«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреу – «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады, екіншісі – «көрсем, білсем, үйренсем» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.» Абай
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамассыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту болып табылады» – делінген.[8 ;бет 6]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауының он жетінші бағытында: «...бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» – деп көрсетілген. Бүгінгі дарын – ертеңгі ғалым. Интеллектуалды дарындыны айқындау мен дамыту – ұстаз парызы. Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін, оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана интеллектуалды дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады.
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе -сол үрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білімді, сауатты адамдар-бүл ХХІ ғасырда ад амз ат дамуының негізгі қозғаушы күші» деу ін ің өзі-үлкен көргендіктің белгісі.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын қолдау-барша үстаздардың міндеті екені де анық. Өзекті мәселе-жас үрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Тобықтай түйінді тарқатып айтқанда халқымыздың тағдыры- жас үрпақтың қолында. Оларды жігерлендіру, жаңа бағыт, үлкен серпін әкелу-үстаздар, бүл сіздердің жауапкершіліктеріңіз үлы ойшыл Жалал-ад-дин Рулш былай деген екен: «Сен бүл өмірге мақсатты тіршіліктерді тындыруға келдің және алдағы міндетің де сол. Егер осыны орындамасаң, онда ештеңе істемегенің». Осы сөз - әрбір үстазға арнап айтылғандай. Ұстаз-бүл тек тәрбиеші ғана емес, сонымен бірге дос, біздің қоғамымыздағы білікті түлғаны биікке көтеретін адам. Озық ойлы білімдар адам заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Соңғы жылдары жеке түлғаны қалыптастыруды дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында жүйелі жүмыстар атқарылып, мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдерін қолдануымыз көңілге қуаныш үялатады. Өйткені қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі -шәкірттің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.
Осыған орай мемлекеттік білім беру саясатының бағытында мектеп баланың дамуын жүзеге асырып, түлғаның қабілеттілігін ескеріп, бір қалыпта қалыптасуын қамтамасыз етуі керек.
Адам баласына шын мәнінде білімді болуы үшін үш қасиет: жан- жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы және сезім дарқандығы қажет.Әрбір оқушының өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек етет ін болсақ, бәсекеге қабілетті түлғаны қалыптастыруда өз шешімін табады.
Ісмер ағаштан бір затты қырнап жасаудан бүрын оны жоңғылап алатыны сияқты, мүғалім де оқушыға өзінің тәлімдерін үйретуден бүрын оның бойындағы білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет.Ұлтты жаңа интеллектуалды белеске көтеру туралы Ел президенті қабылдаған үндеуге сәйкес жүргізіліп жатқан білім беру жүйесіндегі деңгей биік болуы үшін мүғалім әрбір сабағын өзіндік ойы, шиеленісуі мен шешімі бар өнер шығармасындай ойластырып, дайындауы қажет.
Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын үстайтынын ескерсек,олардың іскерлік дағдыларын және білім қүмарлық талап -жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі, адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы.
Ұстаз алдында отырған оқушыларды ерекше қабілетті,орташа деңгейдегі оқушы, үлгерімі нашар оқушы деп үш топқа бөлуге болады. Алдымен ол өз ойын еркін жеткізе алатын,талдай білетін, дәлелдерменқорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы. Ал ең басты ерекше қабілетті оқушы мұғалімнің көмекшісі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда,ерекше қабілетті, талантты балалардың био -химиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді. Олардың миы қабылдаған мәліметтерді қорытуға қабілетті. Демек, ерекше қабілеттілік бала бойында тәрбие мен алған біліміне байланысты қалыптасатын қасиет. Дегенмен, балалардың да ынталылығы, іскерлігі қоғам негізінде игер ілетінін естен шығармаған жөн. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарын-дылықты тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу-ұстаздардың басты міндеті.
XXI ғасыр мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық- психо логиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілеті, нақты тәжірибелік іс- әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог зерттеуші, ойшыл болуды қажет етеді. Баланың жас ерекшелігіне қарай қабілетті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен болады. Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оянып келе жатқан алғашқы белгісі. Демек,бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік келешектегі қабілеттіліктің көрсеткіші бола алады. Ерекше қабілеттілік – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
Адамның ерекше қабілеттілігі оның жоғары туа біткен жеке қасиеттер імен тығыз байланысты.
Табиғи дарындылық дегеніміз не? Нышан дегеніміз- қабілеттің дамуының анатомиялық-физиологиялық алғышарты. Қабілет дегеніміз – тұлғаның кез- келген іс- әрекетті табысты орындауы. Дарындылық дегеніміз- адамның кез- келген іс- әрекет түріне ерекше қабілетті болуы. Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Данышпандық дегеніміз- қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі. Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психо логиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп –тамыры ғасырлар тереңінде жатыр.Адамның психо логиялық ерекшеліктер і жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектер інде көрініс тапқан.
Дарынды баланы анықтау үшін ең тиімді іс-әрекет негізінде оқушының қабілетін анықтау қажет. Жас түлғаны дамыту үшін өзіндік сана сезімін ояту қажет. Дарындылық қабілет адам бойындағы кейбір өзгерістерге, мүмкіншілігіне, даму тенденцияларына байланысты. Дарындылық қабілет оқушының жыл бойы шығармашылық, ізденіс қүлшыныстарына өз әсерін тигізеді. Дарынды бала – даналықтың, ғүламалықтың, қүдіреттіліктің, адамгершіліктің кәусар тамшысы, ағымды тасқыны, дария көлі, мүхиты.
Дарындылықтың негізі ізденіс пен белсенділік. «Ізденіс» оқушылар ғылыми қоғамның жүмысы. Оқушылардың ғылыми қоғамның секция жүмысы және оқушының ғылыми қоғамның бүқаралық жүмысы байқалады. Жалпы жиналыс, конференциялар, байқаулар, олимпиадалар, көрсетулер, ғалымдармен кездесулер, тақырыптық кездесулер үйымдастыру, көрмелер, ғылыми және жоғары оқу орындарының лабораториясына бару, ғылым, техника апталықтарына, басқа да бүқаралық шығармашылық істерге қатысу; түрлі байқауларды қою мен өткізу, референттік жүмыстарды талдау, ғылыми-зерттеу іздеу. Өнертапқыштық жүмыстарды қорғау, сараптамалық лабораториялардың әдіс-тәсілін тереңдетіп көрсету. Түлектермен қосымша әдебиет пен өз бетінше жүмыс жасау, орындалған жүмыспен ғылыми зерттеу жүмыстарының тақырыбымен жүмыс жасау.
Дарынды оқушының жүрегіне жол тапқан үстаз педагогикалық түрғыдан шеберліктің қайнар көзіне айналады. Дарындылық табиғаттан берілген ерекше қабілет деп түсінуге болады. Мысалы: жоғарыда аты аталған дарындылықтың мынадай түрлері бар. Интеллектуалдық, академиялық, көркемдік, шығармашылық, лидерлік және спорттық Ақыл- ой дарындылығы едәуір басым оқушыларды ойлауды бағалау диагностикасын жүргізу арқылы анықтауға болады. Диагностика арқылы оқушының ақыл-ой дамуы, танымдық әрекетіндегі түлғалық ерекшеліктері толық мағлүмат алуға болады
Дарынды бала – бүл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бүл – үлттық қүндылық. Білікті маман дарынды оқушылармен жүмыс істегенде өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді.
- Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жүмыс жасай алады.
- Олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жүмыс жасауына, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңес береді.
- Оқушыға дүрыс бағыт – бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жүмысымен айналысуына көмек көрсету керек.
- Педагогикалық үрдісті диагностикалау жүмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады.
- Дарындылықты анықтауда әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді және оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалана біледі.
Жалпы барлық таным үрдістері бірігіп интеллектуалды жүйе құрайды. Оқушының интеллектуалды жүйесін дамытуда зерттеушілік белсенділігі арқылы оқушы өзін-өзі дамытып, танып білуге жол ашады. Жалпы мұғалім дарынды оқушының сабақтағы әрбір әрекетін алдын ала жоспарлау арқылы оның ойлау, болжау, тұжырымдау секілді оқытудың негізгі зерделік көрсеткіштерін де қалыптастыра алады. Сабақтың нәтижесі мейлінше жоғары көрсеткішпен шығу үшін оны бастамас бұрын оқушы қандай мәселеге жете көңіл аудару қажет, нені біліп, нені игеріп шығатыны туралы толық мағлұмат беріледі. Сабаққа осындай дайындықпен қатынасқан оқушы одан көптеген жаңалықты, қызықты физикалық құбылысты күтеді. Әрбір жаңа сабақ өткен сабақтың материалымен байланыстырудан басталуы тиіс. Бұл әдіс оқушының назарын бірден сабаққа белсенді түрде араласуға аударады. Мұғалім осыларды ескере отырып, дарынды оқушылардың белсенділгі мен танымдылығын және интеллектілік - шығармашылық бағыттарын жетілд іруге әрекет жасай біледі. Егер оқушы берілген сабақты игере алмаса немесе зейінділік танытпаса, онда оған қосымша жұмыс арқылы көмектесуге болады. Қосымша жұмыс - дарынды оқушының жеке қабілеттерін, ынта-ықыласын, қызығуын, құнды бағдарын шыңдап жетілдіреді, Сонымен бірге, оқушы еңбегінің жемісін күнделікті бағалап отырудан да көруге болады. Өйткені, еңбегінің жемісін күнделікті бағаланатынын сезінген бала алға ұмтылып, жақсы оқуға ынталанады.
Шығармашыл, дарынды бала - оқу процесінде батыл, болжамдық қабілеттері басым, оптимист, эмоционалды ерекшеліктерге бай, өзінің мүмкіндіктер ін алғашқы тапсырмадан бастап таныта алатын, ізденімпаз, ол әрқашан жаңалыққа құштар. Дарындылықтың дамуын зерттеуде оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен ақыл-ой дамуы жоғары деңгейде анықталатын жалпы дарындылықтың және нақты әрекет (музыка, спорт, т.б.) түрінде байқалатын арнайы дарындылықтың анықталуы өте маңызды. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жалпы білім беретін мектеп бағдарламасынан ерекше өздерінің жеке тұлғалық қасиетін ашып көрсете алуын қамтамасыз ететін бағдарламалар негізінде оқытылуы қажет. Сондықтан дарындылыққа берілген шетел зерттеушілерінің анықтамаларында оларды оқытудың арнайы бағдарламасының қажеттігі туралы мәліметтер берілген. Мысалы, Барбара Кларк «Дарынды балалар деп - қандай ортада болсын кез келген істі жоғары деңгейде атқара алатын, күнделікті қарапайым мектеп бағдарламасынан өзгеше оқыту бағдарламасын қажет ететін балаларды айтады. Бұл оқыту олардың қабілеттерінің төмендеу емес, керісінше одан әрі дамуын, өсу ықтималдығын қамтамасыз етеді» дейді.
Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Олар баланыңойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, би, драма, т.б.) қабілетін сипаттайды. Баланың шығармашылық дарындылығының сараптамалары нәтижесінде мына сипаттамаларды атап айтуға болады:
- - зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;
- - ақыл-ойдың жоғары қажеттілігі;
- - тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылық;
- - белгілі бір іс-әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдануы;
- - өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;
- - абстрактылы-логикалық ойлаудың жоғары деңгейін дамыту;
- - стандартты емес идеялар мен мәселені шешудің жаңа тәсілдерін таба білу қабілеті;
- - тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.
Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екндігін біле отырып дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа қызығуымен де, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін меңгеру қабілеттерімен де ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Дарынды балаларды оқыту бағдарламасы олардың мүмкіндіктері мен талаптарына және осы деңгейдегі оқушыларды оқыту мақсатына сәйкес келуі керек. Енді ең бірінші оқыту мазмұнының басты деген талаптарына тоқтала кетейік. Олар мына төмендегілер:
- - оқу пәндерінің сандық және сапалық ерекшеліктері;
- - оқыту мазмұны мен әрбір оқу пәнінің мазмұны шығармашылық жұмыстарға бөлінуі;
- - тақырыптық тараулар мол мазмұнды және зерттеушілік сипатта болып келуі;
- - әр тарау көлемі мәліметтер қорына байланысты түрлі мөлшерде берілуі.
Бұл тәсіл оқытудың негізгі бағыттарына, яғни білім, білік, дағдыны, шығармашылық тұрғыда меңгерулеріне жақсы әсер етеді. Мұндай әдіс оқытудың жаңа бағыттарын шешуде, яғни балалардың қабілеті мен шығармашылық ойлауын кеңейтіп, оны одан әрі дамытуға мүмкіндіктер беретінімен маңызды.
Бағдарлама бөлімдері арасында және пәндер арасында өзара мазмұнды қарым-қатынас болмауы оқушының жүйелі ойлауы мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді. Нәтижеде баланың дүниеге деген тұтас, жалпы көзқарасын қалыптастыруда қиындықтар туады. Ең бастысы, дарынды балалардың даралық ерекшеліктерін, жан- жақты қызығуларын, мінез-құлқының айырмашылықтарын есепке алу қажет.
Дарынды балалармен жұмыс істеуде ата-аналарға берілетін кеңестер
- Балаңызға өзінің мүмкіндігін оятып, ашылуына жағдай жасауға мүмкіндік беретін қауіпсіз әрі психологиялық база құрыңыз.
- Балаңыздың шығармашылыққа деген ұмтылысы мен қабілетін әрқашан қолдап, демеп тұрыңыз және тәжірибелерінің сәтсіздікке ұшыраған жағдайларында жанашырлық білдіріңіз. Сонымен қатар тәжірибені сынап, жаман баға беруді болдырмаңыз.
- Балаңыздың түрлі түсініксіз ойларына сабырлықпен қарап, бәрін бірден білгісі келетінін және шексіз сұрақтарын құрметтей біліңіз. Шектен тыс немесе қойылмайтын жабайы сұрақтарына мүмкіндігінше жауап беруге тырысыңыз.
- Егер бала қаласа, оған өзінің ойларымен жалғыз қалуға, істерімен өзі айналысуға мүмкіндік беріңіз. Өз ісінің «бастығы» болу балаңыздың шығармашылығын тез жетілдіруге жол ашады.
- Балаңыздың негізгі адамдық қажеттіліктеріне толық қанағат болуын қадағалап отырыңыз. Яғни, қауіпсіздік сезімі, балаға деген махаббат, қоршаған ортаға және өзіне деген құрмет, әрқашан болуы тиіс.
- Балаңызға өзін-өзі жеке әрі дарынды тұлға ретінде құрметтеуді және бағалауды үйретіңіз. Алайда оның мінез-құлқы мәдениеттілік шегінен аспауы тиіс.
- Балаңызға барлық сұрақтарға бір мағынада жауап беру мүмкін еместігін, сұраққа толық жауап беру үшін уақыт, ал баланың жағынан шыдамдылық қажет екендігін түсіндіріңіз.
- Жаңа ашылу мен зерттеуге бел буған балаңызға жылы-жылы қолдау сөздерін таба біліңіз де, сынау сөзден қашық болыңыз. Балаңызбен жылы қарым-қатынаста болыңыз, бала деген махаббатыңызды аямаңыз, жасырмаңыз.
- Дарындылықты дамыту үшін әр кезде арнайы жағдайлар жасалуы тиіс. Сондықтан балаңызды қоршаған ортаның жағымсыз, сын көзқарастарынан сақтай отырып балаңыз үшін керекті жағдай орнатыңыз. Егер дарындылықтың дамуы барысында негативті әсерлер позитивті әсерлерден басым болса, онда балаңыздың шығармашылық энергиясы қажетсіз, тіпті зиянды салаға көшуі мүмкін. Өзіңіздің балаңыз үшін міндетті түрде өзіне ұқсайтын, жан дүниесі мен мінезі, кем дегенде, қабілеттері мен ойлары бір жерден шығатын, жолдас, серіктес жан дос тауып беріңіз. Бұл бала үшін өте маңызды: ұшқыр ойларын, сырлары мен армандарын бір-біріне айту арқылы олар бойларындағы сенімділік пен қажырлық қасиеттерін нығайтады.
Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана-адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Сондықтан әр педогог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс.Оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын ұстаз ғана бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, саналы,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Өйткені жақсы мұғалім жақсы оқушыларды жасайды.
Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Осы мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс-әрекет мақсатын, міндетін, түрін,тәс ілін,жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз керек. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады.
Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы -білім екенін көрсету жолында еш аянбаңыздар. Біліктілік пен шеберліктеріңізді ұштастырып, «ұлы болу оңай емес, ал ұлылардың ұрпағы болып қалыптасу одан да қиын» деген қағиданы іске асырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру-сіздер мен біздердің міндетіміз, қымбатты ұстаздар: осы жолда Сіздерге қажымас қайрат, үлкен жетістіктер тілейміз.
Әдебиет
- 1 «Қазақстан мектебі» №122.
- «Білім кілті» №4-63.
- «Білім әлемінде» №1 2014ж
- «Биология мен экологияны оқыту әдістемесі» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №4,5 2013ж
- М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы»
- «Биология және салауаттылық негізі» №5,6 2013ж
- «География және табиғат» №1,2 2013ж
- «География биология экология »№1.2. 2010ж