Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері

Мемлекеттік бюджеттің қаржылық кезеңі бір жыл болып саналады. Әрине әрқашанда бюджет жоспарланады. Сол мерзімде ақша қаражаттары толығымен қамтылу керек. Жылдың соңында бюджет бойынша талдау жасайды, өткен жылдармен салыстырады. Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процесінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті- экономикалық даму бвғдарламасы табылады. [24, 96 бет]

Жалпы қаржылық жоспарлау және оның маңызды құрамалы буыны- бюджеттік жоспарлау, яғни бюджетті құру мен атқаруына байланысты жоспарлау, барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болады. Сонымен қатар, қаржы ресурстарын басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың ролі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірісі мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттермелерді тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелм ейді. Бюджеттің басқа қаржы жос парлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпы мемлекеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арсындағы қаржылық және бюджетаралық қатынгастарды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.

Бюджеттік жоспарлау қаржылық жос парлаумен , бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктермен өзара талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты - ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындард ы басқарудың мағанасы тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен түсімдердің түсуін болжамдау , талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады. Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:

  • орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
  • бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
  • қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу;
  • салалар , іс- әрекет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әртүрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
  • бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.

Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін , жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылау қарастырылады.

Бюджетті жоспарлау мен бюджеттік болжамдау тығыз байланысты. Бюджеттік болжамдау маңында бюджеттің кірістік және шығыстық бөлімдерінің дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағалау процесі түсіндіріледі Мемлекеттік бюджеттің қаржылық кезеңі бір жыл болып саналады. Әрине әрқашанда бюджет жоспарланады. Сол мерзімде ақша қаражаттары толығымен қамтылу керек. Жылдың соңында бюджет бойынша талдау жасайды, өткен жылдармен салыстырады. Бұл экономика дамуын болашақ жоспарлауына негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.

Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды , нақты әлеуметтік- экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырып , бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы – бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.

Бюджетті жоспарлау мен болжау келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:

  • кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингентердің болжамдық мөлшерін анықтау ;
  • әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;
  • қаржылық жәрдем мен бюджеттік қамсыздандыруды теңестіру себебінен жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты дайындау.

Бюджеттік жоспарлау мен болжамдау іс- әрекеттің негізгі шарты- ол жалпы мемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамамсыз ету.

Бюджеттік жоспарлау бірлестік , жалғастырушылық , басымдылық , теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асырылады.

Республикалық бюджеттегі кірістердің үлесі түсімдердің жалпы көлемінде – 78,5%-ды, өтелген бюджеттік кредиттердің үлесі – 2,1%-ды, қарыздар түсімдерінің үлесі 19,4%-ды құрады. 2014 жылдың бюджеттік көрсеткіштері: минималды зейнетақы 19 966 теңге, минималды есеп көрсеткіші 1 852 тенге. 2013 жылмен салыстырғанда біршама өзгерістер бар.2013 жылы минималды зейнетақы 19 066 теңге, минималды есеп көрсеткіші 1 731 тенге болды.

Бюджеттік кредиттердің тиімді және уақытылы пайдаланылуын мониторингілеу мен бақылаудың төмен деңгейіне байланысты оларға әкімшілік етуге, сондай-ақ қабылданған міндеттемелердің толығымен орындамалмауына қатысты бірқатар жүйелі проблемалардың Үкімет та- рапынан шешілмей отырғанын айта кету керек.

Нәтижесінде, кредит қаражаты тиімсіз пайдаланылуда, белгіленген мақсаттарға қол жеткізілмеуде, оларды өтеу мерзімдері жүйелі бұзылып отырады.

Қаржы активтерін сатып алуға арналған республикалық бюджет шығыстары 2012 жылмен салыстырғанда 6,9%-ға өсіп, 361,7 млрд. теңгені құрады.

Үкіметтің есебіне сай, он бір акционерлік қоғамның және бір республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген 60,4 млрд. теңгені бюджеттік бағдарлама әкімшілері толық көлемінде игерген.

Алайда, аталған субъектілердің қазынашылық органдарындағы қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қалдығы 21,8 млрд. теңгені немесе жарғылық капиталдарды ұлғайтуға бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 36%-ын құрады.

2013 жылғы республикалық бюджет тапшылығы 758,5 млрд. теңге мөлшерінде бекітілген. Қараша айындағы нақтылау кезінде бюджет тапшылығы 224,6 млрд. теңгеге ұлғайып, 983,1 млрд. теңгені құрады. Сонымен, 2012 жылғы бюджет тапшылығы бұрынғы жылмен салыстырғанда 1,7 есе өскен.

Есепті жылдың соңында бюджет тапшылығы 906,5 млрд. теңге мөлшерінде қалыптасты, бұл – бастапқы бекітілген болжамнан 147,9 млрд. теңгеге көп және нақтыланған мөлшерден 76,6 млрд. теңгеге кем.

Соңғы жылдардағы республикалық бюджет тапшылығын талдау нақтылау мен түзетулерге қарамастан, оның іс жүзіндегі көлемінің жоспарланған мөлшерден айтарлықтай ауытқу үрдісінің сақталып отырғанын көрсетеді. Ішкі резервтерді, сондай-ақ республикалық бюджеттің кіріс базасын жеткілікті дәрежеде бағаламау түптеп келгенде айтарлықтай алшақтыққа әкеп соқтырады.

Жыл қорытындысы бойынша тартылған сыртқы қарыздардың жалпы сомасы 111,4 млрд. теңгені немесе олардың нақтыланған көлемінің 96,8%- ын және бекітілген мөлшерінің 66,5%-ын құрады.

Үкіметтік борыш 3 626,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың көрсеткішіне қарағанда - 33,3%-ға, 2010 жылмен салыстырғанда 56,7%-ға жоғары.

Қазақстан Рес публикасының Үкіметіне рес публикалық бюджет бойынша ұсыныстар:

  • жылжымалы үш жылдық республикалық бюджетті қалыптастыру әдістемесін қайта қарап, республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлау және атқару процесін байланыстырудың кешенді тетігін әзірлеу;
  • республикадағы бюджет жүйесінің кіріс әлеуетін арттыруға бағытталған қосымша кешенді шараларды әзірлеп іске асыруды жалғастыру;
  • республикалық бюджеттің атқарылуы барысында өзгерістер мен түзетулерді барынша азайту, қаржы жылы ішінде оның кассалық шығыстарын біркелкі бөлу және дебиторлық, кредиторлық берешектерді қысқарту бөлігінде бюджет қаражатын басқарудың сапасын арттыру;
  • шығыстарды экономикалық сипаттамалары бойынша шұғыл шығындарға жатқызу өлшемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу;
  • бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне олардың стратегиялық жоспарларында көрсетілген мақсаттардың, міндеттердің, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерінің міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етуді тапсыру;
  • бюджет қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуына, өлшемдер мен күтілетін нәтижеге сәйкес түпкілікті нәтижелердің орындалуына мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіруші жауапты мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру бойынша жүйелі шаралар әзірлеу;
  • Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске қосылған кәсіпорындардан түсетін түсімдердің салық есебін енгізе отырып, бағдарламалық құжаттарда қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру және оларға қол жеткізуді сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер базасын құру;
  • республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдердің бағдарламалық құжаттарда көрсетілген іс- шараларды іске асыру кезінде оларды тиімді және толығымен пайдалану бөлігіндегі талаптарының жергілікті атқарушы органдар тарапынан с ақталуы н бақылауды қамтамасыз ету;
  • шағын және орта бизнес кәсіпорындарынан рес публикалық бюджетке түсетін салықтарды жергілікті бюджеттерге аудару туралы мәселені қарау;
  • республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша Үкіметтің іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
  • ішкі қарыз алуды жүзеге асыруды, Ұлттық қор қаражатын, қазынашылық шоттардағы қаражат қалдықтарын басқаруды қоса алғанда, мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.

Сонымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетке шоғырланған. Әр мемлекет бюджет бойынша келесі мақсаттар қояды: Кіріс жағы шығындардан көп болуы керек, бюджеттік тапшылықты болдырмау, бюджеттік тапшылықты жою, салықтарды толығымен жинау,көленкеленген экономиканы жою.

Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы рес публикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Бұлардың негізінде мемлекеттік шығыстар қалыптасады. Яғни әртүрлі әлеуметтік салада қарастыратын болсақ, мемлекеттік бағдарлармаларға мысалы үшін

Яғни, трансферттер аймақтарға олардың өздеріне алған міндеттемелерін орындауына қарай түседі, бұл жергілікті деңгейде бюджет қаражатының пайдаланылмай қалуы көлемі азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қаржы, Әділет министрліктерімен, Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жөніндегі Есеп комитетімен және Бас прокуратурамен бірлесе отырып, тиісті заңнамалық актілерге түзетулер енгізу мәселелерін пысықтауда. Бұл түзетулер мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалары жүзеге асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген активтерді, бюджеттік және басқа да мемлекет қаражаттарын пайдаланудың тәртібін орнатуды, оларды пайдалануға мониторингі жүргізуді көздейді.

Мемлекеттің жалпы қаржылық жоспарлаудың және оның маңызды құрамалы буыны - бюджеттік жоспарлау, яғни барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелер тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді [6].

 

Әдебиет

  1. «Қазақстан – 2030» . Барлық Қазақстандықтардың өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазандағы Қазақстан халқына жолдауы;
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақтан» Қазақстан халқына Жолдауы;
  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақтан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсатты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
  4. «Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторинг жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 шілдедегі № 998 қаулысы;
  5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
  6. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысы;
  7. Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
  8. «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттык жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013-2017 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы;
  9. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Казахстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуір № 753 қаулысы;
  10. Бюджет мониторингін жүргізу ережелерін бекіту туралы» Казакстан Республикасы Қаржы министрінің № 70 бұйрығы.
  11. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің № 265 бұйрығы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.