Оқушыларды оқу - танымдық іс - әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру - оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа , өзін - өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық - шығармышылық және қарапайым есептерді шешуде дұрыс қо лд ана білуге жетелейді, әсіресе, төменгі курс оқушыларымен жүргізілген жұмыстарда айқын білінеді. Сондықтан оқытушы оқушылар өзінің қызығуын толық түрде қанағаттандыратындай жағдай туғызуы тиіс.
Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне айналу үшін оның бойында өз күші және білім игеру қаб ілетімен қатар дербес танымдық іс - әрекетке оң көзқарас қалыптастыру керек.
Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген тапсырманы басқаның көмегінсіз орындауымен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс - әрекетін бағыттап отыру мүмкіндігіне ие болуы керек. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесінің сан қырлылығын ескеріп және компьютерлік техниканың көмегімен оқу үрдісін жекелеуге мүмкіндіе беретін , тұлға мен оқу іс - әрекет теориясының негізгі қағидаларына сүйене отырып мынадай анықтама беруге болады. Танымдық белсенділік деп мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық – амалдық және процессуалды – жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз.
- Мотивациялық – тұлғалық (өзін- өзі тану, өзіне - өзі сену , дамыту , өзінің танымдық қабілетін дамытуға және қызығуын қанағаттандыруға ұмтылу).
- Мазмұндық – амалдық (тіректік білім, жалпы дидактикалық және арнайы дидактикалық дағдылар , білім ін жетілдіру дағдысы).
- Процессуалды – жігерлік (танымдық іс - әрекет үрдісінде кездесетін қиындықтарды жеңуге дайындық, өз бетінше жұмыс істей алу дәрежесі, танымдық белсенділікке ұмтылыс).
Мотивациялық – тұлғалық бөлік оқушылардың оқу үрдісіне ынталылығын қамтамасыз ететін қажеттіліктен, қызығудан, ізденімпаздықтан құралады.
Мазмұндық – амалдық бөлік негізгі білім жүйесі мен жаңа білімді өз бетінше жетілдіру мүмкіндігін ашатын басты білімдер жүйесінен және оқу – танымдық іс - әрекеттер тәсілдерінен құралады.
Процессулды – жігерлік бөліктің негізін оқушыларды таным кезіндегі кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін жұмсалатын ерік – жігердің болуы және оны өзінің дербес іс - әрекетінде жүзеге асыру дайындығы құрайды. Осыған байланысты танымдық белсенділіктің негізгі бөліктерін мынадай белгі – шарттар мен көрсеткіштердің жиыны арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
Танымдық белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет атқарады: мотивациялық – тұлғалық қызығуды тудырады, оқу- танымдық белсенділікті оятады. Мазмұндық – амалдық оны іске асыру үшін негіз жасайды және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, процессуалды – жіге р лік оның аяқталуын қамтамасыз етеді. Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу- танымдық белсенділіктің белгілі бір кезеңін жүзеге асырады.
Егер: а) оқу- танымдық белсенділіктің мотивациясы тұрақты болып, қызығудан қажеттілікке ауысатын болса; ә) оқушылар негізгі интеллектуалды іс-әрекеттерді және өзіндік жұмыстарды жүзеге асыратын болса; б)оқушының өзінің танымдық іс-әрекетін басқару сипаты сыртқыдан ішкі қажеттілікке ауысса; в) оқушылардың оқу- танымдық іс- әрекеті шығармашылық, зерттеушілік сипатқа ие болса, онда олардың олардың танымдық белсенділігі қалыптасты деп саналады.
Мен оқушылырдың танымдық белсенділігін қалыптастырудың негізгі жолының бірі ретінде олардың сабақтағы және сабақтан тыс дербес оқу-зерттеу жұмыстарын пайдаланамын.
« Қызығу - әр адамның қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс- әрекетін қуаттандыратын психикалық ерекшелік » деген пікір айтады ғалымдар М. Беляев, Н. Морозова, С. Рубинштейн. Қызығу адамды жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмарландырады. Сондықтан адамның қызығуы бір іспен шұғылданғанда, әр түрлі әрекеттерде көрініс табады.
Психологтер Л.Боржович, Н.Морозова, Л.Славина себептің екі негізгі құрамын көрсетеді: 1) Оқушылардың оқу іс -әрекетіне түрткі болатын қоршаған ортасы; 2) Мазмұндық және үрдістік сипаттан тұратын, оқу іс- әрекетінің өзі түрткі болатын таным қызығуы.
301
Оқу- тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынандай мәселелердің басы ашылады:
- ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар психикалық үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
- жеке оқыту маңызының артуы ;
- оқу ойындарына қатынасушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б.
Оқу - тәрбиелеу үрдісі оқытушы мен оқушының әр-түрлі іс- әрекетінен тұрып, осы іс әрекеттің барлығы оқушының білім мазмұнын меңгеру мақсатында қолданады. Педагогикалық дидактикада осы іс- әрекет түрлерінің сипатына, тиімділігіне, жинақтау тұтастығына , орналасуына көп көңіл бөлінеді.
Оқытушы ойлауды қажет ететін әр түрлі әдістерді қолдануды түсіндіріп көрсетіп, оқушыларға есептер мен жаттығулар бере отырып, шеберлікті, дағдыны бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді. Оқытушы мен оқушының осындай іс- әрекетін дидактикалық оқыту әдісіне жатқызады. Оқыту әдістері көптеп саналады. Оқыту әдістері мен білім көздерін логикалық негіздей отырып классификациялау Н. Верзилиннің , А.Алексик пен И. Зверевтің еңбектерінен көрінеді. Ал әдістің төрт жағы кіретін классификацияны : логикалық мазмұны, білім көздері, оқу үрдісі, ұйымдастыру және басқарушылықты С. Шаповаленко ұсынады. Жалпы әдістерінің маңызы оқу үрдісіндегі оқушылардың өздігінен жұмыс істей алуы, яғни ауызша түсіндіруді тыңдау, демонстрация, кітаппен жұмыс, есептер шығару, жаттығулар. т.б байқалады.
С. Архангельский оқыту әдістері классификациясын қарастыра отырып ғылыми әдісті бөліп шығарады, сол әдістен оқып-үйренетін пәннің танымдылығы бөлініп алынып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру әдісін таңдайды.
Оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын қамтамасыз ету үшін өзіндік жұмыс, өзіндік бақылауға бейімдеу әдістерін кеңінен қолдану қажеттілігі туады. Мен өзімнің тәжірибемде 2 жылдан астам уақытта сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданып жүрмін. Осы технология түрі оқушымен жеке жұмыс жасауға көмегін тигізеді.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда дәрісханалық сабақтардың орны үлкен. Мысалы, оқушыларға берілетін тапсырмалар өз мамандығына байланысты құрастырылады. Сонда оқушылардың кемінде екеуіне баяндама-реферат жасау тапсырылса, олар берілген тақырып бойынша әр түрлі кітаптардан ақпарат жинап, оларды салыстыру бағытында өткізу оқушыларды қызықтыратындығы байқалады.
Сонымен қатар өзіндік жұмысты орындаудың тәрбиелік мәнінде атап көрсету керек. Оқушылардың ынтасын, маман ретінде алдына қойған мәселесін тиянақты орындау дағдысын қалыптастырады . Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қрғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды. Сондықтанда әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда. Әрине қазіргі таңда жалпы білім беретін орындардың функционалдық қызметінің басым бағыттары оқушылардың ғылымдар жүйесінің негіздерін меңгеріп, олардың бойында тұлғааралық және этникалық топаралық қатынастар мәдениетін, жеке тұлғаның өзін өзі айқындау және кәсіптік бағдарламаларын анықтау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндетін жүктейді. Соның ең бастысы – сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында оқушылардың өзіндік жұмыс қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін дамыту.
Мемлекеттік тілде арнайы пәндерді оқыту кезіндегі әртүрлі тәжірибелік өзіндік жұмыстарды қолданамын.
Білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп,қоғамның әлеуметтік- әкономикалық дамуыналайықты үлес қоса алады.Ендеше өскелең ұрпақ оқытушы берген білімді іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдеп қоймай,оны әрі қарай өзінің белсенді,зерделі танымдық іс -әрекетімен сабақтастыруы тиіс.Осыған сәйкес:
Ерекшеліктері:
- Оқушылардың жаңа ақпарат алу үшін қойылатын есепті оның шешімі немесе жауабы пайдаланылған эко номикалық түсінікке тән қасиеттерді білуді талап ететіндей болғаны жөн;
- Есептің мағынасындағы экономикалық терминдерді түсіндірумен, мәтінде жағдайды түсіндіретін көмекші сөйлемдер енгізу немесе сөздің өзімен мағынасы түсіндірілетін терминдерді пайдаланудан құралады;
- Оқушыларға тәжірибеге тән жағдайлар қойылғандықтан олардан қолда бар экономикалық білім мен тәжірбиені маңыздандыруды талап ететіндей деректері артық немесе жетіспейтін есептерді пайдалану;
- Есептің жауабы немесе мәтінін дайын анықтамамен қамтамасыз етуден тұрады;
- Эко номикалық тақырыптағы есепті үлгілі-есеп түрінде қою. Күтетін нәтиже
- Оқу процесстің жүзеге асырылуына оқушылардың мотивациясын көтеру
- Өзіндік жұмыс элементтері негізінде өзіндік жұмысқа бақылау,бейімдеу қабілеттерін дамыту
- Өз бетімен шығармашылық түрде ойлауды дамыту
- Болашақ кәсіби маман болатындығына септігін тигізу
Оқыту әдістері әр түрлі сипатта болып, оқып – үйренетін пәннің мақсаты мен міндеті оқушыға қойылатын талаптарға , білімнің тереңдігі мен кеңдігіне , қабылданған дағды мен шеберліктің сапасына тәуелді. Оқытудың ұстанымдары мен заңдылықтары оқу үрдісін, мазмұнын, оқуқұралдары мен формаларын жан-жақты қамтиды. Оқыту әдістерін классификациялау оқу мен оқыту іс - әрекетіндегі негізгі бағыттарды айқындайды.
Әдебиет
- Эльконин Д.Б. Психология игры. М., Педагогика , 1976. 304-б.
- Пидкасистый П.И., Арыстанов М.Ж., Хайдаров Ж.С. Проблемно – модельное обучение: вопросы теории и технологии. Алматы. Мектеп. 1980. 204-б.
- Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С. Игра, как процесс обучения. Алматы. Знание. 1985. 38-б.
- Кларин М.В. Разработки имитационно – моделирующих игр в современной буржуазной педагогике. « Советская педагогика » . 1982. №. 103-112-бб.
- Бедерханова В.П. Опыт применения профессиональных игр в решении профессиональных задач « Современные психолого – педагогические проблемы высшей школы » . Л., ЛГУ, 1978. 124-126-бб.