Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ыбырайдың қыз балаларға арналған мектептері және ондағы білім беру жүйесі

Қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік-э кономикалық және саяси құбылыстар білім беру жұмысын түбегейлі өзгертіп, оның мазмұнын қайта құруды талап етеді. Өйткені, ұлт тағдыры, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы жас ұрпақтың білім деңгейіне, мәдениетіне, өмірге дайын, бейімділігіне, қоғамды басқара білу қабілетіне тікелей байланысты. Бұл жаңа көзқарас тек оқу-тәрбие жүйесіне ғана емес, білім жүйесінің жаңа парадигмасын айқындауда өзіндік маңызы бар.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім беруді дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне сайма-сай, ғаламдық стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге қабілетті білім берудің жаңа ұлттық моделін енгізу жоспарланған.

Бұл тұжырымдама бойынша, орта білім берудің мақсаты - өзгермелі әлемге сай алынған, терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше адамгершілік тұрғысынан дұрыс әрі жауапты болу.

Қоғамның әлеуметтік сұранысын орындау - білім беру жүйесін реформалау - ұлттық мұраны зерттеп, оның құндылықтарын жаңа заманның талабына сай қолданысқа енгізбейінше мүмкін емес.

Еліміздің ғалымдары мен педагогтарының алдында әлеуметтік және қоғамдық-саяси маңызы зор үлкен міндет тұр. Ол - Қазақстан Республикасы білім беру іс ін ің жаңа парадигмасын жасау. Бұл міндет ғылыми және педагогикалық қауымдастықтардан өткенді бағалап, болашақ даму жолдарын анықтап, оқу-тәрбие үрдісінің барлық құрылымдық принциптерін, әдістері мен тәсілдерін қолдана алу үшін, жан-жақты талдау мен бай педагогикалық мұраны шығармашылықпен пайдалануды талап етеді.

Осы орайда қазақ даласының бір туар азаматы, ұлы ағартушы- педагог Ы.Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің берері мол. Себебі, осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын Ы.Алтынсариннің көксеген арманы жалғасын тауып, ұлт тағдырының, ұрпақ тағдырының болашағын меңзейтін мәселелердің бірі - білім жүйесінің ұлттық негізде болып, ал қазақ халқының дамыған елу ел қатарына қосылуы.[1; 5]

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да. Өйткені әрбір ұлы адаммен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескермес идеяларды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы, қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Жалпы, Ы.Алтынсарин 1862жылдардан бастап, жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады. Сол өңірдегі қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп 1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі соған мүғалім болды. Сөйтіп, Ы.Алтынсарин 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма жылдық өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларды оқыту, тәрбиелеу, оларға арнап оқулықтар, оқу қүралдары және әдістемелік кітаптар жазу жүмысына сарп етеді. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер училищелер ін аштырды. Өйткені ағартушы ғалым, әрі өз халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, б ілім-ғылыммен, сол білім- ғылымды ел ішіне көптеп тарата алатын мектеппен байланыстырған. Сондықтан да ол: «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты түтқасы... Үміт мектепте, халқының келешегі мектеппен байланысты», деп жазған болатын-ды.

Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арналған мектеп ашумен бірге онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мүғалімдерді дайындауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты түлға – мүғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу қүралдарын да табуға болды. Бірақ бүлардың бәрі білікті мүғалімсіз берері шамалы деп есептеген.

«Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы. Тамаша жақсы педагогика қүралдары да, ең жақсы үкімет бүйрықтары да, әбден мүқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі зттың бәрінен де қымбат көремін», - деп жоғары бағалады.[2; 242]

Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар жасады. Қарабүтақ фортында қазақ балалары үшін мектеп ашу және Ырғызда қазақ қыздары үшін мектеп ашу мәселелерін қайта көтеріп, Орынбор әскери губернаторына қыркүйек айының 12 жүлдызында рапорт жазады.Қаңтар айының 6-жүлдызында Алтынсарин Ырғыз қыздар училищесі жанынан қазақ қыздарына арналған он орындық интернат ашуға рүқсат сүрады. Соған сәйкес қазан айының 28-жүлдызында қазақ қыздарына арналған 12 орындық интернат ашылды.

Қаңтар айының бірінші жүлдызында Торғайда қыздар мектебін ашуға рүқсат сүрады. Рүқсат Ыбырай дүние салғаннан кейін, 1890 жылы берілді. Интернаты бар қыздар мектебі Торғайда 1891 жылы, Қостанайда 1893 жылы, Қарабүтақта 1895 жылы, Ақтөбеде 1896 жылы ашылды. Орысша-қазақша бес қыздар мектебіндегі «оқушылар саны 1896 жылы 211-ге жетті, олардың 141-і орыс, 70-і қазақ қыздары».

Ыбырай Алтынсарин Орынбор әскери губернаторына желтоқсан айының 14- жүлдызында хат жазып, Торғай қаласында да қазақ қыздары оқитын училище ашуды қайта сүрады, әзірге Торғай уезі қазақтарының қыздарын Ырғыздағы қыздар училищесінде оқытуға рүқсат беру мәселесін қойды. Біздегі «сотник Бабиннің қызы Ырғызда оқып жур, осы үлгіні пайдалану орынды болар», - деді. [3; 61]

Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Аса маңызды бұл бастамада ол патша өкіметі тарапынан кедергілерге тап болады. В.В.Катаринскийге жазған бір хатында былай деп хабарлайды: «Қазақ қыздарына арнап ашылмақ мектептің табысты боларына губернатордың күдігі бар... ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқашан да ештеңе де болмайды ғой. Бұл істің Ырғызда оңға басатындығына мен қазірдің өзінде кәміл сенемін». Тағы да Ыбырайдың қыздар мектептерін ашу жөніндегі жолдастарына жазған хаттарынан үзінді келтіре кетсек.

Ы.Алтынсариннің В.В.Катаринскийге хатынан үзінді «Аса қадірлі Василий Владимирович! Осы хатыммен бірге доверенность жіберіп отырмын. Я, ұмытып бара жатыр екенмін ғой. Ырғызда қыздар мектебін ашу үшін тамыздың аяғында сонда боламын. Оның үстіне, Бөрте болысында болыстық мектептің ашылуын тездету үшін Елек уезінде болуым керек. Бұл мектепті ашуға рұқсат алынды. Бұл мәселелер осында губернатор келгеннен кейін әбден анықталмақ. Губернатордың Қостанайға келуін маусымның онына күтіп тұрмыз. Көшіп келген орыстардың балалары үшін мектеп ашу жөнінде губернатормен Караулов та, мен де сөйлесетін болдық. Губернатор кеткеннен кейін, істің ыңғайына қарай, біз қалай көрісетінімізді, менің Сізді Қостанайда кездестіретінімізді Сізге хабарлармын. Қостанайға келуіңізді қатты тілек етемін. Қостанай. 28 мамыр, 1887 жыл».

Ф.Д.Соколовқа жазған хаты «Көптен бері Сізге хат жазбағаныма, қымбатты досым, Федор Демьянович, ренжімеңіз. Хат жазбаған себебім, Қостанайда ашылатын орыс мектебі жөніндегі мәселе осы уақытқа дейін шешіліп болған жоқ бұл мәселенің жауабы бүгін болмаса, ертең келер деп күтіп отырмын. Оның бер жағында мынадай бір жағдай болып қалды; егер уезд началънигінің тілмашы болып кіре алатын болса, Маужан Байжиенович оқытушылық қызметті тастағысы келіп жүр. Ал бұл жұмыс қазіргі тілмаш Қаржасов мырзаның уездік басқармаға іс жүргізуші болып тағайындалуына байланысты, бұл жөнінде губернатор уәдесін берген көрінеді. Бірақ осы шытырман-шатақтар әлі шешіліп болған жоқ. Сондықтан, мен Сізді шын көңіліммен қуантқым келсе де, қуанта алмай отырғанымды өзіңіз де түсінетін боларсыз.

Бірақ үмітіңізді үзбеуіңізді өтінемін, онан соң, егер өзі тілемейтін болса, әйеліңізді алып кетпеуіңізді сұраймын, Қостанайда мектеп ашу мәселесә немесе Байжиеновты тілмаш етіп тағайындау мәселесі, қалай болған күнде де, қыркүйектен қалмай немесе, ең әрі кеткенде, қазаннан қалмай, Орынборға өзім барғанымда, бір жайлы болып шешілуі керек.

Ырғызда қыздар мектебін ашу үшін тамыз айының орта шенінде сонда барғалы отырмын. Сонда көрісерміз. Әзірге сау бола тұрыңыз. Әйеліңізге менен сәлем айтыңыз. Шын ықыласыммен оның аман-есен болуын тілейтінімді айтыңыз. Ол кісі уайм жемесін. Күйеуін о кіс ін ің қалауы бойынша, қазір болмаса да, жуық, араның ішінде, орналастырамын.

Асығып отырмын, досым, хатымның тәртіпсіздеу жазылғанына кешірім етіңіз. Өзіңіздің И. Алтынсариныңыз. Қостанай. 5 тамыз, 1887 жыл». [4; 150]

Көп үзамай арманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар арнаулы мектеп ашылады. Шындығында бүл қазақ халқының өмірінде болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бүл бастаманың сәтті болғанына Алтынсарин аса қуанады. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуға рүқсат алады.

Қазіргі таңда 1887 жылы 15 қыркүйекте ашылған Ырғыз қалалық бір кластық қыздар училищесі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке қызметін атқаруда.

Алтынсарин аталмыш мектептерді ағарту іс ін ің алғашқы қадамдары деп біледі. Ыбырайдың Ушинский жолымен жүргізген оқыту жүйесі бойынша: мектеп, ең алдымен халықтық мектеп болуы керек, халықтың түрмысына ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы болып қүрылуы керек. Ауыл мектебі ауыл өміріне, болыстық мектеп – болыстағы жағдайға сай қүрылуы керек. Ауыл мектептер і үлгілі, тәртіпті, көрнекті, мәдениетті, ауылдағы бүкіл мәдени-ағарту жүмысының орталығы «қазақтарды оқытудың негізгі буыны» болуға тиіс.

Ыбырай мектептерінде өтетін сабақтарының бәрі де орыс тілін жақсы біліп шығуға арналды, сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүрді. [2; 247].

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де үрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бүрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін

152

қалаушылрдың бірі болды. Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бүрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмүн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.

Ы.Алтынсарин қыздарға арнап ашылған мектептерде оқуды негізінен ана тілінде жүргізді, мүны жоғарыда да айтып кеткен болатынбыз, бірақ орыс тілі де оқу мазмүнының ең маңызды бөлімі болып саналды. Ушинскийдің педагогикасын зор көрегендікпен меңгере отырып, орыс-қазақ қыздарына арналған мектептеріне арнап жаңа оқулықтарының негізгі түрлерін, олардың өзара педагогикалық ерекшеліктерін Ыбырай екшей білді. Ол асқан шеберлікпен негізгі үш бағытты – ғылымилылық, көркем әдеби және пайдалы техникалық – өз оқулығында үштастыра алды.

Ы.Алтынсарин мектепте оқуды негізінен ана тілінде жүргізді. Ол орыс-қазақ қыздар мектебіндегі оқу үшін ана тілінің өмірлік мәнді екендігіне сенді. Орыс-қазақ мектептерінде оқу тілінің проблемасын шешуде ол бастауыш мектеп пен екі класты училищелер қос тілді болуға тиіс, яғни орыс тілі де қазақ тілімен бірге оқытылуы керек деп тапты. Ыбырай қос тілді оқытудың жүйесін қүрды, оны сәтті түрде іске асырды.

Өз жүйесінде Ы.Алтынсарин орыс тіліне үйретудің «аударма әдісі» дегенді қолданды. Бүл әдіс бойынша, шәкірт оқуда ана тілінде де, орыс тілінде де еркін ойлау м індеттер ін шешіп отырады. Ол орыс тілі сабақтарында ана тілін жанама, қосалқы санауға қарсы болды, керісінше, ана тілінен жүргізілетін жазбаша және ауызша жүмыстарды жеке, дербес оқу жүмысы деп қарады.

Сөз, сөйлем мағынасын екі тілде бірдей үғыну, орысша да, қазақша да ойлай, сөйлей, жаза білу, сөздік жасау, жаттау, көркем тексті оқыту сияқты педагогикалық мәселені жемісті шешу үшін алдымен мүғалімнің өзі осы екі тілде сауатты сөйлеуі керек.

Ыбырай әдеби оқу методикасын қазақ тәжірибесіне түңғыш рет енгізе отырып, төрт түрлі факторды бірге алып қарайды. Олар: біріншісі – материал, екіншісі – соның берілу тәртібі мен методикасы, үшіншісі – оқушы, төртіншісі – мүғалім. Қазіргі әдебиет сабағында қолданылатын түсіндірмелі оқу әдісін алғаш рет өзінің еңбектерінде қолданған Алтынсарин еді.

Ыбырайдың әдеби оқу методикасына тән бір жаңалығы – өлең жаттау тәсілі. Ыбырай өлеңдері – балалардың жаттауына әрі үғымды, әрі білімділік-тәрбиелік мәні зор, логиксы жақсы тоқылған, тілге өзі оралып жатар жолдар.

Ы.Алтынсарин материалды ойластырылған сабақтар жүйесіне қүрып, мөлшерлеп, бірте-бірте беруді, берілген білімді баянды ете отырып қана жаңа материалға көшу жолын үсынды.

Сабақтың жүйесіздігі, баланың пәнге қызықпауы, үлгірмеуі пәннің емес, мүғалімнің кемшілігінен туады. Ыбырай әрбір мүғалім өз пәнін жақсы, жетік білуі тиіс деген. Пәнді білу дегеніміз – өз ісін де, баланы да терең сүюден туатын үлкен мемлекеттік іс [5; 7].

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Сонымен қатар қыз балаларға арнап мектеп ашуға белсене кіріскен. Қазақ қоғамын көтеру үшін, халқымыз сауатты болуы үшін, ер балалармен қатар қыз балалардың да сауатты болғанын қалап сол жолда аямай еңбек сіңірген. Ол өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жан.

 

Әдебиет

  1. Бижанова Ғ.Қ. «Ыбырай танымының: кешегіс і мен бүгінгісі». – Арқалық, 2010.
  2. Қадыржан Сейталиев. «Педагогика тарихы». «Білім» баспасы, 2008.
  3. Әсет Ламашев. «Ыбырай Алтынсарнин» . – Алматы «Ана тілі», 1991.
  4. Қоңыратбай Т.Ә. «Ыбырай Алтынсарин - 2». – 2009.
  5. «Алтынсарин оқулары». – Арқалық қаласы, 1991.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.