Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

География пәнін шағын жинақталған мектептерде оқыту

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептің түріне, типіне, тіпті орналасқан жеріне де қарамастан, білім берудің сапасын одан әрі жетілдіру басты, әрі маңызды мәселе болып отыр. Алдымен шағын жинақталған мектептердің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталайық:

  • Бала санының аздығына байланысты жастары сәйкес емес екі түрлі сынып біріктіріледі.
  • Мұғалім 45 минут берілген бір сабақта екі түрлі сыныпқа екі түрлі тақырыпты қамтитын дәріс беруі керек.
  • Сабақтың құрылымы өзгертіледі [1].

Осы мәселелер оқушылардың білімді қабылдауына біршама нұқсан келтіреді. Себебі:

Біріншіден, жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың даму ерекшеліктері, мінез-құлықтарының қалыптасу мерзімі ес керілм ейді. Бір сыныптың оқушылары өте белсенді, өздігінен жұмыс жасаулары қиындық тудыратын болса, келесі сыныптың оқушылары тым селсоқ, немесе ұяң. Мұндай балалар белгілі бір уақыт аралығында үнемі жеке жұмысты қажет етеді. Кейде жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде түрлі сауалдармен кедергі келтіруі мүмкін.

Екіншіден, назары ауып, көңілдерінің бөлінуі. Бір сынып бөлмесінде отырғандықтан, жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде өзіндік тапсырма алып, жұмыс жасап отырған басқа сынып оқушысының еріксіз көңілі бөлініп, назары басқаға ауады. Мұғалім тақта алдында, бар сыныптың назарын өзіне аударатындай қалыпта дауыстап жаңа тақырыптың мазмұнын ашу кезінде қалайша сыныпта отырған балалардың назары аумайды? Нәтижес інде бала ойын жүйеге келтіре алмай қиналуы мүмкін.

Үшіншіден, үлгерімі төмен оқушылар мұғалім назарынан тыс қалуы ықтимал. Өйткені, екі түрлі сыныпқа, екі түрлі тақырып бойынша сабақ беріп тұрған мұғалімнің уақыты шектеулі, ол үй жұмысын тексеріп, оқушының өткен тақырып бойынша нені ұғып, нені ұқпағанын біліп,көмек көрсетіп, жаңа тақырып түсіндіріп, бекіту жұмыстарын өткізіп, бағалап, үй жұмысын түсіндіріп үлгеруі керек емес пе?!

Төртіншіден, психологиялық, эмоционалдық қиыншылық. Бір сабаққа біріктірілген екі сыныпта бір үйдің екі баласы оқуы мүмкін. Мұндай жағдайда балалардың біреуінің психологиялық күйзеліске түсу қаупі бар: нашар оқитын бауырының кемшіліктері, қателері үшін ұялып, үнемі қорқыныш үстінде отыруы мүмкін. Мұндай жағдайда бала өзге түгіл өзінің не оқып, не қойғанын білмей қалары сөзсіз.

Бесіншіден, әртүрлі жастағы екі түрлі сынып-кешендерде жеке пәндерді оқытудың арнайы әдістемесі жоқ және сынып-кешендерде жұмыс істей алатын педагогикалық мамандар сандық-сапалық тұрғыдан қамтамасыз етілмеген. Жаңа келген жас маман жоғары оқу орнында оқығанда мұндай жағдайдан бейхабар болып келеді, яғни бірден екі сыныпқа қатар сабақ беруді, жоспарлауды оларға ешкім үйретпейді. Өздігінен үйреніп, әдістенгенше уақыт өтеді, оқушылардың білім алуында міндетті түрде қиыншылықтар пайда болады. Мысалы, 5 сынып оқушыларының адаптация кезеңі болады, бала жаңа мұғалімге үйренумен қатар басқа сынып оқушыларына да үйренуі керек. Бұл жағдай бала үшін өте қиын [2].

Оқушы саны аз сыныптарда сабақ берудің тиімділігі:

  1. Оқушы саны аз сыныптағы әрбір оқушы, оның сабақтағы іс- әрекеті мұғалім назарында болады;
  2. Әр оқушының дара ерекшеліктері, танымдық қызығушылығы есепке алынады.
  3. жеке тапсырма беруге, тексеруге уақыт жеткілікті
  4. даму деңгейін бақылап отыруға мүмкіндіктер молаяды.
  5. жаңа педагогикалық технологияларды ебін тауып қолдануға болады.
  6. Әр оқушымен, қабілетті, үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыстар жүргізу мүмкіндігі;
  7. Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете алады. Мұғалімдер үшін әңгімелесу бұл басты құрал болып саналғандықтан, оны пайдалану мүмкіндігі мол.

Шағын мектеп мұғалімінің сабақ дайындалу кезіндегі жеңілдіктері: мұғалім әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырма дайындайды, дәптерлерін тексеруге уақыт аз кетеді. Сонымен қатар, оқушылардың сабақтағы белсенділігі артады, ал сабақта белсенділік танытатындардың есте сақтау қабілеті артады, білімді орнықты меңгереді, танымы кеңейеді, шығармашылығы артады.

Шағын жинақталған мектепте әр пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни оңтайлы жағы да, қиындығы да бар. Шағын жинақталған мектептің сыныптарындағы бала саны 5-6, көп болса 9-10 бала болады. Географияда екі сыныптағы өтілетін сабақ тақырыбы сәйкес келуі мүмкін, бірақ тереңдетілген, өзгертілген формада және де физикалық және соған сәйкес экономикалық тұрғыда қарастырылып отырылады.

Әр түрлі жастағы екі түрлі сыныпты біріктіп оқытудың тиімді ерекшеліктері:

  1. Сабаққа қатысып отырған екі сыныптың жоғарғысының өткен тақырыпты есіне түсіріп қайталап отыруына жағдай бар;
  2. Сабаққа қатысып отырған екі сыныптың кішіс ін ің алдағы өтілетін материалдан хабардар болып отыруы олардың танымын белсенділейді;

3.Оқушылар арасында өзара көмек, саналы ынтымақтастық, сабақтастық іске асады;

  1. Сыныптар арасында еңбек нәтижесімен тікелей алмасу мүмкіндігі туады;
  2. Екі сынып арасында туындайтын бәсекелестік есебінен оқушылардың сабақтағы белсенділігі артады.

Біріктіріп оқытып жатқан сыныптарда оқушы саны аз болса да мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу бағдарламасын орындап, оқытудың тиімді инновациялық технологияларын пайдалану шағын жинақталған мектептің мұғалімінің құзырында. Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар (деңгейлеп, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, дамыта оқыту, модульдік оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология және т.б.) қолданылады [3]. Мысалы, 6-7 сыныптарда «Физикалық география» пәні бойынша төмендегі оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі жоғары:

  1. Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
  2. Ұжымдық оқыту әдісі динамикалық жұптар құра отырып, оқушылар арасында танымдық қарым-қатынасын, оқушылардың бірін-бірі оқытуын ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі балалардың қарым-қатынасы тапшылығын азайтуға, ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында оқушылардың монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.
  3. Дидактикалық бірлікті ірілендіру - ақпараттардың біртұтас игерілуін қамтамасыз ететін, мағыналық қисынды байланыстар негізінде білімдік ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.
  4. Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін кең қолдану - әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы белсенді тұлға тәрбиелеу.

Шағын жинақты мектеп жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы білім беру, ғылым мен мәдениет және т.б. салаларда ақпараттардың халықаралық дереккөздерін, электрондық оқу материалдарын пайдаланады [4].

Шағын жинақталған мектептерде география пәнін оқытуды ұйымдастыруға қойылатын басты талаптар:

  1. Тәрбиелік талаптар, яғни мұғалімнің жинақылығы, оқушылардың білімге деген ынта-ықыласы;
  2. Дидактикалық талаптар, яғни тақырыптық-күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспарларының дұрыс жасалуы;
  3. Психо логиялық талаптар, яғни мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік, эмоция және психологиялық ырғақ;

Шағын жинақталған ауыл мектептерінде географияны біріктіре оқыту тұлғаның жан-жақты қабілеттер ін : фантазиялық еркіндігін, зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдысын қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.

 

Әдебиет

  1. Қазақстан Респуб ликасында Шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы (жобасы).
  2. Қанафиева К.Қ. Тілдік тұлғаны қалыптастыруға жалпы педагогика ұстанымдары тұрғысынан келу //«Термино логияның қазіргі жай-күйі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Астана, 2008. - Б.123-131.
  3. Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер : - Алматы, 2002.-122 б.
  4. Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). - Алматы, 2002.-59 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.