Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқу процесіндегі озық технологиялар

Білім беру «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын [1]. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады.

Білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде дамыту бүгінгі күнде экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Дегенмен көптеген жұмыс берушілер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын мамандар сапасына қанағаттанбайтындығын, білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің күткен нәтижелеріне жауап бермейтіндігін және экономика талаптарына сәйкес келмейтінін атап өтіп жатады.

Біздің ойымызша Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ресурстары жеткілікті қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарында гуманитарлық мамандықтар сияқты техникалық мамандықтар бойынша да кітапхана қорын жаңартудың бекітілген нормалары сақталмайды. Көптеген пәндер бойынша оқулықтар әзірленбейді немесе аз тиражбен басылады. Құқықтық пәндерге келетін болсақ оқулықтар жоқ десе де болады, себебі заңдар соңғы кезде күрделі өзгерістерге ұшырауда, сондықтан заңгер ғалымдар оқулықтарды дайындап үлгере алмайды. Ал қабылданған заңдар, құқықтық статистикалар, құқықтық ақпараттар арнайы ғаламторда, құзырлы мемлекет сайттарында электрондық жүйеде орын алады, оларға тек ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Экономикасы дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпараттандыру жағдайында білім алушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналады.

Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болды. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де презиндентіміз Н.Ә. Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын [2].

Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда.

Осындай жағдайда жоғары оқу орындарының түлектерін оқытып шығаруда оқытушының ақпараттық технологияларда біліктілік мәселесі маңызды.

Біздің ойымызша қазіргі таңда мұндай біліктілік оқытушыларға өте қажет, себебі қазіргі жастар мектеп партасынан бастап электрондық технологияларды жақсы меңгерген. Сондықтан оқытушылар білім алушылармен жеткілікті түрде ойдағыдай қарым-қатынас жасау үшін ақпараттық технологияларды меңгеруге міндетті.

Біріншіден әрине компьютермен жұмыс істеудің негіздерін үйрену: оның неден түратынын және оның әр-түрлі бөліктерінің не үшін керек екенін, Windows XP операциялық жүйесінде және (Microsoft Office (Word,Excel, PowerPoint бағдарламалық өнімнің пакеттерінде) жұмыс істеуді үйрену.

Екіншіден оқытушылар ақпараттық технологиялар аясында графикалық редакторларды білулері және меңгерулері керек, интерактивтік оқу әдістемелік материалдарды әртүрлі салаларда ( мысалы Moodle) құрастырып қолдана білу қажет, білім алушылардың білімдерін тестік құралдар арқылы бақылау, интернет-ресустарды әдістемелік дұрыс қолана білу, сонымен қатар білім алушылармен қашықтықтан қарым-қатынас жасау үшін желілік мүмкіншілікті қолдану (кеңес беру, тапсырма беру, үй жұмыстарын тексеріп шешім қабылдау және т.б.), бейне таспаға жазып дәрістер дайындау.

Электрондық ақпараттық материалдарды қолдану білім алушыларға бірнеше рет байқауға, көшіруге, әрі қарай өз қажеттілігіне қолдануға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар графикалық редакторды қолданып жасалған және түрлі-түсті түрде бейнеленген материалдар, бейне таспаға жазылған дәрістер білім алушылардың қызығушылығын туыдырып пәнді жақсы түсініп есте сақтауларына себебін тигізеді. Бұл әрине бір жағынан оқытушыға сабақта уақытын үнемдеуге және қосымша тақырыпты талқылауға көп мүкіншілік береді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабында білім беру жүйесінің міндеттері атап өтілген, солардың ішінде:

  • қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
  • жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту көзделген [3].

Заңда көрсетілген міндеттер қазіргі кездегі Интернет және жаңа компьютерлік технологиялардың дамуы өсу қарқындауына, сонымен қатар білім берудің де жаңа тәсілдерінің қарастырылуына, осы технологиялардың бірі болып қашықтықтан білім беру саналатындығына және соның ішінде Интернет технология көмегімен білім беруді кеңінен қолдану мүмкіншілігіне байланысты болып отыр. Интернет және деректер алмасу дамуына қатысты білім беруде электрондық конспектілер, энциклопедиялар, тестілер, глоссарилер, сауалнамалар, виртуалды зерттеулер және т.б. қатынасудың жаңа тәсілдерін құрастыру мен қолдану мүмкіндігі туып жатыр.

Компьютерлік желілер - біздің заманымыздың ең маңызды және қызықты технологияларының бірі болып саналады. Интернет ауқымды желілерге қосылған компьютерлердің саны миллиондармен өлшенеді (және бұл сан үнемі өсіп жатыр), осылайша Интернет көптеген қолданушыларға ақпаратпен алмасуға және бір бірінің есептеу ресурстарын пайдалануға мүмкіндігін беретін ауқымды коммуникациясын құрастырады. Сонымен қатар қазіргі кезде Интернет пен мобильді жәнесымсыз технологиялардың тығыз интеграциясы жүріп жатыр, ал бұл өз кезеңінде Интернеттің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл әрине қашықтықтан оқыту жүйесін әрі қарай дамытуға әсерін тигізеді.

Осындай кезеңде оқытушылардың жаңа электрондық технологияларды жетік меңгеруі, қашықтықтан оқыту жүйесінде сырттай қашықтықтан білім алатындардың білімдерін арттыруға көп үлесін қосады.

Бірақ ғылым саласында бірқатар шешілмеген проблемалар бар.

Ескірген материалдық-техникалық база және зертхана жабдықтары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Осыған орай Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығында алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажеттілгі көрсетілген болатын:

  • сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу;
  • білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
  • -педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту. Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымын қажетті жабдықтармен жарақтандыру: компьютердің жаңа түрлерімен, кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету және т.б. [4].

Өткен ғасырларда білім мәселесі ойшыл данышпандарды да ойлантқан, соның бірі ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының сол кездегі: «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,- деген сөзі бүгінгі күнгі қоғамға да қатысты екеніне көз жеткізуімізге болады [5].

 

Әдебиет

  1. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығы. ://adilet.zan.kz/docs/U010000735.
  2. ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық мұғалімдер съезінде сөйлеген сөзі. //www.edu.gov.kz/.
  3. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-IV Заңы): adilet.zan.kz//docs/Z070000319.
  4. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1000001118.
  5. Ақпараттық портал «abai.kz»://old.abai.kz/node/3.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.