Шағын жинақты мектептерде сыныптардың толық еместігі сай келеді. Бөлек сыныптар мүлде қатыспауы мүмкін мектептер де бар. Осындай мектептердің пайда болуы, бұл біздің байтақ елімізде адамдардың әр түрлі орналасуына байланысты. Бұрын шағын жинақты мектептер тек шағын ғана ауылдарда, уақытша елді-мекендерде қалашықтарда ашылды. Қазір туу көрсеткішінің азаюы, халықтың қалаға орналасуының көбеюіне байланысты олар ірі қалаларда да ашылуда.
Негізгі және орта мектептердің аз қамтылғандармен бірігуі пайда болады. Шағын жинақты мектептердің даму динамикасы тең емес. Бір облыста аз болса, ал басқаларында көп болып келеді. Бұған туу көрсеткішінің азаюы мен халықтың орналасуынан басқа өндіріс құрылымдары да әсер етеді.
Осы кезге дейін шағын жинақты мектептерге төмен деңгейдей оқу орны деп қарады, онда жоғары деңгейде білім мен тәрбие алу мүмкін емес деді. Қазіргі кезде көптеген мамандар шағын жинақты мектептер де белгілі бір артықшылық бар деген қорытынды ға келеді. Басты мәселе – оқушы санының аздығы. Егер мұғалім бұл артықшылықты дұрыс қолдана білсе, онда ол оқыту- тәрбие үрд іс ін әр біроқушыға дұрыс ұйымдастыра алады.
Шағын жинақты мектеп көптеген қиындықтар мен кезігеді. Солардың ішінде оқушылар санының аздығы.Білімнің негізгі бөлігін оқушылар бір-бірінен алады. Бұл арқылы олар материалды жақсы түсініп,тез қабылдайды. Сыныпта міндетті түрде күшті қабілетті оқушылар болуы керек. Егер сынып кішкентай болса, олар болмауы да мүмкін. Онда ешкімнен білім ала алмайды. Мұғалім шебер болса да, бұл мәселені толықтыра алмайды. Оқушыларды сынып бойынша, қабілеттері бойынша мұндай мектепте жүйелеуге болмайды.
Шағын жинақты мектептің мұғалімдері бір мамандықпен шектелмейді, ол әр істің шебері: оның міндеттері оның терең кәсіби диагностикалау болып есептеледі.
Шағын жинақты мектеп көптеген әр түрлілігі мен ерекшеленеді. Олардың ішінде ең азы 2-3 оқушыдан тұратын және көбірегі 40-50 оқушы,
1-2 сыныбы жоқтары да бар. Көптеген мектептің материалдық базасы аз. Сондықтан, олардың қызметтік жағдайы ерекше. Педагогикалық заңдылықтар қайталанбайтын нақты сипаттарға ие болады.Бұл жағдайда педагогикалық жағдай әдіс намалық ұсыныстар шығармашылық қайта ойлануды талапетеді. Бұл жағдай шағын жинақты мектептің әдіснамалық орталықтан алыста орналасуы мұғалімнің үнемі педагогикалық ізденісте болғанын талап етеді. Қазіргі шағын жинақты мектептің ерекше сипаттамасы - олардың мектепке дейінгі мекемелермен тығыз байланыстылығында. «Мектеп- балабақша» деген кешендер таралып және өздерін жақсы көрсетті. Олар әлеуметтік-экономикалық және санитарлық- гигиеналық жағдайлары баржерлердің барлығында ашылды. Басқарудың бірлігімен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелейтін орталықтар ашылды. Педагогикалық кеңес стратегияны анықтады. Олардың ішіне меңгерушіден басқа, мұғалімдер, тәрбиелеушілер, әдіскер, музыкалық басқарушы, ата-аналар кеңесінің басшысы кіреді.
Бастауыш шағын шағын жинақты мектептің негізгі компоненті сынып-комплект. Бұл сынып бір ғана педагог-сынып жетекшімен басқарылады. Бұл кешен 2-3 немесе 4 сыныптан тұруы мүмкін. Кешенді сыныптың қосылу схемасы мынадай болуы мүмкін 1-2; 1-3; 2-3; 1-2-3; 3-4; 1-2-3-4. Өте сирек бірақ бір уақыттағы және оқу жоспары және 3 немесе 4 жылдық бағдарламасы бар мектептер кездеседі. Онда сынып-комплект құру қиынырақ, мұғалім сынып жетекшілер інің жұмысындағы қиындық, оған күнсайын 8-12 сабақ дайындау керек, 2-3 кластарға көңіл бөлу керек. Бұл қиындықпен ол ұзақ уақыттың және әрбағыттағы дайындық пен және бірнеше қатар дағы кәсіби дағдыларды игерумен шешеді [ 1] .
Мұғалімнің жұмысшының таң қалдырып, олардың оқушылары толық көлемде жұмыстанады. Ал олардың нәтижесі басқаларға қарағанда жақсы болады, жұмысты қиындататын сыныптар дың толықтыруының тең еместігі. Мысалы: 1 сыныпта 2-3 оқушы отыруы мүмкін. Келесі жылы бұл жағдай өзгереді. 1-ші сыныпқа 12-14 оқушы келсе, 2-3 сыныпта өзгеріс болмайды. Бұл жыл сайынғы оқу тәрбие жұмысының өзгеруіне әкеледі. Оларды қайталап қолдануға болмайды.
Шағын жинақты мектептердің бастауыш мұғалімдері білім берудің еркін түрін таңдай алады. Алдыңғы орында оқу тәрбиенің сапасы тұрады. Егер ол оқушылардың қиын екенін көрсе, ол оқу үрд іс ін өзгертеді. Жеңіл тапсырманы шешуде уақытты үнемдеуге болады. Жалпы шарттар мынадай болып келеді:
- материалдық (орын, жиһаз, мектеп алдық орын, техникалық оқу- құралдары,әдістемеліктер,оқулықтар т.б);
- экономикалық (қуат көзін тасымалдаушыларға ақшалай төлемдер т.б);
- санитарлық-гигиеналық (оқу және басқа да орындардың талапқа сайкелу, жиһаз көлемі т.б);
- экологиялық( мектептің орналасқан жері);
- мектептің қашықтығы (телебағдарламаларды қабылдау мүмкіндігі, мұғалімнің классификациясының жоғарылау, әдіскержәне инспектор т.б);
- мұғалімдердің шеберлігі.
Айтылған мәселелердің аз ғана қатысы бар. Бірақ олар нақтылы, мектеп жұмысының қаншалықты деңгейде жұмыс жасайтынын анықтауға мүмкіндік береді, білім беру мен тәрбиенің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Сабақ кестесі қандайда бір кешенді білімдер жүйесіне тәуелді. Аралас сыныптар (1-2, 2-3, 3-4 ) ал кешенді ( 1-3, 2-4, 1-4) және басқада сыныптарды қарастырады. Тиімді күндер- сейсенбі мен сәрсенбі, бірінші және екінші сабақтар. Бұл күндеріоқушылар ең аз көңіл бөлетін пәндерге сурет, ән, дене тәрбиесі, еңбек сабақтары жатады [ 1] .
Қандай пәндерді сабақ кестесіне қосуға болады, бірдей, әлде әр түрлі ме? Егерде бірдей пәндерді қоссақ, онда мұғалімге сабақты ұйымдастыру оңай болады, оқушының да бір сабақтан екінші сабаққа ауысуы оңайға соғады. Және де кейде сабақтарды бір тақырыпта да өткізуге болады, әдебиет, дене шынықтыру, дүниетану, еңбек, музыка сабақтарын қосады.
Бір мезгілде математика және тіл сабақтарын өткізу өте қиын. Жаңадан бастап жатқан мұғалім оқушының барлық ойын қажетті басқара алмайды. Бірғана сыныпта математика, тіл, дүниетанусабақтарын өткізуге болады.
Шағын жинақты мектептегі білім беру мен тәрбиенің негізгі формасы - сабақ. Әдеттегідей, мұғалім сол оқушылармен сабақ кестесі бойынша оқушыларға сабақ береді.Бірақ сыныпта әртүрлі жастағылар мен бір сабақта көп пәндер болады. Бұл - шағын жинақты мектептегі негізгі сабақтың ерекшелігі.
Әрбір сабақ сыныпта - кешенді, бұл нақты 2-3 сабақ бір тақырыпта байланыстырылады. Ол бір уақытта, бір кабинетте өткізіледі. Сондықтан мұғалім:
- 4-5 рет жұмыста не 1 сыныппен, басқа сыныппен жұмыстануы тиіс, бірақ жұмыстағы басты мақсатты әр сыныпта жоғалтып алмау керек;
- әр сыныпта уақытты бөлу керек, өйткені сабақтың басты тақырыбын түсіну үшін;
- логикалық танымын бұзбау үшін қалай әсер ету керектігін білу қажет;
- жаңа тақырыпты қабылдауын, түсінуін, есте сақтауын арттыруға қабілетті болукерек;
- барлық сыныпта сабақпен бірге тәрбие процесінде жүргізу керек;
- базисті компонентті құруға үлес қосады: оқу, жаңа тақырып қажеттілігі және т.б.
Кешенді сыныпта жұмыс жасау тек қана мұғалім үшін қиын емес. Ол оқушыларға да қиындық туғызады. Ерекше қабілетті балалар үшін бұл жақсы мүмкіндік. Алқалғандары үйренуі қажет:
- тапсырманы орындауға зейінін шоғырландыру;
- басқа сыныпқа мұғалімнің түсіндіруін тыңдамау;
- өздеріне қатысты емес суреттерге, басқа материалдарға зейінін бөлмеу;
- басқа сыныптың оқушыларының жауабын тыңдамау;
- мұғалім оларға түсіндіре бастаған да тез зейінінжинақтау.
Бұл қиын білік, бірақ өмір барысында септігін тигізеді. Бірақ оны тез ұғу қиын, көп күш жұмсау қажет болады. Баланың оқуды түсінуі оның зейінінің шоғырлануына байланысты. Сондықтан, мұғалім кешенді сыныпта оқушылардың білімін өзіндік жұмыста тексеріп отырукерек.
Жалпы талаптар бастауыш шағын кешенді мектепте қаралған мәселелер ден ерекшеленбейді. Үлкен көлемде санитарлық-гигиеналық, психологиялық-физиологиялық, дидактикалық, тәрбиелеу талаптары сақталады.
Сабақ құрылымы шағын жинақты мектепте ерекшеленбейді. Барлық сабақ кешенді сыныптарда бір типті. Олар сабақ жоспарын құруда сыныпты ұйымдастыру, оқығанды қайталау, жаңа тақырыпты түсіндіру, бекіту, үй тапсырмасын беру жұмыстары жүргізіледі. Ұйымдастыру формасы әртүрлі болуы мүмкін. Жаңа тақырыпты түсіну шағын кешенді мектепте екіге бөлінеді:
- мұғаліммен бірге жұмыстану,
- оқушылардың өзіндік жұмысы.
Шамамен барлық уақыттың 80 – 90 % құрайды. Мұғалімнің басшылығымен немесе қатысуымен бәрі жасалады:
- кейбір дайындық жаттығулары;
- өзіндік жұмыстағы жаңа материалды түсіндіру;
- жаңа материалдың әңгіме-мазмұны;
- анықтама, әңгіме;
- эстетикалықәңгіме;
- дидактикалық ойын;
- бастапқы қабылдау, жаңа материалды бекіту;
- білімнің диагностикалық деңгейі;
- материалды жалпылау тематикасы. Өзіндік жұмыстың негізін жаттығу құрайды [ 3] .
Жаттығудың орындалу саны маңызды. Жаңа тақырыпты түсіндіруге уақыт болмағандықтан, мұғалім оқушыларға өздері түсініп алу қажет және көп ұзамай жетістікке жетеді: шағын кешенді мектептің бастауыш оқушылары өздік жұмысты толық сыныптағы оқушыларға қарғанда жақсы орындайды. Үрдісті түсінудің басқаларға қарағанда 4 формасы таралған:
- мұғалім жаңа материалды түсіндіреді, ал оқушылар түс ін іп және есте сақтайды;
- балалар жаңа білімді меңгереді, эврестикалық әңгімелер, бақылау, анализ, фактілерді мұғалімнің жетекшілігін тексеру;
- балалар жаңа формаларды үлгілер мен ұқсастықтар арқылы меңгереді;
- балалар жаңа білімді кітаптағы мәліметтер арқылы меңгереді.
Теориялық жағдайда шағын жинақты мектептің бастауышында білімді меңгерудің жалпы әдістері қолданылады [ 4].
Сөздік әдістердің көп тараған түрлері - әңгіме, түсіндіру; бақылау иллюстрация, демонстрация, балаларды өзіндік бақылау; практикалық – жаттығу, тәжірибелік жұмыс; кітаппен жұмыс. Кешенді – сыныптағы әдістер білім берудің өзіндік қызметтерін атқарады: мотивациялық, білімдік, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұйымдастырушылық.
Барлық балалардың назар аударуынсыз сыныпта көрнекіліктер қолдану мүмкін емес. Сондықтан, оны толық қолдану жалпы сабақтарда рұқсат етіледі. Одан шығу жолдары табылды, олар сабақтан кейін көрсетіліп отыратын видеоматериалдар, фильмдер. рбір оқыту кезеңі оқушыны келесі кезеңі дайындап отыру қажет. Сапалы оқыту үшін белгіленген жұмысты толықтай атқару және оны болашақта атқаратын жұмыстармен байланыстырып отыру қажет. Фрагментті қабылдау жағдайына байланысты оқушы мұғалім айтқан талқылауларды бақылап отыруға үлгермейді. Оларды алға қойылған нәтижеге жету жолы анық көрсетілген тақырыптықматериалдар арқылы көрсетіп отыру қажет.
Әдебиет
- Мемлекеттік 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасы.
- Оспанов Т, Құрманалина Ш. Математиканың бастауыш курсын оқытуәдістемесі. II бөлім. - Алматы: Республикалықбаспакабинеті, 1996. - 96-1176.
- ПодласыйИ.П. Педагогиканачальнойшколы. - М.: Владос.
- Ляудис В.Я. Структура продуктивною учебного взаимодействия// Психолого-педагогические проблемы взаимодействия учителя и учащися/ Подред. А.А. Бодалева, В.Я. Ляудис. - М., 1980.