Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісінің қызметі мен қолдану шарттары

Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз – адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесінің қимыл- әрекетке үйрету, қалыптастыру, меңгеру, жетілдіру үрдісі.

Математика мүғалімі есеп шығаруға, қазақ тілі мүғалімі граматикаға үйретсе, дене тәрбиесі мүғалімі оқушыны жүгіруге, секіруге, лақтыруға үйретеді. Оқушыны кеңістікте өз денесін басқарып, қозғалуға үйретеді. Мектеп бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының техникасын дүрыс орындауға үйретеді. Үлкен өмірде тіршілік етуге дайындайды. Спорт түрінің жаттықтырушысы, бапкері спортшыға спорт түрінің жарыстық жаттығуларының техникасын үйрету арқылы, сол жаттығуларды орындаудан жоғарғы жетістіктерге жетуге, әлемдік рекордтар орындауға жеткізеді.[1.18]

Қимыл-әрекетке үйрету үрд іс і кезінде спортшының дене қуатының деңгейі қандай екендігі байқалады. Ол дене қасиеті деңгейі сол жаттығу техникасын орындауға сай болуы мүмкін. Олай болатын болса жаттығу техникасын үйрену барысында сол дене қасиетін дамыту керек болады. Мысалы, волейболдағы шабуыл соққысын орындау үшін спортшы секіргенде доп соғатын қолы тордан 30 сантиметрдей жоғары шығуы керек. Ондай биіктікке секіре алмаса жаттығу техникасын орындай алмайды.

Психологиялық жетілу – спортшының өзіне сенімділігі, батылдығы, тәуекелшілдігі, «Жаттығуды орындай алмаймын ба?» деген өзінің сенімсіздігін жеңуі. Ол қасиеттер де бірден келмейді, жаттығу техникасын үйрету барысында қалыптасады, тәрбиеленеді.

Дене тәрбиесіндегі оқытудың нәтижесі қимыл-қозғалысты меңгеру болып табылады. Қозғалысқа үйрету теориялық және іс-тәжірибелік бөлімдерден түрады.

Теориялық мағлүматтың көлемі мен мазмүны жалпы педагогикалық қағидалармен (жүйелілік, үғынықтылық т.с.с.) анықталады, бүлар оқу мақсатына, оқушылар тобының ерекшеліктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді:

  1. Дене тәрбиесінің әлеуметтік қажеттілігі туралы ( денсаулықты нығайту, жүмысқа біліктілігін арттыру т.б.). Бірінші сабаққа келген күннен бастап жаттығушыларға дене жаттығуларының адам ағзасына әсері, пайдасы, керектігі туралы айту керек. Дене жаттығуларын орындау ең бірінші денсаулықтарын нығайтатынын олар жақсы білуі тиіс. Тек түрақты, жүйелі дене жаттығуларын орындау ғана адам ағзасының жүмыс қабілеттілігін артыратынын, деңгейін жоғарылататынын олар жақсы білуі, соған үмтылуы керек. Сонда ғана үйрету үрдісі нәтижелі болады.
  2. Дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережелері туралы мағлұмат (футбол, баскетбол, волейбол ойындарын ойнау ережелері және т.б.). Жаттығу техникасын үйретерден бұрын сол спорт түрінің жарыс ережелері туралы мағлұмат берудің үлкен маңызы бар. Мысалы, волейболдағы шабуыл соққысын үйренер алдында оқушы соққы кезінде торға қолы тимеуі, доп волейбол алаңының ішкі жағына түсуі, тосқауылдан ұшқан доп алаңның сыртына түссе де ұпай санына есептелетіні туралы ережелерді білуі қажет.
  3. Медициналық-биологиялық мағлұматтар дене гигиенасы, шынығу, ұйықтау, тамақтану, жаттығу режімдері туралы баяндаулар, әңгімелер түрінде жүргізілуі керек.
  4. Үйрететін қимыл-қозғалыс техникасы туралы мағлұмат. Үйренетін жаттығу техникасы, оның қолданылатын жері, жолдары, мақсаты айтылады. Қимыл-әрекетіне үйрену алдында оқушы оның ережелері, адам денесінің қозғалу заңдылықтары, арнайы терминология туралы мағлұматтар алуы керек.

Теориялық мағлұматтарды алу көздері: қимыл тәжірибелігі, арнайы оқулық, сөз және көрнекі қабылдау әдістері, мұғалімнің әрекеті, кино және бейнефильмдер көрсету т.б.

Теориялық мағлұматтарды баяндау кіріспе сабақтар кезінде, сабақтардың кіріспе бөлімінде және оқу материалдарын үйрену кездерінде сабақтың негізгі бөлімінде де жүргізіледі.[2.85]

Дене тәрбиесі және спорттың нақты тәжірибесінде қимыл- әрекеттердің техникасын үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру, үйрету және жетілдіру. Енді осы кезеңдерге жеке-жеке тоқталып кетейік.

Қимыл-әрекетті таныстыру кезеңі. Бұл кезеңнің міндеті – оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру және соны үйренуге ынтасын ояту. Түсіну, ұғыну үрдісі қалыптасу кездерінде бір-біріне байланысты, сабақтасты үш кезең пайда болады.

Үйрену міндеттерін ұғыну. Оқушының жаттығу техникасын қарапайым болса бір сабақта (мысалы, шаңғымен сырғанауға үйрету), күрделі болса бірнеше сабақта (мысалы, шаңғымен екі адымды, кезекпе- кезек таяна сырғанау тәсілі) ұғынуы. Жаттығу техникасын үйреткенде мұғалім немесе бапкер жаттығуды толық, тез қарқында орындап көрсетеді. Әрбір спорт түрінің негізгі жаттығуларының орындау эталоны, стандарты бар болғандықтан бапкер сол стандартты қалыпта орындауы керек. Жаттығу техникасын стандартты қалыпта орындап көрсеткеннен кейін барып бапкер жаттығуды ақырын қарқында, бөлшектерге бөліп, әр бөлшектерінде үйренетін қимылдарды көрсетіп, сөзбен айтып, түсіндіріп орындайды. Оқушылар жаттығу техникасының негізін, сонан соң бөлшектерін түсінуі керек.

Орындау жобасын құру. Бұл кезеңде оқытушының, бапкердің түсіндіріп, көрсеткен жаттығу техникасын ұғынған оқушы санасында жаттығуды қалай орындауға болатыны туралы қисынды, бейнелі түсінікқалыптасады. Ол жаттығу техникасын толық ұғынып, оны орындауға дайын күйде келеді.

Жаттығуды орындап көру. Жаттығуды орындап көру – танысу кезеңінің негізгі элементі. Оқушы жаттығу техникасын үш-төрт рет орындап көреді. Орындап көру арқылы оқушы өз міндетін қаншалықты ұққанын, қозғалысқа үйрену міндетін қалай құрғанын тексеруіне болады. Қимыл-әрекеттің күрделілігіне байланысты жаттығуды бөліп немесе тұтас орындауға болады. Қарапайым жаттығуды толық орындай беруге болады. Күрделі жаттығуды бөлшектеп орындаған жөн. Қозғалыс техникасын тұтас орындағанда оқушы қате жіберсе, бөлшектеп орындау әдісін қолдану қажет.[3.44]

Қимыл-әрекетке таныстыру кезеңінің негізгі әдістері: тұтас және бөлшектеп үйрету әдістері. Сөзді қолдану әдістері: түсіндіру, баяндау. Көрнекі қабылдау әдістері: қимыл-әрекетті көрсету, көрнекі құралдар қолдану және т.б.

Қимыл-әрекетті үйрету кезеңі. Бұл кезеңнің міндеттері – оқушыларға техника негізін үйрету, оны тұрақты орындауға жеткізу және осылар арқылы қимыл шеберлігін қалыптастыру. Оқушының әрбір жаттығу техникасы бөлшегін ықылас сала орындайтын қимыл-әрекетін қимыл шеберлігі дейміз. Қимыл шеберлігінің қалыптасуының өзіне тән мынандай белгілері бар:

  • қимыл-әрекетін орталық жүйке жүйесінің бақылауымен дағдысыз басқару;
  • жаттығуды тұрақты дұрыс орындамау (қателесу);
  • әр түрлі жаңылдыратын себептерге қарсы тұра алмаушылық (шаршау, абыржу, үйрену арасындағы үзіліс). Қимыл шеберлігін қалыптастыру кезеңіне жаттығуды тұтас немесе бөлшектеп көп рет қайталау процесі жатады.

Құрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі бөлімге бөлінеді:

Қимыл шеберлігін қалыптастыру. Оқушыларды жаттығу тәсілінің негізіне, пайда болған қателерді жоюға, жаттығуды орындаудағы қатаюды болдырмауға үйретеді. Физиология тілімен айтқанда, орталық нерв жүйесінің артығырақ жайыла қозуы, қозғалыс орталығына ауысуы шоғырланады. И.П. Павловтың ілімі бойынша динамикалық стереотип қалыптаса бастайды, ол жүйке процестерінің жаттыққан жүйесі, шартты рефлекс механизмі бойынша пайда болады. Оқушыларда бұл мезгілде артық қозғалыс жоғалады, қимыл еркінделе бастайды, жаттығуды орындау амплитудасы үлкейеді, сенімділік пайда болады.

Қимыл шеберлігін жетілд іру. Бұл бөлімде қимыл-әрекетін орындау техникасы меңгеріледі және бірталай дағды белгілері пайда бола бастайды. Бірақ жаттығуды орындау тұрақсыздығы сақталады, жаттығу техникасын әр түрлі себептер жеңіл бұза алады. Жаттығуды орындау барысында жіберілген қателерді дер кезінде түзетудің маңызы зор, өйткені ол жаттығушының жаттығуды үйренуіне жақсы нәтижеге қол жеткізуіне септігін тигізеді. Қимыл-әрекетті меңгерудің бастапқы кезеңдеріндеқателер көп кездеседі. Сондықтан оқу әдістемесін дұрыс қолдана отырып, оларды болдырмауға ұмтылу қажет.

Дене тәрбиесі тәжірибесінде төмендегідей қателер топтары кездеседі:

  1. Жалпы және нақты қимыл-әрекеті кезіндегі қателер. Жалпы қателерге жататындар: жалпы дамыту жаттығуларын орындау кезіндегі дұрыс тұрмаған дене тұлғасы, жаттығуларды үлкен амплитудамен орындамау т.с.с. Нақтылы қателерге жататындар: алдыға төмен еңкейгендегі, ағаш аттың үстінен секіргендегі аяқтың тізе буыннан бүгілуі, жаттығу орындағандағы қолдың шынтақ буынынан бүгілулері т.с.с.
  2. Елеулі және ұсақ қателер. Елеулі қателер - жаттығу техникасының негізін бұзатын қателер. Ұсақ қателер - техника бөлшектерінде кездесетін, техника негізіне көп әсер етпейтін қателер.
  3. Әдеттегі және кездейсоқ қателер. Әдеттегі қателер - жаттығу техникасында жиі кездесетін, олардың болатынын дене тәрбиесі мамандары алдын ала біліп отыратын қателер. Кездейсоқ қателер - жаттығу техникасында сирек кездесетін қателер.
  4. Дағдылы және дағдыланбаған қателер. Дағдылы қателер - оқушы қимыл техникасын қате үйреніп алған кезде болатын қателер. Ондай қателерге спортшы әбден дағдыланып алғандықтан түзету өте қиын болады. Дағдысыз қателер қимыл-әрекетін меңгерудің бастапқы кезеңдерінде кездеседі, оқытушы сол кезде көрсе, оны оңай түзетеді.

Қателердің шығу себептері: оқушылардың үйрену міндеттерін дұрыс ұқпауынан, үйрету жобасын дұрыс құрмауынан, жалпы дене дайындығының төмендігінен, өз күшіне сенбеуінен, батылдықтың жетіспеуінен, сабақты ұйымдастыру талаптарының бұзылуынан, ағз аны ң тез болдыруынан, алдыңғы үйренген қозғалыс -әрекеттерінің кері әсерінен, сабақ өткізетін жердің, құрал-жабдықтардың педагогикалық талаптарға сай еместігінен.[4.9]

Қатені көру оңай болғанмен, оның шығу себептерін білу қиынға соғады. Сондықтан да дене тәрбиесі маманы қатенің шығу себептерін жақсы білуі, қатені түзету жолдарын дұрыс анықтай алуға тиісті. Қателерді түзету ережелері өте көп. Олардың дене тәрбиесі тәжірибесінде жиі кездесетіндеріне тоқтала кетейік:

  • қайта түсіндіру, жаттығуды қайта көрсету арқылы оқушы қатесін ұғындыру;
  • алдымен тұрпайы, тәсіл негізін бұзатын қателерді, сонан соң ұсақ қателерді түзету;
  • мұғалімнің қателерді түзету нұсқаулары, оқушылардың дене мүмкіншіліктеріне байланысты болуы қажет. Ондайды қатені түзету кезінде пайдаланған жаттығуларды орындап жіберген жөн.

Қатенің шығуы, оны түзету көбінесе жаттығуды қайталау сипатына байланысты. Ол қарапайым қайталау және өзгермелі қайталау болып бөлінеді. Қарапайым қайталау стандартты жаттығулар техникасын үйренгенде пайдаланылады, оқушылардың қимыл-әрекеті мұғалімнің көрсеткеніндей орындауын талап етеді. Күрделі қайталау қозғалыс- әрекетін әр түрлі жағдайда орындай алатын икемділікті талап етеді. Сол мақсатпен қозғалыс әрекетін қайталау әр түрлі ауыспалы нұсқаларда, түрліше жағдайда орындалады. Оқушылар жаттығулардың стандартты орындау тәсілін тұрақты игергенде ғана күрделі қайталауды пайдалану қажет. Бұл кезеңде үйрету әдістерінің барлық топтары қолданылады: сөзді қолдану әдістері (талқылау, орындаған тапсырманы талдау т.б.); көрнекі қабылдау әдістері (кинограмма, бейнежазулар, тез хабарлау жабдықтары), тәжірибелік әдістер (жеке бөлшектеп үйрету, тұтас үйрету).

Қимыл-әрекетті жетілдіру кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты – қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл шеберлігіне жету. Жаттығуды көп қайталағаннан соң қимыл шеберлігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы деп жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл-әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз. Қимыл дағдысы әр түрлі қозғаушы факторларға қарсы жоғары тұрақтылық танытады (жаттығуды басқа спорт залда орындау, көрермендер әсері, әр түрлі ауа райы жағдайлары т.б.). Қимыл дағдысын қалыптастырғанда қозғалыс дәлдігі жақсарады, қимыл ырғағы жетіледі, жеке қозғалыстар біртұтас қимыл-әрекетке айналады. Қимыл дағдысын қалыптастыру кезінде анализаторлар қызметін бөлу үрдісі қатар жүреді. Қимыл анализаторларының мәні артады, өйткені бұлшық еттердің сезімталдығы қозғалысты бақылауда жетекші рөл атқарады. Көру анализаторларының қызметі қоршаған сыртқы ортадағы жағдайды және әрекеттің нәтижелілігін бақылау қызметіне ауысады. Қимыл дағдысы жаттығуды көп қайталағанда пайда болады. Жаттығуды дұрыс қайталау үйрету міндетіне, оқу материалының күрделілігіне, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқыту әдістемесінің жетілгендігіне байланысты.[5.29]

Тәжірибеде қайталаудың екі жолы қолданылады: созылмалы – көптеген сабақтарға бөле қайталау; түйінді – қысқа мерзімде бір немесе бірнеше сабақта қайталау.

Созылмалы қайталау кезінде қолайлы дұрыс тынығу аралығы болса, көлемді оқу материалын игеру кезінде, жаттығушылар үлкен дидактикалық әсер алады (мысалы, гимнастикадағы еркін жаттығулар). Бұл үрдісті екі себеппен түсіндіреміз: біріншіден, жаттығу техникасының есте сақталуы, яғни меңгеріп жатқан оқу материалын жаттығуды орындап жатқанда ғана емес, тынығу аралығында да ұғыну, ойлау. Екіншіден, жаттығуды меңгеру үрдісінің, ағзаның бұлшық ет әрекетіне, бейімделу қызметіне байланыстылығы, яғни жаттығуды орындау барысында ғана емес, қалпына келу кезеңінде де сақталады.Тынығу аралықтарының жиілігі мен ұзақтығын белгілегенде (жалпы уақыт ұзақтығы бірдей) сирек және ұзақ тыныққанға қарағанда, жиі және аз уақыт тыныққан кезде спортшы ағзаның жұмыс қабілеттілігі артатынын ескеруіміз керек. Сондықтан да сабақтарды біріктіруге болмайды. Түйінді қайталау тездете үйрену негізін құрайды. Оны жеңіл оқу материалын үйренгенде қолдану 199 тиімді. Бұл екі жағдайда да қайталау сипаты әр түрлі болады. Бастапқы үйрену мезгілінде қайталау жиілеп, сонан соң біртіндеп азаяды. Жаңа тәсілді тұрақтандыру үшін бастапқы жаттығу жиі қайталануы керек, ал ол бекіп алған соң қайталауды азайтуға болады.

Қимыл дағдысы әр түрлі және біртіндеп қалыптасады. Қимыл дағдысының қалыптасуы төрт түрге бөлінеді:

  1. Дағдының «жағымсыз тездете» қалыптасуы. Үйрету барысының басында қимыл-әрекетін игеру тез, сонан соң баяулап қалады. Өйткені қимылды орындаудың техника негізгі тез қабылданады да, бөлшектері ұзақ меңгеріледі.
  2. Дағдының «жағымды тездете» қалыптасуы. Бұл үйренудің бас кезінде болады, осы кезде дағды ақырындап, сонан соң тезірек қалыптасады. Қалыптасудың осы түрі күрделі әрекеттерді үйренген кезде байқалады, жаттығу техникасын бөлшектеп үйреніп барып толық орындаған кезде, жақсы меңгерген қимыл-әрекеттер дағдының тез өсуін шапшаңдатады.
  3. Дағды дамуының ақырындауы. Мұндай жағдай дағдының жетілу деңгейіне жеткен кезінде пайда болады. Дағды неғұрлым жетілген сайын оның одан әрі дамуына қажымас қайрат, көп еңбек және педагогикалық шеберлік керек.
  4. Дағды дамуының то қталуы – үйрету әдістері қате, тиімсіз болғанда, дене қуатының даму деңгейі (күш, ептілік т.б.) төмен болғанда, жаттығуды ебедейсіз (қорқыныш, шаршау), ыңғайсыз жағдайда (нашар спорт жабдықтарында т.б.) орындағанда пайда болады.

Оқытушы дағдыны қалыптастыру кезінде осы жағдайларды байқап, уақытында түз етіп отыру қажет.

Дағдының бұзылуы. Мықты қимыл дағдысы уақытылы баянды етіліп отырылса, көп жылдар бойына спортшы денесінде, санасында сақталады, қажет кезде қозғалып қолдануға болады. Ондай бекітулер болмаса, дағды бұзылады, қимыл дәлдігі жоғалады, жаттығу орындаудың (өз күшіне сенбеушіліктен), нәтижелігі нашарлайды. Бірақ дағды түгелімен жоғалып кетпейді, негізі сақталады және қайталанған соң тез қалпына келеді.[6.65]

Қимыл дағдыларының ауысымы. Дене тәрбиесінің тәжірибесінде қалыптасатын қимыл дағдыларының бір-бірімен біріге әрекеттенуі жағымды және жағымсыз жағдай туғызады. Ертерек қалыптасқан дағдының, келесі дағдының қалыптасу үрдісін жеңілдетуін жағымды ауысу дейміз. Бұл жағдайда алдыңғы қалыптасқан дағдының жаңа үйренетін қозғалыстарға ұқсас элементтерін қолданамыз. Мысалы, оқушы гранат лақтыру техникасын жақсы меңгерген болса, найза лақтыру техникасын да тез меңгереді. Ертерек қалыптасқан дағдының келесі дағдының қалыптасу үрдісін қиындатуын жағымсыз ауысу дейміз.

Қимыл дағдысын жетілдіру әр түрлі оқу әдістерінің көмегімен іске асырылады. Оның ішінде жетекші орынды ойын және тұтас үйретуәдістері алады. Қатені түзету немесе қозғалысты орындау техникасына өзгеріс енгізу керек болса, бөлшектеп үйрету әдісі қолданылады.

 

Әдебиет

  1. Ашмарин Б.А. Теория и методика физического воспитания. – М., 1990.
  2. Вайцеховский С.М. Книга тренера. – М.: ФиС., 1971.
  3. Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. – М.: ФиС., 1980.
  4. Уанбаев Е.К. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы: Санат, 2000.
  5. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006.
  6. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. - Өскемен: БАЙ баспасы, 2006.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.