Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Психологиялық коррекцияны жүргізу технологиясы. Психокоррекция жүргізудегі ертегінің орны

Психокоррекция жүргізу мақсаты мен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:

  1. Нормативтерді құру коррекциясы.
  2. Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы.

Адамның ішкі жан дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселелерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналармен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез -құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі жөне клиентке өзінің жан дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеді.

Сонымен қатар әр жас кезеңінің және әлеуметтік ортадағы әр адамның атқаратын рөлдер репертуарына, клиенттің алдында тұрған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекцияны жүргізудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Мектепке дейінгі жас кезендегілердің негізгі проблемасы мектепте оқытуға даярлығымен байланысты екендігі жоғарыда айтылған. Сондықтан бұл жас кезеңіндегілермен коррекциялық жұмыстар олардың таным процестерін жетілдіру және мектеп режиміне үйрету, сыныптағы балалармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемділігін қалыптастыру, қысқаша айтқанда оның барлық көрсеткіштері бойынша мектеп өміріне даярлау болып табылады. Бастауыш сыныптарда бұл бағыттағы психологиялық қызмет көрсету жалғастырылады.

Жеткіншек жас кезеңіндегілермен жүргізетін психокоррекция, басқа жас кезендегілерден жиірек орын алады. Оның себебі осы жас кезеңінің көптеген ерекшеліктерімен байланысты. Балалардың өтпелі жас кезеңіңде басынан кешетін қиындықтары психокоррекциялау және психологиялық кеңес берудің негізгі себептері болып табылады. Жеткіншектерде жиікездесетін акцентуация, агрессия, невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві, кей кезде, оқу ісінде басты болудан қалады, өйткені баланың құндылықтарды бағалауы, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде жүйеліктің болмауы, кейінгі кезде орын алған аралық аттестациялауға баланын, ішкі даярлығының төмен болуы олардың психологиялық жағдайының бұзылуына алып келуі мүмкін. Невроз — тұлғалық дамудың ауруы. Мектеп неврозының көріну шеңбері тым кең. Бірақ олардың невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары, мазасыздану, әуреге түсу жөне баланың жанының жарақаттануы. Бақылау нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударылса, адаптациялық қасиеттерін тұрақты егуге дер кезінде көмек көрсетілсе, ол кісіде психогендік ауытқулардың дамуын тоқтатуға болады.

Осы проблемаларды шешуге психологиялық көмек көрсету, психопрофилактика, психокоррекция жасау жөне басқа мұқтаждарға көмектесетін шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Оның ішінде баланың дамуын диагностикалау, оның барлық мүмкіндіктерін ашу және балалармен, олардың ата-аналарымен, мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде коррекциялық көмек көрсету қажет.

Психокоррекция жүргізудегі ертегінің орны

Топтық психокоррекцияны адам өмірінде үлкен роль атқаратын іс - әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Балалық шақтан бастап барлық уақытта маңыздылығын сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары болатын ертегінің ролі өте үлкен. Балалар үшін ертегі өмір сүрудің, әлеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалық „Менін" шақырып, басқа адамдардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ертегі коррекциясы психологаялық қызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен пайдаланылып жүр.

Ертегі теориясын көптеген ғалымдар зерттеген. Олардың ілімі бойынша эволюциялық даму барысында ертегі тұқым қуалаушылық құрылымдарда орын алғаны дәлелденген жөне оның ерекшеліктері жеке тұлға дамуындағы жас кезеңдеріне байланысты керініс береді деген. Сонымен қатар ертегі биологиялық даму заңдылықтары бағдарламасына тәуелді болғанымен, жоғары әлеуметтенген іс-әрекет түрі болып табылады. Оның үйретушілік, дамытушылық және коррекциялық мәні өте терең. Ертегі арқылы қоршаған ортамен танысу және әрекеттесуге негіз болатын әрекеттер комплексі қалыптасады. Сонымен қатар, ертегі тыңдау,құрастыру барысында әлеуметтік қатынас элементтері меңгеріліп, жеке тұлға мінезінің ең маңызды көріністері жаттығады.

Ертегінің дамытушылық мәні оның екі жақтылығымен түсіндіріледі. Біріншіден, ертегі құрастыру керек болғандықтан оны орындау нақты мәселерді шешуді талап етеді, екішш жағынан ертегінің көптеген сәттерішартты болады да, шынайы жағдайлар мен жауапкершіліктерден қүтылады.

Қүрылымдық жағынан ертегіге үш ерекшелік тән:

  1. Ертегі барысындағы қатынастардың реттілігі;
  2. Ертегінің ішкі сырының барлығы (қатынас екі деңгейде жүргізіледі де, олардың біреуі жасырын сыр болады);
  3. Ұтыс бар.

К.Гросстың "Сақтандыру теориясында" ертегінің дамытушылық функциясын жас ағзалардың өз-өзін жетілдіру формасы деп түсіндірген. В.Штерн, З.Фрейд жөне оның шәкірттері ертегіні адамның терең жатқан инстинктерінің көрінісі деп тауып, оны бейсаналылыққа жатқызған. Күнделікті өмірде адам көптеген теріс эмоциялық сезімдерге бөленіп жүретін кездері болады. Олар ішкі үйлесімсіздіктерден немесе түлғааралық қатынастан туған мазасызданудың нәтижесі болады. Осы проблемаларды адамдардың басым көпшілігі өз бетімен шеше алмайтын болғандықтан олардың жағдайына сай келетін психологиялық көмек психокоррекция ретінде көрсетіледі. Коррекция жүргізу жолдары өте көп. Коррекцияның адамға тигізетін әсері мен пайдаланылатын әдістемелерді зерттеушілер ертегі коррекциясына ерекше көңіл аударады.

Ертегі коррекциясының жеке тұлғалық қасиеттер мен эмоционалдық жағдайды түзетудегі мүмкіндіктері өте мол. Ертегі терапиясының адамды негативтік эмоционалдық күйден шығару үшін пайдалану жолдарын анықтауға К.Левин тобының жүргізген зерттеуі маңызды үлес қосты. Шынайы өмірде орын алған қиын жағдайлардан ертегі арқылы арылу үшін адам жалған, жорамалданған ролде болып сол жалған жағдайды талдау және жорамалданған жағдайдың ерекшеліктеріне түсіну арқылы өз өміріндегі мәселеге түсіну жеңілірек екенін Л.С.Выготский дәлелдеген.

Психотерапевтер жасаған коррекциялық ертегілер әдістері көмегімен адамда орын алған қорқыныш сезімнің әсерін төмендету, мазасызданудан, депрессиядан шығару, басқа да невроз сырқаттары, эмоционалдық дүниесінің ташпылығы байқалатындар және дені мен жаны сау адамдардың бейадекваттық реакцияларын реттеу үшін жүргізілетін коррекциялық жүмыстарда, көптеген шиеленіс мәселелерді шешуге кеңінен пайдаланылады. Үлкендер ертегі қүрған кезде олар өздерінің стереотиптік әрекеттерін қайта кұруы керек. Осы қайта қүру алты түрде көрініс береді.

  1. Ертегідегі әрекеттер ретін ауыстыру.
  2. Реттегі кейбір көріністерін үлғайтып, арттырып жіберу.
  3. Ретгегі кейбір керіністерін бірнеше рет қайталау.
  4. Ретін аяқтамай басқа, бөтен әрекеттерге көшу.
  5. Кейбір көріністерге ерекше мән беріп оны бірнеше рет қайталау.
  6. Реттегі кейбір мәтіндердің аяқталмай қалуы.

Сонымен қатар ертегі ойыны барысында неше түрлі себептермен байланысты әрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасызданудыдиагностикалауда осы қайта құруды зерттелінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады. Ертегінің құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер терапияға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады мәтіндерінің бағыттылығы, ой шабыты, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтықтық, қорқақтық пен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері терапияға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын әрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ертегінің түзету-дамытушылық функциясы күшті деп айтуға болады.

Әр ертегі терапиясы көп функция атқарады:

  • бір адамға өзін-өзі бағалауын жоғарылату жолы;
  • екіншілерге — сергіту, қабілеттілікті арттыру жене өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы;
  • үшіншілерге — көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдагы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Осы үш функциясы негізгілері болып саналады. Сонымен қатар әр адамның проблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияны ертегінің барлық түрлеріне осы ортақ көрсеткіштерін ескеріп жүргізу қажет.

Коррекциялық ертегі барысында келесі мәселелер шетілеДі:

  • терапия барысында қатысушылар өз сезімін өзгелерге көрсетудің жаңа формаларьш меңгереді;
  • басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген көзқарасы ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі жөне басқаларды бағалауға, сыйлауға, мейрімділік көрсетуге үйретеді;
  • өзіне деген сенімі нығаяды;
  • құрбы-құрдастарымен және әртүрлі жастағы балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптастырады;
  • ертегі терапиясы қатысушыларды іскерлікке, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады;
  • балаларды сыйлап олардың өз проблемаларын дербес, қажетті мәселелерді өз бетімен шешуге шамасы келетініне сендіреді.

Коррекцияның көптеген ортақ көрсеткіштерімен қатар әрқайсысының өзіндік сипаттары бар. Сондықтан оны ұйымдасгырған ортаның коррекцияға әсерін тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті. Ол ерекшеліктерді бірнеше талаптар ретінде көрсетуге болады.

Коррекцияны жүргізуге қойылатын талаптар

Бірінші талап — толық кездесулер арнайы жабдықталған, кілем немесе палас төселген, кең бөлмеде жүргізіледі. Ол бөлмеде терапия барысында пайдалануға арналған жұмсақ ойыншықтар, шарлар, доптар, орындықтар немесе көпшіктер, қағаз, қалам, фламастер, жеңімпаздарды марапаттайтын заттар (сағыз, конфет, шар, тәрізді нәрселер). Топтағы жұмысты екі психолог (әйел және ер кісілер) жетекшілік жасап жүргізгені тиімді болады. Олар үлкендердің үлгісі болғандықтан ер жыііысөкілдерінің ерекшеліктерін көрсетуге ыңғайлы жағдай орнатады, сонымен қатар кейбір жаттығуларды орындау барысында ер адамның қара күші де қажет болады. Кездесулерді әр аптада бір немесе екі рет, ұзақтығы; 1,5 -2 сағат деп анықтап алу керек, Топтағы қатынасушылар саны 7-9 , ал кей кезде 12-ге дейін болуы мүмкін. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады.

Екінші талап — қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен клиент өміріндегі қысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей жағдайда болуы керек. Өйткені қақтығыс аймағындағы байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз көрініс беруінің негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке, мейрімділікке негізделген қарым- қатынас басқаларға деген бұрынғы қырсық мінездің өрескел, ыңғайсыз екенін көрсетеді жене өзгелермен мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді. Осы ізденіс табысты болудың жаңа жағдайдағы қарым - қатынас түрінің дұрыс үлгісі топта көрсетіледі. Ол үшін:

а) үлкендер мен кішкентайлардың қарым-қатынасы жайбарақат, тілектестік негізінде жүргізіледі;

б) ешкім ешкімге ескерту жасап, мін тағып, сын айтып, жіберілген қателіктер үшін ұрыспайды;

в) әркім өзін емін-еркін сезінуге жағдай жасалады.

Үшінші талап - шектеудің шектеулілігі. Нені шектеуге болады:

а) жүмыс уақыты (терапия жүргізетін бөлмесінің жүмыс уақыты шектеулі);

б) бөлмеден рұқсатсыз шығуға болмайды;

в) ойыншықтарды, әдістемелік қүралдарды алып кетуге болмайды. Кішкентайлармен үйымдастырған коррекциялық жүмыстың ең үлкен ерекшелігі — баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмай, нормативтермен таныстырмай, әркімге өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.

Төртінші талап — өзінше талдауды (интерпретациялауды) қолдану. қатынасушының проблемасын диагностикалау және коррекциялау барысыңда олардың әрқайсысына өз ойын түжырымдап айтқызу. Бұл әдістің орындайтын міндеті - адам жағдайды үстіртін талдаудан біртіңдеп мәселеге терең үңіліп, оның түбірін, болашақта ескеріп т.б. көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып, салыстырып талдайды. Бұл өте күрделі техника. Оны тиімді пайдалану үшін келесі жағдайларды ескеру қажет:

  • клиентгің интерпретацияны қабылдауға, түсінуге даярлығы;
  • интерпретацияны қолдануға ыңғайлы жағдайдың орын алуы.

Жағдайды өзінше талдау сенімді топтың ішінде, клиентке өте түсінікті сөздермен айтылуы керек, күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер қүрылымы жағынан клиенттің тіліне жақындатылған, оған түсінікті, қарапайым болады.

Бесінші талап — әр адамға өзінің ойын өз сөзімен басқаларға түсіндіріп айтып беруді үйрету. Ол "қайта проекциялау" деп аталады.

Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талқылап, оның оң- теріс жағын айтып, барлық болған оқиғаның жақсы жағы да бар екенін көрсетеді, немесе жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалауынан төмен екендігін дәлелдеп береді. Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен. Психолог осы мәселені талдау барысында оқу немесе болашақ мамандығы баласының ойына сай келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін түсіндіреді.

Алтыншы талап — клиентті сыйлау, онымен тілектестік негізіңдегі қарым-қатынасты қалыптастыру. Қарым-қатынас ауызша сөйлесу (вербальдық қарым-қатынас) арқылы және тілсіз, вербалды емес түрлерінде жүруі мүмкін, оның барлық қылығын түсіну, көбісінің басқаларға ұнайтынын және үнамды қылықтары бар екенін көрсету. Коррекциялық топта әр адам өзінің толық қауіпсіз ортада екенін сезінуі қажет. Тек қана толық сенім болғанда ғана клиент өз проблемасын ашып сырын төгеді.

Басқалар, әсіресе психолог, үстамдылық көрсетіп әр клиенттің шешімін эмоционалдық қүбылыстарда көрсеткен әмірінің үзінділерін тілектестік белгісімен қабылдауы қажет (қолын сипап, күлімсіреп қарап, басын шайқап.)

Жетінші талап - ер адам өз өмірінің иесі екенін түсіндіру. Осы позицияда тәрбиелеу үшін ер адам өз праблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші, екінші кездесу барысында клиентті асықтырмай оның белсенділігін қолдап отыру қажет. Клиенттің күшті жақтарын қолдап, соған сүйену — коррекцияның маңызды шарты.

 

Әдебиет

  1. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы Алматы, 1996.
  2. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті Алматы, 1974.
  3. Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. М., 1991.
  4. Чирков Р.И. Оценка школьной зрелости ребенка. М., 1993.
  5. Щербаков А. И. Проблемы возрастной психологии. М., 1987.57. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
  6. Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе. Алматы, 2004.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.