбыл ГРЭС- інің өндірістік алаңшасында толығымен бөлектенген канализация жүйесі орнатылған және 4 су шығарылымы бар: Шаруашылықтық-тұрмыстық суларды ағызу – биологиялық тазарту қондырғысынан ұзындығы 5 км дренаждық каналмен Жалпақтөбе ауылының және Тараз қаласының сол жағалаулық тұрғын бөлігі арқылы Талас өзеніне құйылады.Қайтарма суды ағызу – ГРЭС-тің технологиялық агрегаттарын және кондиционерлерді суытқан соң қайтарма су (нормативті-таза) ұзындығы 500 м ашық каналмен Талас өзеніне құйылады.Қайта айналымдағы суды ағызу – қайта айналымда қолданылған су (нормативті-таза) градирняларда суытылғаннансоң ашық каналмен Аса-Талас каналына құйылады және осы қайта айналым жүйесінде қабылданған технологияға сәйкес қайта пайдаланылады.Қысқы кезеңде шлюз затворларын қатып қалудан сақтау үшін қолданылатын (нормативті-таза) су ағызу – бұл үшін қайтарма су (нормативті-таза) пайдаланылады.

Су ағызылатын жерлерде демалу және шомылу орындары жоқ.

Электростанцияда қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Талас өзенін ластанудан қорғау үшін өндірістік шайынды суларды тазарту қондырғыларының кешені ӨШТК (КОПС- комплекс сооружений по очистке производственных сточных вод) және шаруашылықтық-фекальдік шайынды суларды тазарту қондырғысы жасалған. Станцияда өзінің қажеті үшін тазартылған суды пайдалану қарастырылған.

Шаруашылықтық-тұрмыстық шайынды сулар өндіріс алаңынан орталықтандырылған канализация жүйесіне жиналады, одан өзінің жеке тазартқыш қондырғысына жіберіледі. Тазартқыш қондырғының өнімділігі 1400 м3/тәулік.

Тазартқыш қондырғының өнімділігі 1400 м3/тәулік болғанда тазартқыш қондырғылар кешенінің жобалық тиімділігі 90% деп есептеледі және тазартқыш станция механикалық және биологиялық тазартулар жасанды жасалған жағдайда жүретін қондырғының құрамына кіреді. Биологиялық тазарту қондырғылары пайдалануға оңай болуы үшін қосарландырылған.

Талас өзені 1-ші санатты балықшаруашылықтық мақсатта қолданылатын су көзіне жатады.

Су көзіне тасталатын шайынды сулар оған әсер етпейтіндей дәрежеде тазартылуы қажет. Шайынды су тазартылуының қажетті дәрежесі зияндылықтың жалпы санитарлық және органолептикалық көрсеткіштері бойынша және ластанудың нормалық көрсеткіштерінің әр қайсысы бойынша анықталады[5].

Шайынды суларды тазартудың екі әдісі бар:

  1. белсенді әдіс – шайынды сулар тазартқөыш қондырғыларда тазартылады;
  2. пассивті әдіс – су көзінің табиғи факторлар есебінен өздігінен тазару қабілеті пайдаланылады.

Өндірістік шайынды суларды тазарту үшін және оларды технологиялық қажетке қайта пайдалану үшін өндірістік шайынды суларды тазарту кешені (ӨШТК) құрылған, ол төмендегі құрылғылардан тұрады:

  • майлы және мазутты суларды тазарту қондырғысы, өнімділігі 100 м3/сағ;
  • майлы конденсатты тазартуға арналған қондырғы, өнімділігі 80 м3/сағ;
  • химиялық су тазартудың шайынды суларын бейтараптандыруға арналған қондырғы, өнімділігі 200 м3/сағ;
  • қазандардың, регенеративті ауажылытқыштардың конвективті шахталарын жуудан, жабдықтарды қышқылмен жуу және жылу қондырғыларын консервациялаудан шыққан тасталатын суларды тазартуға арналған қондырғы, өнімділігі 370 м3/тәулік.

Шайынды сулардың сапасын тексерудің және ШРШ есептеулерінің нәтижелері Жамбыл ГРЭС-інде қолданылып отырған шайынды суларды тазарту әдісін пайдаланғанда және оларды Талас өзеніне құйғанда олар өзен суының нормативтік сапасын бұзбайтындығын көрсетті.

Жүргізілген талдау өндірістік нысанның адамның денсаулығына, жануарлар және өсімдіктер дүниесіне, маңайдағы территория мен оның ландшафтына теріс әсер көрсетпейді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 9 қаңтар 2007, №212-Ш-ЗРК.
  2. Жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау (ҚОӘБ) жүргізу бойынша нұсқаулық. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 ж. 28 ақпандағы № 68-П бұйрығымен бекітілген.
  3. Об утверждении Инструкции по проведению оценки воздействия намечаемой хозяйственной и иной деятельности на окружающую среду при разработке предплановой, плановой, предпроектной и проектной документации. Приказ Министра охрана окружающую среды Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 204-п .
  4. ГОСТ 17.1.3.07-82. Охрана природы. Гидросфера. Правила контроля качества воды, водоемов и водотоков.
  5. Дитер Гейнрих, Манфред Гергт Экология, -Москва, 2003

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.