Басқа елдермен тереземізді теңестіреміз, алдыңғы қатарлы елдер сапынан табыламыз десек жастарды салауатты өмір салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік, жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Баспасөз мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын нашақорлықпен ауыратын адамдардың саны көбейіп, героин мен синтетикалық есірткілерді тұтыну артып отыр. Қазіргі заманда нашақорлықтың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң балалардың өмірге жиі келетіні бәріңізге белгілі.
Дүние жүзін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын жайып барады. Негізгі мәселе нашақордың санында емес, жасында болса керек. Келешек ұрпаққа ақыл, бағыт – бағдар беретін аға – апаларымыз есірткіні “ табыс көзі ” көріп, қаншама адам өмірін құртып отыр. Олардың тіпті мектеп оқушсына алғашқы мөлшерді тегін беріп, қызықтыруы айуандық деп есептеймін.
Жалпы есірткіге қарсы күрестің тарихына көз салсақ, бұл ежелден келе жатқанжағымсыз құбылыс екенін байқаймыз. Мысалға, 1839-1842 жылдары Ұлыбритания өзі және 1856-1858 жылдары Франция мен Ұлыбритания бірігіп Қытай мемлекетіне қарсы «есірткі соғысын» ашқан болатын. Ал өткен ғасырдың ортасында ашылғандар Индияда өсірілген арзан опиумды тағыда Қытай мемлекетіне сатқысы келеді. Бұндай кең көлемде есірткі заттарды сатып, шаш етектен пайда түсіру олардың ежелден келе жатқан арманы еді. Бұған Қытайлықтар қарсы тұрып, осыдан бастап «апиын соғысы» басталды. Қазіргі кезде дәл осындай жағдай қайталанып отырған сияқты, өйткені есірткі заттарға соның ішінде опиумға жұмсалған ақша олардың иелеріне өте көп мөлшерде пайда түсіріп отыр.
Қазіргі таңда Ауғаныстанның арзан апиыны Тәжікстан, Қырғызстан арқылы біздің елге еш қиындықсыз келеді, себебі осы уақыттағы есірткі бизнесіне қойылған нашаіскерлер үшін түк емес, өйткені одан түскен ақша оларға шаш етектен пайда келтіріп, оларды күшейтіп отыр.
Біздің Республикаға қазіргі уақытта есірткі бизнесінің тұлғалары ғана емес қылмыс жүйесінің «общак» деп аталатын өкілдері де назар аударып отыр. Апиын бар жерде мафия бар, опиум бар жерде коррупция бар, құқықтық шектен шығушылық бар. Бұл әлем тарихы бойынша дәлелденген жағдай.
Тағыда бір айта кететін жағдай – сыбайлас жемқорлық. Бұл апиыннан да өте қауіпті құбылыс. Мынадай цифрға назар аударайық: есірткіге қарсы күрес қызметінің жедел қызметкерінің айлық ақысы 4-5 грамм апиын бағасымен бірдей екен, ал полиция сержантының ақысы бұдан да аз. Нашаіскерлерге төр төгіп жұмыс істеп қажеті жоқ,өйткені 5-10 минутының ішінде одан он есе көп айлық ақысын алып шағады, яғни басқаша айтқанда жүз доллар үшін есірткі тасушылар бүкіл Қазақстан территориясын еш кедергісіз аралап шығып, есірткіні көздеген жерлеріне жеткізе алады. Кейбір жағдайларда нашаіскерлерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз «қорғауына» алып отырғанын жасырмау керек.
Қазақстан өзінің географиялық орналасу жағдайына қарай Ауғаныстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей және Еуропаға есірткі тасымалдайтын транзиттік жол болып отыр. Бұрыннан белгілі болғандай мемлекет арқылы есірткіге қатысты проблемалар туғызады. Нашаіскерлеріне өздерінің айтқанынан шықпайтын, есірткі үшін ештеңеден тайынбайтын адамдар керек. Осындай жағдай біздің елді де айналып өткен жоқ.
Қазіргі уақытта «қара базарда» сорадан (конаплядан) алынатын есірткі заттар бірінші орында тұр. Оның негізгі бір себебі Шу алқабында 150 мың гектар жерде конопля өседі. Мамандардың айтуы бойынша егер де есірткі бизнесіне заңды түрді рұқсат берілсе, онда осы жерден 6 мың тонаға дейін анаша (марихуана) жинауға болар еді. Бірақта соңғы кезде сораны апиын тобына жататын есірткі заттар ығыстырып келеді. Қазақстанның географиялық жағдайы, ТМД елдерімен арадағы шекараның ашықтығы халықаралық деңгейдегі нашаіскерлерді өте қызықтырып отыр. Қазіргі уақытта олардың Қазақстанның ішкі есірткі бизнесмендерімен байланысы орнығып болды. Соның бір айғағы Қазақстан Республикасы бойынша 37 мыңнан астам адам әртүрлі есірткі заттарды қолданғаны үшін есепте тұрса, ал есірткі заттарды қолданып, есіріп қылмыс жасағандар саны өсіп отыр. Сол себептен де еліміздің осындай жағдайға душар болмауы, өркениетті елдер қатарынан көрінуі үшін осы кезден бастап дабыл қағып есірткіге қарсы күресте заңды күшейтетін кез келді.

Әдебиет
- Елбасының Қазақстан халқына жолдауы «Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға»./Заң газеті 46 нөмірі. 2000 жыл/
- ІІМ 2000 жылдың жұмыс қорытындысы жайлы ІІМ Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген вице-министр полиция генерал-майоры И. Оттоның баяндамасы. //Сақшы №5. 31 қаңтар 2001 ж.
- «Сынаудан шығу» ІІМ 2000 жылдың жұмыс қорытындысы жайлы ІІМ Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген Штаб-департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Букановтың баяндамасы. // Сақшы № 5. 31 қаңтар 2001 ж.
- ІІМ 2000 жылдың қорытындысы жайлы ІІМ Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген кадр және тәрбие Департаментінің бастығы полиция полковнигі Хасан Валиевтің баяндамасы. // Сақшы № 5. 31 қаңтар 2001 ж.
- Постановление Правительства РК № 1641 от 31 октября 2000 г. «Программа борьбы с преступностью в РК на 2000-2002 г.г.»
- Приказ МВД РК №28 от 11 января 2001 г. «Об объявлении Плана Совета министров внутренних дел государств-участников СНГ по реализации Межгосударственной программы совместных мер борьбы с преступностью на период с 2000 до 2003 года и Программы государств-участников СНГ по борьбе с международными терроризмом и иными проявлениями экстремизма на период до 2003 года».
- Состояние преступности в Республике Казахстан и результаты работы органов внутренних дел в 2000 г. /Астана: МВД РК,-2001 г.