Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қамауға алу орындарының пайда болу тарихы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қылмыстық саланы ізгілендіру туралы тапсырмаларын жүзеге асыру уақытында түрлі іс-шаралар атқарылды. Бұл іс-шаралардан қомақты қадамдарға қол жеткізілді. Осы жұмыстар қоғамның құндылығы болып табылатын адам құқықтарын сақтауға арналған. Нақтырақ айтсақ қоғамнан оқшаулау орындарында жазасын өтеп жатқан азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту.

Бұл өзекті мәселеге тереңінен үңіліп, шешімін табу үшін «Жазаны өтеу орындарының пайда болу тарихына» тоқталуда құп көріп отырмын. Себебі дана халық «кешегімізсіз бүгініміз жоқ» деп тайға таңба басқандай қылып айтып кеткен.

Осыған сәйкес қамауға алу орындарының пайда болу тарихына шолу жасап көрейік Қоғамнан оқшаулауды жүзеге асыратын органдарды құру барлық кезеңдерде де маңызды болды. 20 мыңжылдықтың басына таман Ресейдің заңында адамның бостандығын шектеу қылмыстық жазалауда маңызды орын алды. 1903 жылы шыққан Қылмыстық жинақ топтамасының 2-бабына орай «жазаны» көрсететін қылмыстық әрекеттің мәндері:

  1. өлім жазасы;
  2. каторга;
  3. жер аудару;
  4. түзету үйіне қамау;
  5. бекініске қамау;
  6. түрмеге қамау;
  7. тұтқындау;
  8. ақылы өсім [1].

Байқағанымыздай, сегіз аталымның бесеуі бостандықтан айырудың орындары.

Бас бостандықтарынан айыруға дейін жазалау ауыр жазалармен орындалып отырды. Оларға ауыр тән жазалары, бір жылдан екі жылға дейін кісенде ұстау және т.б.

Жер аудару жазалары кеңінен қолданылды, соның ішінде адам аяғы баспаған Сібірдің даласын меңгеруге сотталғандар айдалып отырды. Дегенмен, темір жолдары мен су жолдары арқылы тұтқындарды тасымалдау артып, сонымен қоса Сібір халқының көбеюіне орай Сібірге жер аударулар азайды [2, 1 б.].

Төңкеріске шейінгі Ресейдің заңдарында «қылмыстық жазаның» термині қолданылғанымен, қылмыстық жаза мен олардың іске асырылуы бөлек қарастырылмады.

«Қамау» сөзінің мазмұндамасы 1908 жылғы Мекемелер жинағы мен жарғыларында ғана регламенттелген. 1915 жылғы 28 желтоқсанда Жалпы түрмелік нұсқама қабылданды. Заңнамада қамауға көп мән берілгендіктен қамау мекемелерін құру қажеттілік етті.

Шамамен 1900 жылдары Ресей өңірінде 895 түрме болды. Олар:

› 718 жалпы құрылымды түрме;

› 132 Привисленский түрмесі;

› 31 сотталушыларды түзеу бөлімі;

› 6 каторгалық түрме;

› 8 транзиттік түрмелер [3]

XIX ғасырдың соңында түрме жүйесін реформалаулар кеңінен болғанымен, жазасын өтеушілерді санаттарға бөліп ұстауға қол жеткізілмеді. Бұл жерде «Тұтқындалған қауым санаты бойынша бөлінді. Тергелгендер өкім етілгендермен бір камерада, қысқа мерзімді тұтқындалғандар каторгалықтармен бірге болды» [4].

Осы саланы зерделеген ғалымдардың пайымдауынша тергеудегі және сот жанындағы адамдарды қамауда бөлек ұстаудың қажеттіліктері мойындалынған. 1890 жылы Халықаралық түрме конгресінің (Санкт-Петербург) шешімдерінде: «Бұл тергеудегі тұтқындар үшін мекеме құру, мүмкіндігіне қарай, арнайы қамау орны, немесе кем дегенде, түрмелерде ұстаудың арнайы орындары болуы керек» деп жазылған [5].

Десек те, тарихта XX ғасырдың басында Ресейдің заманауи тергеу изоляторларының түрі бойынша мамандандырылған абақтылар Санкт-Петербург алдын- ала қамау абақтысының, Варшава тергеу түрмесінің және Привисленский губерниясының тергеудегілерді қамау сияқты бірқатар түрлері болды [2, 122 б.]. Түрменің реформалары барысындағы қабылданылған нормативтік кесіндер тек қана формальды жағдайды заңдастырды. Абақты қамаудың негізгі түрі болып саналады. «Қамауға жабылғандар туралы Жарғының» 168 бабы бойынша түрмеде ұсталғандар: біріншіден, тергеу мен сотта тіркеуде тұрғандар; екіншіден, қылмыстары мен теріс қылықтары үшін жаза ретінде түрмелерде уақытша бас бостандықтарынан айырылған сотталғандар; үшіншіден, тән жазасынан босатылған уақытша қамаудағылар жатты [2].

Ұстаулардың экономикалық жағдайына тоқталсақ оны орыстың ескі дәстүрі деуге болады. Петровтың заманына шейін базалық тұтқындаулар қайырымдылық азық-түлік пен қайырымдылықтарды құрады [6].

Түрмелердің өздерін-өздерін ақтауларының идеясы Ресейде төңкеріске шейінгі кезеңде нормативті түрде бекітілмеді. «Қамауға жабылғандар туралы жарғының» 6,8, және 9 баптарына сай, түрлі дәрежелердегі абақтылар мекеменің және қаланың табыстарына, мемлекеттік қазынаның шоттарына байланыстырылды. Осы кезеңде белгленген ақы мөлшері көрсетілмеді. Дей тұра, шаруашылық қызметті көрсетудің жүйесі, тұтқындардың күштерімен және тұтқындардың тапқан қаражаттарының есебімен реттелініп отырды.

Шаруашылық жұмыстарының өзі күнделікті үй қажеттіліктеріне пайдаланылатын және түрмедегі тұтқындалушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын болып, сонымен қоса тегін және ақылы болып бөлінді. Бостандығынан айырылғандар әрдайым наубайханаларда, аспаздықта, кір жуу орындарында, аурухананың кезекшіліктерінде және басқа да жерлерде жұмыс жасады.

Шаруашылық жұмысын жасаған тұтқындалғандар жасаған еңбектеріне сай марапатталып отырды. Бұл шаруашылық «Пайдалы іс» деп аталды. «Қамауға жабылғандар туралы жарғының» 359 бабына сәйкес «пайдалы іспен» айналысқан тұтқындағылар табысының көлемі тапқандарының он пайызын құрады. Пайданың қалған мөлшері мемлекеттің қазынасына және түрменің қажеттіліктеріне бөлініп берілді. Аталмыш шара тұтқындалғанның түрменің пайдасына қосқан үлесі болып саналды.

Уақытша үкіметтің жоспарлаған реформалары қылмыстық-атқару саясатының доктринасын қабылдау болды. Доктринаның негізгі мақсаты адамды қайтадан тәрбиелеу, сонымен қатар мамандарды іріктеу мен оқыту болды.

 

Әдебиеттер

  1. Российское законодательство X-XXвеков:В 9 т.—Том 9.-М.Юридическая литература,1994.-С 274.
  2. Органы и войска МВД России (Краткий исторический очерк).М. Обьединенная редакция МВД России, 1996.-С.1.
  3. Отчет Главного Тюремного управления за 1900 год. Цит.по: Гернет М.Н. История царской тюрьмы. – Том 3. - М.:Государственное Издательство юридической литературы, 1967. - С.380.
  4. Обзор деятельности Главного Тюремного управления за 1879-1889 годы. Цит.по: Гернет М.Н. Указ.соч.-Том 3.-С.355.
  5. Тюремный вестник. – 1894. - №11. С. 257.
  6. См., например: Карнович Е.П. Московские люди // Исторический вестник. Ноябрь 1883 года. – С.266-267; Петренко Н.И. Организационно-правовые основы режима исполнения наказания за Общеуголовные преступления в местах заключения России в пореформенный период (1864-1917 годы): Автореф. дис... канл.юрид.наук. –М., 1997.- С.14.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.