Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тіл сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер

Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін дәрісханаларында егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.

Орыс дәрісханаларындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты-оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі- сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол-сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.

Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап ,мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақты жоспарлауға қандай негізгі талаптар қойылады. Олардың жобасы төмендегідей:

  1. Оқушылардың сабаққа бар зейінін аударып және ықыласпен, ынта-жігермен тыңдауын ұйымдастыру.
  2. Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу.
  3. Оқытушының тақырыпты терең және жан-жақты меңгеруі.
  4. Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі,тиімді әдіс-тәсілдері.
  5. Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы.
  6. Мысалдардың өмірмен байланыстылығы,баланы ойлантуға,сөйлетуге, тәрбиелеуге ықпалы.
  7. Топпен, жеке оқушымен жұмыстың жандылығы, әртүрлігі.
  8. Студентке теориялық жағынан меңгергенін іс-тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы.
  9. Студенттердің алдына проблема қойып,оны ізденіске бастау.
  10. Сабақты басқа пәндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру.
  11. Студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыратын өз бетінше жұмыс беру.
  12. Бағалау, оның тәрбиелік мәні.
  13. Үй тапсырмасы уақытында түсіндіріп, үлгісін беру.
  14. Осылардың ең бастысы-сабақтың жүйелігі.

Оқытушының іскерлік сапасына төмендегідей талап-міндеттер қойылады:

  • Сабақтың мақсаты айқын болуы.
  • Материалды жан-жақты әрі түсінікті баяндауы.
  • Басты мәселені бөле көрсетуі.
  • Аудиторияны пәнге қызықтыру.
  • Мәселе қозғап, пікір-сайыс туғыза білу.
  • Баяндау тәсілі жүйелі әрі қисынды болуы.
  • Сөйлеу мәдениетінің тартымдылығы, сөздерді анық айтуы.
  • Алған материалдардың өмірмен байланысты, әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы.
  • Студенттерге еркін жұмыс істетуі.
  • Сабақта дидактикалық материалдардың жеткіліктілігі.
  • Көрнекі құралдардың барлығы.
  • Техникалық құралдар қолданылуы.
  • Үйге тапсырма уақтылы, әрі дұрыс берілуі.
  • Студенттермен жеке жұмыстар жүргізілуі.
  • Студенттердің қателері дер кезінде түзетіліп отыруы.
  • Бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы.

Әр сабақта осыларға қоса педагогикалық, психологиялық физиологиялық, гигиеналық талаптар қарастырылады.

Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек.

  1. Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Ол қандай мөлшерде,қалай қабылдату керек.
  2. Үйрету. Осы білгенін студент практикада қолдана ала ма. Ережеге байланысты тапсырманы студент қиналмай орындауы керек.
  3. Тәрбиелеу. Ендігі бір жауапты кезең-тәрбиелеу, екінші әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы студенттерді көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
  4. Дамыту студенттердің логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шындай отырып,өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар беру. Ғылымға қызықтыру. Студентке беретін тапсырмаларда дәлелдейтін, түсіндіретін, пікірмен келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан-жақты ойландыратын жұмыстар болуы керек.

Студенттердің сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім дағдыларын меңгеруіне дұрыс бағытта жол ашу үшін,әр пән оқытушысы сол пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың принциптеріне баса көңіл бөлгені жөн. Оқу орыс тілінде жүретін топтарда қазақ тілін оқитын студент өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет.

Тыңдаушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін,оқытудың өзіндік тәсілдері мен амалдары, жолдары бар. Қазақ тілін орыс аудиториясына оқыту әдістемесінің ғылыми тұрғыдан зерттелу тарихы ұзақ емес. Сондықтан оқыту әдістемесі бұрыннан қалыптасқан шет тілдерді оқыту, орыс тілін оқыту әдістемелерінен оқып, үйренуіміз көп.

Қазақ тілін басқа тілді дәрісханаларда оқыту барысында қазақ тілінің өзіндік басты ерекшеліктерін назарда ұстауымыз керек.Қазақ тілі сөз жасау жағынан жалғанбалы (АГГЛЮНАТИВТІ тілдер тобына жататыны бәрімізге мәлім). Сол себептен де қазақ тілінде жұрнақ түрлері көптеп саналады, сонымен қатар төрт түрлі жалғаудың беретінөзіндік мағынасы,сөзге жалғану кезіндегі варианттары да жеткілікті. Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін,мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы, студенттердің қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету, студенттің тілдік қорын байыту оң нәтижелер береді.

Оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік жұмысының алатын орны ерекше, сабақ процесінде сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдалануға болады: мәтін бойынша сөздік қорды байыту.

Сөздік жұмысының енді бір саласы-әңгіме, өлең оқып, мақал-мәтел, жұмбақ жаттаумен байланысты.

Әр сабақта жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады.

Жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Студенттің ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, студенттердің белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқытудың негізгі бір шарты–бǐлǐмнщ мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.

Уақыт талабына сай қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттерін, оқушыларды сауатты жазуға, ойын, сөзін еркін сөйлеп, білікті, жан-жақты тәрбиелі азамат болуға тәрбиелеуді, қазақ тілін оқыту әдістемесін педагогика ғылымдарының жетістіктерімен ұштастыра білген, шығармашылықпен еңбек ететін, ғылыми дүние танымы кең ұстаз ғана атқара алады. Қазақ тілі сабағы құрғақ өтілмей мәдениетті сөйлеу, жазу дағдысымен ұштасып жатуы үшін, әрбір категорияның өмірде қолдану аясын ашатындай мақсат қойылуы керек. Бұл мәселені бүкіл сабақ процесінде сіңіріп, қайталап отыру керек.

Білімді мецгерту–студенттердщ танымдық талдау жасай отырып оны орынды пайдалана білуі арқылы жүзеге асатын құбылыс. Бұл студенттердің есте сақтау, ойлау, даму қабілеттерін арттырады.

Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы студенттердің білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Бұл бағдарламаның қолдануға өте тиімді ғылыми негіздері ретінде Л.С. Выготский, Д. Дьюи, Ж. Пиаже еңбектерін атауға болады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің әр түпкірінен жиналған білім берушілердің еңбектерінің жиынтығы.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы:

Студенттерді өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен.

Сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен; мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу; оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен; ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен.

Сын тұрғысынан ойлану сабақтарында оқыту, студентке үйрету емес, студенттің үйренуіне көмектесу жүзеге асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым- қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен студенттердің білім деңгейіне қарап сараланып, студенттердің өз еркімен жүзеге аса бастайды.

Қазіргі кезеңнің ең басты ерекшеліктерінің бірі ретінде жеке тұлғаның көзқарастары мен болмысына көңіл қоюдың артуын атап өту керек. Бұл бағдарламаның негізінде студенттердің білімді өздігімен игеру идеясы жатыр. Студент пікірін бағалау, студентті тыңдай білу.

Білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру; мұғалімнің оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы; оқыту кезінде білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын студент екендігі, студенттердің оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту.

Дамыта оқытудың В.В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де студенттің белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді.

Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әр студентке өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады.

Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен студент арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар-ынтымақтастық, өзара сыйластық қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі –студенттердǐ жақсы жаман деп бөлмей, барлық студенттің дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Нашар студенттің да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады.

Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Яғни сабақта әр түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалану, студенттерді.

Жеке басын құрметтей отырып, білім беру – қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені студенттердің бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.

 

Әдебиет

  1. Халперн Дайана. Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы. - Санкт-Петербург, 2002.
  2. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алма- Ата, 1985.
  3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы студентті дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2002.
  4. Жұмабаев М. Педагогика. – Алма-Ата, 1992.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.