«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәр із ді» , - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет. Сондай-ақ тәрбие дегеніміз жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал болып табылады. Жалпы, баланы тәрбиелеуде тәрбиенің түрі жетерлік. Атап айтар болсақ, адамгершілік тәрбиесі, құқықтық тәрбие, экономикалық тәрбие және діни яғни, имани тәрбие. Әр тәрбиенің бала дамуында атқарар қызметі көп[1].
Соның ішінде имандылық тәрбиесінің баланың дамуына тигізер әсері қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Баланы тәрбиелеудегі имандылық тәрбиесінің мәні – қанымызға сіңген, жанымызға жұғымды, ой-санамызға нұрлы шуағын сыйлап, ұлттық тәрбиеміздің басты бұлағы имандылыққа, парасаттылыққа жетелеу, ата- бабамыздың қасиетті өсиеттерін бала бойына дарыту болмақ. Сонымен бірге балаға исламның діни шарттарын, ырым ережелері мен құқықтық шариғат негіздерін, құран негізінде білім-ғылымға жетелеп, кісілік имандылықты бойына қалыптастыру[2].
Тәрбие берудің негізгі мәйегі - мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкентай балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Бұл махаббатқа олар қашанда шөлдеп тұрады. Олар тек сүйіспеншілікпен ғана өсіп-жетіледі десек, артық айтқандық емес. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Әрдайым соны іздеп тұрады. Оны ренжітпей, мейірімі мен сүйіспеншілігінен ажырап қалмау үшін, оның айтқандарын орындауға тырысады. Өзі жақсы көрген кісіге еліктегіш келеді. Ендеше, сүйіспеншілік - бала тәрбиесіндегі негізгі қағида. Баланың қатесін түзетіп, дұрысын үйретуде жаза берудің ерекше орны бар екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ, жазалаудан бұрын қателерді түзетуде ең әуелі мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн. Себебі, балалар көбіне жасаған қателіктерінің парқына бара бермейді. Мұндай жағдайда балаларға ұрсып-зекудің пайдасынан зияны басым болуы, кәдік. Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан сүйіп, иіскеуі яки, құшақтап арқасынан қағуы, көтеріп құшағында тербетуі - бәрі-бәрі балаға оң әсерін тигізеді. Бала үлкеннің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне сенеді, әрі сол кіс іге деген құрметі де артады. Құшақтап, басынан сипағанкісіні өзінің қорғаушысы деп біледі. Зерттеушілер басынан сипалып, маңдайынан иіскелмеген балалардың кейбір психологиялық ауруларға ұшырайтынын дәлелдеуде. Ата-ана, яки кез-келген тәрбие беруші үшін балаға көп ұрсып, оған ұзақ ақыл айтқаннан гөрі, оның басынан сипап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы әлдеқайда әсерлі[4].
Бала тәрбиесінде баланың сөзіне құлақ асу маңызды болып табылады. Баланы, әуелі, тыңдай білу керек. Сөйлеген бала өзінің ішкі дүниесін ашып береді. Әр нәрсені дұрыс түсінуге бала ақылы жете бермейді. Балалар балалықпен қате жасайды. Ал, үлкендер болса, олардан үлкен кіс ін ің істейтін ісін күтеді. Қате жасаса, дереу ұрсып, жазғыра жөнеледі. Сөйтіп, «үлкендер маған жамандық жасады яки, ата-анам мені жақсы көрмейді» деген ойға қалады. Сондықтан баланың ішкі дүниесімен сырласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс еместігін түсіндірместен оған ұрысу, жаз алау - дұрыс емес. Ата-аналардағы қателіктердің бірі, баланы не болса содан тыйып, іс-әрекетін шектей беруі. Баланың қате қылығын тыйған кезде, орнына басқа бір дұрыс нәрсені көрсету керек. Олай болмағанда бала баяғы істеген қателіктеріне қайта жасауы я болмаса қырсық мінезділікке бейімделуі мүмкін. Мысалы, бала ыдыс-аяқпен ойнағысы келгенде, дереу қолынан ыдысты жұлып алғаннан гөрі «ойнасаң, мына сынбайтын ыдыспен ойна», деп оған басқа ыдыс беру керек. Үйдің қабырғасын сызғыштап ойнаған баланың қолына дереу басқа бір дәптер яки, қағаз ұстатып: «сызсаң мынаған сыз», «жүгірсең, мұнда емес, ана жерде жүгір», «көрсең, бұл фильмді емес, ана фильмді көр», деген секілді баламаларды көрсетуіміз қажет.
Ата-ана яки кез келген педагог үшін балаға көп ұрсып, оған ұзақ ақыл айтқаннан гөрі оның басынан сипап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы әлдеқайда әсерлі. Бұның астарында құрғақ сөздермен жеткізуге келмейтін небір сезімдер бар. Жоғарыда келтірілген оқиғада «қылмыс үстінде ұсталып, енді не істер екен» деген үреймен келген балаға пайғамбарымыз ең алдымен «балапаным!» деген жылы сөзін арнаған. Қорқып келген балаға жылы сөз ғана айтып қоймай, «қорықпа, мен сені қорғаймын» дегендей басынан сипауы, әрине, бала жүрегіндегі қорқыныштың орнына қуаныш сыйлады. Өзіне жанашыр жан тауып, оның қасында өзін сенімді сезінген бала ғана ойындағысын бүкпесіз айтты.
Қазіргі кездегі қалада балалар баратын ойын залдары мен кино театрларда көрсетілетін фильмдер бала тәрбиесіне, мінез-құлқына з алалды болуы мүмкін. Сондықтан балаларға ана жерге – мына жерге барма дегеннен гөрі, оларға басқа жағдай жасау керек. Үйге компьютер алып, зияны жоқ ойындар мен фильмдердің СD-лерін дайындап, ойын ойнап, кино көретін уақыттарын белгілеу дұрыс [3].
Ата – ананың беделінің болуы ол отбасындағы шаңырақтың беріктігімен керегесін ұстап тұратын әке мен ананың рөлі ерекше болатындығы. Әке асқар тау демекші, ана жанындағы ағып тұрған бұлақ демей ме? Сондықтан имандылық тәрбиесінде әке мен ананың алатын орны ерекше.
Яғни, баланы жазалауда себебін сұрай отырып, оған ашуланбау және де енді мұндайды қайта қайталамауын ескерту қажет.
Халқымыз баланы «Жеті жасқа дейін еркелет, жеті жыл оны әдептілікке тәрбиеле, жеті жыл досы бол, содан соң өз жөнінде қоя бер», деп айтқан. Халық тәрбиесінде баланы ерке ғып өсіруде исламда әкесінің тәрбие амалдарының басы – баласымен ойнауымен бастауын қолдайды. Кішкентай кезінен ойнаумен бастаған әке, баланың өсу, ұғыну дәрежелеріне сай бірте-бірте мұсылмандық әдептер мен имани жақсылықтарға баулиды. Сондықтан баланы өсіргенде әке мен ананың рөліндегі мақсаты баланы жеті жасқа дейін еркелету қажет болып табылады екен.
Баламен ата – ана арасындағы ара қатынас барынша ашық болғаны дұрыс. Еркек – бас, әйел мойын демекші, еркек шаңырақтың керегесін қайыстырмай отбасына жауапты болса, ал әйел заты берекесін сақтаушысы болып табылады.
Яғни, баланың тәбиесіне әкенің орны ерекше сондықтан «әкеге қарап ұл өсер, анасына қарап қыз өсер» деген мақалданда көре алатынымыз рас. Баланың бос уақытын айта отырып, біз балаға оның күнделікті дұрыс өсуіне байланысты күн тәртіптерін қойсақта болады және де имандылық тәрбиесіне адами құндылықтарды бағалауға үйретуде оларға жақсы қарым – қатынас жасауға үйрету қажет болып табылады.
Сондықтан баланың танымдық қабілеттерін де ескеру қажет сияқты, өйткені бала жақсы өсуі үшін ең біріншіден оның түрлі хайырлы істер жасауда олардың қызығушылықтарын арттыруда түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру қажет. Тек жақсы істерге апаратын ойындар болса. Ата – ананың бала алдындағы міндеттерінің айтатын болсақ, мына пайғамбардың мына бір хадисінде айтамыз: «Әке-шешесінің баласының алдындағы (міндетті) хақысы. Жақсы ат қоюы, оны жазуға үйрету және егер балиғат жасына жетсе үйлендіру», – деген. Хазіреті пайғамбар: «Балаларына қамқорлық көрсетіп, жақсылап тәрбиелеңдер!» деп бұйырған [4].
Қорыта айтар болсақ, баланы тәрбиелеуде имани тәрбиенің маңызы ерекше. Ал, осы тәрбие негізінде адамгершілік, имани, ізгілікті қасиеттерді бала бойына дарытатын бірден бір тұлға ол ата-ана болып табылады. Сондықтан ата – ана жоғарыда айтылған мәселелерді есінен шығармай,
239 орындайтын болса, онда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, адамгершілігі мол тұлға қалыптасар еді.
Әдебиет
- С.Әбенбаев, Ж.Әбиев, Педагогика, «Фолиант» баспасы, Астана -2009ж.
- Ә.Ә.Усманова, М.Б.Сәрсенбаева, Педагогика( дәрістер жинағы) ,Алматы -2005ж.
- Тәлімгер тағлымы, Астана 2011ж.
- Ш.Құдайбердіұлы, «Мұсылмандық шарты» Алматы-2003ж.