Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Туған жер атаулары: ақиқат пен аңыз

Атамекен – адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері ғой. Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасына балайды. Туған жерге сүйіспеншілік – адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі. Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, туған жер де адам баласына солай ыстық.

«Біздің қазақ – жер аты, тау атын сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер, су, жапан дүзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», – деп М.Әуезов атамыз айтқандай, біз өмірге келгелі көп затқа қызығушылық танытамыз. Бесқоспа мен Бестамақ деп аталатын екі ауылдың арасында «Қасымтал» тоғайы бар. Соның қасында Есет батыр Көкіұлының кесенесі салынған. Әуелі ауылымның Бесқоспа деп аталуының тарихын білгіміз келіп, үлкендерден сұрап, әдебиетке үңілдік.

Бүгінде Бесқоспа деп аталатын бес өзеннің қосылған тұсындағы ауылда бар-жоғы 60 шақты үй бар. Іргетасы жаңа қалана бастаған сонау 50-ші жыдары бұл ауылға «миллионер» атағы берілген. Ол кездегі аты «Қазақстанның 20 жылдығы» деп аталған. Кешегі кеңес дәуірі кезінде бұл ауылға одақтың түкпір-түкпірінен еңбекке әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған мыңдаған адам ағылды. «Тың» және тыңайған жерлерді игеру саясаты ықпалымен қоныс аударушылар мұндағы шаруашылықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты. Сол кезде Бесқаспада перзентхана үйі 203

салыып көптеген байырғы ауыл тұрғындары сол перзентханада дүниеге келген. 1954 жылы бұл өлкеге Коммунистік партияның бірінші хатшысы Никита Хрущевтің табаны тигенін ауылдың ақсақалдары аңыз қылып айтады. Аз уақытқа аялдаған одақ басшысының, ең алдымен, Бесқоспаның тамылжыған табиғатына таңдай қағып, бас шайқағанына куә болғандар қатары бүгінде саусақпен санарлық.

Қазақ поэзиясына ширек ғасыр ғана еңбек сіңірген арқалы ақын, алғыр журналист, зиялы азамат Ізтай Тілеуліұлы Мәмбетов 1929 жылы Алға ауданының Бесқоспа елді мекенінде дүниеге келген. Ауылға біртабан жақын өсіп, барлық құбылыстарды сезіммен қабылдап, оны өз шығармаларына арқау еткен. Аз ғана ғұмырында жүрек тебірентер жыр жолдарын түйдектетіп, қағаз бетіне түсірген ақынның артында қалған мұралары ауыз толтырып айтатындай – ақ. Елім деп еміреніп, халқым деп қабырғасы қайыса қалам тербеген ақын ағамыздың ауылына арнаған өлеңдері көп. Соның бірі «Бесқоспа» деп аталады.

Бес өзен келіп тоғысқан,

Бесқоспа деген жер осы.

Сылдырап аққан сулары,

Сыр ұрлап келіп жатқаны.

Сықықтаған құстың шулары,

Сәскеде тыныш таппады. – [1] деп айтылған бес өзен Табантал, Тамды, Есет, Батпақты өзендері келіп Елек өзеніне құяды. Бес өзеннің қосылған жеріндегі ауылдың «Бесқоспа» деп аталуының тарихын ақын атамыз жырмен жазған.

Табантал – Алға, Хромтау ауданы жерлеріндегі өзен. Жайық алабында. Ұзындығы 56 км. Табантал өзені Табантал (Бесқоспа) елді мекені шығысындағы қыраттан басталып, Бестамақ ауылы тұсындағы Елекке құяды. Өзеннің табаны тал болғандықтан солай аталды деген жорамал бар. Арнасы тік жарлы, жайылмасы жайпақ (500 м). Қар суымен толығады. Басты саласы – Тамды. Негізінен мал, бау-бақша суаруға пайдаланылады [2]. І.Мәмбетов «Табанталға»:

Жоқ сенің қора-қора қойтастарың,

Жаныма сонда да ыстық ой тастадың.

Теп-тегіс жазығыңда желмен ойнап,

Мен еркін, еркелікпен ойқастадым.

Ыстықсың маған шексіз Табанталым,

Барынша сүйем сұлу дала таңын.

Сүйемін сылдыраған, күміс суым, Тербеліп тұрған қызыл жағаң, талың.

Жадымда жүрсің Табантал, Жасырын ағып жымысқан.

Жайқалып өскен жағаң тал, Жанымнан алған жыр ұшқан.

Көркіңді көрдім, көп түйдім,

Өн бойың өмір, жағаң тал. [1] – деген жолдары өзеннің Табантал атын өлеңмен айшықтап жеткізіп тұр.

Өлеңге сөнбес өрт құйдың,

Қыз толқын өзен, Табантал – деп өзінің бізге қалдырған рухани қазынасында атап көрсетеді.

Табантал Елек өзенінің саласы болып есептеледі. Елек – Жайық алабындағы өзен. Ресейдің Орынбор облысы жерімен және Қазақстанның Ақтөбе, Алға, Мәртөк аудандары, Батыс Қазақстан облыстарымен ағып өтеді. Ұзындығы 623 км. Арнасы бастауында енсіз (20-30 м), тік жарлы, орта тұсында (Ақтөбе қаласының тұсында) 150-170 метрге жетеді. Онда тоғай, шалғын өседі. Електің 75 саласы бар. Өзенде жайын, көксерке, ақмарқа, табан, сазан, алабұға, тыран, аққайран, бекіре, қарабалық бар.

Осы Елек өзенінің сол жағалауында Алғаның солтүстігінде Бестамақ ауылы орналасқан. Бес (сан есім) және тамақ (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Түркі тілінде «тамақ» сөзінің топонимдік мәні «өзен сағасы, сай аңғары» деген ұғымды білдіреді. Бестамақ топонимінің мағынасы кішігірім бес сай, бес аңғар дегенді білдіріп тұр [3].

Бестамақ Орынбор-Ташкент тас жолының бойында аудан орталығынан 13 км, Ақтөбеден 23 км жерде орналасқан ауыл. Іргетасы 1905 жылы қаланған. Елді мекендері № 41, 42 ,43 теміржол бекеттері, Лагерь (Қасымтал). Өзендері Елек, Есет, Батпақты, Табантал, Тамды [4].

Ауылда типтік жобада салынған техникалық жөндеу шеберханасы, құс өсіру, бағу, өнімін дайындау кешені, орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, балабақша бар. Телехабар қабылдайды, телефон желісі жүргізілген. Осы өңірде Бақтыбай және Данабек мешіттері болған. Тама Есет батыр Көкұлы кесенесі бар. Жаңа экономикалық реформаға байланысты «Мұнай – құю» эстакадасы құрылды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары пайда болды.

«Бестамақ туралы да аңыз бар. Ертеректе Таманың бес үйі тұрыпты. Көпшілік жиналған жерде бес тама келген уақытта: «Бес тама, келдіңдер ме, жоғарылаңдар» – деп айтады екен. Содан бес үйлі кішкентай ауыл үлкен ауылға айналыпты» – дейді. Бүгінде 87 жастағы Бестамақ ауылының байырғы тұрғыны Аманов Сыди атай.

Ал енді, Алға ауданы, Бесқоспа ауылының тумасы бүгінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Исенов Өтеген Ихсанұлына жолығып, зерттеу тақырыбымызға байланысты туған жері Бесқоспа, Бестамақ, елді мекенінің топонимикалық атауларының тарихы туралы не білесіз, – деп сұраған болатынбыз? Ол өзінің Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатының «Орынбор шекара комиссиясы» атауымен аталатын 1844 жылы 7-ші шілдеде жазылып, тіркеуге алынған тарихи құжаттардың № 4 қорынан Бестамақ атауының топонимдік тарихына қатысты жазбаша деректі кездестіргенін айтты. Ғалымның айтуынша: «Бестамақ, Орқаш жерлері патша үкіметін қызықтырған осы аталған жерлерді өздерінің географиялық аяси тірек пункттеріне айналдыруды көздеген. Патша үкіметінің арнайы тапсырысы бойынша саяхатқа шыққан экспедициялық комиссияның жазбаша есептерінің қорытындылары мұрағат қорларында сақталған. Онда: «Урочище Бишь-тамак-пять-устьев тамак собственно г о р л о ! Оно покрыто превосходными лугами... » деп жазылған. Одан әрі Бестамақ жері шабындық тоғай кейбір жерлері жыртып, өңдеуге келетіні туралы айтылады. Бестамақ жері табиғи межесімен елді мекеннің географиялық орналасуы қызықтыратындары туралы жазылған.

Сонымен қатар деректе: «Белағаш (деректе – Бель-агач. – Ө.И.) және Қарғалы (деректе – Каргалы. – Ө.И.) Қарғалы жапырақты орман, тоғай болғанымен құрылысқа жарамды. Суы өте жақсы. Бұл жерлерге, оңтүстіктен - Табындар, оңтүстік – батысынан – Назарлар, шығысынан – Тілеуқабақтар, оңтүстік-шығысынан – Төртқаралар және кейбір Алшындар. Солтүстік және солтүстік-батысынан – Жағалыбайлылар және тағы басқа рулар жағалай көшіп-қонады. Осы арадан Орынборға қарай Бұхар сауда керуендері өтеді. Бұл жерде сауда қайнайды, Орскі жақын. Бір жетіспейтіні бұл жақындық жағдайы географиялық межені Орынбор линиясынан Бестамаққа дейін 250 шақырымдық қашықтық алып жатыр, бірақ линиядан тікелей есептегенде Орскінің шетінен немесе Губерлин станциясынан 100-150 шақырымнан аспайды», – делінген.

Екінші Орқаш (деректе орыс тілінде Уркач деп жазылған – Ө.И.) Орынбордан 350 шақырым, жері малға қолайлы, екінші топырағының құнарлығы, үшінші суы, төртіншісі құрылысқа қолайлы жер болса, бесінші саудаға көп рулардың қатысуымен маңыздылығы айтылған деректермен таныстырды.

Өтеген Ихсанұлы: «Қорыта айтқанда Бесқоспа, Бестамақ атаулары бес өзеннің атырабына орналасуына байланысты аталған бұл пікірімізді қолымызда бар мұрағат жазбалары қуаттайды», деген тұжырым жасады.

Бестамақтан Бесқоспаға барар жерде тарих пен шежіре тұнған – Қасымтал деген жер бар. Есет ата Көкіұлының кесенесінің оң жағында, жолдың арғы бетінде «Қасымтал» деген тоғайлы жер бар. Қасынан өткен сайын көк тіреген теректеріне, жайқалған жасыл желектеріне, мамықтай жұмсақ жасыл құрақтарына сүйсінесің. Бұл жердің тарихына үңілсек, көне көз қариялар төмендегі аңызды сүйсіне жырлайды. Баяғыда руы табын, Қасым деген бай болыпты. Ол осы жердің табиғатына қызығып, бөгет салдырыпты. Бөгет суын пайдаланып суармалы шөп, шабындық, бау- бақша егіпті. Орынбор бойынан түйемен жас теректер әкеліп отырғызыпты.

Өтеген Ихсанұлынан Қасымтал тоғайы тарихына қатысты сұраған болатынбыз. Қасым деген байдың тоғайға бөгет салғандағы бала кезінде әкесі Ихсан Исаұлы (1913-1979) айтқан қызықты тарихын айтып берді. Кезінде Қасым бай бүгіндегі Есет өзенінің саласына салғызған бөгетті су бұзып кете беріпті, суды тоқтата алмаған Қасым бай:

– Суды бөгеу туралы балалар не айтып жатыр сұраңдаршы деп, ойын балаларыны адам жіберіпті. Сонда балалар киіз салып бөгеу керектігі туралы ойларын айтқан. Текеметті суға салып ортасына құм тастап қайыра жауып, оның үстіне екінші текеметті төсеп ортасына құм төгіп қайыра жауып бөгеген екен дейді. Бөгет салуға көп киіз текеметтің кететіні туралы айтқанда, Қасым бай қойдың бір жылдық күзем жүні ғой деген екен. Осыған қарап Қасым байдың малды дәулетті үлкен байлардың бірі болғананын және халық игілігі үшін байлығын аямаған жан болғанын білуге болады. Осы күнгі Қасым талының бөгеті балалардың айтқан тәсілімен бөгелгені туралы тарихы бүгінде бізге жетіп отыр. Қасым байдың табын руынан шыққан бай екендігінен басқа мәліметтер жоқ. Қасым байдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметінің тарихы зерттеуге алынса, туған жер тарихының белгісіз парақтары ашыла түсер еді.

Қазіргі көкті тіреп жайқалып тұрған тоғайлы жерге Кеңес заманында Поповичтің атындағы пионерлер демалатын жазғы лагері болған еді, ал қазір Алға балалар үйінің «Ақбөбек» ғажайып лагері орналасты. «Ақбөбек» лагері бүкіл жаз бойы балаларды демалуға қабылдайды. Балалар айналасын орман қоршаған, қасынан Елек өзені өтетін, керемет және жайлы жерде жаздай демалады. Кезінде Орынбор бойынан түйемен әкелінген теректердің осы уақытқа дейін халықты желдің өтінен қорғап, күннің ыссылығынан сақтап көлеңке болып тұрғанына қайран қаласын.

Қорыта келе біздің айтпағымыз, бірінішіден, адам баласы ерте кезден өзінің туған жерін қастерлеген. Әр оқушы өзінің туған жерінің тарихын біліп, оны ардақ тұтып өссе, елін, жерін құрметтейтін, жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын қорғайтын елжанды азамат болып шығады;

Екіншіден, жергілікті жер-су атауларының тарихына қатысты зерттеулерді пайдалана отырып, оқушылардың туған жер тарихына қызығушылықтарын ояту. Сонымен бірге мектеп оқушыларының теориялық білімін жетілдіру мақсатында оқулыққа қосымша «Өлкетану», «Өлке тарихы» атты таңдау бағдарламасын жасауға болады;

Үшінішіден, «Әркімнің туған жері-мысыр шаһары» деп халық даналары айтқандай, әркім өз туған жерінің тарихын білсе және ауылын көркейтуге ат салысса, нұр үстіне нұр болар еді. Туған жеріміз жаңа үлгідегі ауылдар қатарына жатқанменен, оның қазіргі таңда шешілмеген мәселелері де жетерлік. Соның бірі – ауыл көшелеріне тас жолдар (асфальт) төселінсе, мәдениет үйі жеке кәсіпкердің меншігіне өткелі қара құлып салынып бос тұрған. Бұрын ауылымыздың көркі және мәденит ошағы болған бұрынғы мәдениет үйі халық игілігіне айналса, Бесқоспа, Бестамақ ауылдарына жаңа балабақша мен мектеп салынса;

Төртіншіден, Бесқоспадан Бестамаққа дейін дұрыс жол салынса, Бесқоспа ауылының іргесіндегі өзенге көпір салынса, Бесқоспаға көгілдір отын (газ) қосылса ауыл тұрғындары қыстың сар шұнақ аязында от жағып күл шығару сияқты тұрмыстық бинеттен арылып, өркениетті елдердегідей өз елімізден шығатын жер асты байлығымыз көгілдір отынды пайдаланса, Бесқоспа ауылының тұрғындары етіксіз жүрген етікшінің күйін кешпесе нұр үстіне нұр болар еді. Ауылымыздағы тас жолдың бойында, Есет ата кесенесі салынған жерде арнайы ашылған ақшалай қаражат түсетін қорбар. Сол қордан ақша бөлініп және ауылдан ұшқан түлектер, өз еліңе, өз туған жеріне жаны ашитын азаматтар бірігіп, жоғарыда айтылған ұсыныстарымызды жүзеге асыруға ауылды көркейтуге ат салысса, туған жеріміздің заман талабына сай гүлдене берері сөзсіз. Ғасыр ақыны М.Мақатаевтың «Оралыңдар» деген өлең жолдарында:

Ауылда өскен бауырларым, қайдасыңдар сендер

Туған жердің топырағы, шақырады белдер.

Сендерді ойлап күрсінеді, күрсінеді таулар, Бұйығады бұлақтар да. шайқалады көлдер. Шабындықта бөденелер, шегірткелер ән can, Жасыл тоғай жабығуда өздеріңді аңсап. Оралындар, оралыңдар, оралыңдар елге Біздер үшін неге керек атақ, даңқ, мансап! Шақырады шабындықтар, бұйра шашты талдар, Жолдарыңа көз тігуде кемпірлер мен шалдар! Туған жердің аспаны да азан салып жоқтап, Жұлдыздардың көздерінен отты жасы парлар.

Сендерді аңсап жатыр, әне, жайлау менен қырман

Сендерді аңсап, ән салады, тау самалы қырдан.

Ата-баба зираттары оралыңдар деп тұр,

Туған өлке әр шетінде қорған болып тұрған.

Азаматтар, оралыңдар, оралыңдар елге,

Туған жерсіз бақыт та жоқ, бола қалса сенбе!

Қалай ғана оралмассың, бара алмассың, сендер,

Кіндік қаның тамып қалған қасиетті жерге! – деген ақының өлеңдері ауылға шақырады. Ауылды көркейтсек, мемлекетімізде көркейіп, халқымыздың әл-әуқатының артатынын ақын ағамыз дөп басып, өлең жолдарымен өрнектеп өсиет қылып айтып кеткен болатын. Ақын атамыздың ауылға оралыңдар, – деп, айтқан өсиетінің дұрыстығы ХХІ ғасырда да өзінің мәнін жойған жоқ. Өйткені ауыл ел экономикасының дамуының мәңгі мәйегі, уызы екендігін бүгінгі нарық заманы дәлелдеп отыр. Адам баласы ертеде мұнайсыз өмір, сүрген күнін көрген. Ал бүгінде ауылшаруашылығы беретін сүт, астық, ет, өнімдерісіз өмір сүру мүмкін емес деп ойлаймыз.

 

Әдебиет

  1. І. Мәмбетов. Шығамалары. Т.10 том. – Ақтөбе: «Шамшырақ» – Ақтөбе ЖШС. 2011. – 312 б.
  2. Т.Жанұзақ. Жер, су атаулары. – Алматы. Өнер. 2011. – 496 б.; Т. Жанұзақ. Тарихи жер-су атауларының түп төркіні. «Сөздік – словарь». – Алматы, 2010. – 433 б.
  3. Ақтөбе облысының топонимикалық кеңістігі. Атаулардың пайда болу тарихы. – Ақтөбе. 2001. – 228 б.
  4. Ақтөбе: Энциклопедия – Ақтөбе. М.Қ. Тажибаев – бас редактор. «Отандастар - Полиграфия» ЖШС 2001. – 748 б.
  5. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Кітап авторы/ құрастырушысы – Ғ. Әнес. – Алматы: «Арыс» баспасы.– 2010 – 580 б.
  6. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.Т.2, – Алматы, Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы. 1999. – 720 б.
  7. Жеріңнің аты – Еліңнің хаты. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруана LTD» ЖШС. – 2006. – 808 б.
  8. Р.Ілиясова. Қазына. – Алматы: Зерде. – 2001. – 312 б.
  9. Д. Жүнісов. Өзен-көл атаулары. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 128б

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.