Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендірудің басты жолы ретінде

Қазіргі кезеңде еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық с ақт ау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Осыған орай, Н.Ә.Назарбаев «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Біздің барлық әлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы осы жұмысты қолға алғандары жөн» - деген болатын мемлекетім іздің басшысы өз Жолдауында[1].

Мүгедектік - бұл өмір қызметінің түрлі салаларында әрекет етудің шектелуімен қатар жүретін тұлға дамуының спецификалық ерекшелігі. Оның салдарынан мүгедектер ерекше әлеум еттік-демографиялық топқа айналады. Яғни, аталмыш топтың күнкөріс деңгейі төмен әрі білім алу мүмкіндігі де айтарлықтай жоғары емес. Мұндай адамдардың өндірістік қызметпен айналысуы қиындық тудырып, еңбекпен қамтамасыз етілмейді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жатады. Әсіресе олар көп жағдайда білім алуға, еңбек етуге, толыққанды өмір сүруге мүмкіндігі шектеулі болады. Олардың табыс көздері төмен, ал әлеуметтік және медициналық қызметтерге деген қажеттіліктері жоғары деңгейде болады.

Отбасындағы кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардыңжанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез-келген жанұяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық оған күшті әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді. Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға әлеуметтендірудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психологиялық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы, мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кір ікт іру мәселесі төңірегінде бірқатар заң мен тұжырымдама қабылданған.

Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған[2].

Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылы Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген. Сонымен қатар, 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» атауға болады. Бұл бағдараламаның басты міндеттерінің бірі – еліміздегі инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады. Мұндай білім мүмкіндігі шектеулі балаларды өзге оқушылармен тең дәрежеде жалпы білім беру процесіне қатыстыруға жол ашады

Елім із дің Ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістігі жазылса да, өкінішке орай мүмкүндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе күйінен түспей тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан, жарымжан балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Қазір олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасау қажет.

Ерекше оқытуды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалар кәдімгі мектеп бағдарламасында оқитын болса, олар мектеп бағдарламасы бойынша үлгере алмайды да, соның салдарынан өздерін басқа балаларға қарағанда төмен санайды немесе ешкіммен араласпай ұяң болып қалады, яғни олар қоғамнан өзінің сыныптастарынан бөлініп кете береді. Ал инклюзивтік сыныпта жалпы білім беретін бағдарлама әр баланың қабілетіне лайықтап жүргізіледі. Онда баланың коррекциялық дамуы мен білім алуы қатар жүреді.

Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендірудің бір жолы - инклюзивті білім беру.

Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілін ен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім беру дегеніміз - даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.

Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте жәнемектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бүл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақүлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.

Оның мақсаты нәсіліне, экономикалқ жағдайына, әлеуметтік жағдайына, үлттық шығу тегіне, тіліне, дініне, жынысына және жеке ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік шеттетуді жою[3].

Инклюзивті білім беру қажетті деңгейде дамымаған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі 149 246 баланың 29 212-сі немесе 19,5 %-ы - мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бүл 32,8%-ды ғана қүрайды[4].

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелер і қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:

  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
  • түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
  • мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді үйымдастыру қағидалары әзірленеді.

Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы қүралдар орнату, түтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық қүралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» қүруы жоспарланған.[4]

Инклюзивті білім берудің негізгі принцептері:

  1. Адам қүндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады;
  2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
  3. Әрбір адам қарым қатынасқа қүқылы;
  4. Барлық адам бір-біріне қажет;
  5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады;
  6. барлық адамдар қүрбы-қүрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;
  7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;
  8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді[3].

Инклюзивті білім берудін мазмұны:

Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмүны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:

  • жалпы мектептерге арналған типік оқу бағдарламалары;
  • мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары;
  • мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы.

«Білім туралы» Қ.Р-ның Заңының 21-тармағының 3 тармақшасына сәйкес инклюзивті білім беру – оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу;». Сондықтан мамандар елім із де инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін алға тартады.

Осылайша, Қазақстан Республикасында 2020 жылға қарай инклюзивті білім жүйесі енгізеледі; инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан 70% - ға үлғаяды; мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізуді» жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан – 20%; инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% қүрайтын болады [4].

Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы қүралдар орнату, түтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық қүралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» қүруы жоспарланған.

Инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бүл баланың өзін-өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады. Оқытудың бүл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі баланың өз қабілетіне сай, ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп интернаттарда түрып оқуға мәжбүр болмай, түрғылықты жерде білім алуына жағдай жасайды. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата-анасыда баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауапкершіліктер і артады. Инклюзивті білім беру барысында мүмкіндігі шектеулі баланың өздерін басқалардан кемсінбей, өзге дені сау балалармен тең қүқылы екенін сезінеді. Инклюзивтік білім ала отырып, балалар өздерінің қандай да кемістіктерін түзетеді, б іл ім ін жетілдіреді.

Әр адам қайталанбас түлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік түрғылық қарым-қатынасқа қүқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу - әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардыңәлеуметтік бейімделуін қалыптастыру инклюзивті білім берудің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психологиялық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы, мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бейімденіп, жекеленуі болып табылады. Тұлғаны әлеуметтендіруде тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы тиіс.Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.

Инклюзивті білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергіліерді жоюға, ата- аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету- педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және б іл імд ік қажеттіліктерінек бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психо физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу- тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет, сонымен қатар, баланың дамуына жағдай тудыратын балаға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге негізделген педагогикалық және балалар ұжымында моральды- психо логиялық климат орнауы қажет.

Инклюзивті оқыту - мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады.

Инклюзивті білім беру жүйесіне орта, кәсіптік және жоғарғы білім беру кіреді. Аталмыш кешен мүгедектермен жұмыс жас ауға бағытталған оқу орындарының техникалық жабдықталуын және арнайы педагогтардың даярлануын қамтиды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерге бейімделуін жең ілдететін арнайы оқу жоспарлары қажет.

Қорыта келе, мүгедектер әлеуметтік категория ретінде әлеуметтік қолдауды қажет етеді және олардың толыққанды әрі белсенді өмір сүруі үшін қоғамдық-пайдалы іс-әрекеттерге тарту, қоршаған ортамен байланысын жетілдіру, бір сөзбен айтқанда оларды қоғамға әлеуметтік интеграциялау қажет. Осыған орай, мүмкіндігі шектеулі балалрдың өздерін қоғамнан оқшауланған жан ретінде сезінбей қоғамда өз орнын табуы үшін инклюзивті білім беру қазіргі таңда аса қажет болып отыр. Біз инклюзивті білім беру арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамтуралы көзқарасымен бірге қоғамның мүмкіндігі шектеулі балалар туралы көзқарасын өзгерте аламыз.

 

Әдебиет

  1. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
  2. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қо лд ау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы.
  3. Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования. Париж, ЮНЕСКО, 2009.
  4. Қазақстан Респуб ликасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы. -Астана, 2010.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.