Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Рухани Жаңғыру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы

Еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық бағдары министрден бастап, қатардағы қарапайым азамат түсінетін, баршаға ұғынықты, бай әрі ықшам тілмен жеткізіледі. Биылғы жылдан бастап Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға белгілі. Оның басты мақсаты - Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады.

Бұған дейін еліміз жаңа тәуелсіз мемлекетті құру арқылы Бірінші жаңғыруды жүзеге асырды. Нәтижесінде еліміз әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кірді. Бұл Екінші жаңғырудың нәтижелері.

Мұның бәрін таратып айтып отыру себебіміз еліміздің жүйелі әрі дәйекті эволюциялық дамуына бағытталған мемлекеттік саясаттың өзара байланысы мен сабақтастығын көрсетуді мақсат тұтып отырмыз.

Бүгінгі таңда Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі жүзеге асырылатын болады.

Аталған үдерістердің қатарында рухани саланы жаңғырту негізгі бағыт болып табылады. Мұндай аксиомалық байлам жасауға берік негіз бар деп ойлаймын. Әлбетте, саяси және экономикалық жаңғырудың жетістігі, бірінші кезекте, рухани қатынастар басымдық алатын қоғамдық сананың деңгейіне байланысты болмақ. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани жаңғыру ең өзекті міндеттердің алдыңғы қатарына шығып отыр.

Бұл орайда, ең әуелі, жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету негізінде түбірлі өзгерістерді қажет етіп отырған осы саланың бүгінгі жай-күйін атауға болады.

Мәселен, егер де биік мінберде зерделейтін болсақ, бізде демократияның басты белгісі саналатын сайламалы үдеріс саяси өмірде өзінің орнын тапты. Биылғы жылы конституциялық реформалардың аясында ел Президентінің бірқатар өкілеттіктері биліктің өзге тармақтарына берілді. Осыған орай, Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп «Біз жүріп келеміз, біртіндеп алға басудамыз, яғни бұл қоғамды демократияландырудың сатыларының бірі... Басқа мемлекеттер өздерінде бар демократияға жүздеген жылдар бойы жүрді... Демократия - бұл жолдың басы емес, бұл жолдың аяғы, ол біздің мақсатымыз», екенін атап көрсетті.

Экономикаға келетін болсақ, Қазақстан нарықтық экономиканың көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. Мысалы, бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше көптеген елдердің ІЖӨ-нің 15%-ы деңгейі көлеміндегі мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту бойынша жұмыс жүргізуде.

Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін есепке алғанда, мемлекеттің бақылауындағы және жанама бақылауындағы ұйымдардың ІЖӨ-ге шаққандағы жалпы қосымша құнының (ЖҚҚ) арақатынасы ескеріледі. 2017-2018 жылдардың қорытындылары бойынша ЖҚҚ-ның ІЖӨ-ге арақатынасы 21,1% және 19,1%-ды құрады.

  • - мемлекеттің экономикадағы қатысуын қысқарту мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:
  • -мемлекеттік меншікті жекешелендіру және квазимемлекеттік сектордағы активтерді іске асыру; -ұлттық холдингтерді трансформациялау;

2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарында 780 ұйымды, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі 64 барынша ірі компанияларды, атап айтсақ, «Самрұқ-Қазына» - ұлттық әл-ауқат қоры, «Бәйтерек», «ҚазАгро» акционерлік қоғамдары, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының құрамына кіретін 171 еншілес және тәуелді ұйымдарды, сондай-ақ, жекешелендірудің, мемлекет-жеке меншік бағынышты әріптестікгі және тарату нәтижесінде бәсекелестік ортаға берілген 545 кәсіпорынды іске асыру қарастырылған.

Қабылданған шаралар мемлекеттің экономикағы қатысуын елеулі қысқартады және елімізде жеке бастамалардың белсенділігін арттырады.

Басты мақсат мемлекеттің және азаматтық қоғамның өзара іс- қимылының негізінде барша руханиятты жаңғырту болып табылады.

Ең әуелі, ел Президенті тарапынан бүгінгі таңда адамзат қоғамы жинақтаған аса зор өркениет тәжірибесіне зерделі талдау жасау бойынша қыруар жұмыс жүргізілгенін көруге болады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.

Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз - ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі - үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл - тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.

Бүгінгі таңда біздің супермаркеттердің сөрелерінде отандық тауарлардың жалпы жиыны небәрі 20-30% ғана қамтитыны - өзіміздің қоғам қажеттілігіне деген қатынасымыздың анық көрінісі. Осыны ескерсек, бұл дайын өнім өндіру саласында отандық кәсіпкерлер үшін қаншалықты зор әлеуеттің бар екенін көрсетеді.

Экспортқа бағдарлану - біздің экономикалық және қаржылық тұрақтылығымыздың түйінді факторы екені сөзсіз. Одан бөлек, сыртқы әріптестермен өзара іс-қимыл ментальді ашықтықты, жаңа идеялар мен технологиялардың ағымын қамтамасыз етеді. Алайда біз тек шикізат пен өндірістік мақсаттағы өнімді ғана экспортқа шығарамыз, ендеше, мұндай экспорт «тірі» адамдар қажеттіліктерімен жұмыс жасау дағдыларына үйретпейді. Бұл, әсіресе, сапалы импорт үйретеді, өкінішке орай, біздің елде оның арқасында басқалары ақша табуда. Сондықтан, экспортқа бағдарлану ішкі нарықтағы бар проблемаларға тосқауыл болмауы тиіс, өйткені дәл осы жерде ұлттық бизнес пен қоғам сұраныстары тоғысады.

Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттарына, бұған дейін енгізілген тамақ өнеркәсібінен өзге, ішкі нарықта анағұрлым сұранысқа ие жаппай тұтынатын тауарлар өндірісінің басқа да салаларын енгізуге уақыт келді деп ойлаймын.

Еуроодақ пен ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша, солардың үлгілеріне сай мұндай тауарлар тобы үшін төмендетілген салық мөлшерлемелерін енгізу керек. Шенеуліктерге бұны түсіну қиынға соғуы мүмкін, алайда экономикалық тұрғыда тиімді шешім: өнеркәсіп мақсатындағы өнім мен халыққа арналған тауарларға бірдей салық салынғаны мүмкін емес, ал бізде қазір дәл сондай жағдай. Президенттің қоғамды сананың ашықтығына шақырып отырғаны да сондықтан: үздік тәжірибені игеру және дамуға кедергі келтіретін жанама нормалардан бас тарту.

Сондай-ақ тек ірі жобаларға ғана емес, орта бизнес жобаларына да инвестициялық преференциялардың қолданылу мүмкіндігін қарастыруды жөн деп санап отырмыз. Өйткені дәл осы орта бизнес өңдеу өнеркәсібінің іргетасын қаласа, шағын бизнес - ең алдымен бұл қызметтер мен сауда-саттық саласы. Іс жүзінде бұл индустриялық аймақтарда рұқсатнамалық рәсімдердің оңтайландырылуын, сондай-ақ олардың шынайы преференциялармен байытылуын талап ететін болады, әсіресе, логистикалық шығасылар төмендетілетін Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік дәлізінің желілері бойынша. Жалпы, прагматизм қағидатын ИИДМБ-дегі «алыптылыққа ынтызарлықтан» бас тарту ретінде қарастыруға болады, бұл жерде қателесудің қаржылық құны тым жоғары болуы мүмкін. Осы орайда мысал ретінде айта кетсек, қазіргі таңда отандық шыны өңдеу кәсіпорындары Қазақстан Даму Банкімен бірнеше жүздеген миллион долларға қаржыландырылған Қызылордадағы шыны зауытының болашағына қатысты өз алаңдаушылықтарын білдіруде.

Әрине, ірі озық жобалар қажет, оларсыз қазіргі экономиканы елестету мүмкін емес. Алайда оған тұрақтылықты алыптар емес, ірілендіру елеулі техникалық өсуді немесе өнім бірлігіне өзіндік құнды төмендетуді білдірмейтін секторларда шағын кәсіпорындардың көп саны қамтамасыз етеді.

Бизнес пен қоғамның ара қатынасына ықпал ететін тағы бір фактор - халықтың жұмыспен қамтылуы. Жұмысы мен табысы жоқ адамдар, егер олардың өздерінде жақсы өмірге қол жеткізу перспективасы болмаса, табысты адамдардан үнемі ментальді тұрғыда алшақ болады.

Бұл жерде, тіпті, табысты өнеркәсіп алыптары да жұмыс қолдарынан босатылуға үнемі ұмтылатын болады. Олардың міндеті - қосымша құнды қалыптастыру және бюджетті салықпен толтыру. Сондықтан, ірі бизнесті әлеуметтік құралға айналдырмаған абзал. Оның міндеттері басым, әрі басты түрде - экономикалық. Әйтпегенде, мұндай ауыр жүк оларды бәсекеге қабілеттіліктен айыруы мүмкін. Кейде мұндай компаниялармен, оларға өздеріне тән емес функциялармен салмақ артқанша, салық жүктемесін күшейтуді талқылау әбден дұрыс болмақ.

Жұмыспен қамту міндеті көбіне шағын және орта бизнеске жүктеледі. Былайша айтқанда, бұл олардың тікелей функциясы. Сондықтан ШОБ-қа қатысты салық саясаты мен оларға деген көзқарасты қайта қарастырған жөн: мысалы, қайта құрылған ШОБ-ты салықтан босату туралы Президенттің алдыңғы бастамаларын толықтай іске асыру. Осы уақытқа дейін бұл тапсырма тек шағын кәсіпорындар үшін және тек олар төлемейтін корпоративтік табыс салығына қатысты ғана орындалған еді. Олай болса, ШОБ-ты КТС төлеуден мүлдем босатқан орынды болар еді, шын мәнісінде, бұл салықты осы кәсіпорындардың тым аз саны ғана төлейді. Шағын және орта кәсіпорындардың функциялары - олар халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және де ШОБ-тың бюджетке 140 негізгі түсімдері олардың жұмыскерлерінің жеке табыс салығынан жүргізілуі тиіс. Өзге де міндетті төлемдерді ескерген абзал: БЖЗҚ, ӘМСҚ, әлеуметтік салық, бұл сектор үшін еңбекақы төлеу қорына шығындар салық жүктемесімен тепе-тең келеді.

Екінші жағынан, жемқорлық қатерінсіз жергілікті билікпен кепілденген табыс алу үшін, онымен, мысалы ҚҚС-ты әкімшіліктеу байланысты, шағын бизнесті қажетсіз қағазбастылықтан арылтатын, бірақ қызмет түрі үшін мемлекетке тіркелген төлемді белгілейтін патент негізінде салық салуды кеңейту жөн болар еді. ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, салық салудың оңайлатылған тәртібін (АСР) қолдану бойынша шекті төмендету жағдайында бұл едәуір тиімді құрал. Бизнестегі арқа сүйейтін қалыпты алдын алу, барынша ашықтықты қамтамасыз ету және бюджетке табысты арттыру үшін ҚҚС-ты сатудан түскен салыққа ауыстыру идеясына қайта оралуды жөн санап отырмын, бұл жерде есептеудің каскадты әдісінен бас тартқан дұрыс.

Бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, ең үздік халықаралық тәжірибеге ұмтылу үшін ШОБ-қа қатысты Елбасымен ірі инвестициялық жобаларға қатысты мәлімделген амал-тәсілді қолдану керек, атап айтқанда - олардың өткізудің трансұлттық тізбегіне енгізілуі. Әрине, трансұлттық корпорациялар - бұл үлкен емес, бұл тым үлкен бизнес. Бірақ ШОБ үшін де ұқсас құралдар бар, мысалы, франчайзинг түрінде, бұл жерде ұстаушы өндіру процессі мен сапасын бақылайды және франшиза алушыны өзінің өткізу желісіне қосады. Сол себепті франшизаны таңдауда, төлемді субсидиялауда бизнеске көмек көрсету, шын мәнісінде, отандық шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттырады және Қазақстанға тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің неғұрлым жоғары стандарттарын енгізетін болады. Бұл құрал, іс жүзінде, бізге жаңа мүмкіндіктер мен білімдерді ашуға, бизнестің жаңа дәстүрлеріне баулуға, біздің санамыздың көкжиектерін кеңейтуге қабілетті.

 

Әдебиеетер

  1. Кәсіпкерлік теория, процесс, практика Дональд Ф. Куратко 10 басылым, Рухани жаңғыру Жана гуманитарлық білім. Алматы, «Ұлттық аударма бюросы» , қоғамдық қоры, 2018 жыл - 480 бет
  2. Төртінші индустриялық революция, Клаус Шваб. Алматы, «Ұлттық аударма бюросы» , қоғамдық қоры, 2018 жыл - 200 бет. Рухани жаңғыру Жана гуманитарлық білім.
  3. Менеджмент, Рикки У. Гриффин, Алматы, «Ұлттық аударма бюросы» , қоғамдық қоры, 2018 жыл - 768 бет. Рухани жаңғыру Жана гуманитарлық білім.
  4. Экономикс, Н. Греори Мэнкью, Марк П.Тейлор. Алматы, «Ұлттық аударма бюросы» , қоғамдық қоры, 2018 жыл - 848 бет. Рухани жаңғыру Жана гуманитарлық білім.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.