Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әсет Найманбайұлының асқақ әндері, алуан тақырыпты өлеңдері, қисса- дастандары мен айтыстары (Туғанына – 150 жыл толуына орай)

Кіріспе

Әсет Найманбаев – қазақ мәдениетіне өзіндік үлес қосқан, елеулі із тастаған ақындарымыздың бірі. Тамаша әндері мен өлең-жырлары, айтыс-қағыстары мен хисса- дастандары халқымыздың рухани кәдесіне жарап, ұрпақтан ұрпаққа аманат ретінде ауысумен келеді [1; 104].

Әсеттің руы – Арғын тайпасына жататын Қаракесек, оның ішінде – Майлық. Ақынның үлкен әкесі Жұмағұлдан Найманбай, Қайранбай деген екі ұл туады. Қайранбайдан ұрпақ жоқ, Найманбайдан – Әсет. Найманбайдың қонысы Қызыларай, Керегетас тауларындағы Ақсай қыстағының басы, қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Қызыларай» аулының жері.

Найманбай кедей болған, жігіт кезінде кәсіп іздеп, Семейге барған. Әсет Семейде 1867 жылы туған. Найманбайдың шаруасы мұнда да оңала қоймаған. Сондықтан ол Найман, Мәмбет ішіндегі апасын сағалап, Әсеттің жас кезінде Бақтыдағы Байжігіт ішіне көшіп келеді.

Әсеттің әкесі Найманбай, шешесі Кермеқас баласын Бақтыдағы Ғабдішүкір (Зейнолла деп те атайды) имамның медресесіне береді. Медреседе оқып жүргенде-ақ Әсеттің ән мен өлеңге әуестігі байқалады [2; 219].

Осыны ескерген имам (хазірет) Әсетті шақырып алып: «Сен неге сабақ оқымай, сайтанның азанын айтасың?» дейді. «Жоқ, молдеке, менің айтатыным сайтанның азаны емес өлең», – дейді Әсет. «Ол қандай өлең, қане айтшы!» – дейді хазірет. Сонда Әсет молданың өзі оқытқан сабағын өлеңге қосып айтып береді. Өлеңді тыңдап болған соң хазірет: «Жоқ, мынауың сайтанның азаны емес екен. Оқимын десең, оқи бер. Оқымаймын десең, батамды берейін» [3; 7], – дейді.

Сонымен, молда болғысы келмеген Әсет, көзін сүзіп, жүзін бұзып молдалық жолға түсер деген ұстазының айтқанынан шықпайды. Көп уақыт өтпей-ақ ол «әнші Әсет» атанады. Ақынның өзі осы оқиға туралы былай деген [4; 60]:

«Атым – Әсет, ұраным – Арғын шордан,

Құт дария қырандай шықтым молдан.

Қазіреттің қасында шәкірт едім,

Адастырды осы өлең орта жолдан.

Жезге айырбас алтынды қылмағанда,

Көңілім тумас па еді сол күнде оңнан?

Ғалымдықтан айрылып мақрұм қалып,

Арман еттім артынан ақыр соңнан».

Байлық өнер мен білімде деп таныған Әсет көп ақынға ой тереңдігімен, дүниетанымымен дес бермейді. Бірте-бірте оның ақындық, әншілік атағы аспанға өрлеп, бүкіл Арқа, Жетісу, Тарбағатай, Сауыр, Алтайды аралап кетеді. Әсеттің шығармашылығының бұдан әрі де өсе беруіне туған өз еліндегі жағдай кейбір себептермен сырт береді.

Оны, әсіресе, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, оның қарулы күшпен басылуы қатты тебірентеді. Өзінің «Сарыарқа салқын тауда, тәтті суда» деген тамаша толғауында [4; 60-61]:

«Қалып тұр қазағымнан туысқандық,

Заман ба, пенде азды ма — суысқандық.

Кісі өлтіріп, мал талап әдепсіз боп,

Бұрынғыда бар ма екен бұл дұшпандық?

Басшысы адамзаттың шалғай жатыр,

Жете алмай Қытай жаққа жылыстадық.

Адамның қамқоршысы бар екен деп,

Газет-журнал жүзінен ұғыспадық.

Зеңбірек, мылтық жасап, қала болып,

Неше миллион халық боп жұлыспадық.

Керегін күйге салды таңғажайып,

Қазақ кедей тартты ғой мал азайып.

Құралсыз қурап ұшқан жапырақтай,

Тіршілік бастарынан бақыты тайып.

Күншілдікпен күні өткен мас елім-ай,

Мұнша надан қалуға кімнен айып?

Қулық, сұмдық, бас қамы баққанымыз,

Қыз бен қымыз қыдырып тапқанымыз.

Өнер, ғылым, бізде жоқ мәдениет,

Қысылсақ, аяқ асты жатпағымыз,

Сырттағыны санасақ, бұдан да көп,

Санақта алты-ақ миллион хаттағымыз.

Пайдасыз дау, өсек пен қулық, сұмдық,

Бұл сөздерді келеді жаттағымыз.

Ұйқы, еріншек, надандық, маскүнемдік,

Інжуді су моншаққа сатпағымыз», – дейді.

Он алтыншы жыл уақиғасынан, патша өкіметінің жазалаушы отрядтарынан үркіп, үрейленген ауылдастарымен бірге Әсет Шығыс Түркістанға өтіп кетеді. Жат жерде де ол қазақтардың қамын ойлап, сөзін сөйлейді. Бірақ ол жақта қазақтар көп болғанымен ақын өзінің туған жерін сағынады. Бір сыртқа шығып кеткесін қайта орала алмауын үлкен өкінішпен жырлайды.

Ешкімнің үгітіне, қорқытқанына көнбей, туған еліне кетуге бел байлағанда дұшпандары оған қастық жасайды. 1923 жылы 56 жасында Әсет Найманбайұлы Қытайда уланып өледі. Ақынның сүйегі Құлжа қаласының маңындағы Сайрам көлінің жағасына жерленеді.

Әсет әндерінің аса биік, ырғақты, қайырымы күрделі болып келуі

Қазақ халқы әнге бай. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» [5; 5], - деп, қазақ халқының әдебиеті мен өнерін көп зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы Г. Потанин айтқандай, қазақта әнсіз өмір жоқ.

Осыны ерте түсінген Әсет, жастайынан ән салып, халық аузына іліккеннен бастап ән шығара бастаған. Оның жас кезінде шығарған әні «Інжу-Маржан» [4; 41] – ән өнерінің үздік үлгісі:

«Әуелетіп ән салса әнші Әсет,

Аққуменен аспанда жер тілдесед.

Еркем, сені-ай сағындым!

Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы,

Жүрегінен күңіреніп желдей есед, Сағынбасқа не шара?

Інжу-маржан секілді-ай,

Ал көрінген көркіңді-ай.

Гүл майысып, гүл жайнап,

Бір көрінсең, еркем-ай.

Сәйфіл Мәлік — Жамалдай

Бейнетіңе көнсем-ай!

Қозы Көрпеш — Баяндай

Бір молада өлсем-ай!

Сағындырған еркем-ай!

Әсеттей сал, ән салсаң, аңыратып,

Орман, тоғай, өзенді жамыратып.

Еркем, сені сағындым!

Арқыратып ағызып ән нөсерін,

Толқынымен жүректі жадыратып.

Сағынбасқа не шара?

Әуелетіп ал жібер Әсет әнін,

Шарықтасын, шомылтсын әнге маңын.

Аққудайын айналып айға қонып,

Аймаласын, қуансын әнші жаның.

Сағынбасқа не шара?!

Інжу-маржан секілді-ай,

Ал көрінген көркіңді-ай!

Гүл майысып, гүл жайнап,

Бір көрінсең, еркем-ай!

Сейфіл Мәлік - Жамалдай

Бейнетіңе көнсем-ай!

Қозы Көрпеш — Баяндай

Бір молада өлсем-ай!

Сағындырған еркем-ай!»

А. Жұбанов Әсет әндерінің қатарында «Еркем-ай», «Қаракөз», «Шама», «Майда Қоңыр», «Мақпал», «Қайшақбай», «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Мәлике қыз», «Қисмет», «Інжу-маржан», «Ырғақты», «Кәрілік», «Зұлқия» әндерін атайды. Бірақ орындаушысы болмағандықтан, біз бұл әндердің бәрін біле бермейміз [6; 13].

Әсіресе, Әсеттің композиторлық творчествосына «Сиет», «Әпитөк», «Ырғақты» әндерінің заңды қосылуы, сөз жоқ, оның халық өнерін дамытудағы еңбегін сомдай түседі.

Әсеттің әдемі әндерінің бірі - «Қисмет». «Қисмет» — түрік сөзі, мағынасы дінге байланысты: жеке әдам тағдырындағы, дүние жүзіндегі барлық оқиғалар толық Алланың алдын ала беріп қойған әмірімен болады деген ұғымды білдіреді. Оның осы туындысында [4; 53]:

«Көк шығып, жердің жүзі жайнағанда,

Басына бұлбұл қонып сайрағанда.

Қойдан қатық, сиырдан айран ұйытып,

Тыста құрт, үйде ірімшік қайнағанда.

Екі-екіде, ел көшсе, әнге салып,

Жиналып жастар жылқы айдағанда.

Ел қонса, құрық алып шырқ иіріп,

Биені үйге бөліп жайғағанда.

Құлынды шырылдатып, шұрқыратып,

Көк майса шалғын жерге байлағанда.

Қыздырар, қымыз ішсең, албыратып,

Бал татып бағлан еті шайнағанда.

Бас қосып қымыз мұрын тойын тойлап,

Тай мініп жас балалар ойнағанда.

Халықтың бұл да үлкен бір мұраты,

Көкорай жылғалы өзен жайлағанда», -

дегені ақынның «Мұңды қыз» толғауындағы [4; 83-87] суретпен үндес, әуендес. Осы жағдай «Мұңды қыз» Әсеттікі дегенге иландырады.

Сонымен, Әсет Найманбаев - Біржан сал, Ақан серіден кейін Арқа әндерінің дәстүрін жалғастырып, дамытқан арқалы ақын. Сондықтан да Ілияс Жансүгіровтің Әсеттің әншілігіне түгел бір өлеңін бағыстауы жәй көрініс емес. Өлең айтуға тура келген жердің бәрінде Ілиястың алдымен «Әсет» деген атпен «Інжу-маржанды» айтатыны; Әсетке арнаған «Әнші» атты өлең жазып, оны 1928, 1933 жылдары шыққан кітабына енгізуі және Москвада Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтіп жатқанда, 1936 жылдың 23 мамыры күні, «Социалды Қазақстан» («Социалистік Қазақстан») газетінде сол «Әнші» өлеңін сәл қысқартып, тағы жариялауы жайдан-жай емес сияқты.

Әсет Найманбаев – қазақтың көрнекті лирик ақыны

Замана шындығын шынайы суреттеу, айналасында болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды айқын да көркем жеткізу - Әсет лирикасына тән қасиеттер. Оның «Қалдың ба, қайран қазақ, қамданбастан» [4; 61-63], «Сабаздар санасы жоқ сатылып жүр» [4; 7071], т.б. өлеңдерінде ақын өз ортасының ащы шындығын бейнелейді, халқының басындағы ауыр тағдырға күйзеле отырып, өзінің ақындық шеберлігін, азаматтық үнін танытады.

Әсет - ескілікті кертартпа әдет-ғұрыпқа сын көзбен қараған ақын. Ата - бабадан жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр мен кертартпа дәстүрді ажырата білуі және оны сынауы - оның өз заманындағы озық пікірлі адамдардың бірі болғандығынан. Бұған, әсіресе, оның «Құдалық туралы» [4; 80] туындысында ертеден бір «бесік құда» әдетін сынағаны айғақ:

«Мал үшін құда болар сәби ұлға,

Уағда қылып тұйықсыз алыс жолға.

Ол бала өледі ме, өседі ме,

Боларын қайдан білген малға тұлға.

Күнәсіз бесіктегі сәбилерді

Матайды қарлығаштай тізіп қылға.

Бірі жынды, біреуі жөнді болса,

Баласын хайуанша сатты пұлға.

Ақсақ, соқыр, таз болса, тағы жаман,

Көріп сүйген лайықты әрбір құлға...»

Өлеңнің соңын ол өте бір үлкен, ойлы түйінмен аяқтайды:

«Сүйікті бұтағыңа бүрлеп шыққан

Құрметті жемісіңді ысырап қылма!»

Мұнысы жай ақындық тапқырлық емес, терең ойлы, философиялық пікір. Ұрпағыңды, өз болашағыңды қадірле, өзіңе-өзің жау болма деген ғибрат жатыр.

Ақыл, ғибрат айту мақсатында шығарылғандықтан, Әсет бір өлеңінде бірнеше мәселені қарастырады. Мәселен, «Тәмсіл» атты өлеңі [4; 73] бұған дәлел. Әуелі дүниенің өткінші екенін айтудан бастайды:

«Дүние – толып піскен бір қызыл гүл,

Сағадат саудаң қымбат сатылса бұл.

Талабың талпынарлық артықтаса,

Қусаң да жеткізбейді мінсең дүлдүл.

Алып қал сыбағаңды жас кезіңде

Бүгіншіл неге болдың, ертеңді біл», –

деп, бір түйіп тастайды.

«Еш нәрсе істемеген тістемейді,

Болғанмен Аллаң кепіл нәсібеге», –

деп, бір кетеді.

Қарап жатпа, еңбек ет дегенді айтады:

«Өкініп өткен істі надан қумақ,

Шын ақыл пайдасызды іздемейді.

Нәрсе жоқ талаптанбай табылатын,

Наркескен қайралмаса жүзделмейді».

Ақиық ақын «Шыншыл бол, шықпа жолдан» атты өлеңінде [4; 69-70]:

«Талапсыз жас, пайдасыз өткен ғұмыр,

Секілді керуен түспес сахара шөл.

Асудан жалқаулықпен аспай қалма,

Оқ жетпес, керексіз тау, болмайды жер.

Надандықтан ғылымды қиынсынып,

Ақылдан адасып жүр бірқатар ел.

Ақыл, ғылым болмаса, бір пияла,

Жанары жоқ дөңгелек көзің бір нөл.

Уағдасыз сөз – тұсаусыз бейне жылқы,

Секілді пайдасы жоқ жаңбырсыз жел», –

деп, қазақ жастарын оқуға, ғылымды үйренуге үндейді. Әсет ақылы мен ілімі жоқ көз жанарын құр жылтыраған дөңгелек әйнекпен (пияламен) бірдей деген бейнелі ой айтады.

Ойшыл ақын «Жас жігіт надандықпен алданады» деген өлеңінде [4; 72]:

«Ақылдының сөзінде жұпары бар,

Ғылыммен тән тазарып жанданады.

Оқудың түзетпейтін адамы жоқ,

Қараңғы мінбарларға шам жанады.

Ақылды, аз ашулы, көп пікірлі,

Пайдалы насихатты аңғарады», –

деп ғылым мен оқуды жоғары бағалайды.

Енді Әсеттің "Өсиет" деген өлеңін [4; 75-76] оқып көрелік:

«Атаң болса анаңмен

Қоршап тұрған қорғаның,

Жақсы болса келінің ,

Ардақтысы ол жанның.

Ағаң болса ақылды,

Арқа сүйер тірегің.

Інің болса жанашыр,

Семсер ілген білегің.

Дос-жарларың қадірлес

Көзің менен құлағың.

Жақсы болса алғаның

Жарық сәуле шырағың.

Жайма-шуақ өмірдің

Жайлы қоныс, тұрағың.

Жақсы қоныс жігітке

Жұғысады туыстай

Жақсы құдаң бар болса,

Сыйласады суыспай.

Өз балаңнан кем емес

Жақсы болса күйеуің.

Шаршағанда шалдығып,

Нағашың бір сүйеуің.

Жақсы болса жиенің,

Жұлынындай жүйенің...»

Бұл жыр жолдарын оқығанда еске келері, әдетте, өсиет дуалы ауыздан адым сайын шыға бермейді .Тек қана ілуде бір айтылады. Сондықтан, ілуде бір айтылған сөзді ізет пен ілтипат иесі желге ұшырмай, жерге түсірмей іліп алмақ керек. Ішкі астарын біліп алмақ керек.

Әсет адамның жасының қосылуымен ұшырайтын өзгерістер туралы өлеңінде ("Адамның жасы жөнінде" [4;67] атты шығармасы):

«Атаға бес жасыңда құлындайсың,

Көздің нұры, көңілдің буындайсың.

Он жаста ми қатпаған ақылсыз кез,

Жақсылық, жамандыққа ұрынбайсың.

Он бесте бір отауға ие болып,

Болдым деп мен де жігіт қырындайсың.

Қанжардай қайрап алған жиырма бес,

Айт пен той - асыл болсаң туындайсың.

Отызда ойлы болар кемел жасың,

Қырқыңда күнде қылыш суырмайсың.

Елу жас - екі жастың тап ортасы,

Бар болса ескі күштен сығымдайсың.

Алпыста самай- сақал бәрі ағарып,

Жас күнің еске түссе жымыңдайсың.

Жетпісте жас баладай желік бітіп,

Орынын түскен тістің тығындайсың.

Сексенде селкілдеген шал боларсың,

Өлімге басыңды изеп шыбындайсың.

Тоқсанда толық миың орта түсіп,

Адамның айтқан сөзін ұғынбайсың», -

дейді. Одан басқа өзінің "Кәрілік" деген әнінде [4; 50]:

"Ақша бет ауырғанда албырарсың,

Қара көз жан берерде жаудырарсың.

Қаламға атша шапқан он саусағым,

Астына қара жердің саудырарсың.

Ет қатар қартайғанда сүйегіңе ,

Қарайып тамыр тоқтар білегіңе.

Сөйлесең аузы-басың кемсең қағып,

Тиеді мұрның барып иегіңе", -

деп келеді.

Туған елден тысқары жүргенде жазылған ақынның өлең-жырларының қайсысын оқысақ та мұңлы, қайғылы оқылады. Мысалы, "Іледегі керуен сарай" өлеңі [4; 63-67] бұл ойымызды растайды:

"Кейінгіге сәлем айт біз байғұстан,

Бұл сарайда көп екен бізге дұшпан.

Қызықтырып, қыздырып алдайды екен,

Біреуі іштен шалады, бірі тыстан...

...Ұтқызған боп алады өзіңді ұтып,

Байқамайсың қойғанын бітеу жұтып .

Қыздырып қызығына айналдырса,

Біржолата кетесің үйді ұмытып", -

дейді. Бұл толғау Әсеттің елге оралсам деген ойда жүрген кезінде жазылған болу керек.

"Көп жүрдім, енді мұнан не көремін,

Жолдас кетті несіне бөгелемін?

Қош аман бол, жігіттер, дұғада бол,

Елге қарай ентелеп жөнелемін", -

деуінде сондай бір сырлар бар сияқты.

Әсет поэзиясының шырқау шыңы – «Ақырғы сөз» деген өлеңі

1923 жылы Құлжа қаласында Әсет Арафи деген кісінің үйінде отырып ән салады. "Інжу-маржан" сияқты әнін айтарда дауыстың неше түрлі құбылуы еркін болу үшін Әсет ән алдында нашатыр ішеді екен (біреулер шайнайды екен дейді). Сол күні өзінің нашатыры таусылып қалып, кімде бар дегенде, бір бақсы орамалға түйген түйіншектері арасынан нашатыр береді. Әсет оны шайнап жүтады. Бірақ бақсы түйіншектерін шатыстырып, Әсетке нашатыр деп бергені алмас болып шығып, ертеңінде Әсет уланып өледі [5; 276].

Сонымен, "Алмасты мүсәтір деп татып алған, Ажалды ақша беріп сатып алған" Әсеттің соңғы жыры қандай [4; 55-58]:

«Болжаусыз осы екен ғой өлім деген,

Күн бұрын көзге келіп көрінбеген.

Артыма сөз қалдырмай ала кеттім, Қаптағы дән сияқты себілмеген. Тірліктің қызығына қызып жүріп, Айқайға қайран даусым ерінбеген.

Абайдай арт жағына сөз қалдырып, Жақсы еді-ау, әттеген-ай, өлу деген!

Зымырап бәйге атындай өте шықтым, Жабығып көріп еді көңіл неден?

Ертең жазып, бүрсігүн бітірем деп, Баянсыз тіршілікке сенуменен.

Гүлдерім қайта өнер ме өрімдеген, Жібегім кетті-ау талай өрілмеген! Өмірдің өрге басқан жолын қумай, Өттім-ау бос үмітке еруменен!

Қатын-бала асырау амалында, Кеттім ғой соған көңіл бөлуменен. Ақында менен сорлы өтті ме екен, Бір сөзі баспа орнына берілмеген? Осымен өмір бітті, дәм таусылды, Ішімде көп сөз кетті-ау терілмеген! Тіршілікте әрекет етпеген соң, Сүйектен не шығады кебіндеген?» –

деп, көзі жұмылар алдында ұлы Абайды ардақтап, шет жерде қатын-бала асыраудың амалымен өмірінің өткенін айтып, ол кездегі Қытайда дұрыс баспа орнының болмағанын көрсетеді.

Әйгілі сөз зергері жаны қысылып жатқанда:

«Жолықтым дәм таусылар уақтысына,

Ажалдың мейірімсіз қаттысына,

Жүргенде елден ауып есім шығып,

Тұрмыстың тура келіп тапшысына.

Кеудемнен тіршіліктің оты өшіп,

Жанымның қош айтыстым ақ құсына.

Төбемде жарқыраған сәулем сөніп,

Лақтырдым қолымдағы затты суға.

Айбарлы ұлы арыстан болғаныммен,

Тышқандай бағам бар ма жақты ашуға?

Ажалды ақша беріп сатып алып,

Кездестім аңқау елдің бақсысына.

Әу деген үнімді ел көп тыңдаған,

Жиналып жаяуы да, аттысы да.

Сөйлесем, жүректегі шерін төккен

Арызды, армандысы, даттысы да.

Сезімді, сергек туған көзі ашықтың,

Талантты, талабы зор оттысы да.

Ажал ма, арманда ма — қалай өлем,

Білетін дәрігердің жоқ жақсысы да!

Алмасты мүсәтір деп татып алдым,

Дерт шалды өне бойды, жатып алдым.

Құдайдан тура келсе, арманым не,

Ажалды бес теңгеге сатып алдым.

Өлімді ойламаған сорлы басым,

Дүрмекке елтіп жүріп қапы қалдым,

Өрнекті өлеңімнің гүлі қурап,

Сөгілген ескі етіктей қақырадым,

Қоштасар мезгіл жетті ел-жұртыммен,

Найман ел, жалпақ үйсін, қалың арғын», –

деп, бір жағынан өзінің елінен ауып жат жерде "есік қағып" тұрмыстың тапшылығына кездескенін, надан бақсының дәрісінен өліп бара жатқанын, ол елде дұрыс дәрігер де жоғын, екінші жағынан арманда кетіп бара жатқанын айтып зарлайды.

Өз басының бар мұң -мүддесін, өкініш-күйінішін Әсетше айтып кеткен ақын кемде- кем. Оның айта алу құдіреті соншалық — оқисың да иланасың. Әсеттің өзінен бетер қиналасың. Әсетпен тағдырлас талайдың өткенін ойлап тағы өкінесің.

«Сәлем де артта қалған туған елге,

Ту тігіп, думан құрып өскен жерге!

Жыртылып айрылған үйрек -қазы,

Самалы қоңыр салқын айдын көлге!

Көре алмай ақырғы рет өлерімде,

Мойнымды сұнып тұрмын терең көрге.

Ел-жұрттан алыс кетіп, ақырында

Аяғын шалыс басқан мен бір пенде.

Ән-күйдің қызығының отын үрлеп,

Кез болдым кері аққан қатты селге.

Таусылып бара жатыр қауқар күшім,

Шапқанда шапшитұғын қарсы өрге.

Алашқа атым шыққан Әсет ақын,

Өлеңім - жан жолдасым болған жақын.

Ақтарып ағытқанда түйдегімен,

Мейірін тыңдаушының қандыратын.

Дәуірлеп дәурен өтті желдей есіп.

Ел-жұртым қадірлейтін сөздің парқын», -

дейді ақын. Соңғы арман, соңғы өкініш. Ішінде көптен түтеп жатқан күйігін, жанын күйзелткен дертін, туған елге деген сағынышын соңғы сағатында зар қылып жариялап отыр.

«Жігіттер, өкінсеңдер әнімді аңсап,

Армандай еске түсер менің даңқым.

Сөздерді інжу-маржан ақтарғанда,

Нөсердей сорғалатып жаудыратын.

Аңыраған аспан көкке асқақ үнім,

Саған да уақыт жетті-ау қарлығатын!

Бозбала, осы әнімді үйренерсің,

Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің.

Білмесең сыр, мінезін жақсы өнердің,

Домбыра қайдан жорға күйге келсін?

Асау ән жетегіңе жүрмеген соң,

Біріңнен бірің көріп сүйрелерсің.

Боршалап, іреп, сойып өз бетіңмен,

Тоқпақтап, найза сұғып түйрелерсің.

Оған да көнбеген соң, көңілің қайтып,

Жуымай маңайына жиренерсің.

Ішінде өсіп-өндім қызай елдің,

Жерлерін Күнес, Текес мекендедім.

Қандырған құлақ құрышын тыңдаушының

Осы екен, қайран даусым, жетер жерің!

Дүниенің қызығына тоямын деп,

Көз жұмдың, пақыр Әсет, бітті демің.

Сыймайтын шалқығанда арнасына,

Сарқылып бара жатыр тасқын селім.

Өмірдің шыңырауына құлдиладым,

Сырғанып мойыныма кетті-ау ерім.

Өлеңмен атақ жайдым оң мен солға,

Жүйрік ем сүрінбеген терең орға.

Еркелеп ел ішінде жүруші едім,

Қапыда құтылмастай түстім торға.

Тірліктің нұры сөніп бара жатыр,

Бір Алла, сапарымды өзің оңда!

Тарылып талыс кеудем күрілдеген,

Шығады қырылдаған үнім зорға.

Дертке — дәрмен, көңілімнің гүлі болған,

Осы өлең адастырды -ау ақтық жолда!

Ел-жұртым, аға -іні, көңіл қошым,

Бұл менің арыздасқан сөзім болсын.

Даусымды ести алмай арқыраған,

Сыбырым таңдандырар шыққан тосын.

Кешегі дүрілдеген заманымда,

Бастадым өз ортаңда әннің көшін.

Барады қарауытып қос жанарым,

Тағдырым сыйға тартты күңгірт кешін.

Ақырғы айтар сөзім осы болды,

Бәрібір мейлі дұшпан, мейлі досым.

Артымда тірі қалған үлкен-кіші,

Бәріңе ақтық рет айтқан қошым!» –

дейді Әсет. « Бозбала, осы әнімді үйренерсің» деп, аманатын айтады.

Біздің ойымызша, бұл шығарманың Әсет творчествосынан алатын орны айрықша. Оның музыкасы да, өлеңі де өнерімізге қосылған үлкен үлес. Өлең сөздерінен Әсеттің арманы, өнер қуып өткен өмірі, елден жырақ кеткен өкініші — бәрі, бүкіл жан дүниесі көрінеді. Өлер алдында ел-жұртына берген өмірлік есебі тәрізді. Өлеңнің әрбір жолы, әрбір сөзі мағыналы, сырға толы.

Әсет Найманбайұлының аса құнды айтыстары

Әсет - айтыс ақыны да. Ол Ырысжан, Бақтыбай, Кәрібай, Әріп, Қали, Сәмет, Қосымбай, Қызыр, Кемпірбай және Мәлике қызбен айтысқан. Солардың ішіндегі аса құндылары мыналар:

  1. Әсет пен Ырысжан айтысы [4;113-132].

Бұл айтыс ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Арқаның әншісі біткеннің Меккесіндей болған Қояндыда өткен. Мұнда халық өмірінің ауыр жағдайы мен ел билеушілердің зорлық-зомбылығы жұмбақ-жауап түрінде әсерлі сипатталған. Жұмбақты бастан-аяқ қыз Ырысжан айтады да, Әсет қолма-қол шешіп отырады [7; 690].

Айтысты М. Әуезов, С. Мұқанов, С. Ордалиев, М. Жармұхамедов зерттеген.

  1. Әсет пен Кәрібай айтысы [4;133-143].

Айтыс шамамен 1905 жылы Тарбағатай тауының тү сті к жағында өткен. Бұл сөз жарысында жалпы адамгершілік, әділдік, ру ақындарының айтысы үлкен тәрбиелік мәні бар деңгейге көтерілген [7; 690].

Бұл айтыс өткірлігімен, тілінің шұрайлығымен, ой тереңдігімен ерекшеленетін көркем дүние ретінде қазақ әдебиетінің тарихына енген.

  1. Әсет пен Бақтыбай айтысы [4; 149-150].

Әсет қалың ел жиналған ұлы дүбірде (Аста) ХІХ ғасырдағы ірі ақындардың бірі Бақтыбай Жолбарысұлымен сөз сайысына түседі [8; 176].

Бірінші болып Әсетті айтыстың талайын өткізіп әккі болған, көбінде жеңе жүрген Бақтыбай шақырады:

«Уа, менің атым Бақтыбай,

Домбырамбы қақтым-ай.

Сөз нақысын таптым-ай.

Үйсін, найман бас қосты,

Тыңдайтын жақсыма-ай.

Туралы тұлпар дуда озар,

Өлеңнен оқты аттым-ай.

Ағын судай ақтым-ай,

Қатарын малдай бақтым-ай.

Арғыннан келген ақын кім,

Зікір салған бақсыдай?» – дейді.

Әсет байсалды түрде, ақындық жаққа сүйеніп, сазды дауысымен тыңдаушыларды өзіне ұйытып әкетеді:

«Бақтыбай, тең болмайсың меніменен,

Қатынның дауыс айтқан сөзіменен.

Кісідей ақсақ басқан оралаңдап,

Шырмалып отырам ба сеніменен?

Аузыма анық тартсам, кірмес пе едің,

Лебіндей айдаһардың деміменен.

Әй, сорлы, салындыға ораласың,

Ағынды иірімнің жылымымен,

Үзінді шұқанақтың шалшық суы

Тең боп па арқыраған дария көлмен?

Қайнасам асхананың қазанындай,

Сорпамның жоғаларсың көбігімен», –

деп, одан әрі де осы бағытта шұбатып жүре береді. Жеңу-жеңілуді айтпағанның өзінде отырғандар Әсеттің поэзиядан шүйдесі жоғары екенін байқап қалады.

«ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары» атты жинақта осы айтыс жайлы мынадай пікір айтылады: «Екі ақынның сөз саптауы келісімді, өлеңдерінің ұйқасы да қолмен қойғандай әдемі. Бақтыбый жеті-сегіз буынды өлең үлгісімен төгіп айтса, Әсет он бір буынды қара өлеңмен толғайды. Бұлардағы тағы бір ерекшелік – өлең жолдарында басы артық сөз, ой, ауа жайылушылық жоқ» [9;170].

Әсет Найманбаевтың басқа да айтыстары қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар көркем дүниелер.

Ақынның жаңа үлгідегі, оқиғалы дастан жанрын дамытуға мол үлес қосуы

Әсеттің мол мұраларының бірі – қисса-дастандары. Бұл салада әдеби қауымға белгілі болған келесідей шығармаларын атап өтуге болады:

– «Онегин мен Татьяна» дастаны [4; 177-187]. Бұл шығармада қазақтың үрдісіне бағындырып, Әсет Татьянаны «Тәтіш» дейді:

«Е, Тәтіш! Мен қырық алты, сен он сегіз,

Арамыз екеуміздің ұшан-теңіз.

Жадырап өзің теңдес жас жарға ти, Өлмейтін тіршіліктің қамын жеңіз. Жүргенге сыртым тірі болма әуес, Дүниеден біз пақырды қайтқан деңіз», – деп, Онегиннің жауабын осылайша аударған. Сөз жоқ, Абайдан кейін екінші адам болып «Евгений Онегинді» қазақ халқына жеткізу – Әсеттің әдебиет тарихынан үлкен орын алатын еңбегі;

– «Сәлиха-Сәмен» поэмасы [4; 234-245]. Бұл моңғол өмірінен жазылған шығарма. «Сәлиха-Сәменнің» бүкіл өлең құрылысынан, сюжетімен, оқиғаны бастау, аяқтауынан ысылған шебердің қолы аңғарылады;

  • «Ағаш ат» қиссасы [4; 188-213]. Бұл шытырман оқиғалы қисса - әдеби қауымның құлағына ерте шалынған ақын шығармаларының бірі.

«Ағаш ат» - күрделі оқиғаға құрылған, фантастиқалық белгілері бар дастан. Дастанның композициялық құрылымы эпостық болғанымен, сюжеті аңыздық, яғни қиял- ғажайып ертегілерінің сарындары да кездеседі [10; 285];

  • жалпы алғанда, Әсет дастандарының тақырыбы әр алуан, мысалы, ол «Мың бір түннің ізімен» «Үш жетім қыз» [4; 214-233] атты ұзақ өлең шығарған. Ақынның «Кешубай» дастаны [4; 168-176] қазақ тұрмысына арналып жазылса, «Барат қыз» [4; 246263] - Әсеттің ғашықтық дастаны.

Қорытынды

Сөз соңында айтарымыз, Әсет Найманбаев - сегіз қырлы, бір сырлы ақын, әрі әнші- композитор. Оның өлең-жырлары, айтыстары мен дастандары және музыкалық шығармалары халқымыздың әншілік дарынын, даналығын танытқандай, ұрпақтар ғибрат алғандай - асыл мұра, әдеби қазына.

Әйгілі әнші-композитор Кенен Әзірбаев Әсет жөнінде : «Әлі есімде. Жас кезім. Атағым жаңа шыққан әншімін. Іле бойында үш жүз ақ боз үй тігілді. Жарты ай бойы сауық, бәйге, көкпар, салым, күрес болды. Күн сайын кешке қарай өнер таласы, әншілік сайысы басталады. Міне, осы жиында Әсетті көрдім. Өзім көрген әншілердің ішінен Әміре болмаса, Әсетке пар келер ешқайсысы жоқ-ау! Оның үстіне киген төңірегін зерлеген қызыл мәуіті шапанына дейін көз алдымда қалды» [3; 7], - деген. Ал белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлы Әсет жайлы өз ойын былайша түйіндейді: «Әсет қазақ жырының ғаламат сұлулығы мен ұлылығын, қазақ тілінің телегей теңіз байлығы мен орасан зор оралымдығын көзге шұқып көрсеткен ақындарымыздың бірі һәм бірегейі еді. Қазақтың қара өлеңінің Құлагері Ілияс Жансүгіровтің алтын бастауы осы біздің Әсетте жатыр. Ілекеңнің «Күй», «Күйші», «Құлагер» дастандарындағы төгілген әуен, ыршыған ырғақтар, қазақ тілінің ғажайып бояу өрнектері көзге Әсет жырының асау ағысын елестетеді» [11; 5].

Атақты ақын өзінің өнерін:

«Ән салсаң, Әсеттей сал арындатып,

Өзегін тыңдаушының жалындатып.

Жаңғыртып кең даланы гуілдетіп,

Орман, сай, тау, өзенді жамыратып.

Көтерсем әннің туын, сарайым той, Қоймаймын көңіліңді қаңыратып.

Әнімді әлеуметім аялайды,

Мен жүрмін ортасында бағым артып.

Төгемін аңыратып ән нөсерін,

Жүректі жай күнінде жадыратып.

Ағызып, ағын судай арындатып,

Шалқыған, әнді сүйген жаным артық», деп бағалаған [4; 81]. Сондықтан да артында елі бар, елі үшін сіңірген еңбегі бар ердің есімі, ісі ешқашанда ұмытылмақ емес.

 

Әдебиеттер

  1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті (Қазан төңкерісіне дейінгі дәуір). - Алматы: Ғылым, 1994. - 312 бет.
  2. Адамбаев Б. Асыл қазына: Ғылыми зерделеу мен зерттеулер. - Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2009. - 320 бет.
  3. Мұхамедова М. Алашқа аты шыққан Әсет ақын // «Ана тілі», № 13 (1375), 30 наурыз - 5 сәуір 2017 жыл, 7 - бет.
  4. Найманбаев Ә. Шығармалар: Өлеңдер, айтыс-қағыстар мен дастандар, Алматы: Жазушы, 1988. – 304 бет.
  5. Жұбанов А. Замана бұлбылдары. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 440 бет.
  6. Нұржекеев Б. Кіріспе // Найманбаев Ә. Шығармалар: Өлеңдер, айтыс-қағыстар мен дастандар. – Алматы: Жазушы, 1988. – 304 бет (6-40 беттер).
  7. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. 2-том / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 720 бет.
  8. Жолбарысұлы Б. Жел қобыз: Өлеңдер, айтыстар мен дастан. – Алматы: Жазушы, 1987. – 176 бет.
  9. XIX ғасырдағы қазақ ақындары. – Алматы: Ғылым, 1988. – 352 бет.
  10. Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық. 2-кітап. – Алматы: «Өнер баспасы», 2013. - 360 бет.
  11. Ақсұңқарұлы С. «Алашқа Ақсораңнан жол шығарған...» // «Орталық Қазақстан», 9 маусым 2012 жыл, 4-5 - беттер.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.