Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері

Әлеуметтік қамтамассыз ету құқығының пәніне байланысты келтірілген алуан түрлі анықтамалар қамтамасыз етудің негізін құрайтын заң қатынастарының субъектілері мен қорларының көп түрлері және қарастырылатын заң қатынастарының заңды фактілері мен құқықтық нормалардың көптүрлілігіне негізделген.

Жалпы айтқанда бұл заң қатынастары ең алдымен, Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік құқықтарын іске асыруға бағытталған. Бұл құқықтардың заңды түрде республиканың нормативті құқықты актілерде іске асырылады, бірақ негізгі құжат Қазақстан Республикасының Конституциясы боп табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 28 бабында: «Қазақстан Республикасының азаматына жас шамасына қарай, ауырған жағдайда, мүгедектік, асыраушының жоқтығы, басқада заңды негіздемелерге әлеуметтік қамсыздандарулар мен ең аз мөлшерде зейнетақы төлеуне кепілдік беріледі,» - делінген.

Аталған әлеуметтік заңдылықтар Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік құқықтарының субъективті дараланған жүйесін құрайды, біздің ойымызша бұл жүйе Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған, бірақ түрақты мекендеп жатқан шетел азаматтарына да қатысты болуы тиіс, өйткені Қонституцияға сәйкес олар «...Республика құқығы мен еркіндіктерімен пайдаланады және міндеттеріне жауапты болады».

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәнін құраушы заң қатынастары арқылы адамның әлеуметтік құқығы іске асады.

Қазіргі таңда заң әдебиеттерінде ғалымдар әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәнін үш салаға бөліп қарастырады.

Бұл әлеуметтік қамсызандыру құқығының нормаларымен реттелетін процедуралық, материалдық, процессуалдық қатынастар.

Бұл ұстанымды К.Н. Гусов, Э.Г. Тучкова, Е.Н. Мачульская, М.Л. Захаров және басқалардың еңбегінде байқауға болады. Мысалы, М Л Захаров пен Э. Г. Тучкова еңбектерінде: «...әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәнін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі арқылы ішкі өнім таралуның негізіде пайда болатын материалды, процедуралық-процессуалдық қатынастардың күрделі кешені».

Әлеуметтік-қамсыздандыру заң қатынастарын талдау барысында біз бекітілген әдістерді басшылыққа ала отырып, ортақ, ұқсас мәселелерді, талдауға түсетін қатынастар ерекшеліктерін айқындауды, қатынастар жүйесінде олардың орнын тану сұрақтарды көтеруді мақсат еттік.

Әдебиеттеде бұл жайлы түрлі көзқарастар байқалады. Мысалы, Т.М. Кузьмина «әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қатынас ерекшелігін өмірде шын мәніндегі құқықтық нормаларымен байланысқан деп айқындайды». Бұл ерекшелік заң қатынастарының қоғамдық қатынастарға тән сипаттамаға ие.

Кейбір авторлар әлеуметтік қамсыздандыру құқықтарының ерекшелігін олардың мүліктік және алиментарлық сипаттамасына негіздейді.

Мысалы Р.И. Иванова. әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты материалдық қатынастар мүліктік қатынастар боп есептеледі, өйткені олар азаматтарға түрлі материалдық жағдай (зейнетақы, төлемақы, қызмет көрсету) жасаумен айқындаалады. Бұл сипаттама ерекшелегі мүліктік жағдайды әлеуметтік алиментация түрінде берілетіндігінде. Әлеуметтік - қамсыздандыру қатынастарына мүліктік сипаттама бере отырып, кейбір мәселелерді айта кету керек. Біріншіден, мүліктік қасиет басқа әлеуметтік қамсыздандыру қатынастарын басқалардан бөле алмайды, өйткені, «... салықтық заң қатынастарының ерекшелігі, оның мүліктік сипатқа иелігінде, ал салық қатынастарында мүліктік сипатқа иелегінде, ал салық қатынастарында мүлік ақша боп есепеледі».

Әлеуметтік - қамсыздандыру заң қатынастары кейде материалды емес жағдай туғызумен айқындалады, мысалы тегін дәрігерілік көмек, түрлі женілдіктер т.б.

Сонымен, әлеуметтік - қамсыздандыру заң қатынастарының ерекшелігін саралағанда, олардың өзгешелік сипатының еңбек қатынастарына негіздеп азаматтық - процессуалдық заң қатынастарының субъектісін сот деп белгілейді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңында зейнетақы жинақ қорларынан зейнетақы алушы зейнетақы жинақ қорларының жағдай туралы мәлімет алуға, зейнетақы жинақ қорларының қызметін сот арқылы арыздануға, өз үлесі және басқалар үлесіне ерікті зейнетақы төлемдерін жүргізуге, және жылына 2 реттен аспайтын мөлшерде өз жинағын басқа зейнетақы жинақ қорларына ауыстыруға құқылы (27, 28 б.б.). Ал зейнетақы жинақ қорлары өз тарапынан зейнетақы төлеуге, жеке зейнеткерлік жинақ пен төлемдерге есеп жүргізуге, кемінде жылына 1 рет және олардың сұраған жағдайында өз зейнетақы алуышыларына зейнетақы жинақтары жайлы мәлімет беруге міндетті, сондай ақ, Қазақстан Республикасының заңнамысына сәйкес келмейтін зейнетақы заңнамасының шарттарын өңдеуге және зейнетақы алуышының өтініші бойынша жинағын бір қордан екінші қорға аустыруға міндетті.

«Әлеуметтік қамсыздандыру (41б.2т.) заң қатынастарының ерекшелігі- барлық материалдық заң қатынастарының алдында жүретін қызмет көрсету мен қамсыздандыру түрлеріне бекітілген процедуралық заң қатынастары».

Р.И. Иванованың бұл ойымен келісетін жерлер бар. Әлеуметтік қамсыздандыру заң қатынастарына әлеуметтік қамсыздандыру пәнін құраушы материалдық процедуралық және процессуалдық қатынастарды жатқызған. Әрекет пен оқиға үйлесімділігі негізінде көптеген процедуралық

қатынастар материалдық заң қатынастарынан бұрын жүреді, мысалы адам ауруы мен өлімі т.б. Сонымен қатар процедуралық қатынасқа жатпайтын, яғни белгілі факт орнатуды мақсат тұтпайтын, бірақ әлеуметтік қамсыздандыру құқығымен реттелетін қатынастар болуы мүмкін. Олар салушы мен зейнетақы қоры, зейнетақы қоры мен жұмыс беруші арасындағы заң қатынастары.

Өз табиғатына сәйкес, олар алдын алушы немесе қосарланушы (жанама) әулеметтік-қамсыздандыру заң қатынастары боп келеді.

Әлеуметтік қамсыздандыру заңнамаларының ерекшелектері мен нышандарын терең талдай отырып, олардың созылмалы қасиетін айтқан жөн. «Көптеген әлеуметтік қамсыздандыру заң қатынастары – созылмалы боп келеді».

Бұл ерекшелік әлеуметтік қамсыздандыру құқығының орындалуымен, немесе белгілі міндетті атқарумен аяқталып қоймайды, біраз уақытқа созылуы мүмкін. Тек белгілі оқиғалардың іске асу нәтижесінде - өлім, айығу, жас шамасына жету барысында ғана тоқтауы мүмкін.

Жоғарыда айтылғанға қорытынды жасап, айтар болсақ, мына жағдайларды атауға болады:

Әлеуметтік – қамсыздандыру заң қатынастары ерекше белгілері бар материалдық заң қатынастарын құрайтын топ боп танылған.

Әлеуметтік – қамсыздандырудың айырмашылық қасиеттері, біздің ойымызша:

а) олардың ерекше субъективті құрамын;

б) пайда болу болжамдарын;

в) адам құқығы мен жүмыс беруші заң қатынастарының мазмұны.

г) әлеуметтік қамсыздандыру қатынастарының құқықтық көп салаларының құраушы пәні болатыны.

Қандай сала болсын тек бір жақты қатынастарды реттемей, олардың баска да қоғамдың қатынастарына ықпал етеді. Бұл құбылыс әлеуметтік қамсыздандыру заң қатынастары мен оларды реттеуші құқық жүйелілігімен түсіндіріледі.

Әлеуметтік – қамсыздандыру заң қатынастарының ерекшелегі олардың бір мақсаттылығымен айқындалады. Бұл ерекшелік, біздің ойымызша, адам құқығын іске асыруды мақсат тұтқан әлеуметтік-қамсыздандыру заң қатынастарының белгілі бағыттылығы боп саналады.

Әлеуметтік – қамсыздандыру заң қатынастары, көбінде ұзақ мерзімді сипатқа ие, яғни азаматтардың (отбасылардың) мүліктік немесе мүліктік емес қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің өзгеру салдарынан зейнетақы әлеуметтік қамсыздандыру заң қатынастары жеке (дара) – жинақ сипатқа ие болады. Енбекке жарамсыз жағдайда жұмысшылардың әлеуметтік қамсыздандырылуы жұмыс берушінің есебінен, ал болашақта міндетті сақтандыру жүйесінің қаражатынан беріледі.

Әлеуметтік салық төлеуші ұйымдарда жұмыс істеушілер әлеуметтік сақтандыру (асыраушы жоқтығы мен жұмыс жоқтығы) жүйесіне қатыстыболады. Бұл сақтандыру жүйесінің қаржылануы жұмыс беруші мен жұмыскер қаржы есептерінен жүргізіледі. Ұсынылған тұжырым Қазақстан Республикасы халықтарын әлеуметтік қорғау Концепциясы Жобасындағы мақала мәтіндерінен алынған жоба 2001 жылғы 27 маусында. Үкіметтің бекітуімен негізделеді.

Сонымен әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастары әлеуметтік қамсыздандыру заңнамасының көптеген басқа материалдық және іс жүргізу құқықтық қатынастарымен тығыз байланысты нормаларымен реттелген құқықтық қатынастардың ерекше түрі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастары бір құқықтық қатынастарға негізделуі мүмкін, келесі біреуінен келіп шығуы мүмкін, оларды іске асыруды реттемелеу үшіншісіне байланысты болуы мүмкін. Олар төртіншісінің алғы шарты және тіпті бесіншісінің бөлігі болып табылуы да мүмкін. Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастары жан-жақты сипатқа ие, басқа құқықтық қатынастардан өздерінің құрылымына және мақсаттық бағытына қатыстысын ғана алады. Олардың пайда болуы, іске асуы, дамуы күрделі және құқықтың әртүрлі саласының мәнісіне кіретін басқа қатынастармен үнемі шектесіп жатады. Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастарының айқындамасына нақ осы тұрғыдан келу керек.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығына арналған заң әдебиетіне біз жүргізген талдау әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастарының айқындамасына әртүрлі көзқарасты анықтайды.

Мысалы, В.С.Андреев әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастарына нақты айқындама бермейді. ―...әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың осы құқық саласының мән-мағынасына енетін қоғамдық қатынастардың қанша түрі болса, сонша түрі бар‖. Е.Н.Голенко және В.И.Ковалевте осы сияқты көзқарасты білдіреді. “Құқықтың осы саласының мән-мағынасына енетін қоғамдық қатынастардың қанша түрі болса, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша сонша қатынастары бар‖. Авторлар пікірі тоғысып жатыр, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қандай да бір қатынасын бөлу мүмкін емес, оның мән-мағынасын әртүрлі қатынастар құрайды, оларда субъектілердің пайда болу негіздері, мазмұны әртүрлі болып келеді, бұл әрине құқықтық қатынастардың осы түрін айқындау үшін қалыптаманы бөлуде қиындық тудырады.

“Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынас бұл мемлекеттік органдар және жеке тұлғалардың арасында ақша қаражатын, қызметтер немесе жеңілдіктер ұсынуға байланысты пайда болатын құқықтық нормалармен реттелген қоғамдық қатынас” Келтірілген айқындама әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастарының субъектілер аясын шектейді – мемлекеттік органдар және тұлғалар, бұл өте дұрыс емес сияқты. Қаралатын құқықтық қатынастар басқаша болуы да мүмкін, мысалы, зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары және жеке тұлғалардың арасында, жұмыс беруші (ол тек мемлекеттік орган болмауы да мүмкін) және еңбекке қабілетсіз қызметкердің арасында жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік жәрдемақы төлеу мәселесібойынша. Бұған қоса біздіңше бұл құқықтық қатынастар тек ақша қаражатын, қызметтер немесе жеңілдіктер ұсыну бойынша ғана емес, әлеуметтік қамсыздандырудың нақты түрлерін заттай ұсынумен байланысты пайда болуы мүмкін.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастарының дәл осыған ұқсас айқындамасын А.П.Толмачев және Д.И.Платонов ұсынады. “Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар мемлекеттік органдар (немесе жұмыс берушілер) және жеке тұлғалардың арасында ақшалай төлем, қызметтер, жеңілдіктер, оған құқықтары болса, ұсынуға байланысты пайда болатын құқық нормаларымен реттелген нақты қатынастар”

К.Н.Гусовтың берген айқындамасы салыстырмалы түрде дұрыс көрінеді: “Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастар азаматтардың (отбасылары) әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау органдарымен зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік өтемақы тағайындау және төлеу, заттай түрде әлеуметтік қызмет ұсыну мәселелері бойынша әлеуметтік қамсыздандыру құқығы нормаларымен реттелген әлеуметтік қамсыздандыру қатынастары. Бұл әлеуметтік қамсыздандыру құқығы субъектілерінің заңдық байланыстары оларды бірінші субъект – азамат (отбасы) әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түріне өзінің құқықтарын іске асырады, ал екінші субъект – әлеуметтік қамсыздандыру субъектісі осы іске асыруды қамтамасыз етуге міндетті”. Бұл жерде әлеуметтік қамсыздандыру органдары деп азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырудың әртүрлі түріне құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге заңмен міндеттелген барлық әртүрлі органдарды түсіну керек. Бұл жағдайда құқықтық қатынастарды анықтағанда бір жағынан бір субъектілердің әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түріне жекелеген құқықтары және екінші жағынан екінші субъектілердің осы құқықтарды қамтамасыз ету міндеттеріне қатысты мазмұны салыстырмалы түрде дұрыс ашылған. Алайда бұл мазмұн материалдық-әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастарына сәйкес келеді. Мысалы, объектісі жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы болып табылатын зейнетақылық құқықтық қатынастардың мазмұны азаматтың зейнетақымен қамсыздандыруға құқығы және тиісті зейнетақы қорының осы құқықты қанағаттандыру міндеті болып табылады. Сөйтіп жеке тұлға мен отбасын әлеуметтік қорғауға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастары субъектілері ретінде бөлу негізді көрінеді.

Алайда жеткілікті материалдық базасыз, экономикалық дамудың жоғары деңгейінсіз тіпті ең ізгі қатынас толықтай іске асырылмай қалады. Сөздің дәл мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру “қоғам тарапынан әлдекімге тұрмысқа жеткілікті материалдық қаражатты ұсыну” деп түсіндіріледі. Мұндай түсінік әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж адамдар тобын айқындамайды, алайда маңызды ерекшеліктерді айқындайды, әлеуметтік қамсыздандыру қоғам тарапынан ұсынылады, ол жеткілікті болуы тиіс, материалдық қаражат өмірдің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі уақытта заңгерлік әдебиетте әлеуметтік қамсыздандырудыңмемлекеттік сипаты туралы пікір басымдыққа ие. “Әлеуметтік” түріндегі қамсыздандыру сипаттамасы мемлекеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады дегенді білдіреді. Бұл ерекшелікке әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы барлық отандық мамандар көңіл аударған. Ол бүгіндері де сақталған, өйткені қаржыландыру көзі мемлекетке тиесілі қаражат болып қалып отыр (әртүрді деңгейдегі бюджеттер қорлары)”. Бұл сипаттама бүгінде Ресейдегі және ТМД-ның барлық мемлекеттеріндегі дерлік жағдайға сәйкес келеді, онда Ресей Федерациясының 20.11.90 ж. № 340-1 ―Ресей Федерациясындағы мемлекеттік зейнетақылар туралы” заңмен реттелетін мемлекеттік зейнетақылар жүйесі алда келеді Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесінен жеке жинақтаушы жүйеге ауысу жүргізілуде.

Сөйтіп қазіргі уақытта әлеуметтік қамсыздандыруды тек мемлекеттік қамсыздандырумен байланыстыруға болмайды, ол жеке зейнетақы қорларына көбірек тәуелді бола түсуде.

К.Н.Гусов: “Әлеуметтік қамсыздандыру ұғымын қалыптастырғанда оның мемлекет дамуының осы кезеңіндегі әлеуметтік саясаттың көрінісі болып табылатынын ескеру керек. Әлеуметтік басымдықтардың өзгеруі әлеуметтік қамсыздандыру ұғымының мазмұнындағы өзгерістерге әкеп соғады” деп дұрыс пікір айтады.

Жеке тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру ақыр соңында әлеуметтік саясат мақсаттарын орындауы тиіс. Біздіңше бұл тұрмыстың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету. “Жеткілікті” дегенді осы кезеңдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес материалдық қаражатты, сондай-ақ жеңілдіктер, қызметтер, заттай көмек, өтемақы және жәрдемақыны әлемдік стандарттарға сәйкес ұсыну деп түсінеміз. Мұндай стандарттар 1948 ж. жалпыға ортақ адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының декларациясы, 1973 ж. 18 қыркүйектегі Халықаралық адам және азаматтың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы пакт болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мұқтаждарға атаулы әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған. Әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түрін ұсынғанда одан үміткер тұлғаның барлық тұрмыс жағдайлары анықталады, бұл міндет қандай да бір заңдық фактіні анықтайтын немесе тексеретін органға жүктеледі, осыған байланысты әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық қатынастары пайда болады. Әлеуметтік қамсыздандыру тек заңда тізімі келтірілген белгілі бір адамдарға ғана беріледі, оларға мүгедектер, жүктілік кезіндегі және туғаннан кейінгі аралықта әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және басқалар жатады. Келтірілген тұлғалар тобы әлеуметтік қамсыздандыруды алушылардың субъектілік құрамын айқындайды.

Сөйтіп әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түрін ұсынуға байланысты (зейнетақы, жәрдемақы, өтемақы және т.б.) материалдық құқықтық қатынастарды ғана әлеуметтік қамтамасыз етушілікке жатқызуға болады.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.