Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектеп оқушыларының белсенділігі мен кәсіптік бағдарының қалыптасу жолдары

Дүниежүзінде бәсекеге қабілетті елу ел болу үшін, бәсекелестік деңгейінде өнімдер өндіруге, бар байлықтың барған сайын құнды болуына, жаһандану үрдерісінің талаптарына сай болуға шақырады. Ол талап мектепте оқушыларға кәсіптік бағдар беру ғана емес, нақтылы кәсіби бағдарлау міндеті болып отыр. Кәсіби біліктілік, кәсіби шыңдалу қазіргі жағдайда жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеу міндеттерін шешуге, кәсіптік мамандықты саналы түрде меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған кәсіптік бағдарламалар және жалпы білім деңгейін дәйекті түрде арттыру сабақтастығымен шешіледі [1].

Кәсіптік бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Ол экономикалық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, т.б. қатынастарды қамтиды. Кәсіптік бағыт беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл бағытта көптеген ғылыми -зерттеу жұмыстары жүргізілген. Көптеген ғалымдардың (Е.Климов, Н.Н.Захаровтың, С.Н.Чистякованың, А.Е.Голомштоктың, В.Д.Симоненко т.б.) еңбектерінде мектептегі кәсіптік бағдар жұмысының мазмұны, формалары мен әдістері қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы бұл мәселеге арналған маңызды зерттеу жүргізгендер мен еңбек жазғандар қатарына бірқатар ғалымдарды: Ж.Р.Башированы, М.Ә.Құдайқұловты, Қ.Бержановты, Ә.Мүслімовты, Д.Қ.Пошаевты, Н.Д.Дәулетовты, және т.б. айтуға болады [2].

Кәсіптік бағдар беру – еліміздің халық шаруашылығындағы, жекелеген салалардағы, экономикалық аймақтағы еңбек ресурстарын бөлу қажеттілігін қанағаттандыра отырып, әрбір тұлғаның жеке-дара ерекшеліктерін ескеруді талап ететін, әрі жастарды таңдаған кәсібіне еркін және өз еркімен дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі[3].

Сонымен зерттеудің көкейкестілігі бүгінгі таңда әлеуметтік сұранысқа айналып отырған, кәсіптік бағдар жұмысының тиімділігін арттырып, жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім беруді жүзеге асыруға байланысты болып отыр. Бұл, жалпы білім беретін орта мектептегікәсіптік білім беру жүмысының тиімділігін арттыруда мүғалімнің және оқушылардың мақсатты бағытталған жүмысын жүзеге асыру шарттарын зерттеу мәселесі болып табылады.

Өмірлік жоспар — бүл әлеуметтік этикалық тәртіптегі қүбылыс. Бозбалалық кезеңдегі дамуда кім болу (кәсіптік өзін-өзі анықтау) және қандай болу (моральды өзін-өзі анықтау) сүрақтары ерекшеленбейді. Жасөспірім бір жақсы, маңызды, әлеуметтік мәнді іс тындырғысы келеді, бірақ оның бәрі көбінесе арман. Белсенді де, жарқын болатын арманнан гөрі өмірлік жоспар — бүл әрекет жоспары, сондықтан ол, біріншіден, мамандық тандауға тіреледі. Жасөспірімдер үшін мамандық таңдау — белгілі бір деңгейде моральды мәселе. Мамандық таңдаудағы басты жетекші, бүл-өзіміздің калауымыз, яғни тандауымыздың өз көңілімізден шығуы. Мамандық таңдау диапазоны кең болған сайын, психология жағынан да дәл сондай ауыр. Өзін-өзі анықтау барда өзін-өзі тежеу де бар. Оқушы профессионалдық катынаста әлі ешкім емес, таза парақ. Ол слесарь, дәрігер, қүрылысшы болуы мүмкін. Мамандық таңдауда өзін-өзі анықтау әр қырынан көруге болатын көп баспалдақты процесс. Біріншіден, қоғамның жаңадан түлғаға айналып келе жатқан адамға қоятын қызметтер сериясы. Ал, бүл түлға белгілі бір уақытқа дейін оны шешуі тиіс. Екіншіден, шешім қабылдау процесі, сол арқылы түлға өз қабілеттері мен таңдауын оптимистік түрғыда қарайды. Үшіншіден, жеке өмір стилін жасау, ал оның бір бөлігі болып, мамандандырылған іс-әрекеті саналады. Осы үш кіріспе жүмысты әр қырынан анықтайды: біріншіс і-қоғамның сүранысынан туындайды, үшіншіс і-түлғаның қабілеті, екіншісі-екеуінің келісу мүмкіндігін көрсету, бірақ бүл үшеуі де бірін-бірі толықтырады; біріншісі — әлеуметтік, екіншісі — әлеуметтік-психологиялық, үшіншісі— дифференциалдық-психологиялық түрғыда[4].

Жасөспірімнің психологиясында мамандық таңдаудағы өзін-өзі анықтау үш сатыдан бөлінеді:

  1. Балалық ойын. Бүл ойында бала өзіне әр түрлі маман рөлін алып, кейбіреулері өзін-өзі үстау элементтерімен көрінеді.
  2. Бозбалалық-бойжеткендік фантазия, мүнда олар өзіне үнайтън мамандыкты армандайды.
  3. Бозбалалықпен осы жастың көп бөлігін қамтитын – алдын ала мамандық тандау.

Іс-әрекеттің түрлері таңдалынып ең алдымен жасөспірімнің көзқарасы бағаланады, (мен тарихты жақсы көремін, тарихшы болайыншы) сонан кейін қаб ілеттілік көзқарасы, (менде математика пәні жақсы келе жатыр, сонымен айналысайын ба?), ең соңғы көзқарасы бағалы мамандық (мен ауырған жандарға көмектескім келеді, дәрігер боламын, т.б.).

Мамандык таңдаумен, практикалық шешім қабылдау өзіне негізгі екі компонентті қосады: болашақ еңбегінің біліктілік деңгейін анықтау және соған дайындалу кезеңінің үзақтығы, мамандық таңдау. Бүл таңдаудың кезектесуі әр түрлі болуы мүмкін. Қыз балалар көбінесе жүмысжасау сферасын таңдайды (мен медицинамен айналысқым келеді, тек сонан кейін мамандықтың біліктілік деңгейін) немесе керісінше, бірінші деңгейін сосын мамандықты (жоғарғы оқу орнына түссем, бірақ қай мамандыққа екенін өзі білмейді).

Мамандық таңдау көп баспалдақтылығымен еркешеленеді. 9-сынып соңында окушылар екі әлеуметтік бағдарлаудан таңдау жасауы керек: 10 - сыныпқа түсіп жалпы білімді жалғастыру немесе мамандандырылған білім. Көп жеткіншектер бұл кезеңде оқу мен жұмысты да бірдей алып жүргісі келеді. Мүмкіндік қызығушылығынан және бағалық бағдарлауынан басқа мамандық таңдауға шешім қабылдау үшін, негізгі рөл атқаратын нәрсе өзінің объективтік мүмкіндіктерін бағалау болып саналады (жанұяның материалдық жағдайы, алған білімінің деңгейі, денсаулығы, т.б.). Кәсіби білім алушылар мен жұмыс істеушілердің әлеуметтік және кәсіби бағдарын анықтау керек, яғни, қайда оқығысы, жұмыс істегісі келеді. Оқушыларда мамандық таңдау жайлы ақпарат екіге бөлінеді: бүкіл мамандықтар әлемі және олардың мүмкіндіктер і мен қоятын талаптары; өзінің ойын, қабілетін, қызығушылығы жайлы, бірақ жоғарыдағы, төмендегі айтылған мәліметтер жоғарыдағыға жетпейді. Көп жылғы зерттеулерін ортақтастыра отырып, атақты әлеуметтанушы В.Н.Шубкин: 17 жастағылар үшін мамандық әлеміне қатынас негізіне тәжірибе жасады. Ата-анадан, таныстардан, достардан, құрдастарынан, оқыған кітаптары мен көрген фильмдерінен, телебейнелерден алған мәліметтер і бойынша, бірақ бұл тәжірибе абстрактылы еді. Өйткені, өз басынан өтпеген қайғы, қиындықтар түсініксіз болды.

Кейбір мамандықтың дәстүрлі пристижі қоғам пікірінше, оған адамның көп баруы жағынан керісінше болады. Мысалы, әр түрлі жұмыс істеушілерден гөрі космонавттар қоғамға, өмірге аз керек. Шубкин, мұның мағынасын екі пирамадалы айнамен ашады. Біріншіден, қоғамға кадрлардың шын керектігін көрсетеді; екіншіден, аударылған жағы жастар үшін мамандыктың тартымдылық деңгейі [5].

Сонымен, бозбалалық шақтың негізгі ерекшелігі — өмірлік жоспарларының құрылуы. Бір жағынан өмірлік жоспар тұлғаның өз алдына қойған мақсаттарының ұлғаюынан және ауыспалы мақсаттарды бағындыратын құндылықты бағыттың тұр ақты ядросының құрылуының нәтижесінде туады. Екінші жағынан, мақсаттар мен уәждердің нақтылануы мен дифференциялану процесі жүріп жатады. Бәрі де мүмкін болатын арманнан және абстрактілі идеядан, кейде қол жетпес үлгіден бірте-бірте біршама реальды шындыққа негізделген іс-әрекет жоспары жасалады.

Зерттеулерге қарағанда, жоғары сыныптардағы оқушылардың білімге, кәсіби еңбекке қызығушылықтары және соған байланысты қалыптасатын кәсіби бағалы қабілеттері орта сыныптармен салыстырғанда елеулі түрде тұрақталынып, олардың күнделікті кәсіби іс-әрекеттеріне айтарлықтай ықпал етеді. Себебі, бұл жастағы оқушылардың негізінде барлық физиологиялық және психологиялық процестерінің жетілуіаяқталады, ары қарай тек дербес танымдық қызығушылықтары мен іскерлік тәжірибелер і үздіксіз жетіліп отыруларына қажетті жағдай мен ықпал жасалынып отырылса ғана, олардың кәсіби бағалы қабілеттері өзара байланыста мейлінше өрістей алады. Осының негізінде орта сыныптарда қалыптасқан танымдық қабілет дүниетанымдылыққа, хабардарлыққа, болжамдық мақсаткерлікке, ізденімпаздық, шығармашылық деңгейлерге дейін көтеріліп, түлғаның түтас кәсіби іскерлік қабілетінің сапасын арттырады.

Р.С.Омарованың жеке түлғалық сапаларды дамытудағы еңбектерін талдай отырып, кәсіби қүндылық бағдарды шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болады:

  • мақсатты қызығушылық бағдар - оқушының белгілі бір мақсатына байланысты пәндік және болашақ мамандығына байланысты міндеттері мен жоспарына сәйкес ынтасы мен түрақты қызығушылығы;
  • әрекеттік қызығушылық бағдар - оқушы кәсіптік іс-әрекетте өзекті мәселені шешуге үмтылысы және жолдастарымен бірлесе отырып жүмыс істеуіне ынтасы;
  • танымдық қызығушылық бағдар - оқушының мақсаттарға сәйкес, жаңа нәтижеге жетуі, білімді кәсіби қүндылық бағдар ретінде тануы.

Кәсіби қүндылық бағдардың нәтижелері оқушының жеке түлғасының қалыптасуына, танымдық біліктерінің жетілуіне, психологиялық механизмдер арқылы оң әсерлердің туындауына, рефлексия нәтижесінде өз іс-әрекетіне жауапкершілік, өз болашағына және қоғам өміріндегі қүндылықтар мен дүрыс қөзқарас үстанымдарының қалыптасуына мүмкіндік береді[6].

Кәсіби қүндылық бағдарды қалыптастыруды басқару үдерісінің алғашқы кезеңі - жоспарлау (бағдарлау). Ол оқушылардың жас шамасына байланысты кәсіби қүндылық бағдар беруді басқарудың жүйелілігін, сабақтастығын, үздіксіздігін, оқушыларға мектептің, отбасының ықпалын қамтамасыз етеді, жоспар негізінде кәсіби қүндылық бағдарды қалыптастырудағы қиындықтар анықталынып, негізгі міндеттер белгіленеді.

Кәсіби қүндылық бағдарды қалыптастыру көрсеткіштер ін анықтау үшін бір-бірімен тығыз байланысты салалардан түратын бірыңғай жүйе ретінде қарастыру қажет. Атап айтсақ, олар: кәсіптік білім; іс-әрекеттің саласында оқушылардың ынтасын, икемділігін, талабын байқап, әрі қарай дамыту; кәсіби ақыл-кеңес; кәсіптік таңдау; кәсіби бейімдеу.

а) Кәсіптік білім - оқушылардың әлеуметтік-экономикалық, психикалық-физиологиялық ерекшеліктері бар түрлі мамандықтар туралы білім жиынтығы; сол кәсіптердің біреуін дүрыс таңдауға жағдай жасау; оқушылардың кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарасын дүрыс тәрбиелеу, психикалық-физиологиялық мүмкіндіктерін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін дүрыс түсінуін қалыптастыру. Өз кезегінде кәсіптік ағарту, кәсіптік хабарламадан, кәсіптік насихат пен кәсіптік үгіттен түрады. Мысалы, оқушыларға ауыл шаруашылығыныңкейбір салаларына қажетті мамандар жайында хабарлама және сол мамандықтарды оқып-үйренуге жағдай жасау, сонымен қатар, ауыл шаруашылығына қажетті мамандықтар туралы насихат жүргізу. Бұл жұмыстардың бәрі оқушылардың ой-өрісіне бағыт береді, мұны кәсіптік үгіт деп те қар ауға болады. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде олардың әр саладағы кәсіптік қызметке қызығуы мен бейімделуінің сәйкес келуі үлкен орын алады.

ә) Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу – жеке адамға әсер ету оның психикалық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Балалардың ой-өрісі, мақсат-мұраты, пәндерді саналы оқытуда қалыптасады. Адамдардың белсенділігінің жоғары болуы да пәндерді оқыту арқылы іске асады. Әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру - адамдар арасындағы қарым- қатынастың дамуына әсер етеді. Пәнді білім, білік, дағдыны игеруде, оқушылардың өмір тәжірибесінде, қоғамдық қатынас жүйесінде адамгершілік нормалары орнығады. Оқыту белсенділігі сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да жүзеге асырылады. Оқушылардың мамандық әлемімен, техника негізімен және өндіріс технологиясымен танысуы олардың қызығуына, бейімділігіне, белгілі бір жұмысқа ынталануына көмектеседі.

б) Кәсіби ақыл-кеңес беру арқылы оқушының өзіне тән ерекшелігіне, таңдаған кәс іб ін ің талаптарына баса назар аударылады. Кәсіби кеңес беру оқушыларға әлеуметтік кәсіптік жоспар жасауға көмектесумен ғана шектелмей, олармен бірігіп, жоспарды іске асыру, жалпы және кәсіптік білім алу деңгейін көтеру мәселелерін, мамандық таңдауға идеялық, адамгершілік негіздерінің қалыптасуын, сол сияқты оқушылардың мәдени- өсіп дамуын қалыптастырады. Мамандықтар туралы кеңес беру нәтижесі, атап айтқанда, оқушылардың қабілеттеріне байланысты іс-әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстарымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бақылау қызметін атқарады.

в) Кәсіптік таңдау - мектептен тыс, арнайы зертханада және таңдаған мамандығының өзіне тән еңбек жағдайына байланысты жүргізіледі. Кәсіптік таңдаудың мақсаты - адамның белгілі бір еңбек түріне жарамдылығын анықтау. Егер адамның таңдаған мамандыққа негізгі бір кәсіби сапасы сәйкес келмесе, оны жұмысқа алудан бас тартады. Осыған байланысты кәсіптік таңдауды жеке бастың әлеуметтік еркін азайтуға бағытталған әрекет деп қарауға болмайды. Керісінше, ол жеке басты кейбір қауіптен алдын-ала сақтандыру болып саналады. Кәсіптік таңдау, кәсіби бағдардың негізгі бір бөлігі болып табылады.

г) Кәсіби бейімдеу - жас адамның өндіріске, жаңа әлеуметтік ортаға, еңбек жағдайына және белгілі бір мамандық ерекшелігіне белсенді араласуы. Кәсіби бейімдеу дұрыс мамандық таңдаудағы негізгі жетістік болып табылады. Кәсіби бейімдеу адамның ынтасын әрі қарай жетілдіруге, оның еңбекке белсенділігін әлеуметтік таныммен бірге жүзеге асыруға бағытталады.

Кәсіби бағдар беру жүмысын екпінді жүргізу үшін оның ақпараттылығын қамтамасыз ету керек. Бүған жататындар: нормативтік құжаттар, әр түрлі нұсқаулар, оқушылардың кәсіптік шешімін жүзеге асыру мәліметтері т.б. Ақпарат жүмысын мамандықтар туралы мағлүматтар жиынтығы болып табылатын диагностикалық зерттеулер жүргізілуі шарт.

Қорыта айтқанда, оқушылардың кәсіби біліктілігін, бағдарларын қалыптастыру -оқушы түлғасының дамуымен байланысты. Ал, оқушылардың жеке басының дамуынан олардың кәсіби өзін-өзі анықтауын бөліп қарауға болмайды. Міне, осының негізінде ғана оқушылардың кәсіби бағдарының үғымы анықталады. Сондықтан, оқушылардың кәсіби бағдарларын, олардың кәсіби өзін-өзі анықтауынан бөліп қарастыруға болмайды. Оқушылардың кәсіби бағдарларына-кәсіптің бір саласына қызығушылықтары, бейімділіктері мен қабілеттері жатады.

Кәсіптік мектеп, лицей оқушылары кәсіби өзін-өзі анықтауға анағүрлым қабілетті. Бүл жастағылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, И.С.Кон олардың өзін-өзі анықтауы, сана-сезімі қалыптасып, кәсіби бағдар беруге сапалық түрғыдан дайын болатынын анықтаған.

Кәсіптік бағдар беруде аталған мәселелерді шешу-оқушылардың өзін-өзі іске асыру ғана емес, олардың қызығушылықтары мен бейімділіктерінің таңдаған мамандықтарына және оның қоғам сүранысына сай болуын үйлестіреді.

Тәжірибелер көрсеткендей, зерттеу тәжірибелерінде барлық сынып блоктарындағы оқушылардың аса кәсіби бағалы мақсаткерлік пен өзін-өзі бағалаушылық қабілеттерінің баяу қалыптасуы, бүл бағыттағы оқу- тәрбиелік шығармашылық ортаның барынша пәрменді, әрі жаңашылдық технологиямен жүмыс істеуін қажет етеді.

 

Әдебиет

  1. Білім беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өтудің көкейкесті мәселелері. Қазақстан мектебі. № 11, 2001 ж.-21 б.
  2. Климов Е.А. Чистяков С.Н. Выбор профессии. М.,1988.-120 б.
  3. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері.-Алматы,2002.-304 б.
  4. Тәжібаев Т. Жалпы психология. -Алматы, 1993. -211 б.
  5. Түрманова Ж. Жасөспірімдер белсенділігі мен кәсіптік бағдары.2011.-113 б.
  6. Дүйсенбаев К.Оқушылардың кәсіпті таңдау қабілеттерін дамытуды үйымдастыру шаралары. Қазақ мүғалімі. 2006.№ 34 (468).-9 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.