Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шет елдердегі заң шығарушылық процесіне Президентінің қатысу ерекшеліктері

Алдымен біз заң шығару процессінің әлеуметтік алғышарттарына тоқталсақ, заңды шығару үдірісі мен оның әрбір кезеңдері нысаны жағынан заңдық, ал мазмұны жағынан алып қарағанда әлеуметтік - саяси сипаттағы қызметті анықтап береді. Дәл бұл қызметте құқықтың қалыптасуының заңдылғы, әлеуметтік келісімділігі, тарихи шындылығының нақты ерекшеліктері және заңгерлердің субъективті сипаттағы ұсыныстарымен байланысы көрініс табады.

Құқық шығармашылық үдірісінің әлеуметтік аспектісі заңды шығару процесінің негізгі кезеңдерінде байқаланады. Ол әлеуметтік - кұқықтық зерттеудің сатыларыңда зерттелінетін келесі бір мәселелерді белгілеуі арқылы іс жүзіне асырылады.

Осы құқық шығармашылық қызметі саласында Президент нормативтік актілерді (жарлықтарды, декреттерді, декрет заңдарды) қабылдайды және атқарушылық билік органдары актілерінің күшін жояды.

Парламенттік республикада, ал кей кездері президенттік парламенттік республикада мысалы, Францияда президенттің актілері контрасигнатураны талап етеді. Жалпы ереже бойынша Президенттің актілері заңға сәйкес сипатты иеленеді (заңдарға сәйкес болуы тиіс), дегенмен тәжірибеде жетекші рөл атқаруы мүмкін, ол Президенттің беделінке, оның жеке қасиеттеріне байланысты, ал Шығыстың кей мемлекеттерінде олар заңның деңгейіне не одан да жоғары қойылады. Кейбір тоталитарлық режимдер жағдайларында Президенттер заңды қабылдаған, олар «мемлекетбасшыларының заңдары» деп аталады.

Жалпы алғанда АҚШ Конституциясында АҚШ Президенті заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді және федерацияның барлық лауазымды тұлғаларының өкілеттіктерін анықтайды деп белгіленген. Бұл тұжырым атқарушы биліктің өкілеттіктерін Конституцияда көзделген өкілеттіктерді қолдану жолымен кеңейтуге зор мүмкіндік береді. Сонымен бірге Конгресс Пезидентке төтенше өкілеттіктерді тиесілі ете алады. Сонымен қатар Конституцияда АҚШ Президентінің өкілеттіктері нақтыланып берілген. Президент мемлекетті ел ішінде және халықаралық қарым қатынастарда танытады, халықаралық шарттарды бекітуге құқылы, ал олардың кейбіреулері атқарушы келісімдер деп аталады, сондықтан Конгрестің екі палатасына да ұсынуға тиіс болғанымен, Сенатпен ратификациялануға жатпайды. Президент Конгреске қатысты ерекше өкілеттіктерге ие: ол Конгреске жыл сайын елдегі жағдай туралы жолдау жасайды, бюджеттік жолдаулар жасайды, белгілі бір заңдарды қабылдауды ұсынады, Конгресті төтенше сессияға шақырады, заңдарды жариялайды және кейінге қалдыратын вето құқығын иеленеді. Вето құқығына екі палата қарсы тұра алады, бұл ретте түрлі есептеулер бойынша президенттің барлық ветоларының аз ғана бөлігіне қарсылық білдірілген. Елде 2007 жылға дейінгі барлық тарихында 1487 ветоның 106-на қарсылық білдіреді. Заңға қол қою үшін Президентке он күн уақыт беріледі. Егер осы уақыттың ішінде ол заңға қол қоймаса және Конгреске тиісті ескертулермен қайтарылмаса, заң Президенттің қолы қойылмастан күшіне енеді. Егер Президент заңға Конгрестің сессиясының аяқталғанға дейін қол қоймаса және сессияның аяқталуына он күнен аз мерзім қалса, қалталық вето әрекет етеді: қол қойылмаған заң келесі сессияда жаңа заң ретінде қарастырылып, барлық процедуралар болса толығымен сақталады. [1, 178б].

Өзінің өкілеттіктерін іс жүзіне асыруы үшін Президент жарлықтар, атқарушы бұйрықтар, директивалар және басқа да актілер шығарады. Олардың басым бөлігі нормативтік мәндік сипатқа ие.

Ал, Ұлыбританияда заңдарды шығару билігі Парламентке тиесті. Заңның жобасын кез келген палатаға енгізуге болады, тәжірибеде заңның жобасын ең алдымен Қауымдар палатасы қарастырады және содан кейін ғана жоба Лордтар палатасына ұсынылады. АҚШ -пен салыстырғанда мемлекеттің басшысы, монарх заң шығару бастамасын иеленеді, заңның жобаларын оның атынан Министрлер ұсынады. Ұлыбританияда заң жобалары, оған қоса жария және жеке деп бөлінеді. Жария заңдарды өз кезегінде депутаттар Министрлер арқылы ұсынады, ал жеке заңның жобаларының басым бөлігін үкіметтің бастамасы бойынша қабылданады. Парламент мүшелеріне заңның жобаларын талқылау үшін аптасына тек бір күн бөліне.Заңның жобасы үш оқылымда қаралады, бірақ та АҚШ пен салыстырғанда бірінші оқылым кезінде клерк тек оның атауын оқиды, аз ғана пікір талас өтуі мүмкін, ал екінші оқылымда заң жобасының негізгі ережелері талқыланады да, бұдан кейін бір не бірнеше сабақтас парламенттік комитеттерге ұсынылады. Комитеттер заңның жобасын әрбір бабы бойынша талқылап, оған түзетулер енгізіледі және дауыс береді. Заңның жобасы комитеттен қайтқан соң екінші оқылым жалғасады, бұл уақытта оған дауысты беру жолымен қабылданатын түзетулер енгізілуі де мүмкін. Үшінші оқылымда жоба бойынша жалпы пікір таластан көрініс табады.

Ұлыбританияның Парламентінде басқа елдермен салыстырғанда, әсіресе АҚШ пен салыстырғанда көп заңнама қабылдамайды - жылына шамамен 100 заң және оның басым бөлігі жеке заңдар. [2, 176б].

Францияда Конституцияда заңдарды қабылдауына негіз болатын көптеген мәселелер белгіленген. Белгілі бір мәселелер бойынша, ол үлгі заңдарды қабылдайды, яғни тек жалпы қағидаларды бекітеді, ал атқарушы билік болса жан жақты реттеуді іс жүзіне асырады. Мысалы, еңбек, білімі, ұлттық қорғанысты ұйымдастыру және тағы басқалары. Парламент өз кезегінде Конституцияда көзделгеннен өзге де мәселелер бойынша айрықша заңдарды қабылдайды, ал атқарушы билік болса осы мәселелер бойынша нормативтік актілерді қабылдай алмайды. Конституцияда аталмаған барлық қалған мәселелер реттеуші, яғни атқарушы биліктің актілерімен - ордонанстармен жәнеүкіметтің басқа да актілерімен реттеледі. Парламенттің заңдарды шығару құқығы сонымен бірге Президенттің өкілеттіктерімен шектеледі. Президент заң жобаларын Парламенттің келісімінсіз референдумға шығара алады.

Жай заңдарды қабылдау бірнеше кезеңнен тұрады. Үкіметтің заң жобасы кез келген палатаның бюросына, ал депутат пен сенаторлардың заң шығарушылық ұсынысы тек өзінің палатасының бюросына ұсынылады. Егер палатаның төрағаларының конференциясы қажетті шаралар сақталмаған деп шешсе, заңдар күн тәртібіне енгізілмейді. Егер де депутаттың ұсынысы мемлекеттің шығындарын арттыруы не болмаса кірістерін азайтуды көздейтін болса, онда ол ұсыныс қабылданбайды. Бюро депутаттың заң шығарушылық ұсынысын не болмаса үкіметтің заң жобасын тұрақты не арнайы комитетке ұсынады. Комиссиялардың өкілеттіктері шектелген: олар заңның жобасын не ұсынысты қолдауы не олардан бас тарту мүмкін, бірақ олардың орнына өзінің ұсыныстарын не заңның жобаларын ұсына аламайды. Комиссияда қаралғаннан соң жоба алдымен төменгі палатада талқыланады, егер жоба бірнеше мәселеге қатысты болса, алдымен жоғарғы палатада қаралады. Палатада талқылау үшін оқылымнан тұрады: жалпы пікірталас, әрбір бап бойынша талқылау және жалпы дауыс беру. Егер де заңның жобасы басқа палатадан қабылданбай қайтарылса, төртінші не бесінші оқылым өткізілуі мүмкін. Үкімет кез келген пікірталасты тоқтатып, тек өзінің түзетулерін ескере отырып, «шешілген дауыс беруді» талап етуге құқылы. Бірінші оқылымға дейін «алдын ала мәселе» – заңның жобасының мақсатқа сәйкестілігі талқыланады, ол шектеулі сипатқа ие. Тек мәтіннің авторы, бір оппонент, сонымен бірге үкіметтің өкілі сөз сөйлейді, одан соң дауыс беру жүргізіледі.

Бір палатада қабылданған жоба екіншісіне жіберіледі және егер ол өщзгертулерсіз қабылданса, Президентке қол қойылу үшін жіберіледі, ал егер қабылданған мәтіннің Конституцияға сәйкес емес екендігі жөнінде өтініш келіп түссе жоба Конституциялық Кеңеске жіберіледі. Егер өзге палата оны қабылдамаса, жоба бір палата екінші палатаға қайта қайта берілуі мүмкін.

Заң қабылданғаннан соң Президентке промульгация үшін ұсынылады. Президент он бес күннің ішінде заңды қайтадан қарау үшін талап ете алады. Бұл – әлсіз вето. Ол палаталардың жай көпшілік дауысымен заңды қайтадан қабылдау жолымен ұзартылады, сол себептен өте сирек қолданылады. Францияда Президент заңның барлық мәтініне қатысты «толық вето» да, соған қоса жекелеген баптарына қатысты «ішінара вето» да орын алуы мүмкін.

Президент жай заңдарға қол қойылмастан бұрын қорытынды алу үшін оларды Конституциялық Кеңеске жібере алады. Ал, органикалық заңдар міндетті түрде Конституциялық Кеңеске жіберіледі. Сонымен бірге Президент заңға қол қойғанға дейін депутаттар мен сенаторлар да Конституциялық Кеңеске жолдана алады, бұндай жолдану заңға қол қоюды тоқтата тұрады және Конституциялық Кеңес оң шешім берген жағдайда ғана заңға қол қоюды тоқтата тұрады және Конституциялық Кеңес оң шешімін берген ретте ғана заңға қол қоюға болады.

Ал, Германияда заңдарды шығару қызметіне Бундестаг, Бундесрат және республиканың Президенті қатысады. Республиканың Президенті болса заңдарға қол қояды және оларды қайта қарау үшін қайтаруға құқылы. Бұл елде атқарушы билікті Президент пен Үкімет иеленсе де, іс жүзінде Президент Үкіметтің нұсқаулары бойынша әрекет етеді. Президент мемлекет басшысы болып есептеледі, ал іс жүзінде атқарушы билікті Үкімет іс жүзіне асырады.

Конституцияға сәйкес федералдық Президент елеулі өкілеттіктерді иеленеді. Ол мемлекет мүдделерін білдіреді, халықаралық шарттарды бекітеді, федералдық судьяларды, офицерлерді тағайындайды, вето құқығын иеленеді және тағы басқалары. Мұндай актілер күшіне енуі үшін кенцлер не тиісті министр оларға келісімін беруі қажет. [2, 211б].

Ал, Украина мемлекетінде заң шығарушылық бастама құқығы Президентке, халық депутаттарына, Министрлер кабинетіне тиесілі. Мемлекеттік бюджет туралы заңның жобасын тек Министрлер кабинеті ұсынады. Президент шұғыл деп таныған заңның жобалары болса кезектен тыс қарастырылады. Заңның жобаларын қарау кезінде әдетте үш оқылым қолданылады. Жалпы қабылданған заңдарға Жоғарғы Раданың төрағасы қол қояды және президенттке жібереді. Президент болса он бес күннің ішінде заңға қол қояды не оны Жоғарға Радаға қайтадан қарау үшін жіберіледі. Президеттің ветосын Жоғары Раданың барлық құрамының үштен екі дауысымен жеңуге болады. Егер Президент өзіне қайтарылған заңда белгіленген мерзімнің ішінде қол қоймаса, оған Жоғары Раданың төрағасы депутаттардың қатысуымен қол қояды және заң жарияланады.

Ал, Жапония елінде Парламентте заң жобалары және басқа да шешімдер бойынша дауыс беру түрлі тәсілдермен іс жүзіне асырылуы мүмкін: орнынан тұру, бюлетеньдер арқылы жасырын дауыс беру, сұрау жүргізу. Жапония елінде Парламентінде дауыс беру және талқылау қызу жүргізіледі, тіпті депутаттар төбелесіп те жатады.

Қабылданған заңға оны орындау үшін жауапты Министр және Премьер министр қол қояды, содан соң ол қол қою үшін Императорға жіберіледі. Император болса заңға отыз күн ішінде қол қоюға (оның вето құқығы болмайды) және оны жариялауға міндетті. Заң жарияланған соң жиырма күнен кейін күшіне енеді.

Ал, Үндістанда болса Президент мемлекеттің басшысы болып табылады, Конституцияға сай, ол елдің ішінде және халықаралық қарым қатынастарда Республиканың өкілі болып табылады, дипломатиялық өкілдерді тағайындайды, бас қолбасшы болып табылады. Мемлекеттің басшысы ретінде әрекет етіп отырып, Президент Парламентті таратады және жаңа сайлауды белгілейді, Парламент палаталарының арасындағы осы заңның жобасына қатысты келіспеушіліктерді реттеу үшін олардың біріккен отырысын шақырады, штаттарға «президенттік билікті» енгізеді, Премьер Министрді тағайындайды, Премьер Министрдің нұсқауы бойынша басқа министрлерді тағайындайды, бүкіл елдің ішінде не оның кейбір бөліктерінде төтенше жағдайды жариялауға құқылы, Президент Парламенттің сайлауынан соң және әрбір сессияның басында Парламентке жолдау жасайды. [3, 187б].

Парламенттің бөлігі ретінде Президент заң шығару өкілеттіктеріне ие: ол өз кезегінде заң шығару бастамасын, вето құқығын, штаттың заңы туралы мәселені түпкілікті шешу құқығын және таға басқаларын иеленеді. Вето құқығын иелене отырып, ол заңның жобасын Парламенттің палаталарына «мейлінше қысқа мерзімде» екінші талқылау үшін қайтаруы мүмкін. Ал, егер Парламент заң жобасын дауыстардың жай көпшілігімен екінші рет қабылданса, Президент оған қол қоюға міндетті. Кейбір заң жобаларын парламент пен штаттардың легислатураларына тек Президенттің келісімімен енгізуге болады. Бірқатар мәселелерге қатысты штаттардың легислатуралары қабылданған заңдар Президент қарауы үшін сақталады және осы заңдар ПРезидент мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.

Президент атқарушы биліктің басшысы ретінде әрекет ете отырып, парламент сесияларының арасында заңдық күшіне ие жарлықтар шығара алады.Парламенттің снссиясын ашқан соң мұндай жарлықтар болса Парламентке бекіту үшін ұсынылуы тиіс. Егер де палаталар шақырылғаннан соң, алты аптаның ішінде жарлықтар бекітілмесе, онда олар өзінің күшін жояды.

 

Әдебиеттер

  1. Чиркин В.Е. Шетелдердің конституциялық құқығы: ерекше бөлім: оқулық /; орыс тілінен қазақшаға аударған. Б. Ө. Алтынбасов. - Астана : Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010. - 296б.
  2. Афанасьева О.В. Конституционное право зарубежных стран / О.В. Афанасьева и др. - М.: Норма, 2004. - 218 с.
  3. М.В. Баглая, Ю.И. Лейбо, Л.М. Энтина. Конституционное право зарубежных стран: Учебник для вузов. - М.: Норма, 2004. - 832 с
  4. Табанов С. А. «Салыстырмалы құқықықтану негіздері», Алматы: Жеті жарғы, 2003.-464б
  5. Конституционное право Республики Казахстан: Учебник / Сост. д.ю.н., проф. А.Т. Ащеулов. Алматы: КазГЮУ, 2001.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.