Шағын жинақты мектеп - бұл параллель сыныптары жоқ оқушылар саны аз мектеп. Шағын жинақты мектептерде сыныптардың толық еместігі сай келеді. Бөлек сыныптар мүлде қатыспауы мүмкін мектептер де бар. Осындай мектептердің пайда болуы, бұл біздің байтақ елімізде адамдардың әр түрлі орналасуына байланысты. Бұрын шағын жинақты мектептер тек шағын ғана ауылдарда, уақытша елді-мекендерде қалашықтар да ашылды.
Шағын жинақты мектеп - бұл әр түрлі жастағы кішігірім ұжым, онда үлкендер мен кішілерді тәрбиелеуге жақсы мүмкіндіктер жасалады. 20-30 оқушысы бар мектеп үлкен отбасын еске түсіреді. Бұндағы педагогтар мен оқушылардың қарым қатынасы басқа үлкен ұжымдарға қарағанда жақын немесе жақсы болып келеді. Бұнда басқа үлкен мектептердегідей құқық бұзушылық орын алмайды [1].
Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саяс аттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін стратегиялық даму жоспарымен, Қаз ақс тан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған білім беру саласындағы ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін дамытады.
Бүл түжырымдама қолданыстағы білім туралы нормативтік- қүқықтық қүжаттармен қатар әрбір білім алушының сапалы білім алудағы конституциялық қүқығын іске асыруына жағдай жасау бойынша шаралар кешенін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Түжырымдама жалпыүлттық басымдық ретінде шағын жинақты мектептерді дамытуды айқындайды және Қазақстан Республикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына және қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қалыптастырады.
Қазақстан Рес публикасының білім беру саласында барлық деңгейде сапалы білім алуға кең қолжетімділікті қамтамасыз ететін үлттық модельді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.
Ең маңыздысы - мазмүнын, басқару және ресурстық аспектілерді жаңғырту негізінде ШЖМ-ны дамыту.
Шағын жинақты мектеп – бүл біріктірілген сынып-комплект пен оқу сабақтарын үйымдастырудың өзіндік нысаны бар шағын контингентті білім алушылардан түратын жалпы білім беретін мектеп.
Қазіргі таңда ШЖМ:
- біріктірілген сынып-комплектілерімен;
- сынып-комплектілермен және толық емес сыныппен жүмыс жасайды.
Статистикалық деректер бойынша, жалпы республика бойынша біріктірілген 1-4 сыныптар 4398 (33250 бала), 5-9 сыныптар - 2012 (15201), 10-11 сыныптар – 17 (110). Қазақстанның 7576 жалпы білім беретін үйымының 4288-і - ШЖМ. Бүл жалпы санның 56,5 %-ын қүрайды. Ауылдық жерлерде 6032 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 4139-ы ШЖМ. Бүл барлық санның 68,6 %-ы. 1913 қала мектебінің 149-ы - ШЖМ. Бүлар оқушы санының аздығымен, сыныптарды біріктірумен, мүғалімдердің көп пәннен сабақ беруімен сипатталады [2].
Елдегі халық тығыздығының әркелкілігі аталған проблеманың өңірлік аспектісіне негізделген: ШЖМ-ның басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (облыстағы барлық мектеп санының 88,1 %-ын қүрайды), Ақмола (81 %), Қостанай (77,5 %), Павлодар (76,5 %), Батыс Қазақстан (72,9 %), Ақтөбе (67,5 %), Шығыс Қазақстан (67,9) Қарағанды (58,9 %) облыстарында.
Соңғы 15 жылда ШКМ-ның саны күрт өсті. Әр төртінші мүғалім ШЖМ жағдайында жүмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында оқиды.
Қазақстанда ШЖМ-ның ғылыми негізделген және бекітілген балама модельдерінің болмауына байланысты материалдық-техникалық жабдықтаудың өңірлік жүйесі, педагогикалық процестерді үйымдастыруға әртүрлі тәсілдер қолдану жүзеге асырылуда.
Бір аймақта жақын орналасқан ШЖМ-ны бірыңғай білім беру кеңістігінде біріктіретін ресурстық орталықтар; мектеп -кешен і («мектеп-балабақша», «мектеп -мектепке дейінгі білім беретін шағын орталық», «мектеп-мектеп жанындағы интернат-мектепке дейінгі шағын орталық»); құрамына ауыл кітапханасы, медициналық пунт, пошта, клубтар кіретін мектеп-әлеуметтік мәдени орталық; ауылшаруашылық бейіні бойынша тереңдетілген теориялық және практикалық дайындық өткізілетін мектеп - агро-биолаборатория; әртүрлі жастағы оқушылармен ұжымдық оқыту сабағы негізінде педагогикалық процестерді ұйымдастыруды болжайтын оқытудың сыныптық-сабақтық түріне жатпайтын мектептер құру тәжірибесі бар.
Жекелеген мектептердің локальдық оң тәжірибесі мен қызметтерінің табысты нәтижелерінің болуына қарамастан, жалпы мемлекеттік аралық бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінен, бітірушілердің алдағы өмірін талдауынан ШЖМ оқушыларының жалпы білім дайындығының төмендігі анықталды.
Басты себеп - ШЖМ-да білім беру процесін ұйымдастырудың әдіснамалық, мазмұндық, әдістемелік, технологиялық компонентерінің нашар әзірленуі.
ШЖМ проблемалары тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Батыс Еуропа, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Ресей, Өзбекстан және т.б. елдерде де өзекті болып табылады. ШЖМ проблемаларын шешудің оңтайлы жолын анықтау бәсекеге қабілетті ұлттық жүйені қалыптастырудың қажетті шарты болып табылады, сондай-ақ халықаралық деңгейде вариативті модель ретінде қарастырылады.
Қазақстандағы ШЖМ–ны дамытудың негізгі проблемалары ретінде келесі мәселелерді бөліп көрсетуге болады:
- Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру:
- аз толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің артық болуы;
- гипербақылауға және нәтижесінде білім алушының мазасыздануына алып келетін педагогикалық процестің нәтижелерін бағалаудың тиімсіз жүйесі;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нашар пайдалану;
- білім алушылар санының аздығына байланысты сапалы бейінді оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы;
- қосымша білім беру ұйымдарының және мәдени орталықтардың жоқтығы.
- Кадрлық қамтамасыз ету:
- педагогтердің-пән оқытушыларының толық оқу жүктемесімен қамтамасыз етілмеуіне, басқа мамандық иелерінің пәндерді жүргізуіне себепші болатын жоғары оқу орындарында, арнаулы оқу орындарында мұғалімдерді даярлаудағы мамандандырудың бір бейінділігі;
- педагогтерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың арнайы білім беру бағдарламаларының жоқтығынанегізделген ШЖМ жағдайында білім беру процесін үйымдастырудың ерекшеліктеріне мүғалімдердің дайындықсыздығы;
- ШЖМ мүғалімдерінің бірнеше пән бойынша сабаққа дайындалу және біріктірілген сынып-комплектілеріндегі білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жүмсалатын уақыттары мен интеллектуалдық ресурстарына сай еңбекақы төлеу, ынталандыру және қолдаудың болмауына байланысты педагогтер ынтасының төмендігі.
- Нормативт ік-құқықт ық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау:
- ШЖМ-ның қызметін реттейтін нормативтік-қүқықтық базаның жетілмегенд ігі;
- ШЖМ-ға арналған үлгілік оқу жоспарының жоқтығы;
- ШЖМ оқу жоспарының вариативті және жеке компоненті бойынша білім беру оқу бағдарламаларының жоқтығы;
- мүғалім үшін қазақстандық білімді дамытудың үрдістері мен перспективаларын есепке алатын қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ШЖМ жағдайында білім беру процесін үйымдастырудың қүралдары мен әдістемелік үсынымдамаларының жоқтығы.
- Материалдық-техникалық жағдай:
- ШЖМ-нің жартысынан көбінің ыңғайластырылған ғимараттарға орналасуы;
- 90 мектептің апаттық жағдайы;
- 786 мектеп ғимаратының күрделі жөндеуге қажеттілігі;
- арнайы оқу зертханалары мен шығармашылық шеберханалардың, қазіргі заманғы жиһаздардың, техникалық қүралдардың, спорт мүкәммалдарының, оқу залы бар электронды кітапханалардың жоқтығы. 948 мектепте асхана, 822 мектепте спорт залы жоқ; медициналық кабинеттердің жабдықтары қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді;
- телекоммуникациялардың ескірген инфрақүрылымы; кең жолақты Интернетке 10,3% ШЖМ қосылған, 44% ШЖМ интерактивті жабдықтармен жарақтандырылған, 1130 негізгі және орта ШЖМ-да физика, 1410 химия, 1576 биология, 85 информатика кабинеті жоқ [3].
Осылайша, ШЖМ оқушыларының сапалы білім алуына және табысты әлеуметтенуіне мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу; ШЖМ-ны дамытудың концептуалды, нормативтік- қүқықтық, үйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қалыптастыру; олардың инфрақүрылымы мен ресурстық қамтамасыз етілуін жаңғырту Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 20102020 жылдарға арналған түжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі мен қажеттілігіне негізделеді.
ШЖМ-дағы білім беру сапасын арттыру проблемаларын шешу мен даму перспективасына мынадай іс-шаралар ықпал ететін болады:
2011 жылы:
Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының базасында ШЖМ-ды дамытудың республикалық орталығы, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жанынан 14 өңірлік орталық құрылады, ШЖМ қызметінің үлгі ережесі әзірленеді;
«Мектепке және мектептен тегін әрі қауіпсіз жеткізетін мектептер жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылар мен тәрбиеленуш ілерді қамтамасыз ету» стандарты әзірленеді және қабылданады.
2011 жылдан бастап:
Оқушылар саны 10 және одан көп барлық ШЖМ жаңа түрдегі компьютерлермен және кең жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқыту «e-learning» электрондық оқыту шеңберінде ұйымдастырылады;
ШЖМ даму перспективасының қарқындылығын тірек мектептердің (160) ашылуынан көре аламыз.
Тірек мектеп (ресурстық орталық) - базасында жақын маңдағы ШЖМ-ның білім беру ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы. Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітіледі. ШЖМ-дағы балалар үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) он күннен (сессия) тірек мектепте білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде ШЖМ-да оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
2020 жылға қарай ШЖМ, негізінен, бастауыш және негізгі орта білім деңгейлері үшін жұмыс істейді. ШЖМ жаму перспективасын тірек мектептер (ресурстық орталықтар), интернаттар, жеткізу есебінен көре аламыз.
Еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлкен үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндетін шағын жинақталған мектептер де бірге атқаруы керек. Белгілі қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев ағарту қызметкерлерімен бір кездесуінде жас ұрпақ тәрбиесі туралы «Қандай шәкіртке, қандай мұғалімге, қандай мектепке көңіліңіз бітер еді» деген сауалға: «Өзін өзі жете танығысы келген шәкіртке, оған жеткізе жәрдем бере алатын мұғалімге, сондай шәкіртпен, сондай мұғалімге жеткілікті жағдай жасай алған мектепке көңілім бітеді» деп толғаныспен жауап берген-ді.
Әдебиет
- Шағын жинақты мектептегі жаңа педагогикалық технологияларды қолдану: Әдістемелік құрал. – Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және баспа орталығы, 2011.
- Назарбаев Н.А. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам. Бағдарламалық мақала//«Егемен Қазақстан», 2012 ж. 10 шілде.
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 20112020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 ж.
- Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Астана, 2010ж.