Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кредиттік оқыту технологиясында кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту

Қазіргі кезеңде тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің кепілі ретінде білім беру жүйесін реформалауды ойдағыдай жүзеге асырудың маңызы артып отыр. Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығынан, жылдам өзгеріп отыратын өмірге бейімделген, өзін-өзі көрсете алатын, қоғам өміріне белсене қатысатын, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдау арқылы өзін-өзі өмірде жүзеге асыруға, дамытуға қабілетті жеке тұлғаны субъект ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтарының, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажеттіжағдайларды жасау-білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда. Білім беру саласында мамандарды даярлаудың қазіргі ұйымдастырылуының негізінде жүйелі білім берумен қатар, оқу материалын ұғынуда қиындықтар тудыратын бөлек-бөлек тұрғылар да бар.Мұндай жағдайдың негізгі себебі, біздің ойымызша, білім беру процесі негізгі оқу пәндерін оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми ұсыныстарға негізделмейтіндігінде, ал оның өзі білім берудің барлық деңгейлерінде оқу-білім беру процесінің өрістеуіне кері әсер етеді. Кез келген пән бойынша оқу бағдарламаларын жасаушыларға оларды неғұрлым жандандырудың логикалық - психологиялық негіздерін жаңаша етіп іздестіру мәселесі қойылады. Бұл курсты оқыту курсының ерекше жағдайы, оның логикалық негіздерін байланыстыру қажеттілігімен де, адамның онтогенетикалық даму заңдылықтарын оқыту психологиясы тұрғысымен де анықталады. Жаңа оқулықтар, бағдарламаларды жасауда негізгі қиындықтар бірнеше объективті факторларды: психиканың бейнелендіргіш және реттегіштік қызметін, психологиялық феномендерді сипаттаудағы көпнұсқалықты, курстың субъект-субъектілік әрекеттестікке көшкендегі педагогикалық процеске қатысушылардың бәрінің де психикалық дамуына ықпал етіп, әсіресе студенттердің психикалық дамуы мен бағдар алуына пайдалы әсер етуін де қамтиды.

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Л.С.Выготский қазіргі кездегі оқыту процесінің маңызды қағидаларының бірін атап көрсетті: «Оқыту дамудың соңында жүрмейді, керісінше оны жетелейді» /1/.

Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов зерттеулері дамытпалы оқыту қағидасының психологиялық негіздерін қалады /2/.

Л.В.Занковтың дамыта оқыту эксперименталды жүйесі бірнеше принциптерге: қиындықтың жоғарғы деңгейінде оқыту принципі, теориялық білімдердің жетекшілік принципі, оқушының өз оқуын ұғыну (рефлексия), оқушылардың дамуын қалыптастыру принциптеріне негізделген. Л.В.Занковтың жүйесінің негізгі ерекшелігі: оқытудың жоғарғы қиындық деңгейінде өткізілуі /3/.

Тұлға – белгілі бір даму деңгейіндегі кемелді дамыған санасы бар, мінез- құлық салыстырмалы түрде тұрақты, сондай -ақ өзінің қалыптарын және әлеуметтік ортамен қатынасын реттеуге қабілетті адам.

Айтылғанға орай тұлға қандай да бір керемет жетістіктермен байланысты болуы міндетті емес. Әрбір қарапайым ересек адам - тұлғаның негізгі және анықтаушы белгілері мыналар: сана-сезім, даралық сипаттар, өзін-өзі меңгеру ,активтілік, басқа адамдармен дұрыс қатынас жасау.

Индивид – жеке тұлға бір адам. Даралық - бұл адамның өзіндік ерекшелігі. Даралық қайталанбайтын, тек бір адамға ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктері, бір адамда өзгелерден ажыратып тұратын қасиеттер. Даралық белгілі бір деңгейде тұлғаны басқалардан ажырататын мәнді ерекшеліктермен ажыратылады. Бұл адамды ынта қабілеттіліктер, мінез - ерекшеліктері. Адамның жекелеген қасиеттеріне негізінен оның кәсіптік жарамдылығы бағынышты. Адамның даралық ерекшеліктері индивидтің даму барысында қалыптасады. Осы процесс кезінде нерв жүйесінде, ақыл - ой сезімде және жігерде ынтада, бейімділікте қабілеттер, дарында, темпераментте, мінез - құлықта өзгешеліктер байқалады. Бұл ерекшеліктердің бәрі адамның мінезіне, яғни оны оқудағы және жұмыстағы жетістігі мен сәтсіздігі бағынатын тұрақты психикалыө қасиеттерге ықтимал. Адам дамуына бірнеше белгілі факторлар әсер етеді. Мұндай факторлардың бір тобы биологиялық факторлар тобы деп атауға болады. Оған тұқым қуалаушылық факторлар, туа біткен қылықтары жатады. Даму факторларына екінші тобы әлеуметтік факторлар деп аталады. Және оған өмірдің қоғамдық шарттары өмір сүріп отырған орта және мақсатқа бағытталған тәрбие жатады. Әрбір ересек адам күрделі ішкі құрамы бар тұлға. Жасөспірімге мамандық ұсынғанда оның қандай да бір жеке қасиетіне емес, қайтатұлғалық қасиеттеріне сүйенгені дұрыс. Жеке адамның дамуына туа біткен және әлеуметтік факторлар әсер етеді.

Тұлғаның әр түрлі қасиеттерін қалыптастыруда тұқым қуалаушылық факторлардың және қоршаған ортаның рөлі бірдей емес, сондықтан тәрбие жолымен нені жасауға болатынын әрдайым есте сақтаған жөн.

Студенттердің кәсіби бағыттылығын қарастыратын ғылыми, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердің талдуы - кәсіби бағыттылық проблемасының кәсіптік бағдар беру жұмысының теориясы мен практикасына өзіндік үлес қосатынын көрсетеді. Сонымен қатар, болашақ кәсіптік оқыту мамандықтарында оқитын студенттер кәсіптік бағдар беру жұмысын дұрыс жолға қоюда, өздерінің бұл процестегі орны мен рөлін дұрыс анықтауда, оқушылардың кәсіби бағыттылықтарын жеке – дара ерекшеліктеріне сәйкес қалыптастыруда, кәсіби бағыттылықты қалыптастыру процесін дұрыс ұйымдастырып басқаруда көптеген қиындықтарға тап болатынын көрсетеді.

Жеке тұлға бағыттылығының проблемасы қазіргі кезеңдегі психологиялық- педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бағыттылық – жеке тұлға құрылымының өзегі, негізгі құрамдас бөлігі, оның «ең жоғарғы деңгейі» екені көптеген ғылыми зерттеулерде анықталған. Бағыттылықтың жоғарғы деңгейі жеке тұлғаны іс - әрекекттің барлық түріндегі жоғары белсенділікпен және олардың арасындағы өзара қатынастар үйлесімділігімен сипатталады. Мұндай жеке тұлға өзінің іс- әрекетіндегі еңбектің әртүрінде кездесетін қиындықтарды жеңе отырып, іс-әрекет түрлерінің бір –бǐрǐмен толықтыратын деңгейге жеткізе алады. Қазіргі біздің еліміздегі кредиттік оқыту жүйесіне енуі кезеңінде мамандарды шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық, педагогикалық және практикалық тұрғыдан дайын – біртұтас, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу жоғарғы оқу орындарының негізгі мақсаты. Республикамыздағы жоғары оқу орындарының кредиттік оқыту жүйесіне өтуіне байланысты кәсіби бағыттылықты қалыптастыру проблемасы да өзгеріп отыр.

Бағыттылық проблемасы өте күрделі және жан –жаĸты проблема болғандықтан, алдымен бағыттылық түсінігін, оның сипаттамасы мен құрылымын айқындау қажет.Жалпы қазіргі кезеңде кредиттік оқыту жүйесінің негізі – студенттердің өз бетінше дамуына барынша мүмкіндік туғызу. Яғни, бұл дегеніміз – дәстүрлі оқытудағыдай, студенттердің дайын білімді оқытушыдан алып, меңгеруі емес, өз бетінше ізденуі арқылы білім деңгейін жетілдіру, өзін-өзі дамыту қабілеттіліктерін қалыптастыруға бағыттау деген сөз. Ал, мұндай қабілеттер еңбек нарығындағы бәсекелестік жағдайында өте қажет.

Дегенмен, кредиттік технологияны Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінде студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту мәселелерін ескеру қажет. Себебі, жеке тұлға құрылымындағы бағыттылықтың маңызын, оның іс-әрекет деңгейіне әсерін, жеке тұлғаның негізгі жақтарының бірі ретіндегі мәні мен бағыттылықтың динамикасын ғалым-педагогтар, психологтармен қатар, инженер-педагогтар да белсенді түрде зерттеуде. Ол өмірлік және кәсіби дұрыс айқындалу мәселесінің қажеттілігінен туындайды. Психологиялық әдебиеттерде жеке тұлғаның бағыттылығы оның құрылымындағы негізгі компонент түрінде қарастырылады. К.К. Платоновтың анықтауы бойынша, жеке тұлғаның бірінші құрылымында – бағыттылық, қатынастар және моральдық қасиеттер бар. «Бұл құрылым тәрбиелеу арқылы қалыптасады... Тұтастай алғанда бағыттылық иерархиялы түрде байланысқан бірнеше форманы қамтиды: бағыттылықтың ең қарапайым формасындағы әуестік, ынтаға айналатын тілек; қызығу, дүниетаным, сенім».

В.О. Мерлиннің айтуынша, жеке адам сипаттамасында ең маңыздысы және негізгісі - оның бағыттылығы, яғни жеке адам өмірінің жалпы бағыты мен барлық белсенді шығармашылық іс-әрекеті соған байланысты. «Жеке адам бағыттылығына мінезінің қасиеттері, тіпті қабілеттерінің дамуы да байланысты, жеке адам бағыттылығына әлеуметтік және адамгершілік құндылықтары да жатады».

Қазіргі кезде жеке тұлғаның жалпы бағыттылығы, оның бейнесін құрушы факторы ретінде қарастырылады. Мәселен, С.Л.Рубинштейннің, А.И.Леонтьев, Б.Г.Ананьев, К.К.Платонов және т.б.жеке тұлға тұжырымдамаларындағы әр түрлі сипаттамаларды талдай келе, Б.Ф.Ломов былай дейді: «Жеке тұлғаны зерттейтін талдаулардың жоспарларының әртүрлілігіне қарамастан ... барлық көзқарастар жеке адамның негізгі сипаттамасы ретінде оның бағыттылығын баса айтады... Нақ осы қасиетінде, жеке адам мақсаты, оның мотивтері, болмыстың әртүрлі жақтарына субъективті қатынасы: оның бар сипаттамаларының жүйесі көрінеді». Осы проблема бойынша адам бағыттылығына деген мұндай кең көзқарас, оны іске асыруда нақты қиындықтармен байланысты болады.

Бағыттылық дегеніміз – жеке тұлғаның сыртқы жүйесінің қарапайым проекциясы (кескін-сұлбасы) түрінде қалыптасқан құрылымы емес, сыртқы әсерлердің жеке тұлғаның ішкі жағдайларына әсер етуі нәтижесінде құрылатын күрделі құрылым деп айтуға болады.

Жеке тұлғаның жалпы бағыттылығына іс-әрекет мазмұны, оның өзгешелігі әсер етеді. Жеке тұлға бағыттылығының негізгі типтері: қоғамдық, ұжымдық, жеке бастық, өзімшілдік, кәсіби, эстетикалық, т.б. бағыттылықтар деп қарастырылады.

Бұл мәселе бойынша педагогтар көзқарасы бойынша, жеке тұлға бағыттылығы – оқу, оқудан тыс іс-әрекет формаларының баршасының әсерінен қалыптасатын, оқушы жастардың болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындығын тәрбиелейтін күрделі жеке тұлғалық құрылым деген түсінікке саяды. Егер де, бағыттылық жеке тұлғаның ерекшеліктерін тұтастай анықтайтын болса, онда кәсіби бағыттылық жеке тұлғаның жалпы бағыттылығының маңызды бір бөлігі болып табылады.

Кәсіби бағыттылық – адамның таңдап алған мамандыққа көзқарасын сипаттайтын, кәсіби іс-әрекетке дайындығы мен оның табыстылығына әсер ететін жеке тұлғаның интегралды қасиеті деп қарастырылады. Кәсіби бағыттылықтың жан-жақтылығы, жеке тұлғаның жүйесін құрайтын қасиеті ретінде П.А.Шавирдің анықтамасында көрсетілген. Ол бойынша кәсіби бағыттылықтағы іс-әрекетті артығырақ көретін мотивтер жүйесі, оның өзі жеке адамның танымдық және құндылық-бағдарлық іс-әрекеті негізінде өтетін кәсіби әсерлер жүйесімен қарым-қатынас процесінде қалыптасады.

Кәсіби бағыттылықтың психологиялық-педагогикалық аспектісін, кәсіби шеберлікті дамыту бағытында, кәсіби бағыттылықты қалыптастыруды жетілдіру және де жеке тұлғаның жалпы дамуы тұрғысынан өте терең және жан-жақты зерттеген А.П.Сейтешев. А.П.Сейтешевтің пікірінше: кәсіби бағыттылық дегеніміз – «жеке адамның маңызды жақтарының бірі, ол оның қызығулары, ниеттері, бейімділіктері, мұраты мен сенімдерінен көрінеді». Педагогика және психология білімінің қағидаларын және өз зерттеулерінің нәтижелерін негізге ала отырып А.П.Сейтешев педагогикалық- психологиялық сипаттамаларды – толығымен қарастырды, жас жұмысшылардың жеке тұлғасының кәсіби бағыттылығы дамуының кейбір заңдылықтарын, оны тәрбиелеу жағдайларын көрсетеді.

Кәсіби бағыттылықты болашақ маманның жеке тұлғасының біртұтас және жан- жақты қасиеті түрінде толық түсіну үшін, оның компоненттік құрамын, сапалы сипаттамалары мен динамикасын анықтау қажет.

Студенттердің саналы түрде мамандық таңдауын мотивтейтін өз кәсіби қызығуларын түсінуі, арман-тілектерін іске асыру үшін саналы мақсат қойып, іс-әрекетін жоспарлауы – кәсіби бағыттылық қалыптасуының маңызды факторлары болып табылады.

Кәсіби бағыттылық әсерлілігі студенттердің сол мамандықты меңгеруге деген белсенді ұмтылыстарымен, қойылған мақсатқа жетудегі табандылығы, саналылығымен айқындалады.

Бұл ретте оқытудың кредиттік жүйесі бойынша болашақ маманның жеке тұлғалық қасиетін – кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға деген талаптар жоғары, әрі өзекті болып отыр.

 

Әдебиет

  1. И.Ә.Әбеуова. Кәсіби бағыттылықты қалыптастыру.
  2. Сейтешов А.П. Воспитание профессиональной направлености личности молодых рабочих как педагогическая проблема: Дис.док.пед.наук. – Фрунзе, 1974.
  3. Сейтешов А.П. Пути профессионального становления учащейся молодежи. – М.: Высшая школа, 1988. – 336 с.
  4. Даулетова Н. Жаңа типті мектептердің басты мақсаты – кәсіби бағдарлы білім. Дарын, 2006 № 6. – 93-97 б.
  5. Қойшыбаева А. Педагогикалық мониторинг – кәсіби сапасын арттыру құралы. Педагогикалық кеңес, 2005 .№ 4, №6. – 7-9б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.