Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап қөрсетті.
ҚР «Білім туралы» Заңының 8 бабының 7 тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған.
Жаңа ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларыныңбарлық қызметіне акпараттык–коммуникациялык технологиягы енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заманның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, олардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін, ақпараттық және кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мәселесі де бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі.
Педагог мамандар біліктілігін арттыруда ақпараттық әлемде оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызуға, өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі- жаңа ақпараттық технологияны оқу тәрбие процесіне жан жақтіж әрі еркін пайдалана білуге үйрету мен дайындаудың сапалығымен анықталады. Ақпараттық жүйелер бойынша мамандарды даярлау тікелей компьютерлік, ақпараттық технологияларға байланысты.
Қоғамның жаһандануы жағдайында қазіргі ақпараттық қоғамның қалыптасуы адамның түрлі салаларды жаңарту қажеттіліктері туындайды. Сондай ақ, адам біртіндеп ақпараттық қоғамда өзі өзіне баға беруде және оны өмірмен байланыстырып құрастыруда ерекше қызмет атқара алады. Қазіргі адамның бейнесі өзінің өмірлік к^реке^н^ траекториясын құра алатындай қабілетке ие болады және ішкі жан дүниесімен өзін-өзі даму бағасын жете түсінетіндей қасиеті болуы шарт.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі- білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін арттыру болып табылады. Студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда оқытушылардың біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.
Білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастыру деп ғылыми – зерттеу, ғылыми – техникалық және материалды – техникалық жобалардан тұратын ғылыми – техникалық бағдарламалар жүйесін айтады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздерінің бірі болып білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады, бірақ бұл негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қаупін туғызып, оны көптеген жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана әкеліп соқтыратыны белгілі. Міне осы тұрғыдан білім беру мәселесін алға тарта отырып ақпараттандыру ісінің мақсатын информатика терминдері арқылы емес, білім саласының мақсаттары мен терминдері арқылы өрнектеуіміз қажет.
Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір – біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың теориясы мен әдісттемесі мынадай зерттеу бағыттарынан тұрады:
- қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында студент тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру;
- студенттің ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өңдеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны, оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
- бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін «виртуалдық» білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, коммуникацияға қолжететін ашық білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін пайдалану;
- оқу-тәрбие ісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру, ғылыми-педагогикалық ақпараттық мәлметтер базалары мен банктерін, ақпараттық-әдістемелік материалдарды, коммуникациялық желілерді пайдалану;
- студенттің ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану.
Білім беруді ақпараттандыру - оқыту процесіне жаңа ақпараттық технология құралдарының енуі - қазіргі қоғамды ақпараттандыру процесінің бағыттарының бірі.
Ақпараттық технологиялар:
- ақпараттарды ЭЕМ көмегімен қорыту, беру, тарату, есептеу және программалық құралдарды жасау, аудио-визуальдық жабдықтарды, теледидарды, кітапхана қорларын, локальдық және ғаламдық ақпараттық желілерді пайдалану, қолдану;
- оқытудың жаңа электрондық құралдарын пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесінің әдіснамасы мен технологиясы;
- есептеу техникалары, басқа коммуникациялық және техникалық құралдардың технологиялық қолданылуы.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғары оқу орындарында қолданылады.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, оқыту процесіне түрлі ақпараттық технологияны ендіру қажеттілігі артуда. Ақпараттық технологияның түрлеріне интернет желісін, телекоммуникацияның түрлерін (E-mail, Web-форумдар, электронды конференциялар, чат- конференциялар және т.б.) пайдалану жатады. Оқыту үрдісін ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету жағдайларының өзгеруі оқулықтардың дамуының жаңа кезеңіне электронды оқулықтардың пайда болуына алып келді. Электрондық оқулықтың ерекшелігі - моделділікке сәйкестігі, жоғары мобильділігі мен оқуға, үйренуге икемділігі. Қазіргі уақытта электронды оқулық - университетте оқытушы мен студенттің бірлескен іс- әрекетін ізгілендіру құралы деп танылуда. Электрондық оқулықты пайдаланудың маңызын атап көрсетсек:
- теориялық материалдарды өз бетімен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкіндік беруі;
- сабақты иллюстрациялық материалдар ретінде жабдықтауда көмектесуі;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік беруі;
- емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдалануға болатыны.
Электрондық оқулықтан басқа, әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында ақпараттандыру жұмысын жеделдету ақпараттық технологиялармен толық қамтамасыздандыруға және ақпараттандыру бойынша оқу-әдістемелік жүйені жетілдіруге тікелей байланысты. Білім беру жүйесін ақпараттандыру үдерісін дамыту отандық оқытуға бағытталған бағдарламалар дайындамайынша мүмкін емес. Олардың ауқымы кең. Бұлар - бақылау және тестілеу бағдарламалары, ақпараттық анықтама жүйелері, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар. Компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудан жеке адамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшу қажет. Сонда ғана біліммекемелері ақпараттық қоғамда өмір сүре алатын жан-жақты дамыған қоғам мүшесін дайындап шығара алады.
Әдебиет
- Қараев Ж.А. Оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану. ИФМ, 1994.
- Сарыпбеков Ж.С. Білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру инфраструктурасы. // Қазақстан жоғары мектебі. -1995. -№1. -Б. 37-41.
- Сариева К. Жаңа технологияны қолдану жолдары. // Әдістеме. -2001. №7.
- Айтмухамбетов А., Боранбаев С. Информационные технологии в управлении учебным процессом. //Высшая школа Казахстана. -2000. -№3. – С. 28-30.