Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ғұмыры ұлт-азаттығы жолындағы күреспен өткен – Сырым тархан Датұлы

Қазақ даласындағы патша үкіметінің отаршылдық саясатынан туындаған саяси жағдай Сырым тархан бастаған ұлт-азаттығы көтерілісіне ұласқан болатын.

Сырым батыр Датұлының қоғамдық-саяси және қайраткерлік қызметтерін белгілі ғалым М.Вяткиннің кешенді зерттеген монографиясынан көруге болады [1]. Бұл Сырым тарханның қоғамдық- саяси қызметі туралы бірден-бір басты еңбек. Сонымен қатар, Сырым тарханның тұлғалық тарихын тәуелсіз елдің тарихы жағдайында зерделеп, жарияланбаған тың тарихи мұрағаттық деректермен толықтырған профессор Ә.Мұқтардың докторлық монографиясы бар [2]. Сондай-ақ, Сырым Датұлының азаматтық, қайраткерлік тұлғасын ашатын отарлаушылар, жаһангездер, зерттеушілер, тарихшылар мен қаламгерлердің әр жылдарда жазып қалдырған еңбектері, естеліктері, көркем шығармалары және ата-тек шежіресі, үрім бұтағы, туралы деректер топтастырылған Сырым Датұлы туралы Арыс баспасынан шыққан жинақта қалың кө пшіл ік оқырманға таныс [3]. Сырым Датұлының 270 жылдығына арналған «Азаттық туын алғаш көтерген ардақты тұлға» аттыатты республикалық ғылыми -тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы жарық көрді. Осы ғылыми -тәжірибелік конференцияда Сырым батыр Датұлының 270 жылдығына орай, Сырым батыр туралы белгілі жазушы Қажығали Мұхамбетқалиұлының «Тар кезең» атты тарихи романы жарық көрді [4]. Дегенмен, Сырым Датұлының тархандық лауазымына қатысты қоғамдық-саяси қызметін қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихына қатысты басқа қырынан қарастырмақпыз .

Мұрағаттанушы Р.Сариева: «1786 жылы О.А.Игельстром Кіші жүзге қараған Кіші орда көлемінде билер шешімін жойып, Ресейлік жазалау органын құрады. Бұл зұлымдық саясаттың бетін бүркеу үшін Байұлы, Әлімұлы, мен Жетірудың әрқайсысынан бір-бір өкіл енгізді. Бірақ бұл саясат үлкен қарсылыққа ұшырады. Соған қарамастан 1789 жылы О.А.Игельстром Кіші орданы 6 бөлікке бөлді. Ондағы ойын губернатор ІІ Екатиринаға 27 қараша 1785 жылы: «Кіші орданы бұлай бөлшектеу, әрине, Сіздің императорлық мәртебеңізге өте пайдалы» [5, 206 б.], - деп мәлімдегенін жазған. Бұл дерек патша әкімшіліктерінің «бөліп ал да, билей бер» саясатына қол жеткізуге жоспарлы кіріскендерін дәлелдейді.

Ал, белгілі зерттеуші Н.Бекмаханованың : «Патша үкіметінің шенеуніктер і Нұралы ханды биліктен алып тастауға қорықты, тәуекел ете алмады, сондықтан XVIII ғасырдың 80 жылдарына дейін хандықты қолдады. Сырым тархан бастаған қозғалыстан кейін ғана хандықты жоюға шешім қабылдады. Кіші жүзде 1783 жылы губернатор О.Игельстром ұсынған дистаночнойлық реформасы Қазақстандағы патша үкіметінің заңдарын қазақ қоғамына енгізу шараларының ең алғашқы бастамасы болды» [6, с. 185], деген пікірі патша үкіметінің дәстүрлі хандық билікті жоюдағы әрекеттерін жүзеге асыра алмауларының басты себебін көрсетеді.

Осындай себептен кейін, патша үкіметі хандықты жоюдың сөз келмейтін басқа амалдарын қарастырған. Мәселен, 1786 жылдың 3 маусымында патшайым II Екатеринаға хат жолдап, Нұралы ханды биліктен алыстату үшін, Ресейге шақыртып алып, сонда оны мәңгіге жібермей ұстап қалу жоспарларын іске асыруларына рұқсат сұрайды. Патшайым кел іс ім ін алған олар, Нұралы ханға Орынборға нөкерлерімен келуіне арнайы шақырту жібереді. Орынборға келген Нұралы хан Әбілқайырұлын нөкерлерімен Уфаға аттандырады. Нұралы ханды Уфада ұстау себебін, хан өмірінің қауіпсіздігі үшін жасалып жатқандығына сендіреді. Патша әкімшілігінің бұл әрекеттері Кіші жүзді хансыз қалдырудағы өздеріне сөз келмейтін амалдарын қарастырғандықтарын айғақтайды.

О.А.Игельстром халықтың еркін білдіретін Сырым тарханмен ғана байланыс жасап, сұлтандарды биліктен ығыстыру арқылы сұлтандар мен батыр би-тархандарды бір-біріне наразы етіп айдап с алуд ы көздеген.

Ералы сұлтан мен Пірәлі сұлтандар бірі - қарақалпақ ханы, екіншісі - түркімендер ханы болып отырғанда, тегі қарадан шыққан Сырым тарханның сұлтандардан жоғары тұруы, Игельстромның онымен кеңесуін ұнатпаған Ералы сұлтан Сырым тарханды қолға түсіріп, бір жыл бойына(1786 жылдың тамыз айынан 1787 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында) тұтқында ұстады [7, с. 193].

О.А.Игельстром болса, Сырым батырды қалай да тұтқыннан босатуға тырысты. Өйткені, патша үкіметінің шенеуніктері Сырым тарханның азаттығы үшін жүргізген қозғалысын халыққа Сырым тарханды хандық билікті жоюға күш салған «реформатор» етіп көрсетуді көздеді. Өздерінің хандық билікті жоюдағы саясаттарын Сырым батыр бастаған қазақ батырларының өздері қалап отырған етіп көрсетпек ниетте болды. Сырым тарханның тұтқынға түскенін генерал-губернатор О.Игельстром отаршылдық с аяс аттарын жүзеге асыруға өте шебер пайдалана білді. Есім сұлтан бастаған сұлтандар тобының алдын орап кетті. Батырды бос атуд а патша үкіметінің нұсқауын шебер пайдаланды.

Оның нәтижесі мынадан көрінді, біріншіден, Сырым батыр Датұлын босату арқылы батырмен бірге халық сеніміне кіріп, сұлтандарға қарсы әрекет жасау арқылы сұлтандар тобын оқшаулады. Сұлтандардың көздеген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Патша әкімшілігінің Нұралы ханды Уфа қаласында ұстауы елде аласапыран болып жатқанда Нұралы ханның жеке отбасының амандығы үшін жасалып отырған сақтық шарасы етіп көрсетіп сендірді. Екіншіден, О.А.Игельстром елдің тыныштығын бұзып отырған елдің бетке ұстарлары батырлар мен сұлтандар арасындағы келіспеушілік етіп көрсетуге тырысып бақты. Мұның өзі патша әкімшілігінің ендігі жерде халыққа хан-сұлтандар институтының билік күні өткендігі жөнінде ой тастау болатын.

Шын мәнінде, генерал-губернатор О.Игельстром хандықты тезірек жоюды көздеді. Сұлтандар болса, керісінше, дәстүрлі хандық биліктің ғұмырын ұзартуды көздеді. Губернатор О.А.Игельстром мен сұлтандар арасындағы хандық институт билігін жою мен сақтап қалу үшін күресте патша үкіметі халық өкілі Датұлы Сырым батыр арқылы екі жақты мәселені шешуге күш салған. Осылайша, Сырым батыр саяси ойынның шешуші тұлғасына айналады.

Оның себебі, Сырым батыр патша үкіметіне бұқара халықтың өкілі ретінде таныды. О. А. Игельстром 19 тамызда Есім сұлтанға Нұралы ханның босатылуын қалайтын болса, біріншіден, Ордада тыныштық орнауы керек. Екіншіден, барлық ел басындағылар бірігіп ханды босату туралы өтініштерін білдіруі керектігін айтса, Сырым батырға қатысты мәселеде батырдың амандығы үшін кім-кімде жауапты екендігін айтқан. Кінәлі болған жағдайда жазаға бүкіл руды, елді тартатындығын айтып сұлтандар тобына сес көрсетеді. Нұралы ханды жібермей ұстап отырған патша үкіметінің алдында сұлтандардың дәрменсіз екендігін білдірді.

Барон Игельстром Сырым тарханды тұтқыннан босату талабын ашық жүргізді. Нәтижесінде Сырым Датұлы 1787 жылы тұтқыннан босатылды. Бұл кезде Қайып хан мен Сырым батыр тығыз байланыста болады. Ресей үкіметі мойындамаған Қайып ханға Сырым бастаған батырлар қолдау көрсетті [8, 35 п.].

Кіші жүзде 1787 жылдың 19 қарашасында бас старшындық қызметке жеті адам бекітіледі, олар – Әлімұлы руынан: Сарытай би, Қаракөбек би Құшайбиұлы, Мұратбек Айбашұлы. Байұлы руынан: Сырым батыр Датұлы, Қаратау би Ғұмырыұзақұлы. Жеті рудан: Тіленші батыр Бөкенбайұлы, Жанболат батыр Қарабанұлы. Бұлардың әрқайсысына жылына 100 рубль күміс ақша мен жалақы және нандық астық үш шертпек тағайындады. Орда старшын сұлтандарын аға старшындарға бағынуы туралы жоғарыдан бұйрық түсірді [9, с. 197]. Патша үкіметі Сырым Датұлы мен Бөкенбай Тіленшіұлына бас старшындық атағына қоса ұрпақтарына мұраға кететін тархан атағын берді [1, с. 230]. Патша әкімшілігі: 1) Бас старшындар арқылы қазақ қоғамының билігіне патша әкімшілігінің тікелей араласуын көздеді. 2) Саяси билікті бас старшындар қолына беру арқылы хан-сұлтандар билігін шектеуді көздеді.

Бас старшындар міндеті мынадай болды: бірінші, Ордада тәртіп пен тыныштықтың сақталуын қадағалау. Екінші, бас старшындар генерал- губернатордың, шекаралық экспедицияның және расправаның жіберген барлық жарлық нұсқауларын орындап отыру. Үшінші, қарапайым старшындардың қызметтеріне бақылау жасау мен расправалардың жұмысын қадағалау [1, с. 230]. Шын мәнінде, бас старшындар міндетінен байқайтынымыз : біріншіден, рубасы билерімен белгілі батырларына бас старшын атағын беру арқылы қазақ қоғамының дәстүрлі билік өкілдерін патша үкіметіне қызмет етуге тарту. Екіншіден, бас старшындарды патша әкімшілігінің арнайы жарлық нұсқауларының Ордада жүзеге асырылуына жауапты ету, Кіші жүздегі тыныштықты бас сатршындардың бақылауы арқылы жүзеге асыру. Үшіншіден, патша үкіметінің жарлық нұсқауларына қарсылық, наразылық білдіретін белгілі батыр-билерге бас старшын атағын беру арқылы олардың қарсылығын болдырмауды көздеді. Осы кезде Сырым Датұлы мен бірге Тіленші Бөкенбайұлына және Қаракөбек Қосбайұлына ұрпағына кететін тархандық атағын берулері сұлтандар беделін түсіру үшін, тархандарды сұлтандарға «бақталас» етіп, оларды үкімет тарапынан қолапаштап отыру саясатын ұстанған.

Тархандық грамота мен бас старшындық атақ берген патша үкіметі жарлықтарымен қарадан шыққан тархандар-старшындарды ақсүйек сұлтандардың әлеуметтік статустары мен теңестіруді қолдан жасады. Патша өкіметі дәстүрлі хандық институттың беделін түсіруге алғашқы шараларын іс жүзінде жүзеге асыруда қазақ қоғамына енгізген бірінші үзбе жүйесі болды.

Қазақ қоғамындағы старшындар институтын қолдарында рулық билік басшылығы бар, малдары көп халық алдында беделі бар дәулеттілер құрады. Ал, ауыл старшындары ауылдың көшпелі ұжымына басшылық жасады. Себебі, ауыл адамдарына старшын жақын болды. Олай болса, тархан старшындар қолдауына хан-сұлтандар да сүйенген болатын.

ІІ Екатеринаға берген хабарламасында О.А.Игельстром Ордада бодандық міндеттерін адал атқаратын күшті адамдарды өз жақтарына тарту үшін, қаражат беру қажеттігін, сондай-ақ, бұл қойылған старшындарөздері күткен қызметтерін көрсетіп болғанша, жалования берілетінін, ал бас старшындардың қызметі қажет болмай қалған күні олардың қызметінен бас тартып, қаржыландыруды тоқтататынын жеткізді [9, с. 98-99].

Ел билігіндегі би батырлары туралы патша әкімшілігі толыққанды мәліметтер алып отырды. Мәселен Қарабатырұлы Сыпыра биге 1787 жылдың 5 сәуірде Жайық бойын жайлау мәселесі бойынша патша әкімшілігі берген тізімде Қарабатырұлы Сыпыра бидің 3000, Шойтас батырдың 7000, Қаратау бидің 10000 шаңырақ жанға жауап бергендіктері көрсетілген [2, 186 б.]. Мысалы, 1787 жылдың 8 сәуірінде Жайық бойына көшіп-қонуға рұқсат алған қазақ руларының ішінде адай Әлиқаран батыр Имантайұлына да 500 үй мен Қаракөл маңын қоныстануға рұқсат беріледі [10, 52 б.]. Жайық бойына қоныс тепкен адай рулары Жайық бойындағы елді-мекен тұрғындарына қосылып, олардың құрамын көбейтіп отырған.

Тархандар тек өзд ер іне қарасты ауылдарға ғана жауапты болмады. Мәселен, 1788 жылы Сегізбай тархан Көлбекұлы, Сыпыра Қарабатырұлы, Көккөз, Тұрымбет билер бастаған ақсақалдар ордадағы барлық мәселеде кеңес беріп отыратын қазақ ақсақал билерінің кеңесшілері болғандығын деректер айғақтайды [9, с. 117].

Көзге түскен тұлғаларды патша үкіметі өздеріне тарта білген. Әлімұлының биі Төртқара Қаракөбекке патшайым ІІ Екатерина 1789 жылы наурыз айында тархан атағын берген тархандық грамота мәтінінде: «Қазақтың Кіші Ордасының Әлімұлы руының старшыны Қаракөбек биге бізге адал қызметімен берілгендігі үшін,оның балалары мен ұрпақтарына тархандық атағы берілді. Қырғыз-қазақ сұлтандары мен би-батырлары және барлық қырғыз-қазақ жауынгерлері мен қарапайым халқына Қаракөбек биге берілген тархандық атағын танып, құрмет тұтып, сыйлауларын және барлық хаттарда есіміне тархан шені тіркеліп жазылуын бұйырамын. Қаракөбек бидің және оның балалары мен ұрпақтарынаының біздің ықыласымызды сезініп, бізге адал қызметімен берілгендіктерін дәлелдейтін қызметтерін және қайырымды істерін мәңгі жалғастыра беретіндіктеріне сеніп, Қаракөбек биге осы тархандық грамотаны тарту еттік» делінген. Тархандық грамотаға 1789 жылы Петербор қаласында наурыз айында берілген күні жазылып, Ресей патшалығының кіші мөрі соғылған [11, с. 132-133].

1789 жылы Қаракөбек Қосбайұлына берген тархандық грамотасымен бірге Жетірулықтарға арнайы патшайым II Екатерина Петербордан алғыс грамотасын жіберген. Грамотада: «...Жетірулықтар, бодандық адал қызметтеріңіз және тыныштықты сақтап отырғандарыңыз біздің көңіл бөліп алғысымызды білдіруім ізге лайықты», – деген [11, с. 132]. Мұнан мынадай қорытынды шығаруға болады. Біріншіден, тархандық және алғыс грамоталары арқылы патша үкіметі қазақтарды алдарқатып, отаршылдық саясаттарына қарсылықтарын білдіріп, бас көтермеулерінің алдын алудағы «жұмсақ» қарым – қатынас жасаудағы саяси айласы Екіншіден, патша өкіметінің Нұралы ханды Уфадан елге қайтармауларын халыққа елдетүпкілікті тыныштық орнағанша ұстап отырғандай сыңай танытудағы астарлы саясат жатыр.

Тархандық атақты әр жылдарда берулерінің өзінде де патша үкіметінің көздеген саяси мақсаттары болды. Мысалы, 1789 жылы Сырым тархан бастаған көтерілістің уақытша патша үкіметімен бейбіт қарым – қатынас ала бастаған тұсында Әлімұлының төртқара бөлім ін ің белгілі биі Қаракөбекке тархандық атақ беру арқылы патша өкіметі көтеріліс кезінде белгілі тархандарды патша үкіметінің саясатын қолдаушылар қатарынан кө ргіс і келді. Бұл-бір. Екіншіден, елдегі аласапыран кезеңінде қазақ мемлекеттігінің белгісі хандық институттың әлсірегенідігі, сонымен қатар, патша өкіметінің қазақ қоғамындағы саяси билікті қолға алып бақылауда ұстап отырғандығын дәлелдегісі келді. Сондай-ақ, Сырым Датұлын хандық билікке қарсы реформатор етіп көрсетуде тархандар институтының әлеуметтік институт ретіндегі дамып отрыған болашағы бар институт екендігіне ой тастау арқылы Сырым тархан бастаған көтерілісшілерді патша өкіметін қолдаушылар етіп көрсету саясаты да жоқ емес болатын. Негізгі мақсат тархандарды патша үкіметінің шенеунігіне айналдыру әрекеттері деп білген жөн. Сұлтандар институттарына «баланс» жас ауд а тархандар институтын дамытудағы патша үкіметінің отаршылдық күрес айла амалы да бар болатын. Міне, осындай елдегі жағдайларды пайдалана отырып, тархандық атақты қазақтарға әр бір жылдарда беруінің өзі де ойымызды бекіте түседі. Дегенмен Сырым тарханға Бұқар әмірі көмекке қалың әскер жібермеді. Сырым Датұлы шекара барымтасы мен Ресей үкіметіне қарсылық әрекеттерін тоқтатпады.

Орта жүзі бен Кіші жүзі бірігіп, халық жиынында бас қосып, Нұралы ханды елге қайтаруды қойған талаптарын патша үкіметі орындамады. Қазақ мемлекеттігінің хандық билігінің дағдарысын қолдан жасап келген патша үкіметі хан Нұралы Әбілқайырұлын отаршылдық құйтырқы саясатының құрбаны етіп тынды. Халқы қалап хан көтерген Нұралы Әбілқайырұлы 1790 жылғы 11 тамызда Уфада қайтыс болды [12, 155 п.]. Патша үкіметі өздерінің қылмыстарын жауып, айлаларын асыра білді. Мәселен, 1790 жылдың 2 тамызында Төртқара Қаракөбек тархан Қосбайұлы мен Шұбар би екеуі шет елдер жөніндегі коллегияға А.А.Безбородка атына хатты жолдап, онда, Уфа және Сибирск генерал губернаторы А.А.Пеутлингті орнынан алып, Барон А.О.Игельстром мен муфти Мұхамеджан Хұсайновты басшылық жасауға қоюды сұрайды [12, с. 134-135]. Қазақ тархандары патша әкімшілігіне елдік мәселеге қатысты ұсыныстарымен шықса да, патша үкіметі өздерінің шешімдерін өткіз іп отырды.

Нұралы Әбілқайырұлының ханның қазасынан кейін 1790 жылы қараша айында қазақтардың шағын тобы жиналып, Нұралының үлкен ұлы Есімді хан сайлайды. Хан сайлауына Датұлы Сырым тархан қатыспаған [7, с. 186]. Осыған қарағанда, Сырым тархан бір себептермен елде болмаған. Әйтпесе, хан сайлауына қатысып, өз ойын білдіргені деректерге түсір еді.

Елдегі тыныштықты қалпына келтіруді ойлаған расправ заседателі Сыпыра тархан 1791 жылдың көктемінде патша үкіметіне: «Елде бүлік ошағы қалпына келіп жатыр. Ордада жағдай қалай болмақ ?» деген сұрақ қойған. Расправа бойынша ешқандай істі талқылап шешу мүмкін еместігін айтып, үкімет шенеуніктеріне мәселенің шешімін табу керектігін айтқанымен расправаның ел ішіндегі тыныштықты, ел бірлігін сақтау емес екенін іс жүзінде көрсеткен [13, с. 35].

Сырым тархан 1791 жылы Ембі өзені бойында халық жиынын өткізіп, Ресейге қарсы көтерілу мәселесін қозғайды. Бұл кезде Ресей үкіметінің хандық билікті қайта қалпына келтіретіні туралы хабар алған сұлтандар халықты Сырым тархан үгітіне ермеуге шақырып үгіттеген.

Сырым тархан бастаған топ Елек қалашығына және Қалмақ бекіністеріне шабуыл жасайды. Ресеймен сауда-саттық қатынасты тоқтатуға, экономикалық байланысты үздіруге күш салады. 1792 жылы Сырым тархан Хиуа мен Бұқарға елші жіберіп, Ресейге қарсы одақтасып, соғыс ашуға шақырады [7, с. 203; 206]. Бір сөзбен айтқанда, тархан Сырым Ресейге қарсы соғыс жариялайды. Осы тұста 1792 жылы Ералы хан жанында тек қана белгілі билерден тархан Сыпыра би, табындар Бармақ, Досы, Барақ, байбақты Рысалы, Қойсары, Ерсары, сұлтан Жантөре, кете Өтен және табын Жиеншөре болған. Патша әкімшілігі қазақ азаматтарын өзара араздастыру үшін оларға жеке-жеке хат жазып, арнайы молда жіберіп үгіттеген. Мәселен генерал-губернатор Тілеп Қойбайұлы, Бөдене Байтілеуұлына, Алаша Сыпыра биге, Қарабатырұлына Тіленші тархан Бөкенбайұлына, Елекбай Құдайбергенұлы, Қосбайұлына Қаракөбек тархан, төртқара Басықараларға хат жазып патша рақымын ұсынып, арандатушылықпен айналысқан [2, 170-171 бб.].

Соған қарамастан, тархандар патша үкіметінің қулық әрекетін түсінген. Табын Тіленшіұлы тарханның медреседе оқып жатқан екінші ұлын қыс айларында үйінен оқытуға келіскен молда екеуін Орынбордан келе жатқан беттерінде Орал атаманы полковник Д.Донсков себепсіз, үш ай ұстап барып жіберген. Ауыр науқастанған ұлы үйіне жетіп қайтыс болған. Мұнымен қоймай, атаман Д.Донсков жіберген әскерлер диқаншы қазақтардың ауылын тонап, ерлері мен әйелдері аралас 18 адамды өлтіріп, екі адамды өздерімен бірге алып кеткен. Мүліктерін тонап алып, малдарын айдап әкеткен. Екі тұтқын Уральской защитеде қайтыс болған [9, с. 150151]. Осындай келеңсіз оқиғалардың арты кісі өліміне соқтырған. Сырым тархан қазаққа ерекше озбырлық жасап отырған атаман Данил Донсковты орнынан тайдыруды сұрап, Орал әскери кеңесінің мүшесі С.Акутин арқылы Петерборға хат жолдайды [3, 28 б.]. Әрине, бұл патша әкімшілігінің Сырым бастаған көтеріліске қарсы қазақтарды айдап салып отырған әрекеттері болатын.

Тархандар бастаған батырлар қазақ еліне қатысты мәселелерді шешуде өздерін тыс қалмауын білдіріп отырған. Мәселен, 1792 жылдың 11 қыркүйегінде Тулыбай батыр, Сегізбай тархан ағасы Алмутуфя, Қаракөбек тархан, Сырым тархан, Басықара, Сарыалтай би т.б. өздерінің мөрлерін соғып А.А.Пеутлинге ашық хат жолдаған. Онда қазақтармен санаспай хан сайлау мәселесіне келіспейтіндеріне, Есімді хан сайлауларына наразылықтарын білдірді [9, с. 138-139].

Патшайым II Екатерина 1793 жылдың 28 ақпанында № 17110 бұйрық бойынша алаша руының биі Сыпыра Қарабатырұлына тархан атағын тану жөнінде грамота берді [13, 11 п.]. Алаша руының рубасы Сыпыраға тархандық беруінде де патша өкіметінің көздеген ішкі есебі болды. Байбақты руымен бірге көшіп қонып жүрген алаша руының белгілі биі Сыпыраға тархандық беруіндегі саясаты мынадай: алаша руының бұл кезде Сырым тархан бастаған көтерілісшілер мен патша өкіметі арасындағы шиеленіс күшейіп, Сырым бастаған батыр -билермен сұлтан- төрелер арасында өзара тартыс болып тұрған кезі болатын. Біріншіден, патша үкіметі Сырым тарханды серіктерінен айыру үшін, оларға тархандық шен беру арқылы ықпал жасауда көздеді. Екіншіден, тархандық атақ алған Сырымнан іргесін аулақ салып, өзіне қарасты алаша руының билігін күшейтіп өз алдына бір партия бола ма дегенде үміті жоқ емес еді. Осындай ойлардың түбінде Сырым тарханды қолдаушы жорықтас серіктерінен айыру үшін жасаған қадам деп бағалауға болады. Үшіншіден, көтерілістің жүріп жатқан тұсында Сыпыра Қарабатрұлына тархандық шен беруінің тағы бір себебі, патша үкіметінің көтерілісшілерге Сырым тарханнан басқасына кешіріммен қарайтындықтарын көздерін жеткізу ұстанымдары да жоқ емес. Осылайша, қазақтың белгілі ру басыларына тархандық шен беруде өздерінің көздеген саясаттарын жүзеге асыру жатты.

Ресей патшайымына 1794 жылдың 4 қаңтарында бас старшын Тіленші тархан, Шерғазы сұлтанға ашық хат жаздырып шағым түсіреді. Онда орыс-казактар мен башқұрт старшындары тарапынан жасалған жүгенсіздік пен озбыр барымталарын баяндай отырып, ұрлық пен шекара барымтасын тоқтатуда патша әкімшілігі өзіне бағынышты халыққа тәртіп берулерін және Әбілхайыр ұрпақтарын хандық билікке жақындатпауын сұрап, 184 адам қол қойған [9, с. 168].

Қазақ тархандары мен би-батырлары елде тыныштық с ақтауд а бейбіт тұрмысты қалайтындарын баяндап жеткізіп, үкіметтен әділдік күтулерінде патшаның жақсы екендеріне сену бар. Ал, патша өкіметінің көздеген саяси мақсат-мұраттары қазақтарды өздеріне тәуелді бұратана халық ету болатын. Әбілқайыр ұрпақтарынан бас тарту себептері халық санасында әлі де жақсы хан мен әділ патшаға деген сенімдерінің болғандығын көрсетеді. Ал, шын мәнінде, патша үкіметінің хандық дәстүрлі билікті жоюдағы жасап жатқан әрекеттері екендігін біле алмаған.

Ел ішіндегі Сырым тархан бастаған отарлыққа қарсы көтерілісшілер мен сұлтандарды өзара қырқыстырып, Ресей жағына бірігіп аттанбас үшін уақыт оздырып, қазақ елінің б ірл іг ін бұза білген, патша шенеуніктері хандықты жоймақшы болып, Нұралыны Уфада ұстағанымен, кейін хандықты жою ерте екенін және іс-шаралары қате екендер іне көздеріжетті. Патша үкіметі Ералыны хан сайлау арқылы өздерінің қателіктерін түзеді. Осындай толқулар кезінде 10 маусымда 1794 жылы хан Ералы қайтыс болғандығы жөнінде Генерал А.А.Пеутлинг хабар алады [14, 4-5 пп.]. Хан сайлағанша, Кіші жүзді басқару құқығын Хан кеңесі билігімен бақылауды шекара экспедициясына тапсырады. Хан кеңесінің мүшелері ханға лайық сұлтандар жөнінде патша әкімшілігіне мәліметтік мінездеме бергілері келмеген. Генерал-губернаторға берген мәлімдемесінде шекара комиссиясы Айшуақ сұлтан мен немере інісі Досалы сұлтандар хан болуға жастары ұлғайғандығынан лайықты еместігін мәлімдесе, Бірәлі сұлтан түркімендерге хан болып отырған. Қазақ даласындағы қазақ істерінен беймәлім Нұралы ханның ұлы Есім сұлтанды хандыққа лайық көрген. Бір жағынан Есім сұлтан да, өзін жақсы жағынан көрсетіп, Ордадағы мәселелер жөнінен Ресей үкіметін хабардар етіп отырған.

Елдегі қалыптасқан саяси жағдайда ел бірлігі мен тәуелсіздік жолындағы ойларын жүзеге асыра алмаған Сырым тархан, Хасанғали сұлтан, Есенғали сұлтан, табын Тіленші тархан, төртқара Қаракөбек тархан, барлығы 10 белгілі ел азаматтары Орынбор экспедициясына 1794 жылы қарашада ашық хат жолдап, Д.Донсков пен Есім сұлтанның ішкі бетке мал өткізудегі кінәсіз қазақтарға озбырлығын баса көрсетіп, шекарадағы шиеленіске Ералы хан ұлд ар ы мен Есім сұлтан кінәлі екендіктерін баса көрсетеді. Ал, қазақ-башқұрт арасындағы 1794 жылғы көктемдегі талас-тартысты өздері елшілер жіберу арқылы шешетіндерін, оларға жауап қайтарған вице-губернатор И.М.Баратаев 28 қарашада старшындарға мұндай мәселемен Орынбор экспедициясы емес, патша құрған Хан кеңесі айналысатындығын алға тартып, мәселенің шешімін аяқс ыз қалдырады. Үкімет қазақ елбасшыларының бірлігін қаламай, «бөліп ал да, билей бер» саясатының үстемдік ала бастағанын танытты. Өйткені, Орынбор экспедициясы мен Хан кеңесін екі басқа жүйе етіп көрсеткен болатын [2, 177 б.]. Ал, қазақ тархандары мен сұлтандары болса ел бірлігіне нұқсан келтірмей мәселенің шешімін табу да нақты ұсыныстарымен шыққанымен, патша әкімшілігі өздерінің көздеген саясаттарын жүргізіп отырған.

Есім хандығы патша үкіметі тарапынан 20 қазанда 1796 жылы рәсімделді [7, с. 210].

1797 жылдың 27 сәуіріне қараған таң алдында Краснояр форпостысынан 5 шақырым қашықтықтағы дала бетін қоныстанған Есім хан ауылына Сырым Датұлы көпшілігі шектілер құрайтын жүз шақты адамдарымен келіп, Есім ханды өлтіріп дүние мүлкін тонағандығы туралы хабар жеткізіледі [14, с. 210]. Ханды өлтірген кінәлі адамның кім екенін анықтамай-ақ, О.А.Игельстром Сырым тарханды Есім ханды өлтірген қанішер етіп көрсету мақсатына жетіп тынады [15, 76 п.].

1797 жылғы наурыз айының аяғындағы қақтығыста Есім хан қаза табады. Елбасы қазасынан кейін ел іші бүлінді. Оған дәлел: экспедициядан О.А.Игельстромға 4 сәуірде есентемір, байбақты, шеркеш, алаша, таз рулары бар, Мыңбай, Арғынбай; Ерсары, Қойсары бастаған 1000 адам, 6сәуірде Орта жүзден шамамен 7000 адам жиналып, шекараға қарсы шыққандығы жөнінде хабар жетеді. Сәуір айының басында патша әкімшілігі орыс шебінен не бәрі 70 шақырым жерде Қаракөлдегі Жалғыз Ағаш жайлауына 7 сәуірде Сырым тархан бастаған ханды өлтірушілерді қолға түсіріп, жазалауға әскер аттандырады. Оған Бөкей Нұралыұлы мен оның қарамағындағы байбақты, алаша, беріш, тана, шеркеш, ысық т.б. рулардан 800 адам жинап, Сырым тархан қонысына барғанда әскер алдында кеткен барлаушылар 14 сәуірде Сырым тарханның Ойыл өзенінен өтіп, Бұхар бағытын бетке алып кеткендігі туралы хабар түседі [2, 183 б.]. Мұнан кейін патша үкіметі Сырым тархан басын әкелетін жендеттерге 3000 алтын соммен ақшалай сыйақы тіккен [16, с . 171]. Патша үкіметінің шенеуніктерінің айлаларын асырғанын білген Сырым тарханның бой тасалап елден кетуден басқа амалы қалмаған.

Сырым тарханның адамдарын ұстауға Орал казактарынан жасақталған шағын отряд бір зеңбірекпен шығады. Бірақ Есім ауылын шапқан Сырым тархан адамдарын қолға түс іре алмай кері қайтқан. Айшуақ пен Қаратай сұлтандар хан әулетін Сырым тархан жігіттерінің шапқыншылығынан қорғау үшін шекара экспедициясынан әскери күзет сұраған [15, 76 п.]. Патша әкімшілігі көздеген саясатына жетті, хан әулеті ақсүйек сұлтандар мен қара халық арасы ашыла бастады.

Есім хан өлімінен кейін Нұралы ханның қалмақ қызынан алған әйелінен туған Қаратайды хан с айлауд ы ниеттерін білдіреді. Барон Игельстром қазақ даласын хансыз басқару ниетін қайта қолына алып император І Павелден Кіші жүз қазақтарын хан кеңесі арқылы уақытша басқаруға рұқсат сұрайды. 1797 жылы 6 шілдеде өлке бастығы хан кеңесі құрамына: төрағалыққа – Айшуақ сұлтанды, кеңес мүшелігіне – Әлімұлынан Сарышұнқай, Боранбай билер, Бай ұлдары руынан Сұлтанбек және Шақшақ билер, жетірулықтардың биі Күшікбай, Бітік Қабыла Мырзинді тағайындайды. Хан кеңесі мүшелері Қобда өзенінің бойында Ресей шекарасына жақын жерде тұрулары бұйырылды Хан кеңесінің жұмысын бастап, бір жолға қойып беруге іссапарға мүфти М.Хұсайнов жіберілді [14, с. 211]. Бұл жолы бірде-бір тарханның Хан кеңесіне мүшелікке алынбағанын көруге болады.

1798 жылы император Павлов М.Хұсайновке бұлғын терісінен тігілген тон, ақшалай жалақы тағайындау, оған қоса Орынбордан жеке өзіне үй сатып алуына 4000 рубль ақша беру туралы Барон Игельстромға бұйрық түсіреді [17, с. 60]. Мұсылман дін қызметкерлерінің басшысы мүфтиді патша үкіметінің саясатын қолдайтын сенімді адамдарына айналдыруды көздеді. 1797 жылдың 21 шілдесінде Басқарушы Сенат №164 құпия жарлық бойынша саудагерлердің қазақтарға, оқ дәрі (порох) кремней және қорғасын, жасанды түрінде де с атуға тыйым салды [18, с. 238]. Үкімет қазақтардың қарулануларына жол бермеуді бақылауға алды.

Хан кеңесі 1797 жылдың 8 тамызында Кіші Қобда өзенінің бойында өз жұмысын бастаған. 1797 жылы 29 тамызда Сырым тархан бастаған мың қазақ жігіттері хан кеңесіне келіп, мүфти М.Хұсайновке талап-шағымдарын жеткізді. Онда: біріншіден, жеті жыл бойы елде тыныштық бұзылып, шекара барымтасы титықтаттып халықты қайыршылыққа ұшыратуға айналған жағдайды тоқтатудыұсынады. Екіншіден, орыс шекарасынан барымта жасаушыларды тыюға Хан кеңесін ашып отырған патша үкіметінің әкімшілігі (шекараларын ескере отырып), жиналыстағылар бір ауыздан ше шімге келіп, Әлімұлынан Қаракөбек тархан және Сырым тарханды өз араларынан сайлап, өз руларындағы даулы мәселелердің шешімін табуды тапсырағн [7, с. 21 1 -213].

Хан кеңесіне қатысты зерттеуші А.Нусупбеков, 1797 жылы Сырым тархан мың адамымен хан кеңесіне келіп, халықтың ауыр тұрмыс жағдайына және Хан кеңесінің құрылуына байланысты күресті тоқтататынын мәлімдеді. Сырым тарханды хан кеңесіне мүшелікке алды. Сырым тархан ендігі жерде хан кеңесі арқылы қазақ халқының жағдайының шешілетініне үміт артты [13, с. 40].

О.А.Игельстром өзінің хансыз басқару ойынан бас тартуға мәжбүр болып, Кіші жүз ханы етіп алғыр, пысық, ержүрек Қаратай сұлтанды хан сайлаудан тартынған, хандық Әбілқайырұлы Айшуақ сұлтанға түседі.

Айшуақ сұлтан 1798 жылы 16 қазанда хан сайланды. Өйткені патша үкіметі әкімшілігіне қуыршақ хан керек болатын. 31 қазанда І Павел жарлық грамотасымен хандығы рәсімделеді. Халық Қаратайды хан көтергісі келгенімен, О.А.Игельстром өзінің ішкі есебін өткізді.

Қазақ даласындағы саяси жағдай Айшуақ хан тұсында да аласапыран күй кешті. 1798 жылдың қыркүйегінде Орынбор әскери-губернаторы болып Генерал майор Н.Н.Бахметов тағайындалады [14, 4-5 пп.].

Хан кеңесі мүшелері мен Сырым тархан Датұлы 1798 жылғы 25 шілдеде Шерғазы Қайып ұлының елге оралуына қол жеткізеді. 1803 жылға дейін елде болған сұлтан Шерғазы Әлімұлы бірлестігінің бас старшыны Қаракөбек тарханның қызына үйленеді [19, 9 п.]. Қаракөбек пен Сырым тархандардың Шерғазы сұлтанмен жолдастық қатынастары туыстыққа ұласқан.

Император І Павелге шекаралық сотты жоюды сұрап, 1799 жылы 2 қаңтарда шекаралық сотты жабудың себептерін тізіп императордың көзін жеткізеді. Оның орнына шекаралық комиссия құ р уды ұсынды. 1799 жылы 19 наурызда шекаралық комиссия құрылып, штаттық құрамы да бекітіледі. Шекаралық комиссия 1799 жылдың 22 қарашасында ашылады. Оның құзырына шекара барымтасы арыз-шағымдарды қарап шешу т.б. берілді [7, с. 215]. Бұл да патша үкіметінің қазақ қоғамындағы дәстүрлі хандық биліктің дағдарысын қолдан жасаудағы кезекті ізденістерін алға тарқан болатын.

Тіленші тархан Бөкенбайұлы (1500 сарбазымен Ресей патша отаршыларына қарсы соғысқан Сырым тархан Датұлының жорықтас жолдасы) 1800 жылы Ресей отаршыларына қарсы қанды қақтығыста қайтыс болды [20]. Көтеріліс басшысы Сырым тархан азаттық үшін күрескен серігінен айрылды. Бұл жағдайлар көтерілістің бәсеңдеуіне септігін тигізбей қоймады. Ал Сырым тархан Датұлы 1802 жылы қайтысболды [2, 190 б.]. Сырым Датұлы мен Табын Тіленші тархандардың саналы ғұмырлары ұлт-азаттығы мен елінің тәуелсіздігі жолындағы күреспен өтті.

Қорыта келгенде, Сырым тархан хандықты жойып, халық басқаратын мемлекет құруға әрекет жасады. Сырым Датұлы өз заманында ұлы реформатор бола алды. Бұған дәлел «Халық кеңесі» аталатын ел билеудің жаңа формасын дүниеге әкелгендігі және бұл билік формасы – қазақ халқының тарихында ғана емес, жаңа тарих заманындағы өркениетті елдерінің өзінде жүзеге аса қоймаған демократиялық ел басқару идеясының өмірге келуі болатын [21, 15 б.]. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың барлық кезеңдерінде мемлекеттілік басты орын алды. Егер де азаттық қозғалыстардың алғашқы кезеңдерінде мемлекет басына әділетті хан қою мәселесі тұрса, Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалысында хандық билік жүйесін жою мен орталықтанған қазақ мемлекеттігін с ақтап қалу мәселесі тұрды [22, с. 42-43]. Профессор Х.Әбжановтың: «Сырым Датұлы объективті қажеттіліктен дүниеге келген хандық билікті құлату үшін қол жиған жоқ, отарлаушылардың сойылын соғып, ақсүйектік, ұлтжандылық тарихи-табиғи болмысынан ажы р аған Нұралы ханды нысанға алып, биліктен тайдырды» [33, 160 б.], деген пікірлері Сырым тарханның хандыққа қатысты күрестегі көзқарасын анықтай түседі.

 

Әдебиет

  1. Вяткин М. Батыр Сырым. – Алматы: Санат, 2002. – 344 с.
  2. Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында (Қазақстанның батыс өңірі: ХУІІІ ғасырдың екінші жартысы және ХІХ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы тарихи жағдайлар). – Алматы: Ғылым, 2001, – 257 б.
  3. Сырым Датұлы / Жинақ. – Алматы: Арыс баспасы, 2004. –320 б.
  4. «Азаттық туын көтерген ардақты тұлға» Сырым Датұлының 270 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияс ы материалдарының жинағы. Астана қ., Беркут-Принт ЖШС, 2012. – 109 б.; Мұхамбетқалиұлы Қ. Тар кезең: Тарихи роман / Қажығали Мұхамбетқалиұлы. – Алматы: Мерекенің баспалар үйі ЖШС, Mereke baspasy, 2012. – 584 б.; Исенов Ө.И. Тіленші тархан ұлт-азаттығы жолындағы күрескер. // «Азаттық туын көтерген ардақты тұлға» Сырым Датұлының 270 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияс ы материалдарының жинағы. Астана қ., Беркут-Принт ЖШС, 2012. – 109 б. – (43-50 бб.).
  5. Сариева Р.Х. Мұрағат және тарих: (мақалалар, баяндамалар). – Алматы: Арыс, 2004. – 292 б.
  6. Бекмаханова Н. Легенда о Невидимке (Участие казахов в Крестьянской войне под руководством Пугачева в 1773-1775 годах). – Алма-Ата: Казахстан, 1968. – 190 с.
  7. Добросмыслов А.И. Торгайская область Исторический очерк. – Тверь. Типо-Литография Н.М. Радионова 1902, Т.1. – 427 с.
  8. РФ ОрОММ. 3 - қор, 1- тізбе, 30 - іс.
  9. Материалы по истории Казахской ССР. T.IV. (1785-1828 гг.) - М.- Л.: Изд-во АН СССР, 1940. – 543 с.
  10. Маңғыстау энциклопедиясы – Алматы: Атамұра, 1997. – 384 б.
  11. Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – 744 с.
  12. РФ ОрОММ. 5 - қор, 1- тізбе, 34 - іс.
  13. ҚР ОММ. 4 - қор, 1 - тізбе, 1617 - іс.
  14. РФ ОрОММ. 6 - қор, 10 - тізбе, 205 - іс.
  15. РФ ОрОММ. 6 - қор, 10 - тізбе, 1 - іс.
  16. Абдакимов А. История казахстана (с древнейших времен до наших дней): Учебное пособие. Издание третье, переработаное и дополненое. Книга издается в авторской редакции. – Алматы: Казахстан, 2002. – 488 с.
  17. Отепова Г. Политика царского самодержавия в отношении казахской знати // Алаш. тарихи этнологиялық журнал – №3. – (18), 2008, – С. 59-65.
  18. Прошлое Казахстана в источниках и в материалах. Сборник (V в. до н.э. - XVIII в. н.э.) под редакцией профессора С. Д. Асфендиярова и профессора П. А. Кунте. – Алма-Ата: Казахское краевое Изд-во, 1835 г, М., – 299 с.
  19. РФ ОрОММ. 6 - қор, 10 - тізбе, 278 - іс.
  20. Исенов Ө.И. Тіленші тархан ұлт-азаттығы жолындағы күрескер. // «Азаттық туын көтерген ардақты тұлға» Сырым Датұлының 270 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы. Астана қ., Беркут-Принт ЖШС, 2012. – 109 б. – (43-50 бб.).
  21. Мәшімбаев С.М. Сырым Датұлы – саясаткер, әрі көсем XVIII ғасырдың 70 – 90 жылдарындағы Кіші жүз даласындағы саяси дағдарыс // «Отан және әлем тарихы XXI ғасырда: ғылыми парадигмалардың ортақтығы мен ерекшеліктері» атты Халықаралық Бекмаханов оқуларының ғылыми конференция материалдары. 2007 жыл 22 – 23 қараша. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 388 б. (14-17 б.)
  22. Мажитов С.Ф. Проблема казахской государственности в народно - освободительном движении XVIII-начала XX вв. // Отан тарихы. - 2008. – №2 (42), – (С. 40-52)
  23. Әбжанов X. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. - Астана: Ана тіл-Ата тарих, 2007. - 272 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.