Мемлекет үшін ең құнды қазына ол адамның өмірі мен денсаулығы [1]. Осы күнге дейін қоғам өміріндегі құқықтық қарым-қатынастардың бұзылмауына кепілдік беретін және заңдардың сақталу механизмін іске асырудағы тиімділікті қалыптастыру жолында көптеген кезеңдік іс-шаралар атқарылды. Әрине, бұл жолда да өзіндік жетістіктер мен сәтсіздіктер кездесіп отырған. Мұндағы сәтсіздіктер де, жетістіктер де өз жемісін беріп, заңға өзгертулер мен толықтыруларды еңгізуге өз септігін тигізді. Осылайша, XVIII ғасырдың ортасында қылмыспен күрестегі тиімділікті арттыру мақсатында кез келген бір құқық бұзушылықтардың алдын алу, әрі, өзіндік ерекшелігі бар жаңаша бір қылмыстық- атқарудың тәсілін жазалау институтына еңгізудің қажеттілігі туындады. Сол себепті, XX ғасырдың аяғынан көптеген мемлекеттердің қылмыстық заңнамаларында қылмыстық мерзімінен бұрын босату, кейін қылмыстық жазалау, пробация және басқа да альтернативтік қылмыстық-құқықтық ықпал етудің жазалау шаралары қалыптаса бастады. Атап айтқанда, 1990 жылғы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған түрме қамауымен (Токия қағидаттары) байланысты емес шараларға қатысты БҰҰ бірсарынды ең төмен деңгейдегі қағидаттар «түрме қамауының баламасы құқық бұзушылықтардың, сонымен қатар қоғамның мүддесінде қоғамдағы құқық бұзушылармен жүгінудің тиімді құралдары болуы мүмкін» екендігін көрсетеді [2]. Экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша (1951 жылы БҰҰ Кеңесінің қарары пробацияны «сотталғандардың белгілі бөлігін сынақ мерзіміне орналастыру режимі» ретінде сипаттады және оны әр түрлі құқықтық жүйелері бар мемлекеттік ұлттық қылмыстық әділетте кең қолдану үшін ұсынған еді [3].
Авторлардың айтуына көңіл бөлсек, пробация қызметін жетілдіру мақсатында олар бір сотталғанды ұстау сомасы, халықаралық стандарттарының талаптарына сүйенсек, жылына 20 000 АҚШ доллардай құрайтынын, бұл жерде пенитенциарлық мекемеде оқшаулаусыз бір сотталған салық төлеушіге жылына 1000 доллардан артық келетінін атап өтіп отыр [4]. Сондай-ақ, пробация құндылығы жойылмайды және оларға қылмыстың өте төменгі рецидиві, құқық бұзушының ең кем ауруға бейім оңтайландыру, бас бостандығынан айрылу мекемелерінің душар етпейтін талқандатпайтын әсер ету мүмкіндігі жататынын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, пробацияның қолданылуы әр түрлі ауыртпалықтағы қылмыстарға қатысты және әр түрлі санаттағы құқық бұзушыларға қатысты мемлекеттің икемдірек қылмыстық саясатының өткізілуіне мүмкіндік береді, сондықтан әлеуметтік әділдік пен жазаны тағайындаудың және орындаудың дараландыруқағидаттарын іске асыру шараларын белгілеу кезінде жазалау шараларын анықтау кезінде қылмыскердің тұлға ерекшеліктерін ескеруіне мүмкіндік беретіндігін көрсетіп отыр.
Сол себепті, бүгінгі күні, еуропалық мемлекеттік, АҚШ, Жапония және т.б. биліктері мамандандырылған пробация қызметін құрды, олар заңмен қайшы адамдармен әлеуметтік қайта бірігу мәселелерін шешуге шақырылған. Оған қоса, әр түрлі мемлекеттерде аталған қызмет әр түрлі аталады, мысалы: АҚШ, Англияда, Швецияда, Латвияда, Грузияда пробация қызметі, Норвегияда, Финляндияда, Данияда, Эстонияда қадағалау қызметі [4].
Негізінен, «пробация» сөзі – заң термині, ағылшын тілінен аударғанда probation – сынақ дегенді білдіреді, нақтырақ айтқанда – шартты түрде айыптау шарасын қолдану. Жалпы,- пробация шетел мемлекеттердің заннамасы бойынша әр түрлі аспектілерде: қылмыстық жаза, сотталғанды түзеу үрдісі, аталған қылмыстық жазаны орындау жүйесі, әлеуметтік – құқықтық жазаны орындау жүйесін, әлеуметтік құқықтық бақылау нысанын, сотталған адамдарды бейәлеуметтен құралын алдын алу шарасы ретінде қарастыру қажет.
Жалпы, әлемнің көптеген елдерінде заманға сай жағдайларында «пробация» - қылмыстың қайталануын алдын алудың айтарлықтай әлеуметімен, қоғам үшін экономикалық жөнділігімен, сондай-ақ қылмыстық саясаттың ізгілендіру құралдарына қол жеткізуге мүмкіндігін туғызатын өнегелі құндылық. Қылмыстық-атқару жүйесінде заңға сәйкес сот үкімінен кейін сотталған тұлға ретінде есепте тұрған адамды бақылау мен оның қоғамдық ортадағы тәртібіне талаптар қою ғана емес, оған көрсетілетін оңалту, әлеуметтік көмек болып табылады. Оның қажеттілігі сотталған тұлғаның жазасын өтегеннен кейінгі өмірде, не болмаса жазасын өтеу барысында, жаңадан, кез келген құқық бұзушылықтарды жасамайтындығына кепілдіктің жоқтығынан туындады. Аталған қылмыстық-атқарудағы қызметтің түрі Қазақстанда да заманға сай жалпы жазаның орындалу жүйесінің құрылуы мен даму тарихына тығыз байланыста өрбіді. Соңғы уақыттарда технологиялық құралдардың дамудағы жетістіктері де пробация қызметін қолдану қалыптасқан өркениетті елдер қатарында жазаны тиімді атқарудағы қағиданы қабылдауға итермеледі.
Мұнда, Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталғандардың санын азайтуға және қоғамнан сотталғанды оқшаулаумен байланысты емес жазаның баламалы түрлерін кеңірек қолдану бағытында қалыптаса бастады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен 2010 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясатының концепциясы бекітіліп [5], Концепцияның негізінде, 2012 жылғы 15 ақпандағы №556 Қазақстан Республикасының Заңымен қылмыстық – атқару жүйесінде пробация ұғымы қабылданды. Ал, 2016 жылдың басынан бастап барлық аумақтық қылмыстық – атқару инспекциялары пробация қызметі атауына өзгертілді. Осы институттың қолданылуы қоғамда құқықтық, әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік – психологиялық атмосфераны жақсарту арқылы мемлекетіміздегі қылмыстың өсу деңгейін төмендету мүддесін көздеген болатын. Өкінішке орай лаңкестік идеология қазіргі заманауи құрылғылар арқылы қарқынды тараған бұл күнде пробация қызметі дәрменсіздік танытып отыр. Отандық түрлі саладағы өнімдер мен тарихи құндылықтарды (жер, су қойнаулары, шикізаттар, тарихи тұлғалар) желеу еткендер бұрмалаушылықпен әр түрлі буындағы тұлғалардың санасын улаумен үкіметтің атқару тетігіне бірқатар қиындықтар тудыруда. Бұл дегеніміз қылмыстық ниеттегі жеке тұлғалардың қоғамдық бірлестік болып қылмыс субъектісіне айналу қаупін төңдіруде деген сөз. Мұндағы негізгі ой пробациялық бақылауды жүзеге асырушылардың бірінші кезекте мемлекеттік саясатты әбден білу тұрғысында. Екінші кезекте психология мамандығы тұрғысында тереңдетілген білімі болуы тиіс. Өйткені, кез келген профилактикалық әңгімені жүргізу барысында пробация қызметкеріне пробациялық тіркеуде тұрғанның жай-күйінен басқа түпкі ойына, мақсатына да болжам жасай білуі қажет. Әрине, алғаш рет бұл пікір оқырмандар назарына мүмкін емес сандырақ болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, сотталған адам туралы мәліметтерді білетін, және оның жеке өміріне әлеуметтік көмек көрсетуші бірден-бір тұлға ретінде пайда болған ой заңды деген көзқарастамын. Өйткені, кез келген жеке тұлғаның әрбір іс-әрекеті белгілі бір қисынды құрайды. Дер кезінде анықталған кез келген мән-жай ақпарат бола алады. Қылмыстың алдын алуға тікелей әсерін тигізген ақпарат құнды болады.
Мұны, осы саладағы заңнамаға жасалған талдау, сондай-ақ көптеген тұжырымдар және өкілетті органдардың баяндамаларымен бірге, бізге, пробация қызметіне пробациялық тіркеуде тұрғанмен етене байланыс жасаудың жаңа моделін дайындап шығару қажет деген пікірдемін. Өйткені, қылмыстарды көбінесе генетикалық және психологиялық тұрғыда қылмыс жасауға бейім тұлғалар ғана қайталанба түрде жасайтындығы айғақ. Сондықтан, пробация қызметінің ролі бүгінгі таңда өте зор, әрі маңызды болуы тиіс. Ал жаңадан модель құпия түрінде де болуы мүмкін. Мысалы, қоғамға қауіптілігіне байланысты сотталғанмен жүргізілетін профилактикалық әңгімені үнтаспаға түсіріп отыру және т.б.. Бұл ой жаңа қабылданған 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» Заңында берілген, оның 1 бабында пробацияның мақсаты ретінде
- күдіктінің, айыпталушының мінез – құлқын түзеу;
- сотталған адамды әлеуметке қосу;
- қылмыстық - атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу негізінде өрбуі тиіс [6].
Аталған Заңның 5 бабына сәйкес пробацияның негізгі нысандары «бақылау жасау және әлеуметтік - құқықтық көмек көрсету» болып табылады Заңға тәуелді нормативтік - құқықтық актілерде осы амалдар баяндалған [6].
Мұнда, 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» ҚР Заңымен сотқа дейінгі пробация түрі енгізілгендігін де ескеру қажет (аталған термин шартты, барлық елдерде бірдей қолданылмайды) [6].
Жоғарыда аталған ұсынымға тағы бір себеп, ол әлеуметтік тұрғыдағы пробациялық тіркеуде тұрғанның тұрмыстық деңгейдегі басымдылығы. Өйткені, бүгінгі күні материалдық құндылық басымдылыққа ие. Осы материалдық құндылықтың жолында жетістіктерге жету кез келген тұлғаның мақсатына айналып отыр. Оны ешкім теріс дей алмайды. Сол сияқты пробация қызметін атқарып жүрген қызметкер де табыс табу жолында екендігін естен шығармауымыз тиіс. Сондықтан, материалдық тұрмыс деңгейі жоғары пробациялық тіркеуде тұрған тұлға өз мүмкіндігін пайдаланып, пробация қызметіне кедергі келтірмесіне (белгілі бір мөлшерде сыйақы төлеп өз шартының үстемдігін орнатса) кім кепіл. Ал, жоғарыда аталған пікірдегі жаңадан бір модельді- тұжырымды (құпия болуы мүмкін) дайындағанда осы жағдай ескерілуі тиіс. Бұл үшін:
- толыққанды дербес пробация қызметін құру қажет. Осыған байланысты, пробация қызметіне пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың бас бостандығынан айрылумен байланысты емес қылмыстық жазаларды орындау бойынша міндеттерді жүктеумен, штат санын арттырумен және материалдық - техникалық базасын нығайтумен дербес заңды тұлға беделін беру керек;
- сотталған адамдарды жұмысқа орналастыру, жәрдемақыларды, зейнетақыларды, жәрдемақыға құқығы бар құжаттарды алу мәселелерін шешу кезінде сотталған адамдардың жоғалтқан әлеуметтік пайдалы байланыстарды қалпына келтіруде жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен, құқық қорғау органдарымен, жұмыспен қамтау және әлеуметтік қорғау қызметтерімен тығыз өзара әрекеттестік ету арқылы осы қызмет жұмысының әлеуметтік бағытын күшейту керек
- пробация қызметінің штаттарына психологтарды, әлеуметтік және педагогикалық жұмыскерлерді енгізу қажет;
- өзге мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік етудің ұйымдастырушылық мәселелерін, соның ішінде пробация қызметініңжұмысына волонтерлерді және қоғамдық ұйымдарды және пробация қызметінің қоғамдық көмекшілерін тарту негіздері мен тәртібін қарастыру керек;
- лицензияланатын жеке пробация қызметінің жұмысын құру мүмкіндігі туралы мәселені қарастыру қажет деген пікірдемін.
Қазақстанда толыққанды пробация қызметін құру және оларға көрсетілген өкілеттіктерді жүктеу үшін қосымша қаржы шығындарын ескерумен, пробация қызметінің әлемдік тәжірибесін нақты зерделеуді талап ететін болады да, олар болашақта пробация қызметінің есебіндегі сотталған адамдарға нақты бақылау жасауға; жалпы қылмыстық әділсоттың айтарлықтай арзандауына дәне тиісінше мемлекеттің бюджетіне қаржылай жүктеменің төмендеуіне, кейін мемлекеттіе қылмысты алдын алуға, қоғамда өтеліп жатқан жазаның сапалы орындалуына және үйлестіруіне және өзге құқық қорғау органдарының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік туғыздыруға әкеліп соқтырады.
Әдебиеттер
- 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы (2017 жылғы 10 наурыздағы өзгерістермен және толықтырулармен). // http:// www. adilet.kz/.
- БҰҰ Бас Ассамблеясының қаулысымен қабылданған айырумен байланысты емес (Токио ережелері) шаралары бойынша БҰҰ минималды стандартты ережелері№45/110 1990 жылы 14 желтоқсаннан.
- Қазақстанда бас бостандығын айыру жерлерінде азайту/ Центр исследования правовой политики. – Алматы, 2011. -132 п.
- Шаяхметов Ш.Ш. Қазақстанда Пробация қызметі және оның даму жолдары // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция құжаттары «Қазақстанда пробация және оның даму жолдары»8 қараша 2006 ж. Астана, 2006.
- 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығы (2013 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша өзгерістермен) // http:// www. adilet.kz/.
- Қазақстан Республикасының заңнамасы: пробация туралы № 38-VI2016 жылы 30 желтоқсаннан // http :// www. adilet.kz/.