Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

География сабағында елтанудың әдістемелік негіздері

Егемен ел болып, тәуелсіздігімізді еншілеп, еңсеміз тіктеліп, өркениет көшінің алдыңғы сапына шыққан, бәсекелестікке қабілетті, дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан жайдары еліміздің жарқын болашағы - жас ұрпақ. Осы ұрпақты болашаққа даярлау, қоғамға сай бейімдеу - білім беру жүйесі, соның ішінде айшықтар болсақ, мектеп еншісінде.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесі әлемдік өркениет стандартына сай реформаланып, көптеген инновациялық технологиялар жасалынып, оқу бағдарламалары өзгертіліп, Ата оқулықтарымыз шығарылып, қолданысқа енгізілуде.Осыған орай оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін жадына сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқа танымдық қасиеттерін жетілдіру - жаңа ғасыр мектебінің мақсаты, ал осыны жүзеге асыру сол мектепте жүргізілетін пәннің ны- санасы, пәнді оқытатын мұғалімнің міндеті болмақ. Ендеше география пәнінің ұстазы ретінде осыған қосар география пәнінің мүмкіндіктерін талдап көрейік.

География ғылымы қазіргі кезде - энциклопедиялық ілімнен конструктивті ғылымға айналғаны бәрімізге мәлім.

Географияның заманға сай міндеті "адам - табиғат - шаруашылық - қоршаған орта" жүйесінде пайда болған қарама-қайшылықтарды шешу. Демек, географиялық білім әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді түсіну үшін үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан, мектептегі географиялық білімнің қүрылымы мен мазмұны адамзат өркениеті мен мәдениетінің деңгейіне сай болуға тиісті. Сонымен бірге географиялық білім халықаралық деңгейге, және географияны оқыту әдістемесіне негізделуі керек. География - ел мен жер танудың негізгі көзі.

География пәнінің мақсаты елжандылық пен жерге, туған өлкеге деген ықыласты сезімді жеке тұлға бойына сіңіру. Жаһандану қоғамындағы жас ұрпақты бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты болашақ мектепте географияны оқыту мынадай екі қағидаға сүйенсе:

  • оқушыларға фундаменталдық білім мен білікті меңгерту;
  • оқыту процесінде қолданбалы білік пен дағдыны қалыптастыру, яғни оқушылардың өмірлік компетенциясын қамтамасыз ету [1].

1951 жылы мектеп институтының негізінде кұрылған педагогикалық зерттеу институтының кұрамында география секторы 1955 жылдан бастап зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Алғашқы жылдары сектордың ғылыми әдіскерлері тек қана Қазакстанның физикальлық жэне экономикалық географиясын мектепте оқытудың мазмұны мен әдістемелерін жетілдіру жұмыстарымен айналысты. Институтта география секторының кұрылуына үлес қосқан ғалымдар және сол кезде шыққан Қазақ ССР—нің физикалық география және экономикалық географиялары оқулықтары мен әдістемелерінің алғашқы авторлары М.Өтемағамбетов, П.Д.Устименко, М.Ш.Ярмухамедов, Г.Қоңқашпаев, Ө.Қазақбаев, О.О.Рутковский, Т.Рольник, Ә.Бірмағамбетов т.б. болды. Сол жылдары М.Ш.Ярмухамедовтьгя "КСРО-ның экономикалық географиясының кейбір элементгері", М.Өтемағамбетовтың "Қаз ССР-ніңфизикалық географиясы", Ө.Қазақбаев, Б.Кереевтің "Мектептегі экономикалық география", О.О.Рутковский "Географияны политехникалық тұрғыдан оқыту" т.б. оқу- әдістемелік еңбектер жарық көрді.

Зерттеу жұмыстары жүргізіле бастаған алғашқы кезеңде республика мектептерінде географияны оку әдістемесін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлінді. Институт кызметкерлерінің басшылығымен қазақ тілінде оқулық жазу ісі қолға алынды. 1959 жылы М.Өтемағамбетов, ПД.Устименко алғаш рет қазақ және орыс тілдерінде "Қазақ ССР-нің физикалық географиясы", (7-сынып), 1960 жылы М.Ш.Ярмухамедов пен Г.Қоңқашпаев "Қазақ ССР-нің экономикалық географиясы" оқулыктарын жазып, мектептерде оқытыла бастады. Алғашқы жылдары бұл пәндерді окытуға 8-12 сағат берілді, бұның өзі оқушыларға республикамыздың физикалық және экономикалық географиялық жағдайы жайлы білім беруде үлкен жетістік болды. Ғалым-әдіскерлер географияны оқыту әдістемесін жетілдіру мәселесін қолға алып, республика мұғалімдері алдында дәрістер оқып, қосымша оқу-әдістемелік құралдар жазып, шығара бастады.

1962 жылы мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұстаз-ғалым, г.ғ.к., Ә.Бірмағамбетов "Қазакстанның физикалық географиясы» бойынша алғаш рет "Хрестоматия" жазып шығарды.

1972 жылы Алматыда одақтық Педагогика ғылымы академиясының Оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының қазақ филиалы ашылды. Филиалдың алдына қойған мақсаты жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша білім мазмұнын жетілдіруге байланысты бағдарлама, оқу-әдістемелік кешендерді ұлттық мектепте оқытуға сейкестендіру, аталған пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін анықтау болды.

1972-87 жылдар аралығында қоғамтану мен географияны оқыту зертханасы жұмыс істеді, оны п.ғ.к., Т.Тұрлығұлов басқарды. Зертхана қызметкерлері "Қазақстанның ұлттық мектептерінде тарих, қоғамтану, география пәндерін оқытудың тиімділігін арттыру" мәселелерін зерттеумен айналысты [2].

1987-90 жылдары "Ұлттық (қазақ) мектептерде оқыгудың, тәрбиенің мазмұны мен әдістерін жетілдіру" мәселесі бойынша ғылыми қызметкерлер К.Тілеубергенова, К.Мамырова, Ш.Кәрібаева, Б.Төлегеновалар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бірнеше ғылыми мақалалар мен мүғалімдерге көмекші кұралдар жарық көрді. Мысалы, «Географияны оқытудың әдістемелік нүсқаулары" (К.Тілеубергенова, К.Мамырова).

  1. жылы "Базалық мектеп" зертханасы ашылып, оны п.ғ.к., А.Мәженова баскарды. Зертхана қызметкерлері "Қазіргі мектентердегі жаңа потенциалдық жагдайлар негізінде оқу процесін қамтамасыз етуді жетілдіру" тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысты Географ-ізденуші ғалымдар (К.Мамырова, Ш.Кәрібаева) "Қазақ мектептеріндегі географиялык білім мазмұнының республикалық компонентін анықтау" мәселесі бойынша зерттеу жріысын жүргізді.
  2. жылы ақпан айында қазақ филиалы Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтымен қосылып, география тобының ғылыми қызметкерлері қазіргі мектепті ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мәселелерімен айналысты. Нәтижесінде "Қазақстан Республикасы мектептерінде географиядан білім беру тұжырымдамасы" (Е.Ахмедов, т.б.) және "Географияны оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар" (ЕАхмедов, І.Ысмайылова, К.Мамырова, Ш.Кәрібаева) дайындалды.

1993-98 жылдар аралығында химия, биология, географияны оқыту зертханасы жұмыс жасады. Зертхананы п.ғ.к., К.Сарманова басқарды. Сол кездегі географияны окыту әдістемесімен шұғылданған ғылыми қызметкерлер КМамырова, Ш.Кэрібаева, Р.Төлегенова, Г.Түсіпбекова, Г.Әлібековалар География пәнінің мазмұны мен окыту әдістерін жаңартудың ғылыми- әдістемелік негіздері" тақырыбы төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, географиялық білім мазмұнын, құрылымын және көлемін айкындады Нәтижесінде 1998 жылы географиядан білім беру стандарты жасалды (К.Мамырова, Ш.Кәрібаева). Осы жылдар аралығында ізденуші ғалымдарКЛілеубергенова "Қазакстан географиясын оқыту үрдісінде өздік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік жолдары", Р.Төлегенова "Физикалық географияны окыту үрдісінде оқушылардың экологиялық білімдерін дамыу жолдары" тақырыптары бойынша кандидаттық диссертацияларын қорғап, географияны оқыту әдістемесінде өз үлестерін қосты.

1998-1999 жылдар аралығында химия, биология, географияны оқыту зертханасына п.ғ.д., профессор И.Н.Нұғыманов басшылық жасады. Ізденуші әдіскер-ғалымдар К.Мамырова мен Ш.Кәрібаевалар "Географияны оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері" және Қазіргі мектептегі оқу үрдісін оқу- әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету" тақырыбы төңірегінде зерттеу жұмыстарын жалғастырды .

 

Әдебиет

  1. Бабаева С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы, 2005.б. – 72.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 2011.б.-25.
  3. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 2009.б.-13.
  4. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытуды 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. Астана, 2005.б.-38.
  5. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясы. Алматы, 1997.
  6. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 2010.б.-11-15.
  7. Аганина К.Ж., Баймуханова Б.Б. және т.б. Государственные стандарты среднего образования РК. Алматы, с. - 1998. – 382.
  8. Есназарова У.А. Методика преподования географии Республики Казахстан. – Алматы, 2002.с.-51.
  9. Межпредметные связи естественно – математических дисциплин. Пособие для учителей. Сб статей / Под. Ред. Федоровой В.Н.: Просвнщение, с.-1986.–208.
  10. Бейсенова Ә., Әбілмәжінова С., Каймулдинова К. Материктер мен мұхиттар географиясы 7 кл. Алматы.: «Атамұра», 2007. – 146-194 б.
  11. 11Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы12б.
  12. 12 Фридман Л.М. Изучение личности учащихся, ученических коллективов. М.: Просвещение, с.-1988. – 207.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.