Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Профессор З. Алдамжар зерттеулеріндегі қазақ тарихының методологиялық мәселелері

«Тарихымызды жазғанда, Қазақ елі дейтін тарихи алқаптың, тарихи кеңістіктің іші мен төңірегінде өткен оқиғалар, құбылыстар, адамдар тұтастай, бірі мен бірі тығыз байланыста, тарихи кең көлемде бейнеленуі керек-ақ. Оны бір жақты жазып шығу – халық зердесіне қиянат». Академик З.А. Алдамжар.

Ұлтына, халқына қызмет еткен адам ерен еңбегі мен атқарған қоғамдық-саяси қызметімен тұлғаланады. Өмір өткен сайын, ұрпақ жадында сақталады. Артында ғылыми мұра қалдырған сондай тұлғалардың бірі ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері – Зұлқарнай Алдамжарұлы [1]. Мақаламыздың арқауы тарих ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Алдамжарұлының ұлттық төл тарихымыздың кейбір өзекті деген методологиялық мәселелеріне байланысты пайымдары хақында болмақ.

Атақты Марк Тулий Цицерон: «Тарихтың бірінші міндеті – өтірікке бармау, екіншісі – шындықты жасырмау, үшіншісі – ешкімнің оны жалғандық немесе әдейі қасақаналық деп күмәнға алуына себепші болмау» деген екен. Тарихқа айтылған міндеттер тарихшыларға да тікелей қатысты. Бұл міндеттен шығу үшін тарихшыларға өз тәжірибесімен қатар өркениетті халықтардың тәжірибесіне үңіліп тереңдей бойлау, әр дәуірдегі сан-алуан ғылыми ағымдар мен мектептерде жинақталған ұшқыр ой, ғылыми жетістіктерді тиянақты игеру парыз.

Зұлқарнай Алдамжар методология ұғымын әдіс (метод) ұғымымен шатыстыруға болмайды. Әдіс методология құрама бөлік, құрал болып кіреді. Ғылымның қазіргі даму деңгейіне қарағанда, методология теориялық қағидалар мен зерттеу әдістерінің, принциптерінің, өлшемдерінің (критерий) өзара іштей үндестігі (гармония), байланыстылығы, біртұтас жүйелілігі ретінде пайымдалады. Әрине, бұл анықтаманы басқа да қосымшалар қосып кеңейтуге болады. Бірақ ғылыми жүйелік пен нақтылық талаптары жоғарыда келтірілген анықтама ауқымын негізге алудың мүмкіншілігін байқатады. Бұл жұмыс – көптің, ең алдымен мамандардың ортақ міндеті. Қазіргі заманымызда, әлемде, біздің елде де түрлі саяси платформалардағы партиялар қалыптасу үстінде. Тарихшының да белгілі бір партиялық дүниетанымда болуы және оның жұмысына сол партиялық позиция ықпал жасауы ықтимал. Бұл тарихшының жеке құқығы , талғам-талдауы. Бірақ қандай да жеке партиялық дүниетанымды, көзқарасты асыра бағалау, тіпті оны нағыз шындықтың кепілі деп түсіну ғылымға да, ғалымға да абырой әпермейтінін алға тарқан болатын [2]. Ғалым өзінің зерттеулерінде мынадай мәселелерді ашып баяндаған болатын:

Бірінішіден, тарихи зерттеулерде осы кезге дейін тиісті дәрежеде көңіл бөлінбей келе жатқан мәселенің бірі – ол тарихшының зерттеу жұмысына өзінің ұлттық психологиясының әсері. Осы арада бір ескеретін жағдай – ұлттық деген ұғымды, әсіресе ұлттық психологияны ұлтшылдық деп санаудан, ұлтжандылықты ұлтаралық сыйластыққа, достыққа қайшыдеп түсінуден әлі де толық тазарып болмағандығымыз. Сондықтан осы пікір саласында кейбір қаламгер тарапынан абыржушылық нышаны да байқалуы мүмкін. Ендеше өткен өмір шындығына жүгінейік. Жергілікті халыққа, оның өкілдеріне кеңестік, партиялық өктемдік орталықтан бұйырылған интернационалдық тәрбие, нұсқау шын мәнінде олардың санасын шырмаған, жігерін жасытқан бұғау болды. Орталықтың барлық іс- әрекеті әрқашанда нағыз интернационалдық қамқорлық, шынайы достық болып мойындатылды да, ал жергілікті халықтың өмірі ұдайы бақылауда болып, оның әрбір тіршілік әрекеті партиялық кестемен өлшеніп тергеліп отырды. Егер жергілікті халықтың өзіндік ұлттық тіршілігі байқалса-ақ болды, ол дереу ұлтшылдық болып бағаланып, қатал шаралар қолданылды. Мұндай әпербақандық өктемдіктің соңғы бір қатыгез көрінісі – орталықтың желтоқсан оқиғасына байланысты қазақ халқына жасаған репрессиялық озбырлығы еді. Мәскеулік «кемеңгерлер» халыққа қара жағудың қасиетсіздік екенін, сұраусыз қан, жоқтаусыз ар болмайтынын сезбеді ме? Әрине сезді. Сонда халық тағдырының осындай қайғылы кезеңдерін әділеттілік таразысына тарататын кім болмақ?

Бұл мәселе тарихи зерттеудегі ұлтжандылық қасиеттілікпен тікелей байланысты. Иә, әр халықтың өткен өмір жолы, өз тағдыры, өз тарихы бар. Ал, оны өз қалауынша басқа бір мақсатқа бейімдеймін, тіпті оны өңдеп жақсартам деушілік сол тарихқа жасаған әділетсіздік болатыны даусыз. Сыңаржақ интернационализмді сынай отырып, ұлтжандылық ұғымын дұрыс түс іне алмай, өзімізді өзіміз орынсыз дәріптеп, кеудемсоқтыққа бой ұрсақ, онда да біз үлкен қателікке жол бергеніміз [2].

Екінішіден, қоғамдық ғылымдар саласының зерттеу жұмысындағы маңызды принцип – ол, тарихи (историзм) принцип. Әрине, марксизм- ленинизм классиктері тарихи принциптің объективтік шындық үшін өте маңызды екенін жақсы түсінген-ді. Сондықтан да олар тарихи себепшілік пен байланыстылықтың неден басталып, қалай дамығанын, сол көріністің қазіргі сәтте нендей нәтиже бергенін әрқашан бақылап ескеруге шақырған- ды. Сонымен бірге, кеңістік дәуірде бұл принциптің объективті шындықты ашудағы мүмкіншілігін таптық мүддеге бейімдеуге ашық әрекет жасады. Марксистік-лениндік методология бойынша тарихи принцип тек коммунистік партиялық принциппен біте қайнасқанда ғана ақиқатқа қызмет ете алады деген қағида заңдылық деңгейінде нақтыланды. Сонымен бірге, бұл екі принцип қаншама біте қайнасса да тепе-теңдік дәрежеде болмақ емес, қайта сол коммунистік партиялық принцип ықпалында ғана тарихи принцип өз міндетін атқармақ делінді. Міне, осындай бұрмалаушылық салдарынан тарихи принцип өзінің объективтік шындыққа жетудегі ауқымды принциптік дәрежесінен айырылып, коммунистік партиялық принциптің жетегіндегі қосалқы позицияда қалды. Ал тарихи принцип өз дәрежесінде, шын мәнісінде қолданылса және тарихи-салыстырмалық талдау әдісіне ден қойса, онда ол таптық методология шеңберіне сыймай, партиялық саясат пен идеологиялықтұжырымдардың объективтік ғылыми арнадан алшақ кеткен мән- жайларын әшкерлеген болар еді.

Үшіншіден, тарихи методологиялық жүйенің өзекті қағидаларының бірі тарихты дәуірлеу әдісі және оны жүргізу принциптері мен шартты өлшемдері (критерий). Тарих ғылымының бұрынғы (кеңестік) дәуірлеу жүйесіндегі, оның принциптері мен шартты өлшемдерін де жаңадан сын елегінен өткізу өте қажетті іс. Өйткені жалпы кеңестік дәуірлеу жүйесі де, оның негізінде белгіленген жеке кезеңдер де, олардың хронологиялық шектері де СОКП саясатымен қоғамдық өмірдегі нәтижелерімен (әдетте асыра бағалау түрінде) анықталып, өлшеніп келген-ді. Ал бұл идеология мен саясаттың талабы бойынша әрбір тарихшы дәуірлеу мәселесін өндірістік күш пен өндірістік қатынас арасындағы қайшылықтан туатын таптық күрес негізінде шешуге тиіс болды. Сондықтан да әрбір дәуірдің басты анықтаушы күші ұдайы өрістейтін таптық күрес деген партиялық саяси-идеологиялық тұжырым зерттеушілерге бірден-бір шартты қағида болып жүктелді.

Міне, сол себепті де дәуірлеудің ұғымдық анықтамасын тұжырымдау үшін бұрынғы таптық методология шырмауынан арылу шарт. Арылмасақ ілгерілеу болмақ емес. Егер дәуірлеу мәселесінде таптық методологияға сай бұрынғыша өндірістік күшпен өндірістік қатынастың ара байланысын ғана негізге алып, тек сонымен шектелсек, онда біздің бұл дәуірлеу ім із сол ескі сарындағы экономикалық болмыс шеңберімен шектелмек.

Бұл жағдайда қоғамдық экономикалық базиспен біте қайнаса қалыптасып, сол экономикалық тіршіліктің өсуіне өз тарапынан тікелей әсер етіп, күш беріп қозғау салатын қоғамдық-әлеуметтік, рухани- мәдениеттік болмыс біртұтас тарихи тағдыр арнасынан шеттетіліп, экономикалық базистің көлеңкесінде қалып, экономикалық болмыс пен рухани болмыс арасындағы үндестік, сәйкестік тіні бұзылған болар еді.

Сондықтан дәуірлеу мәселесін зерттегенде, оның ішкі құрылымы мен хронологиялық шектерін анықтағанда, қоғамдық өмірдің бар құбылыстары мен қасиеттерін, оған әсер етер оқиғалардың, сонымен бірге жалпы ад амз ат болмысының арқауы тарихи процесс жалғастығын бейнелейтін көріністерді барынша түгел қамтуға ұмтылған орынды.

Тарихи зерттеуде дәуірлеу әдісі мен оның хронологиялық шеңберді анықтау критерилерімен қатар бірін-бірі толықтыратын тарихи салыстырмалық, статистикалық, тағы басқа да әдістер мен принциптердің барлығын және олардың әрқайсысын зерттеу өте маңызды міндеттер атқаратындығын да ескерген абзал [2].

Төртіншіден, ғалымның пайымдауынша, зерттеушінің басты паразы – тарихи шындықты ашып ортаға ұсыну, ал кім нені және қалай қабылдайды, ол әркімнің өз қалауы. Өйткені шындық кімге болса да өзін шартты түрде күшпен, немесе белгілі бір пендешілік мақсаттағы уағызбен мойындатуды қаламайды. Тарихи шындық қандай да келеңсіз әрекеттен таза әрі жоғары. Міне, сондықтан да адам нағыз сын с ағатта тарихқа жүгінеді. Сол себепті тарихшыға да ауқымды тарихи міндет жүктеледі.

Осыған орай, тарихшы қауымының назарына беруді жөн көрген пікірлері мыналар:

  • – маманның (профессионалдық) білім деңгейі жоғары болуы және оны ұдайы толықтырып отыру;
  • – өркениетті мәдениеттілікке ұмтылу және ғылымға адалдық, ар- ождан намыс биіктігі;
  • – ғылыми, теориялық тұжырымдардың қоғамдық болмыспен ара байланысын, тарихи даму процесінің мән-мағыналық табиғатын пайымдау;
  • – өз қалауымен зерттеу проблемасын таңдау, өз идеясын, көзқарасын негіздеу, дамыту және сын сайысында оны қорғай білу, қоғамдық сана шеңберіндегі орнын анықтау;
  • – жалпы ғылыми, рухани-мәдениеттік қазынадағы ұлттық мұраны айыра, бағалай білу, өз ұлтына деген перзенттік парызға адалдық және әлеуметтік жауапкершілікті сезіну, адамгершілік рухына жат көріністен бойын таза ұстау;
  • – ғылымға, ғылыми зерттеу жүйесіне қажетті жағдайларды, мүмкіншіліктер мен сұраныстарды анықтау және оның тиімді шешімдерін қамтамасыз етуде азаматтық жігер мен іскерлік көрсету;
  • – ғылыми зерттеу нәтижелерін Отанның, халықтың, жеке адамның бүгінгі мен болашақ әлеуметтік, рухани сұранысына бағыттау [3].

Бесіншіден, енді егеменді ел, рухани жаңаша түлеу үстіндегі ұлт қалпымызға енгенде, адам тарихына ерекше жауапкершілікпен қарайтын мезгіл туып отыр. Осы жағдай бұдан былай қарай қандай оқиғаны зерттегенде, сол оқиғаның басталуы мен дамуы, ширақ атуы, нәтижес і мен салдары адам тағдырымен біте қайнасқан болмыстық негізінде алынуын талап етеді. Адамзат тарихының адами тұлғасы болуы міндет. Өйткені, адамсыз тарих болмайды, тарихсыз адам жоқ. Демек, тарихи тұлғаларға оның өзінің заманының тарихынан лайықты орын берілуі парыз. Зиялылар қауымымен кездесуінде Елбасы «Ер байлығы» деген ұғымды алдымызға тартып, оның өлшеуші «елдің өзін ел сезінуі, қайраттанып, намыстанып, жігерленіп өмір сүруі, сөйтіп, әлемдік тарих көшінің алғы шебіне ұмтылуы» [3], – деп көрсетті. Ол бізді халқымыздың тарихтағы тағдыр сүреңіне үңілдірді. Ия, ғасырлардан Ер байлығын ұластырған ата- бабамыздан күні бүгінге дейінгі өмір сүріп келе жатқан отандастарымыздың тарихи тұлғасын сомдау – толыққанды ұлттық төл тарихымызды жасаудың басты мүддесі. Осы жағынан пайымдасақ, өткен дәуірлерде өмір сүрген бабаларымыз туралы өз замандастарынан бізге келіп жеткен мұрағият деректердің құндылығы ерекше болар еді. Әттең, мұндай деректердің тапшылығы, өкінішке орай, қол байлап жүргені қынжыларлық-ақ [3].

Әр заманның, оның қоғамының даму заңдылығы, бітімі – пошымы, ерекшелігі бар. Сонымен бірге, ғасырлар бойына керілген тағдыр желісінің жалғасып келе жатқан тізбегі екенімізді ұмытпайық. Әр дәуірдегі қай мемлекеттің басшы тұлғаларының да, ақылгөй даналарының, ел қамын ойлаған азаматтарының, қалың бұқара қарашасының да сол өміршеңберінде, тағдыр желісінде өз орындары барын ескерейік. Олардың әрқайсысы өз деңгейінде өз заманының бір-бір тұлғасы болғаны белгілі. Ол тұлғалардың замана ағымымен өмірден ілгерілеген аға буындар, біздің аруақты да, ардақты ата-бабаларымыздың санаты демеске лажымыз жоқ. Міне, сондықтан да құрмет тұтқан ұғым дәрежесінде Нұрсұлтанымызды Абылайға, Әбішімізді Бұқарға, басқа белгілі қайраткерлерімізді тағы да кімдерге теңесек те, ерсілігі сезілмейді. Бірақ, бұл сырт көр ін іс , үстіртін баға болып қалады. Біз қалаулы ұлдарымызды қадірлегендіктен де, бұрынғы өзіміз ес білгелі ел аузында жүрген асылдарымыздай көріп, ардақ тұтамыз. Әйтпесе, Абылай Абылай да, Нұрсұлтан Нұрсұлтан, Бұқар Бұқар да, Әбіш Әбіш! Әрқайсысы өз заманының арыстандары [3].

Алтыншыдан, жалпы дұрысы – ұлыларды бір-бірімен салыстыра қарауға әуестенбеу. Өйткені, ұлылар бір-бірінің айнытпай құя с алған мүсіні емес. Ойымызды нықтап қайталап жатқанымыз, олардың ұлылығы да сол өзіндік жеке дара қасиетінде, қайталанбайтын дарындылығында, ар- ожданында, еңбегінде, өзіне ғана тән болмысында.

Абылай хан, ия, үш жүздің басын жиып, қазақтың тәуелсіз мемлекеттігін нығайту үшін, халқын шығыстағы айд аһар , батыстағы аю көршілерінің озбырлығынан, қорқау қасқырдай түн жамылып, қазақ даласына жөңкілген жоңғарлардың шабуылынан қорғау үшін арпалыста өмір кешкен ұлы бабамыз. Өз заманының асқан тұлғасы . Рухы заманмен жасап келеді. Қашанда еліміздің бас бостандығы, халқының азаттығы сөз болғанда, оның аруағы асқақтай түседі. Қазақтың осындай аяулы перзенттері көп болды ма, аз болды ма? Біздіңше, әңгіме оның көп, аздығында тұрған жоқ, мәселе рухтың күштілігінде жатыр [3].

Жетіншіден, тарихымызды жазғанда, Қазақ елі дейтін тарихи алқаптың, тарихи кеңістіктің іші мен төңірегінде өткен оқиғалар, құбылыстар, адамдар тұтастай, бірі мен бірі тығыз байланыста, тарихи кең көлемде бейнеленуі керек-ақ. Оны бір жақты жазып шығу – халық зердесіне қиянат.

Сегізіншіден, тарих – ғылым. Демек, ғылымда барлық нәрсе айқын болуға тиіс. Ел- жұртыңды қаншалықты жақсы көріп, бүйрегіңді ол бұрып тұрса да, шыңдықтан ауытқи алмайсың. Ешкімге күдік туғызбайтын, досың мен қасың бірдей тұшынатын күмәнсіз тарихың болуы керек. Ондағы оқиғалар өмірдің өзі қаластырып қойып кеткен сөрелерде ғылыми негізде сұрыпталып тұруы керек. Сенің еліңнің, халқыңның шежірелі сырлары бүкіл әлем тарихының құрамдас бөлшегі ғана. Соның ішінде сен де сыйып тұруың ләзім. Оған жанамаламайтын, көктен түскен тарих кімге керек? Сені өркениетті елдер мойындамаса, арамтер болғаның. Ол да ештеңе емес-ау, мойындалмаған тарих арамзадан жаман. Сондықтан да Президентіміз «алыс-жақындағы елдердің бізді танығаны, сыйлағаны, мойындағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы – тағылымды тарихың, озық ғылымың, өрелі мәдениетің» десе, әбден біліп айтқаны.

Міне, дәл осы жаңаша өрлеу барысымызда халқымыздың ұлы ұстазы, рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының тарихи тағлым арасына бойлауымыз, оның тарихи парасаттылық үлгісін ұстануымыз жөн-ақ. Даналар әрқашан да тарихтан тағылым алған-ды, өз халқының шынайы болмысын ұлттық төл тарихы, мәдениеті аясынан айқындаған-ды. Ақаң үшін халқының ұлттық болмысы мен өз басының жеке тіршілігі арасында ешбір жік болмаған. Өйткені, бұл екеуі біте қайнасқан біртұтас тағдыр еді. Міне, сол себепті Ақаң ұлт тарихының қандай да болмасын өзекті де, немесе нақтыланған жеке мәселелерін де бейтарап зерттеуші тұрғысынан ғана емес, тура өз өмірімен, адами бар болмысымен жазған-ды. Шындық сол – бүгінгі біз үшін де, болашақ ұрпақтар үшін де Ақаң мұрасы ұлттық төл тарихымыздың теориялық та, методологиялық та, тарихтық- тарихнамалық та, түпнұсқа деректік те баға жетпес мол қоры [4].

З.Алдамжар зерттеулерінің тарихи-методологиялық әлемі туралы әріптестерінің бірі профессор Н. Абдоллаев «3ұлқарнай Алдамжар және қазіргі заманғы тарих әдіснамасы» атты зерттеуінде: «Ғалымның еңбектерінде тарих әдіснамасының проблемаларын талдап сараптаудағы оның тек өзіне тән ерекшеліктері болғаны аян. Әсіресе, тарих әдіснамасын автордың көп буынды процесс деп бағалаған жөн деген тұжырымы зерттеушілер алдына кең жол ашады. З. Алдамжар әдіснама проблемаларын нақтылы тарихи оқиға немесе объектпен қатар жалпы тарих мәселелерімен ұштастырып талдауды қолдаған. Бұл тұрғыда автор отандық және шетелдік тарихнама аясындағы әдіснаманың жаңа бағыттарын ұштастырып талдауды жөн деп тарих әдіснамасы аясындағы проблемаларда әлемдік тарихнамалық процестің дамуы жағдайын ескеру мәселесін де қалдырмаған. Ғалым еңбектерінде анық баяндалған тағы бір маңызды жәйтті атамауға болмайды. З.Алдамжар тарих әдіснамасын зерттеуде тұрақты шығармашылық ізденіс, жаңа авторлық идеялар мен концепцияларды табу ғылымды дамытудағы динамикалық үрдістің негізгі шарты деген тұжырымды ұстанған. Ал оның пікірінше, жаңа әдістеме аясындағы жаңалықтар сипаты шектеулі, неге десеңіз, ғылымның жетілуі барасында әдістер міндетті түрде өзгеріске ұшырайды. Оның еңбектерінде тарих әдіснамасы аясындағы ой-түйіндер нақтылы қағидаларға сүйеніп болашақта бұл ғылымды дамытудың негізіне айналады, казіргі замандағы тарих әдіснамасының тенденцияларын болжауға, тарих ғылымының кейбір ағымдарын оқып үйренуге мұрындық болады деп тұжырымдауға болады [1, 22 б.]. Әдіснама пәні оқытушы мен студент ынтымақтастығына негізделген шығармашылық сала. Нақтылы доктринальді білім алуымен қатар, бұл курсты казіргі заманғы кең көлемдегі әлеуметтік мәдениетті құрайтын тарих бейнесін қалыптастыруға араласып шұғыл өзгерістерге толы әлемде адамға тірек болады. Сондықтан, ғылым әдіснамасы және ол туралы 3. Алдамжардың оның маңызы туралы пайымдаулары іздемпаз мамандардың ой-өрісіндегі бірінші сатыда болғаны жөн [1, 27 б.] деген болатын. Ал профессор Х. Әбжанов З. Алдамжар зертеулерінің тарихи- методологиялық әлемі хақында: «Методологияның анықтамасын беруқаншалықты жауапты міндет болса, оны зерттеу жұмысында орынды қолдана білу де оңай шаруа емес. Қожаберген, Исатай, Махамбет. Сегіз сері, А.Байтұрсынов, мемлекеттік тіл, университетік білім жайлы

З.Алдамжар қаламынан туған зерттеулерде ғалымның өзі ұсынған методологияға адалдығын байқай аламыз. Осы орайда зерттеушіге қойылатын талаптарды бекер жіктемегеніне көз жеткіземіз[1, 17-18 б.] дейді.

Қорыта келе ойымызды белгілі тарихшы Х. Әбжановтың: «З.Алдамжар зерттеулерінің тарихи-методологиялық әлемі арнайы зерделеуді талап ететін күрделі һәм жауапты тақырып» [1, 19 б.], деген сөзімен түйіндеуді жөн көрдік.

 

Әдебиет

  1. Алдамжар З.А. Тарих: Пайым мен тағылым. – Алматы, 2002 ; Алдамжар 3. История: размышления и суждения. – Санкт-Петербург, 2006. ; Зұлқарнай Алдамжар – ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері. Бас редактор. Исенов Ө.И. Зұлқарнай Алдамжарұлының туғанына 75 жылдығына арналған жинақ. – Қостанай 2012. – 316 б.; Әбжанов Х.М. Профессор З. Алдамжар зертеулерінің тарихи-методологиялық әлемі. //«Отан тарихының келелі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдар жинағы. Т.ғ. д., профессор Зұлқарнай Алдамжарға арналады. 28-29 ақпан 2008. / Құрас.: Ш.Н.Нағимов, А.В. Блохин, Ғ.А.Шотанова. – Атырау :Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университінің Жаңа ақпараттық техниалогиялар орталығы, 2008. – 260 б. – (С. 17-19).; Абдоллаев Н. А. А.З. Алдамжар және қазіргі заманғы тарих әдіснамасы //«Отан тарихының келелі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдар жинағы. Т.ғ. д., профессор Зұлқарнай Алдамжарға арналады. 28-29 ақпан 2008. / Құрас.: Ш.Н.Нағимов, А.В. Блохин, Ғ.А.Шотанова. – Атырау :Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университінің Жаңа ақпараттық техниалогиялар орталығы, 2008. – (22-27 бб.).; Исенов Ө.И., Дулатов Б.К. Тернистый путь ученного (о докторской диссертации З. Алдамжарова). // Отан тарихы ғылыми журнал. – 2012, №3 (59). – С. 7883.; Исенов Ө. И. Дулатов Б. К. Докторская диссертация академика З. Алдамжара. // Вестник Атырауского государственнонго университета имени Х. Досмухамедова Атырау, 2012. Хабаршы №3 (26) – 2012. – (С. 100-108).
  2. Зұлқарнай Алдамжар. Тарихымызды білімдарлықпен қалыптастыру (келешек үшін қажет). // Егемен Қазақстан. – 9 шілде, 1998 жыл.
  3. Зұлқарнай Алдамжар. Ер байлығы – ескірмейтін ұғым оның төл тарихымызды жазудың кейбір мәселелеріне қатысы төңірегінде толғансақ. // Қазақ әдебиеті. 1998 жыл, 2 қазан.
  4. Зұлқарнай Алдамжар., Байтұрсын Ілияс, Адамсыз тарих болмайды (төл тарихымызды жазудың кейбір мәселелері). // Қостанай таңы, 4 желтоқсан, 1998 жыл.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.