Қазақ қоғамындағы дәстүрлі басқару жүйесіндегі тархандар институты өз бастауын ертеден алғанымен, XVIII ғасырда патшалы Ресейдің қазақ даласына енуімен түбегейлі өзгеріске ұшырады. Міне, осы кезеңде қазақтың белгілі батырларын патша үкіметі саясатына және Жоңғар бағытына тарту мақсатында тархандық атақты беру дамытылды. Әдетте бұл атаққа елдің белгілі азаматтары тартылды. Мақала арқауы Қазақ қоғамындағы XVIII-XIX ғғ. тархандар институты тарихының зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолу.
Қазақ қоғамын басқарудың дәстүрлі институттарының тарихы қай кезеңде де зерттеушілердің назарын өзіне аударған. Дегенмен, олар тиянақты зерттелді, бар материалдар жинақталды деу қиын. Тархандар институтына қатысты деректер қазақ даласының тарихына көңіл аударған алғашқы зерттеушілердің назарына түскен. Бұған П.И.Рычков [1], П.И.Рычков Н.П.Рычковтар [2], Е.К.Мейендорф [3], А.И.Левшин [4], В.В.Вельяминов-Зернов [5], И.Ф.Бларамберг [6], И.Г.Андреев [7] еңбектері куә.
1771 жылы Жоңғарияға қарай қашқан Еділ қалмақтарын қуған арнайы жасақталған әскери қосынының офицері П.И.Рычковтың еңбегінде алғашқы қазақ тархандары Арғын Жәнібек пен Тама Есет туралы, олардың қазақ- орыс қатынастарындағы елшілік қызметтері туралы мәліметтер келтірілсе [1, с. 39; 73; 88], ағайынды Рычковтардың «Капитан жазбалары» атты кітабында: 1771 жылы Еділ бойы қалмақтарының Жоңғарияға қарай үдере көшуінде Шақшақ Жәнібекұлы Дәуітбай тархан өзінің адамдарымен Торғай өзеніне қарай бет алаған қалмақтарды шайқасу үшін тосқандығы. Қырдағы халықтардың бәрінде тархан деген атақ кінәздіктің дәрежесі. Халық ішінде олардың күші ханнан асып түспесе кем түспейдігі туралы айтылады [2, 58 б.]. Зерттеуші Е.К.Мейендорфтың Орынбордан Бұхарға барған сапарында жинаған материалдарының жазбасы Кіші жүз өңіріндегі қазақ тархандары Жүсіп Сырымұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Жәнібек тарханның немересі Мұса Дәуітбайұлы т.б. тархандар қызметі туралы біраз деректер қалдыруымен құнды [3]. В.В.Вельяминов-Зернов XVIII ғасырдағы башқұрт қоғамындағы тархандық институт тарихына қатысты зерттеу жүргізді [5]. Әскери санақшы И.Ф.Бларамберг: «Жоламан тархандар бастаған көтерілісшілер бірнеше рет үлкен қол жинап, ата-қоныс үшін соғысып қан төкті. Ата қоныстан айырылғанша, жан қиғанды қалағандары» [6, с. 96] туралы жазады. И.Г.Андреевтің еңбегінде патша үкіметінің бекініс маңындағы халықтарды өз саясаттарын қолдауға тарту үшін жылына 1000 рубль қаржы бөлгендігі, соның ішінде Құлсары тархан мен Құлекебатырларға 100 рубльден ақшалай сыйақы беріп тұрғандығы туралы деректер бар [7, с. 112].
ХІХ ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі шенеуніктері мен әскерилеріне арнайы тапсырмамен отарланушы аймақ тарихын жаздыра бастады. Ондай еңбектер қатарына Л.Мейер [8], И.И.Крафт [9], В.Н.Витевский [10], А.И.Добросмыслов [11] зерттеулерін қосуға болады.
XVIII-ХІХ ғасырлардағы дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік институттар тарихын тануда Ш.Ш.Уәлиханов [12], С.Бабажанов [13], Ы.Алтынсарин [14], А.Құнанбаев [15], еңбектерінің орны ерекше. Ш.Уәлиханов Арғын Малайсарының XVIII ғасырда Жоңғар билеушілерінің тарапынан тархандық алғандығын және тархандық грамотаны берулерінің себебін тұтқындағы Абылай сұлтанды босату мақсатындағы елшілік келіссөздердің нәтижесімен байланыстырады [12, с. 319].
Тақырыпқа қатысты жаңа зерттеулер легі кеңестік биліктің орнауы кезеңінде дүниеге келді. Бастапқы кезеңде жазылған Х.Досмұхамедұлы [16], Г.Галузо [17], Т.Шонанұлы [18], К.Кемеңгерұлы [19], еңбектері қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымның тарихына қатысты біраз мәселені жаңартты. Х.Досмұхамедұлы еңбегінде [16] Тама Есет тарханның арғы аталарына байланысты деректер сараланса, Т.Шонанұлы еңбегінде, Жәнібек тарханның немересі Шеген би Мұсаұлының Жоғарғы – Шекті бөлімін басқарғаны туралы деректер береді. [18, 62 б.] К.Кемеңгерұлы [19], еңбектерінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отаршылдық саясатындағы қазақ жеріне қатысты мәселесі тыңғылықты талданады автордың ебегі қазақ тархандарына патша үкіметінің жер мен жайылым, тоғайларды пайдаланғаны үшін алым-салық төлемейтін құқықтық пәрменділік берулеріндегі саяси ұстанымдарын талдауға қажетті мәліметтері деректілігімен құнды.
Кеңестік үкімет билігі орныққаннан кейінгі 1920-1940 жылдар аралығында қазақ тарихына XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың 60 жылдарына дейін өмір сүрген қазақ тархандарының саяси-қоғамдық қызметтері туралы жаңа деректер айналысқа түсе бастады. Бұл бағытта А.Ф.Рязанов [20], А.П.Чулошников [21], М.Тынышбаев [22], С.Асфендияров [23] еңбектерін атап өтеміз. А.Ф.Рязанов еңбегінде [20], Сырым тархан Датұлы мен Тіленші тархан Бөкенбайұлдары бастаған ұлт-азаттық қозғалысын зерттеуде тарихи тұлғалар қызметіне қатысты мәліметтер деректілігімен маңызды. Дегенмен, автор А.И.Добросмыслов [11], А.И.Левшин [4], пікірлерін қайталап, Сырым тарханды қазақтың дәстүрлі хандық басқару институтына қарсы хандық билікті жоюдағы реформатор етіп көрсетпекші болды. Ал, А.П.Чулошников қазақ-башқұрт қатынастары тарихын зерттеп, 1755-1756 жылдардағы башқұрттардың ұлт-азаттық қозғалысы кезеңіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын сынға алды. Ол И.И.Неплюевтің башқұрт-қазақтарды араздастыруының отаршылдық айлаларына назар аударды. Сонымен қатар еңбектегі Тама Есет тархан қазасына қатысты тарихи шежірелік деректерді анықтауда патша үкіметіне қарсы 1755-1756 жылғы башқұрт халқының ұлт- азаттық көтерілісін ұйымдастырушыларды тауып, жазалау туралы 1757жылғы арнайы бұйрығы мәліметтері деректілік маңызымен құнды [21, с. 108]. С.Асфендияров қазақ-башқұрт сынды бауырлас халықтардың патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бас көтерулерінің себептерінің ахуалын ашып көрсетті [23, 49-50 бб.]. Сонымен қатар автордың башқұрт тархандарының қазақ жеріндегі Есет тархандар бастаған Жетірудың батырларымен біріккен жасақтар құрған келісімдері туралы тарихи деректері тархандар қазметін анықтауда маңызы ерекше [23].
Кеңестік кезеңде Е.Б.Бекмаханов [24], М.П.Вяткин [25] зерттеулері де жарық көрді. Е.Бекмаханов Тіленшіұлы Жоламан тарханның патша үкіметіне қарсы жариялаған соғыс тарихын зерттеген болатын [24], кейіннен Жоламан тархан Тіленшіұлы туралы зерттеулер көп уақыт бойы іркіліп қалғанымен, еліміздің телсіздік алуымен қайта жанданды. Автор монографиясында қазақ қоғамындағы сұлтандар институты жүйесінің түпкілікті өзгеріске ұшырағандығының себеп-салдары көрсетілді. Е.Б.Бекмаханов патша үкіметінің қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік жүйесін жою барысындағы саясатын, ішкі қарым-қатынасты шиеленістірудің айла- амалдарын дәл анықтады. Е.Бекмахановтың монографиясында, Дәуітбай Жәнібекұлына әскери коллегия жарлығымен 1759 жылы тархан атағы берілгендігі туралы деректер бар [24, с. 42]. Сонымен қатар ғалым XVIII ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына айрықша мән берді. Тархандар институты тарихына қатысты М.П.Вяткиннің Сырым батыр монографиясы [25] бүгінге дейін құнды еңбектер қатарында. М.П.Вяткин Есет тарханның қайтқан жылын анықтуда жаңсақтыққа жол берген. Ол өзінің зерттеуінде Есет тархан 1746-1751 жылдар аралығында қайтыс болған [25, с.146]. Есет тархан Көкіұлы туралы деректер мұрағат жазбаларында 1746 жылға дейін ғана кездесетіндігін [25, с. 146] жазған болатын. Бүгіндегі соны зерттеулер тама Есет тарханның 1757 жылы қайтқандығын анықтады [26]. Біз үшін, М.П.Вяткин еңбегі, Сырым Датұлы мен Тіленші Бөкенбайұлына тархандық грамота берілгендігі туралы деректілігімен құнды [25,130-135 бб.]. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары, қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік жүйесі, шаруашылық жайы Н.Г.Аполлова [27], С.Е.Толыбеков, [28], В.Я.Басин [29], С.З.Зиманов [30], Р.Б.Сулейменов, В.Я.Басин [31], Т.Ж.Шойынбаев [32], А.Н.Нүсіпбеков [33], Г.И.Семенюк [34], Н.Е.Бекмаханова [35], А.Сабырханов [36], Р.Б.Сулейменов, В.А.Моисеев [37], еңбектерінде көрініс тапты. Н.Г.Аполлова XVIII ғасырдағы қазақ тархандары Шақшақ Жәнібек пен Тама Есеттің қоғамдық ортадағы беделдері ханнан кем болған жоқ деген баға берген [27], Сонымен бірге алғашқы қазақ тархандарының қазақ-орыс қатынастарына байланысты қоғамдық-саяси қызметтерінен мол деректік мәліметтер береді. Мәселен, В.Я.Басин зерттеуінде «протектор», «бодан» тарихи терминдеріне Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты мысалында талдау жасап, Ресейге қосылған жылдардан бастап «бодан» болды [29 с. 206], деген саяси ұстанымның қате пікір екендігін дәлелдесе, С.З.Зиманов дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылым жүйесінің тарихына қалам тартты. Авторқазақ қоғамындағы әлеуметтік инститттардың қалаптасуы мен дамуын саралай келіп, паташа үкіметі тұсындағы дәстүрлі әлеметтік институттардың дағдарысының саяси себептерін көрсетті [30]. Н.Е.Бекмаханованың монографиясында, 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған орыс шаруаларының соғысына қатысқан Дәуітбай тархан бастаған қазақ жасақтарының соғыс қимылдары және Атығай Құлсары тархан жөнінде деректік мәліметтер келтіреді [35, с. 172]. Ал Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев зерттеулері Арғын Малайсарының жоңғарлар тарапынан тархандық алғанын сұлтан Абылайдың тұтқында болған кезіндегі қалмақ бағытындағы елшілік қатынастар нәтижесінде берілгенін қуаттайды [37, с. 38].
Қазақ тархандарының ата-бабаларына қатысты шежірелік деректер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы [38], С.Е.Толыбеков [39], Х.Маданов [40], Х.Б.Табылдиев, А.Қалмұратов [41], т.б. шежірелік еңбектерінде бар. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шежірелік нұсқасында Арғын руының аталық шежірелерін тарата келе Малайсары тарханның өмірі мен қоғамдық- саяси қызметіне қатысты деректер кездеседі [38, 35-36 бб. ], С.Е.Толыбеков, Х.Маданов шежірелерінде Жәнібек және Есет тархандардың ата тегіне, олардан тараған ұрпақтарына қатысты тарихи шежірелік деректер берілген. Дегенмен, шежірелік деректерді мұқият пайдаланған жөн. Мәселен, Х.Б.Табылдиев, А.Қалмұратов шежіресінде «...1743 жылы 28 мамырда патша әмірімен Есет батырға, оның үрім-бұтағына мұра болып қалатын тархан атағын берді», — деген [41,106-107 бб.]. Біздің зерттеуіміз бойынша, Көкіұлы Есет ұрпағына мұраға қалатын тархандық берілмегені анықталды [42]. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған жылдардан бастап жарық көрген тарихи еңбектер қазақ қоғамындағы XVIII-XIX ғасырлардағы тархандар институты тарихына қатысты мәселеге жаңа қырынан келді. Нақ осы кезеңде өткен тарихымыз ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеле бастады. Зерттеп отырған кезеңімізге байланысты М.Қ. Қозыбаев [43], К.Л.Есмағамбетов [44], Ж.Қ.Қасымбаев [45], З.А.Алдамжар [46],
Х.М.Әбжанов [47], С.М.Мәшімбаев [48], Мажитов С.Ф. [49], М.Ж.Абдиров [50], В.З.Галиев [51], М.У.Шалекенов [52], Ж.О.Артықбаев [53], И.В.Ерофеевалардың [54] ғылыми еңбектері елдің рухани игілігіне айналды.
Аталған тарихшы ғалымдар еңбектері тарихи тұлғаларға қатысты маңызды мұрағаттық мол деректермен қатар, XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттар тарихына қатысты мәліметтер тархандар институтына қатысты қорытынды ой-пікірлер түйіндеуге мүмкіндік беретін деректілігімен маңызды. Бұл арада К.Есмағамбетовтың Әбілқайыр ханмен оның жанындағы қазақ батырларына қатысты қазақ жерінде болған ағылшын саяхатшыларының мәліметтерін қазақ тілінде сөйлетуімен ерекшеленеді [44]. Ж.Қасымбаевтың зерттуелері тархандар мен қазақ хандары, сұлтандары арасындағы байланыстарды талдауымен маңызды [45]. З.А.Алдамжар еңбегінде Сырым батыр мен Нұралы хан арасындағы туыстық қатнастарының мәселелері қамтылған [46]. Ал, Х.М.Әбжановтың: «Сырым Датұлы объективті қажеттіліктен дүниеге келген хандық билікті құлату үшін қол жиған жоқ, отарлаушылардың сойылын соғып, ақсүйектік, ұлтжандылық тарихи-табиғи болмысынан ажыраған Нұралы ханды нысанға алып, биліктен тайдырды» [47, 160 б.], деген пікірлері Сырым тарханның хандыққа қатысты күрестегі көзқарасын анықтай түседі. С.Мәшімбаев зерттеулерінде Сырым тархан хандықты жойып, халық басқаратын мемлекет құруға әрекет жасады. Сырым Датұлы өз заманында ұлы реформатор бола алды. Бұған дәлел «Халық кеңесі» аталатын ел билеудің жаңа формасын дүниеге әкелгендігі және бұл билік формасы - қазақ халқының тарихында ғана емес, жаңа тарих заманындағы өркениетті елдерінің өзінде жүзеге аса қоймаған демократиялық ел басқару идеясының өмірге келуі болатын десе [48, 15 б.], С.Мажитов
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың барлық кезеңдерінде мемлекеттілік басты орын алды. Егер де азаттық қозғалыстардың алғашқы кезеңдерінде мемлекет басына әділетті хан қою мәселесі тұрса, Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалысында хандық билік жүйесін жою мен орталықтанған қазақ мемлекеттігін сақтап қалу мәселесі тұрды [49, с. 4243] дейді. Автордың бұл пайымдары Сырым тархан бастаған ұлт-азаттық қозғалысын жаңа тұрғыдан саралаған пікірлері қазақ қоғамындағы тархандар қызметін жаңа қырынан таныта түсті. М.Ж.Абдиров еңбегінде, Елек бойындағы жер үшін, табын Жоламан тархан бастаған қазақтардың қозғалысынан қорыққан патша үкіметі 1822 жылдың наурыз айында Елек өзені бойына қазақтардың 15 шақырым жақын көшіп келулеріне тыйым салу туралы жарлық шығарғандығы туралы мәліметтер бар [50, с. 165]. И.В.Ерофеева зерттеулерінде Әбілқайыр ханға тірек болған Тама Есет пен Шақшақ Жәнібек тархандардың қоғамдық-саяси қызметтеріне қатысты декректер молынан кесдеседі [54]. Қазақ тархандары тарихына қатысты зерттеу біраз мәселелер Т.З.Рысбеков [55], Б.Қ.Бірімжаров еңбектерінде көтерілді [56]. Мәселен, Т.З.Рысбеков зерттеуінде тархандар тарихына қатысты Жоламан Тіленшіұлы тарханның ұлт-азаттық күрестегі рөлі мен оның орыс отаршылдығына қарсы күрескен Исатай, Махамбет, Есет батырлармен, Кенесары, Қайыпқали сұлтандармен байланыста болғандығы дәлелденді [55, 211-214 бб.]. Бұл бағытта Ә.Қ.Мұқтардың зерттеулерін ерекше атап өтуге болады. Зерттеуші Арғын Жәнібек, Тама Есет, Сырым Датұлы, Алаша Сыпыра, Жүсіп Сырымұлы, Қазы Сырымұлы, Жоламан Тіленшіұлы т.б., тархандардың қоғамдық-саяси қызметтері туралы бірсыпыра отандық, ресейлік мұрағат қорларындағы тың деректерді ғылыми айналысқа қосты [57].
Тәуелсіз елдің тарихы тұрғысынан жазылған монографиялық зерттеулер мен қорғалған кандидаттық диссертацияларда қазақ тархандарының өмірі мен қызметіне байланысты біраз деректер қамтылды. Солардың ішінде Ғ.Е.Қарабалин монографиясында, ХІХ ғасырдағы Бөкей Ордасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына, хан тарапынан салықтан босатылған әлеуметтік топтардың құрамына, Бөкейлік тархандар тарихына назар аударса [58], Ұ.Т.Ахметова монографиясында, Жүсіп тарханСырымұлы мен Арынғазы хан байланысына, Табын Жоламан тарханның қоғамдық-саяси қызметі талданады [59].
Билер институты тарихынан А.Оразбаеваның [60] диссертациясы қорғалды [60]. А.Оразбаева кандидаттық диссертациясында алғашқы қазақ тархандары туралы: «...Ал, XVIII ғасырда қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында біршама уақыт маңызды орын алған тархандық институт, орыс өкіметі тарапынан таңылған, дәстүрлі әлеуметтік иерархияға жат жасанды құбылыс болатын. Айта кетуге тиіспіз, тархандық лауазымына тұңғыш рет 1742 жылы Жәнібек батыр ие болғаны белгілі, ал 1743 жылы осындай атақ Есет батыр Көтібарұлына, 1745 жылы Жәнібек тарханның ұлы Дәуітбайға да берілді» [60, 84 б.] - деп жазылған. Дегенмен, автор Есет Көкіұлы мен Есет Көтібарұлын шатастырған. Соны зерттеулер бойынша, Дәуітбай тарханға тархандық атақ 1759 жылы берілгені анықталды [61]. Соны зерттеулер бойынша, XVIII-XIX ғғ. қазақ қоғамындағы ұлтжанды, отаншыл тархандар есімдері анықталып, тізімдері жасалды [62].
Қорыта келгенде, аталған еңбектердің барлығы қазақ қоғамындағы тархандар институтының тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуде жаңаша саралауға, ой-елегінен өткізуге мүмкіндік береді.
Әдебиет
- 1 Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. - Оренбург: Типография. Бреслина Б.Б, 1887. - 406 с.; Соныкі, История Оренбургская (1730-1750), - Оренбург: Типо-литография Ив. Ив. Ефимского-
- Мировицкого, 1896. - 95 с.
- Рычков П.И., Рычков Н.П. Капитан жазбалары. - Алматы: Ана тілі, 1995. - 104 б.
- Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. - М.: Наука, 1975. - 180 с.
- Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. - Алматы: Санат, 1996. - 656 с.
- Вельяминов-Зернов В.В. Исторические известия о киргиз-кайсаках и сношение России со Средней Азией со времени кончины Абулхайрхана. (1748-1765). // Оренбургские губернические ведомости. 1853. №4-48; Соныкі, Источники для изучения тарханства, жалованного башкирам русскими государями. - СПб., 1865. - 48 с.
- Бларамберг И.Ф. Военно-статическое обозрение земли киргиз- кайсаков Внутренней (Букеевский) и Зауральской (Малой) Орды Оренбургского ведомства // Военно-статическое обозрение Российский империи. Т. 16. ч - 1, СПб., 1848. - 322 с.
- Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. - Алматы, 1998. - 280 с.
- Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. - СПб., 1865. - 288 с.
- Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. - Оренбург, 1898.
- Витевский В.Н. И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г. - Казань. 1897. Т.1. - 292 с.; Т. 2. - 293-616 с.; Т. 3. - 201 с.
- Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. - Оренбург, 1900. - 524 с.; Добросмыслов А.И. Материалы по истории России. - Оренбург, 1900. Т.1. - 303 с.; Т.2. - 80 с.; Добросмыслов А.И. Суд у киргиз Тургайской области в XVIII-XIX веках. - Казань, 1904. - 105 с.
- Валиханов Ч.Ч. Абылай // Валиханов Ч.Ч. Соб. Соч. в пяти томах. -Алматы: Главная редакция Казахской Советской энциклопедии: Т.4. 1985. - 463 с.
- Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. - Аламаты: Қазақстан, 1993. - 80 б.
- Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. - Алматы: Қазақстан, 1991. - 80б.
- Құнанбаев А. Шығармалар. Екі томдық. - Алматы: Жазушы, 1968. Т.1. - 320 б.; Т. 2. - 250 б.
- Досмұхамедұлы X. Аламан. - Алматы: Өлке, 1991 - 256 б.
- Галузо И.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг. - Алма-Ата «Наука», 1965. - 347 с.
- Шонанұлы Т. Жер тағдыры - ел тағдыры. - Алматы: Санат, 1995. - 224 б.
- Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы. - Алматы: «Өлке», 2002. - 240 б.
- Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа (1797-1838 гг.) - Кзыл-Орда: Общество изучения Казахстана, 1926. - 298 с.; Рязанов А.Ф. Батыр Сырым Датов. // Советская Киргизия. 1924, №10. - С.94-113.
- Чулошников А.И. Восстание 1755 г. в Башкирии. Издательство АН СССР М.- Л., 1940. - 108 с.
- Тынышпаев М. История казахского народа. - Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993, - 224 с.
- Асфендьяров С. История Казахстана. - Алма-Ата: Қазақ Университеті, 1993. - 304 с.
- Бекмаханов Е.Б. Ирисоединение Казахстана к России. - М.: АН СССР, 1957. - 342 с.; Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында (оқу құралы) -Алматы: Санат, 1994. - 416 б.; Бекмаханов Е.Б. Царское правительство и институт султаната среднего жуза в ХІХ веке // Известия АН КазССР серия общественная №2. Изд. наука КазССР. Алма- Ата 1968. - 34-40 с.
- Вяткин М.И. Батыр Сырым. - М. Л.: Изд-во АН СССР, 1947 - 390 с.; Вяткин М.И. Очерки по истории Казахской ССР. Том первый с древнейших времен по 1870 - ОГИЗ Госполитиздат 1941. - 368 с.
- Исенов Ө.И. Тама Есет батыр (Опат болған жылы мен жұмбақ өлімі хақында) // Қазақ тарихы ғылыми-әдістемелік журнал - 2008. №5-6. - 27-30 бб.
- Апполова Н.Г. Ирисоединение Казахстана к России в 30-х годах XVIII в. - Алма-Ата: АН ССР, 1948. - 254 с.; Апполова Н.Г. Экономическиеи политические связи Казахстана с Россией в XVni-начале XIX в. - М.: АН СССР, 1960. - 456 с.
- Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в XVII-начале XIX века. - Алма-Ата: Наука, 1971. -633 с.; Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в XVII - начале XX века. - Алма-Ата: «Наука», 1971. - 350 с.
- Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в XVI-XVIII вв. (Казахстан в системе внешней политики Российской империи). - Алма-Ата: «Наука», 1971. - 276 с.
- Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XVIII и первой половины XIX веков. - Алма-Ата: «Наука», 1960. - 294.; Соныкі, Россия и Букеевское ханство. - Алма-Ата: Наука, 1982. - 171 с.
- Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России XVIII - начале XX века. - Алма-Ата: Наука, 1971. - 274с.
- Шойынбаев Т.Ж. Прогрессивное значение присоединения Казахстана к России. - Алма-Ата, «Казахстан», 1973. - 248 с.; Шойынбаев Т.Ж. Добровольное вхождение казахских земель в состав России - Алма- Ата, 1982.- 67 с.
- Нусупбеков А.Н. Вопросы истории Казахстана. - Алма-Ата: Наука, Каз ССР, 1989. - 3434 с.
- Семнюк Г.И. Проблемы истории кочевых племен и народов периода феодализма (на материалах Казахстана) - Калинин 1973, - 148 с.
- Бекмаханова Н.Е. Легенда о Невидимке (Участие казахов в Крестьянской войне под руководством Пугачева в 1773-1775 годах). - Алма-Ата, «Казахстан» 1968. - 190 с.; Бекмаханова Н.Е. Россия «Казахстан в освободительном движении». Последняя четверть XVIII - первая половина XIX века - Москва 1996, - 304 с.
- Сабырханов А. Казахско-русские отношения в 50-90 гг. XVIII в. На материалах Младшего жуза. Дис...канд. ист. наук - Алма-Ата, 1966; Сабырханов А. Қазақстан мен Россияның XVIII ғасырдағы қарым- қатынасы. - Алматы: Ғылым, 1970.- 138 б.; Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс. - Алматы: Мектеп, 1981. - 294 б.
- Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А. Из Истории Казахстана XVIII века (о внешней и внутренней политике Аблая). - Алма-Ата: Наука, 1988. - 144 с.
- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. Т.10. - Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2007. - 454 б.
- Толыбеков С. Қазақ шежіресі. - Алматы: «Қазақстан», 1992. - 145 б.;
- Маданов X. Кіші жүз шежіресі. - Алматы: «Қазақстан», 1994. -144 б.
- Табылдиев X., Қалмұратов А. Кіші жүз рулары. - Алматы: «Ер Дәулет», 1994. - 108 б.
- Исенов Ө.И., Мұқтар Ә.Қ. Қазақ қоғамындағы тархандық (XVIII ғ. 1-жартысы). // Перспективы государственно-правового и социального развития Рсспублики Казахстан. Материалы Международной научно- теориятической конференции. Костанай. КЮИ МВДРК. 2001. - 272-275 бб.
- Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. - Алматы: Қазақстан, 1994 - 192 б.
- Есмағамбетов К.Л. Қазақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: «Атамұра», 1994. – 240 б.
- Қасымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств в XVIII первой четверти XIX вв. Хан Жантөре (1789 - 1809) Т. 3. - Алматы: «Білім», 2001. – 301 с.
- Алдамжар З. А. Тарих: пайым мен тағылым. –Алматы: «Арыс» 2000. – 288 б.
- Әбжанов X.M. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. - Астана: Ана тіл - Ата тарих, 2007. – 272 б.
- Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихы. - Алматы: Қазақ Университеті, 2000. - 324 б.; Мәшімбаев С.М. Сырым Датұлы - саясаткер, әрі көсем XVIII ғасырдың 70 - 90 жылдарындағы Кіші жүз даласындағы саяси дағдарыс. // «Отан және әлем тарихы XXI ғасырда: ғылыми парадигмалардың ортақтығы мен ерекшеліктері» атты Xалықаралық Бекмаханов оқуларының ғылыми конференция материалдары. 2007 жыл 22 - 23 қараша. - Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 388 б. (14-17 б.).
- 49. Мажитов Проблема казахской государственности в народно - освободительном движении ХÝШ-начала XX вв. // Отан тарихы. - 2008. - №2 (42), - (С. 40-52).
- Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. - Алма-Ата: Казахстан, 1994. - 160 с.
- Галиев В. З. Караванные тропы:(Из истории общественной жизни Казахстана XVII-XIX вв.). - Алматы: Атамұра,1993. - 128 с.
- Шалекенов М. У. Взаимоотношения народов приаралья в XVIIIXIX вв. - Алматы: Ғылым, 1995.
- Артықбаев Ж.О. Казахское обшество в XIX веке: тенденции и инновации. - Караганда, 1993. - 330 с.; Артықбаев Ж.О. Материалы к истории правяшего дома казахов. - Алматы: Гылым, 2001. - 204 с. Серия «Казахстан: история в профиль»; Артықбаев Ж.О. Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалыс. Оқу құралы. - Алматы: Жеті жарғы. 2001. - 168 б.
- Ерофеева И.В. Xан Абулхаир: полководец, правитель и политик. - Алматы: Санат, 1999. - 336 с.; Ерофеева И.В. Родословные казахских ханов и кожа XVIII - XIX в.в. (история, историография, источники). - Алматы: ТОО «Print - S», 2003. - 178 c.
- Рысбеков Т.З. Өскен өлке тарихы. - Орал.: Полиграфия, 1997. - 180 б.; Рысбеков Т.З. Жоламан Тіленшіұлы - Ұлт-азаттық қозғалыс көсемі // «Отан тарихының келелі мәселелері» атты республикалық ғылыми- теориялық конференцияның материалдар жинағы 28-29 ақпан 2008 жыл. Тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Алдамжарға арналған. - Атырау, 2008. 211-214 бб.
- Бірімжаров Б.Қ. Батыс Қазақстан тарихынан. XVIII-XIX ғғ. - Орал, 2002. - 155 б.; Бірімжаров Б.Қ. Әбілқайыр хан: сардар, мәмілегер һәм қайраткер. // Қазақ тарихы. // 2002, №4. 39 - 42 б.
- Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында (Қазақстанның батыс өңірі: XVIII ғасырдың екінші жартысы және XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы тарихи жағдайлар). - Алматы: «Ғылым», 2001, - 257 б
- Қарабалин Ғ.Е. XIX ғасырдағы Бөкей Ордасы. - Орал, 2004. - 248 б.
- Арынғазы хан (1786-1833), - Ақтөбе: «А-Полиграфия» ЖШС, 2004. - 168 б.
- Оразбаева А. Қазақ қоғамындағы билер институты: тарихи бастаулары, орны және ролі (XVIII ғасыр). // Тарих ғылымдарының кандидаттық диссертациясы. - Алматы, 1998, - 151 б.
- Исенов Ө.И. Арғын Дәуітбай тархан (1712-1783). // «Алдамжар оқулары - 2012» Халықаралық ғылыми -тәжірбиелік конференциясының материялдары. Қостанай: академик З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ, 2012 - (94-101 бб).
- Исенов Ө.И. Қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихы (XVIII-XIX ғғ.). Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Қазақстан Республикасы. - Орал, 2009. - 162 б.; Исенов Ө.И. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жүйесі.: Оқу құралы - Қостанай: КМПИ, 2010. - 207 б.