Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жасөспірімдер бойындағы ауытқушылық мінез-құлықтың кейбір мәселелері

Жасөспірім тәрбиесіне мән бере қарау ол әрбір отбасының, әрбір ата- ананың қасиетті парызы, қасиетті борышы деп атап өтсек қателеспегендігіміз деп ойлаймын. Себебі сол жасөспірімнің тәрбие алып өсіп шыққан отбасы - адамзат қоғамының шағын бейнесі, адам үшін ең жақын орта болып табылатындығына ешкім де күмән келтірмес деп ойлаймын. Тәрбие отбасынан басталады, сондықтан Жасөспірім тәрбиесін дұрыс жолға қоюды қалыптастыру ең маңызды іс екендігін әрбір ата-ана біліп қана қоймай, баласына дұрыс тәрбие беріп, қоғамға тек өзінің пайдасын келтіретін саналы, жанашыр азамат ретінде қалыптастыру үшін шынайы еңбек ету қажеттілігін ескеруі қажет. Отбасында дұрыс тәрбие алмаған, немесе берілген тәрбиеде белгілі бір келеңсіздіктерге душар болған жасөспірімнің тәрбиесінде, оның мінез-құлқын бақылап, басқарып отыруда кедергілер туындайды. Туындаған кедергілер

Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері жасөспірім еркінің дамып жетілмеуі оның өз іс - әрекетін, мінез - құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез - құлқын үйлестіре алмайды. Мұндай ерекшеліктер өте жас кезден байқалады. Және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Мұндай жасөспірімдер төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.

Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалық даму ерекшеліктерін іздестіріп, оларды әрі қарай өрістету үшін қалыпты дамыған жасөспірімдердің психикалық даму заңдылықтарымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.

Жасөспірімдердің жоғары дәрежедегі психологиялық қызмет деңгейінің де түрліше болатындығын ескерту керек. Жасөспірімнің дамуы мен ойлау қасиеттері оның бүкіл өмір, өткен өмір кезеңдерде қалыптасқан заңдылық сияқты. Алайда бұл қасиеттер жасөспірімнің бойынан бірден даяр күйінде аңғарылмайды.

Егер жасөспірімнің бойындағы кемістігін аңғарып қалғандай болсақ, ондай олықылықтары қалайшы толтыруға болады және сол кемістіктерді бұдан былайғы даму кезеңдерін де жоюды жандандырудың әдіс - тәсілдерін іздестіру қажет.

Осы орайда жасөспірім кемістігін қарапайым жаттығулар арқылы түзетуге болады.

Ал шетел психологтары жасөспірім психологиясы жайындағы көзқарасын терістейді. Өйткені адам психикасының дамуының жалпы заңдарын негізделген табиғи әрі міндетті құбылыс деп түсіндіреді.

Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерінде өзіндік бағалау әлі де болса мінез – құлық мотивінің үстемді түрінде көрінбейді. Бұл жасөспірімдер өз іс - әрекеттеріне иек артпайды, жасаған кемшіліктерін көре бермейді. Оларды жөндеудің, қайталаудың жолдарын іздестірмейді, өзін басқалармен салыстырмайды [1].

Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері үшін жоғары деңгейдегі эмоционалды қозғалыстық тән екенін байқауға болады.

Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің қажеттілігінде тежеулер әлсіз, өзінің талаптану, тілек – ықыласы сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларды олар ата - аналарының, мұғалімдердің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау - жанжал тудырып жатады. Бұл жастағы жасөспірімдердің жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет.

Оларға айқайлау, белдікпен ұру, желкеден ұру сияқты көріністер керек емес. Керісінше жан – жақты көмек, адамдық сезімінің жылылығы шын көңілімен сүю, ұғу қажеттірек [2,127].

Тіпті жай ғана мысалды алып қарайық; егер де гүлді күтсең, суырсаң, жақсы қарасаң онда ол жайқалып өседі. Адамдарға әсемдігін, түсін береді. Ал егер оны қарамасаң, оны күтіп баптамассаң, таптасаң ол сарғайып, солып қалады. Міне бұл өмірдің шындылығы.

Бірақ, осы шындық сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп отбасыларда ұмытылып жатады. Немесе бұл туралы олардың ойлағысы келмейді.

Әрине мұндай отбасыда тәрбиеленіп жатқан әр жасөспірімде тыныштығы мен жайбырақаттығы, әлі қалыптасып үлгермеген психикасы бұзылады, яғни мінез – құлқы бұзылады. Отбасының дұрыс құрылмауы, оның сәтсіз болуы, ондағы жанжал ұрыс- керістер мінез – құлықтағы қиындықтың пайда болуына, оның тәрбиесіне елеулі әсерін тигізеді.

Мектеп жасындағы немесе мектепке дейінгі жасөспірімдердің мінез – құлқындағы ауытқушылық олардың ортасына, отбасысына байланысты.

Жалпы мінез – құлқындағы ауытқушылығы бар жасөспірімдер әдетте аумалы- төкпелі морт деп аталатын жасөспірімдер. Ондай болу себебі ұрықтың жатырдағы кезеңінде немесе жасөспірім өмірінің бастапқы шағында сыртқы фактордың қолайсыз әсер етуі болып табылады.

Жасөспірімдердің мінез - құлқында қиындықтар биологиялық және әлеуметтік себептермен шарттас болады [34.258]. Бірақ, сонымен қатар биологиялық деректері, оның ішінде тұқым қуалау деректері болашақ жасөспірімде қалыптасатын барлық мінез еркшеліктері мен қасиеттерін алдын - ала бастапқы сәт ретінде ғана ескерілуге тиіс.

Егер жасөспірімнің мінезінде қолайсыз жағдайда өтсе, онда оның мінез – құлқында айтарлықтай патологиялық кемістік ақаулар пайда болуыықтимал. Мінез – құлқында психологияның ауытқуы психикалар мен жүйелер қызметтерінің дамымауы.

Осы мәселелерді жойып, жеңіу үшін мінез – құлқында ауытқуы бар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерімен күресіп, өмірге деген көзқарасын ашу керек.

Алайда бірінші кезекте мінез - құлықтың ауытқуы мен зерттелу мәніне зер салайық. Жалпы әдебиеттерде талдау негізінде, бұл мәселенің өзгенің ашылуы келесі реттегі терминдерге, яғни эмоционалды – еріктік саланың ауытқуы, аффективті саланың ауытқуы, дисгормониялық тұрғыда психиканың дамуы, девиантті мінез - құлық, және т.б. түсініктерге түйінделетіні көрсетілді. Мінез - құлық - адамның күнделікті өміріндегі қаситтерінің көрініс беру формаларының бірі болып саналады.

Кеңес психологиясында мінез – құлықтың ауытқығаны қоғамдағы құқыққа немесе адамгершілік - өнегелі қалпына қарсылық білдіретін жеке қылықтар және қылықтардың жүйесі деп түсіндіреді [3]. Ауытқушылық мінез - құлық алғашқы пайда болуы, жасөспірімдік жаста байқалады.

Сонымен мінез – құлық ауытқуы бар жасөспірімдердің мінезі жалпы қоғамдық ережеден, психикалық денсаулық ережесінен, мәдени немесе адамгершіліктік ережесінен ауытқыған тәртіп жүйесін айтады.

Л.Кулагин оқудың сәтсіздігі мен мінез – құлық ауытқуының қайнар бұлағы физикалық және психикалық денсаулық жағдайының әр түрлі ауытқуларының әлеуметтік, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалуында. Көп жағдайда мінез- құлықтың ауытқуы туа пайда болған психикалық және физиологиялық кемістіктердің себептерінен ғана емес, сонымен қатар, отбасы мен мектепте дұрыс тәрбие бермегеннің салдарынан болады деп дәріптейді.

«Қиын бала» атанып, отбасын да, мектепте де қиындық тудырып, ауытқушы мінез – құлықтар, өзара қарым – қатынасы жойылып, өзіне - өзі баға беру шеттен тыс шығып жүрген жасөспірімдер туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.

Адам өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі қоғамда жасөспірімге сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді. С.Т.Холлдың пікірі бойынша «жасөспірім толыққанды дамуы үшін», өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет.

Қандай да бір олқылығы бар жасөспірімнің даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол жасөспірімнің дамуына кері әсерін тигізетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтік сипаттарынан, тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және солар ықпал еткен тәрбиеленушінің ішкі ұстанымынан құралады.

Жасөспірімнің дербестенуге ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының ) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен қақтығысқа түсу [4, 201б].

Ауытқушы мінез-құлық деп қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез - құлықты айтамыз. (И.А. Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.С. Кон ауытқушы мінез - құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс - әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Ауытқушы мінез - құлықтың концепциясына сәйкес кез - келген ауытқушылық бейімделудің бұзулуына алып келеді.

Ауытқушы мінез -құлық екі үлкен категорияға бөлінеді:

Біріншіден, бұл анық немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез -құлық.

Екіншіден, бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассоциалды мінез -құлық.

Мұндай әрекеттер аз болса да олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса, әрі жазаланса- қылмыс деп аталады.Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы ) және қылмыстық іс - әрекеттер туралы айтылып отыр.

С.А. Беличева ауытқушы мінез -құлықты әлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді.

  1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние - мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып - салу, алаяқтық және т.б.) жасаған теріс әрекеттері.
  2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (бағыттану,бұзақылық, ұрып -соғу,өлтіру, зорлау)
  3. Енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, өзіне -өзі қол жұмсау)

Мінез -құлықты жасөспірімнің осы немесе басқа да ахуалының, оның даму тенденциясының күәгері ретіндегі феномен деп қарастыра отырып, біз мінез - құлықтың сырттай ұқсас ерекшеліктері индивид психикасында жүріп жатқан әр түрлі үрдістерден хабар беруі мүмкін екенін естен шығармауымыз керек.

Сондықтан да, жасөспірімнің қандай да бір мінез -құлқының ерекшілігінің ауытқушылық деп жіктемес бұрын, психолог оның ахуалын, тұрақтылығын, оның көріністерінің жиілігін, тұлғалық ерекшеліктерді, мінезді, оқушының жасын және т.б. ескеруі қажет. Тек содан кейін ғана қандай да бір пікір айтуға немесе ықпал ету іс - шараларын тағайындауға болады.

Кейде жасөспірім өзінің мінез - құлқы туралы пікірлердің шырмауына шалынып қалады. Соған сәйкес айдар тағылып, оның қоршаған адамдарымен өзара қарым - қатынас сипаты және ол туралы бағалап пікір айту жүйелері қалыптасады. Керісінше, мінез - құлықтың жағымпаздылығын немесе ыңғайлылығын (қызметшіл, сыншыл емес, назарының мұғалімде болуы, күткен түрде әрекет ету және т.б.) мұғалім жағымды деп бағалап, оны ынталандырады, ал оқушы болса сынып алдында еліктеудің үлгісі ретінде тартылады.

Ауытқушы мінез - құлықтары бар жасөспірімдердің мінез -құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен шақырылады. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез - құлықтағы өзгерістер біртіндеп жиналып көрінеді немесе бірден шарт кетеді. Бұған мысал ретінде тойтарыс беруі, қарсы шығуы, кетіп қалуы, аггрессияны келтіре аламыз. Осыдан кейін ауытқушы мінез - құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық комплекстер туындайды [5,231].

Жасөспірімдердің ауытқушы мінез - құлқының себептері мен факторлары:

а) тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден бұзылғандығынан, мінез - құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан жасөспірімнің, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік -педагогикалық олқылықтар;

ә) жайсыз отбасылық қарым - қатынастардан, жасөспірімді тәрбиелеуде ұлттық салт - санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді мүлдем ескермеуден, отбасыдағы жағымсыз психологиялық ахуалдан, оқудағы жүйелі сәтсіздіктерден, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым - қатынастың орнамағандығынан, ата - аналарының, мұғалімдердің , сыныптас жолдастарының және т.б. дұрыс емес әділетсіз, дөрекі, қатал қатынастарынан туындайтын тереі психологиялық жайсыздықтардан;

б) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы дағдайындағы ауытқушылықтарымен, жас ерекшелік дағдарыстарымен, мінез акцентуациясымен және басқа да физиологиялық және психоневрологиялық ерекшеліктер себептерімен;

в) қараусыз қалуымен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік - психологиялық ауытқушыбен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен.

Мінез - құлқында ауытқушылғы бар жасөспірімдердің мінезін, қарым - қатынасын, өзін - өзі бағалау ауытқушылығының алдын алу, оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік - құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез - құлықтың, қарым - қатынастың, өзін - өзін бағалауының психогенетикалық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік - педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын шығару қажет.

 

Әдебиет

  1. А. Айтбаева. Әлеуметтік педагогика негіздері, Алматы, 2011.
  2. М. Құдиярова. Жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқышылық себептері // Қазақстан журналы, Алматы, 2006.
  3. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. -Алматы.: Рауан, 2012. -308б.
  4. Қабекенов Ғ.У., Есебаева Б.Ә. Әлеуметтік педагогика тарихы.- Алматы: Мектеп, 2011.-289 б.
  5. Беркімбаева Ш.К., Мардахаев Л.В. Әлеуметтік педагогика. Алматы: Мектеп, 2012 -228б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.