Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Баскетбол ойыны арқылы ортаңғы сынып оқушыларының күш- жігер, төзімділігін жетілдіретін жаттығулардың түрлері

Команданы жинақтай отырып, мұғалім төмендегідей маңызды мәселені шешеді: толып жатқан жеке ерекшеліктеріне қарамастан орта мақсатқа біріккен, жаттықтырылған, өзара түсіністік пен көмекке құрылған ойын тобын құру. Бұл жерде ойыншылардың тәсілдік- әдістік дайындығын ғана емес, сонымен бірге белгілі командаға тән ойындық бағыттарды да, сол кезеңдегі баскетбол дамуындағы тенденцияларды да есте ұстаған жөн. Баскетболшыға орын ауыстыру үшін жүру, жүгіру, жанымен жүгіру, секіру, тоқтау және әр түрлі бұрылыстар жасау жаттығуларын жасау қажет болады. Жаттығулардың бұл түрлері допты дұрыс бере білу және шығыршыққа тастау мақсатында қолданылады. Оқушылардың күш-жігер, төзімділігін жетілдіру мақсатында сабақта жаттығуларды қолданудың тиімділігі арта түсуде.

Жүгіруді жетілдіру үшін тез жүгіру, артқа қарай жүгіру, бағытты тез өзгертіп жүгіру және жылдам жүгірулерді үйрену қажет болғандығын есте сақтаған жөн. Осы мақсатта әрдайым мынадай жаттығулар қолданылады:

  • - тура жүгіру барысында аяқтың ұшымен итеруді қадағалау;
  • - орында тұрып жүгіруден әр түрлі қашықтыққа жүгіруге ауысу;
  • - бір аяқтан екінші аяққа секіре ауысу арқылы жүгіру (белгілі жерге дейін), сосын белгіленген межеге дейін жәй жүгіру;
  • - сөреден 10-15 м-ге қайталап жүгіру;
  • - жәй жүгіруден жылдам жүгіруге ауысу;
  • - әдеттегі жүгіруден артқа қарай (арқамен) жүгіруге ауысу;
  • - белгілі жерге дейін жүгіріс түрін және жылдамдықты өзгертіп жүгіру;

Бүйірге қарай жүру, жүгіру тепе-теңдікті сақтай отырып, қозғалыс бағытын тез арада өзгерту үшін қолданылады. Бүйірге қарай жүру, жүгіру әр қашанда қорғаныс ойынында қолданылады, себебі бұл тәсіл 37 шабуылшының бағытына қарай қозғалуға және қарсы қимылдар жасағанда доптан айырылып қалмау үшін өте қолайлы. Ең бірінші ол жанына және артқа орын ауыстыру үшін көп қолданылады [1].

Баскетбол ойынындағы барлық әдіс, тәсілдерді орындау үшін қолданылады. Секірулер бір немесе екі аяқпен серпілу арқылы бір орында немесе қозғалыста орындалады. Баскетболда кең көлемде тараған секірулерден бір түрлі ол қозғалыста бір аяқпен серпілу арқылы орындалады, әсіресе секірудің бұл түрі допты беруде, лақтыруда көп пайдаланылады.

Секірулерді жетілдіру үшін пайдаланатын жаттығулар:

  • орнында тұрып жоғары секіру, жоғары- алға, жоғары- артқа, жоғары бүйірге 90 және 180- қа бұрыла секіру;
  • белгіленген межеге жету үшін қолданылатын биікке секірулерді көбірек орындау;
  • секіргішпен жіппен бір немесе екі аяқпен секіру 5 мин;
  • жүгіріп келіп бір аяқпен серпіле секіру;

Жүгірісті тез арада тоқтау арқылы ойыншы қарсыласының алдынан ешқандай кедергісіз өтуге өзіне қолайлы тәсілді қолдана алады. Дұрыс әрі тез тоқтау соңғы адымның алдыңғы адымнан кең қойылуына байланысты. Жерге тірелген аяқ сәл бүгіліп, алға көтерілген аяқ иық кеңдігіндей қашықтыққа бүйірге қойылады. Ойын барысында тоқтау күтпеген жағдайда немесе ойыншының алдын ала таңдаған жерінде орындалады [2].

Кілт тоқтауды жетілдіру үшін орындалатын жаттығулар:

  • жүгіру барысында күтпеген жағдайдағы тоқтаулар;
  • тоқтағаннан кейін кенет алға ұмтылу және қайтадан тоқтау;
  • секіруден кейінгі немесе допты алып жүрген кездегі тоқтаулар .

Межелі жерге жетуд і қысқарту, қарсыластың қарсы әдіс қимылдарынан құтылу , бағытты өзгерту және қарсыластан допты жабуы үшін бұрылу әдістері қолданылады . Ойыншының бұрылыстағы қозғалысы циркульдің қозғалысына ұқсайды. Тірелетін аяқтың ұшы орнынан қозғалмайды, екінші аяқ әр түрлі бағытта адымдар жасайды. Бұл әдіс қиын емес, бірақ ол үнемі дамытуды қажет етеді. Мұны мынадай жаттығулармен жетілдіруге болады:

  • баскетболшы алғашқы қалпында тұрып, өз еркімен алға және артқа бұрылыстар жасау;
  • дәл осындай, бірақ бұрылысты көру қарау арқылы жасау;
  • шеңберде бірінші екіншіге жақын барып, оның алдына тоқтап, артқа бұрылуды орындайды, екінші орнында тұрады, бірінші әрі қарай жаттығуды жалғастырады;
  • екі қатармен арнайы белгіленген жерге дейін жүріп барып тоқтау, артқа бұрылу, алға қарай бұрылу жүгірісті әрі қарай жалғастырады;
  • жұппен орындау (біреуі доппен екіншісі қорғаныста) добы бар ойыншы бұрылуды орындау арқылы допты қорғаушыға бермеу үшін – жабады, қорғаушының міндеті допты тартып алу;
  • - шығыршықтан кері қайтқан допты артқа бұрылу барысында ұстау және арнайы белгіленген жерге дейін допты алып жүру және беру.

Техника ойыншының тәсілі болып табылады, ойыншылардың қорғаныс пен шабуылдағы ұтымды қимылын және қарсыластарына қарсы тұруға мүмкіндік береді. Ойынның белсенді түрде дамуы кәзіргі заман техникасының әр алуан болуына әкеп соқтырады. Ойын динамикалық, шабуылдық рең алады, қарапайым және ұтымды, орын ауыстырудың жылдамдығы мен жеделдігі , тиімділігі мен дәлдігі байланысып отырады . Тәсілдерді қолданғандағы барлық қимылдар ретсіз болмайтындықтын, керісінше, сәйкес жағдайдағы байланысты заңдылықпен қайталайтындықтан, оларды топтастыруға, яғни жүйелеуге болады [2].

Жүйелеу дегеніміз – белгілі бір нышандар негізінде барлық тәсілдер мен әдістерді бөлімдер мен топтарға қатар бағынған бөлініс . Осындай нышандарға алдыменен тәсілдің мақсаттық бағыты, қимыл сипаты, сондай-ақ қимылдардың кинематикалық және динамикалық құрылымдарының ерекшелігі жатады.

Қимыл сипатына қарай барлық қозғалыстарды екі бөлімге бөлуге болады: шабуыл техникасы және қорғаныс техникасы. Бұлардың әрқайсысына доппен және допсыз орындалатын әр түрлі сипаттағы қозғалыстар тобы кіреді: орын ауыстыру техникасы, допқа ие болу техникасы, допты тартып алу және әдістерге қарсы қимыл. Мысалы, орын ауыстыру тобына неғұрлым ыңғайлы бастапқы жағдайда, ойыншының орын ауыстыруын қамтамасыз ететін немесе қозғалыстың тоқтауына әсер ететін тәсілдер кірген.

Допты тартып алу және тәсілдерге қарсы қимыл техникасы тобына допты тартып алып, қарсыластарға сәтті тәсіл қолдануға кедергі жасауды мақсат еткен барлық қозғалыстар кірген. Қандай да бір іс-қимылдың нәтижесінде жететін мақсат барлық қозғалыстарды тәсілдерге бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы допты қағып алу, беру [3].

Тәсіл бұл техниканың негізгі буыны. Ойын кезінде пайда болған жағдайларда әр түрлі қозғалыстардың көмегімен бірақ мақсатқа жетуге болады. Сондықтан, тәсілді қолдануға әсер ететін әдістердің бірнеше түрі бар. Әрбір әдістің өзі де бірнеше түрге бөлінеді. Әрбір тәсілді сызба түрінде былайша көрсетуге болады: қозғалыс міндеті – қозғалыс жүйесі – қозғалыс нәтижесі. Қозғалыс жүйесінің өзі бөлімдерден және олардың өзара байланысынан құрылады.

Жүйенің бөлімдері, яғни оны құрайтын элементтер- фаза деп аталады. Бұл қозғалыс жүйесінің ең кіші элементі. Фазаның қашан басталғанын, ұзақтығын, қашан біткенін айырып анықтайды. Қозғалысты фазалар бірінен кейін бірі келеді. Бір мәрте қозғалыста үш фазалық құрам болады. Дайындық фазасы, жұмыс фазасы және соңғы фаза. Дайындық фазасы сыртқы жағдайдағы тәсіл қолдануға биімдеу мақсатына қызымет етеді, соның салдарынан ол ең қозғалғыш элемент. Жұмыс фазасы тәсілдегі ең енгізгі фаза. Ол тәсіл қолданудың сәттілігіне себепші болады. Жұмыс фазасы неғұрлым тұрақты болса, қозғалыс соғұрлым жетікболады. Соңғы фаза әрі қарай жасалатын қимылдардың мүмкіндігін немесе орындалған қозғалыстарды бақылауды анықтайды [4].

Қорғаныс техникасын оқытудың ерекшелігі оқушылар керекті қозғалыстарды менгере алатындай алғышарттарды енгізу болып табылады. Оқушылар қолында доп барда тәсілдерді қуана орындайды, ал допты иемденуге тырыспайды, себебі ол өте қиын. Қозғалыс тәсілдерін мынадай ретпен оқытылады: қағып түсіру, жұлып алу, лақтыру кезінде жабу, қағып әкету, секіріп кеткен допқа күресу.

Қағып түсіру. Алдымен орнында тұрып ойыншының добын қағып түсіру, содан соң с екіріп және қозғалыста доп алушы ойыншыдан қағып түсіру үйретіледі.

Жаттығу түрлері:

  1. Жұптасып бір-біріне қарап, біреуінде доп. Серігінің міндеті: қорғаушы тұрысында тұрып, добы барға жақындап, допты (үстінен немесе астынан) ұрып, қағып түсіру.
  2. Осылай бірақ добы бар оны қорғап, бір жақтан екінші жаққа ауысуы.
  3. Осылай, бірақ орнында тұрып бұрылу орындап тұрған ойыншыдан допты қағып түсіру.
  4. Біреу алаң бойымен допты жүргізеді. Екіншісінің міндеті: одан шегініп, оның қозғалуын тежейді, бүйірдегі сызыққа қысып апарып, сонда допты қағып түсіру.

Жұлып алу. Оқыту допты дұрыс орай қағып алудан басталады. Мұғалім түсіндіріп болған соң оқушылар жұптасып бір-біріне қарсы қарап тұрады. Мұғалімнің бұйрығымен қорғаушылар допты иеленгенге жақындап, өзінің қорғаныс позициясын жоғалтпай, допты орай қағып алып, жұлып алу керек. Содан соң жаттығу осы ретпен жүргізіледі, бірақ допты иеленген оны жабуға тырысады. Допты орай қағып түсірудің сәтін таңдап алып, аса тез қимылдау керек. Болашақта қағып алу, доптың әр денгейде (кеуде тұсында, жоғарыда, төменде) болғанда орындалады [4].

Жабу. Лақтыру жаттығуларымен қатар оқытылады. Алғашқы жаттығуларда, лақтыру қозғалысы ақырын орындалады.

Қағып әкету. Алдымен берілім кезіндегі қағып әкетулер оқытылады, содан соң допты жүргізу уақытында қағып әкету оқытылады. Басты міндет: оқушы қате жіберіп алмай қағып әкетуге лайық сәтті анықтау доғасын менгеру керек. Жаттығы түрлері:

  1. Шеңберлене сап түзеу, біреуі ортада. Шеңберде тұрғандар бір-біріне әр түрлі бағытта доп береді. Ортадағының міндеті: допты қағып түсіру немесе оны қағып әкету, иелену.
  2. Жұптасып, бір-біріне қарсы қарап, 4-5 м жерде тұрады. Олардың біреуінің қасында қорғаушы дұрыс позицияда тұр. Бірінші мен екінші бір-біріне үздіксіз допты беріп тұрады.

Қорғаушы сәтін күтіп, шығып, берілімді қағып әкету керек.

Жұптасып беткі сызықта. Мұғалім алдыда, 6-7 метр жерде. Мұғалім допты шығып, қағып алуға болатындай есеппен екеуінелақтырады. Допты жіберген бетте екі оқушы оған ұмтылып қағып әкетуге тырысады.

Жеке қимылдар. Алдымен допты алу мақсатында бос орынға шығудың әдістері оқытылады, содан соң доппен жеке қимыл оқытылады. Практиканы оқыту барысында мұғалім оқытып жатқан тәсілдің пайдалылығы, тиімділігі туралы тағы басқа мәліметтерді хабарлап отыру керек. Содан соң арнайы түрде жаттығулар таңдап алынады.

Жаттығу түрлері:

  1. Үштікте, екі шабуылшы, бір қорғаушы. Қорғаушы добы жоқ ойыншыны аңдиды. Ол қорғаушымен жақындасып, содан соң жұлқынып, серігінен доп алу керек.
  2. Калоннада сап түзеу. Әрқайсысы кезектесіп қорғаушы (мұғалімге) қарсы маневр жасап, допты алуға тырысады. Ойын кезінде оқушылардың шығармашылық ынтасын әркез мадақтап отыру керек.

Топтық қимылдар. Алдымен екі, сосын үш адымның өзара қимылы оқытылады. Әрбір өзара қимыл оқу барысында мынадай кезеңдерден өту керек: қарсы қимылсыз өзара қимыл схемасы, шартты қимылға қарсы, шартсыз қимылға қарсы, белсенді күшті қимылға қарсы. Алдымен екеудің «берде шық» өзара қимылы оқытылады.

Жаттығу түрлері:

  1. Қарсы беттегі сызыққа қарай орын алмастарып, бір-біріне алға шығуға доп беру.
  2. Солай, тек бірінші берілімнен кейін екі жаққа өтеді. Екінші допты алған соң, біріншіні алға жібереді де, жүргізіп отырып орнына өтеді. Жаттығу лақтырумен аяқталады.
  3. Бірінші жаттығудағы сияқты тек бір қорғаушы қарсы.

Қорғаушының міндетін алғашқыда мұғалім өзі орындайды, бұл кезде ол мынадай қимылдарды жүзеге асырады:

  • добы бар ойыншыны жабу, оқушы допты қарсы қимылдан озат ойыншыға беру қажет.
  • добы жоқ ойыншыны жабу, добы бар ойыншы жүргізуге өту керек.
  • тосқауыл қоюға орынды дұрыс таңдап, оны дұрыс орындау керек.
  • тосқауыл қоюға дер кезінде шығу.

Үш ойыншының өзара қимылы. Олар мына ретпен оқытылады: «үшбұрыш», «үштік», «айқыш шығу», «кіші сегіздік».

«Үшбұрыш»- үштікте, беткі сызықта үшбұрыш жасайды. Үшбұрыш табаны қарсы шитке қарайды, оқушылар басқа кәрзеңкеге орын ауыстырады, ол кезде допты ортаңғы арқылы береді. Жаттығулар әдетте алдымен қарсы қимылсыз өткізеді, одан кейін 1,2,3 қорғаушымен өткізеді.

«Үштік» алдымен әрқайсысына өз қызыметі түсіндіріледі, содан соң жаттығулар мына ретпен жүреді.

  1. Тосқауыл қойылған ойыншыны, қорғаушы мұғалым өзі болады. Еш кедергісіз өзара қимыл орындалады.
  2. Солай, тек добы бар ойыншыға қорғаушы қойылады. Берілім беруші босап шығып, содан кейін барлық қимылды ұйымдастыруы керек.
  3. Солай үш қорғаушымен, содан соң өз бетімен шешім табуы керек.

«Айқыш шығу». Жұптасып беткі сызыққа сапқа тұрады. Допты бір- біріне бере отырып, жұп үшіншіге өтіп, оған допты береді. Берілімді орындаған айқыш шығуға бірінші болып барады. Жаттығу жұптың біреуіне лақтыру үшін беріліммен аяқталады [4].

«Кіші сегіздік» оқушылар әуелі ауызша таңдап алып, содан соң өзара қимылдарда жүретін бүкіл жолын адымдап жүріп шығады. Жүгіру барысында орын ауыстыру бірнеше қайталанған соң жылдамдатылады. Содан соң қарсы қимыл енгізіледі.

Бүкіл ойын барысында баскетболшы кез-келген қимылға, адам күтпеген қимылға дайын болуы тиіс. Сондықтан ол үнемі дайындық жағдайында болып, тиісті міндетті шешуге дайын болуы керек. Бұл ретте баскетболшы үнемі бастапқы жағдайда баскетболшының тік тұруы жағдайында болуы керек.

 

Әдебиет

  1. Гомельский А.Я. Управление командой в баскетболе. – М.:ФиС,1976.
  2. Зимин А.М. Первые шаги в баскетболе. – М.:ФиС,1972.
  3. Кожевникова З.Я. Тренировка ловкости и быстроты баскетболистов. – М.:ФиС,1971.
  4. Кондрашин В.П. Тренировка баскетболистов высших разрядов. Изд. «Здоровье»,1978.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.