Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары, қарстырылған, жастар, әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың үлесі белгіленген.
Мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты - толық, өзара өнімді және еркіндік жұмыспен қамтылу болып табылады. Мемлекет масштабындағы белгілер:
- жұмысты қамтудағы жұмыс орнын жаңа қызметпен қамту және сақтап қалуындағы халықтың сұранысын толық қанағаттандырудағы жағдайлар жасау;
- жұмыс күшінің сала, мамандығы бойынша еркін аударылуы және саласы мен мамандығы бойынша динамикалық жетілу құрылымындағы өзгерістерді қамтамасыз ету;
- жұмысшыларға еңбекақы деңгейін жоғарлату;
- жұмыс күшінің сандық міңезделуінде адамдар санын нарықтық жұмыстағы шарттарды және жұмысшылар активінің экономикалық құрылымын қалыптастыру;
- жұмысшылардың профессионалды білімін жетілдірудегі бәсекелестікке қабілеттілігін және ұйымдық білімін жоғарлату;
- жұмысты іздеуді минималдау және жұмыссыздықты кішірейту;
- бәсекелестікке қабілеті жоқ еңбек нарығындағы халықтарды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету;
- аймақтық жақындықты әлеуметтік-экономикалық шартпен, жұмыспен қамтамасыз ету;
- ұлттық еңбек нарығындағы қызығушылығын қорғау (шетел жұмыс күшінің көңілін аудару) және қазақстандық азаматтардың шетелдің еңбек нарығындағы жұмыс шарттарын қорғау.
Жергілікті еңбек нарығына келетін болсақ кез келген облыс, аудан, қала болсын өздерінің халықты жұмыспен қамтылу шараларымен айналысып, өзара шаруашылық субектісі болып бекітіледі. Бұл жағдайлар демографиялық жағдайлардан, өндірістік күштің дамуына, салалық құрылымына, өндірістік-тұрмыстық инфрақұрылым, табиғи шараларға байланысты [3].
Салалық еңбек нарығы белгілі салалық мамандығының сұраныс пен ұсыныстағы жұмыс күшінің жиынтығын сипаттайды, ал профессионалды еңбек нарығы нақты мамандық бойынша анықталады.
Жұмыспен қамту шаралары территориялық еңбек нарығында салалық және профессионалды нарықта қалыптасқан жалпы іс шараларын белгілеу қажет. Еңбек нарығының ең негізгі шаралары сұраныс пен ұсынысты ұжым ішінде жүзеге асыру. Ішкі еңбек нарығы кәсіпорын қызметкерлері мен жалдамалы жұмыскерлер арасында нарық жағдайын қалыптастырады. Мұнда жұмыскерлердің өздерінің қажеттілігі мен пайдалылығын өз дәрежелерін қалыптастырып, ұсыныс пен сұраныс арақатынасын реттеуден тұрады.
Еңбек нарығындағы субъектілердің қарама-қатынастары жалпы экономикалық заңнамаға бағынуы, соның ішінде сұраныс пен ұсыныс заңына бағыну болып табылады. Еңбекке деген сұраныс өндірістегі дайын тауар мен қызмет, өйткені олар сол еңбек түрінен өндірілгенің ескеруіміз керек. өндірістік еңбекке деген сұраныстың міңезделуі еңбекке деген сұраныстың нақтылығында. Олар:
- тауар өндірісіндегі өндірістік еңбек;
- нарықтық баға немесе тауардың бағасы, сол тауардың өндірістік көмегі.
Басқаша айтқанда еңбек өндірістік тауардың жоғары өнімділігінде болып табылады, өйткені ол жұртшылықпен жоғары бағаланып, үлкен сұранысқа ие болады.
Соңғы жылдары еңбек биржасы еңбек нарығын реттеудің маңызды инструменті болып, жұмыспен қамту саясатын жасап, әрі өмірге ендірді. Мұндай биржалардың бүгінгі кездегі негізгі қызметтері мынау болып табылады:
- еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты зерттеу білу;
- жұмыссыздар санын еспке алу, бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы келетін адамдарға ақпарат беру;
- жұмыс іздеген мамандарды оқытуды ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу;
- жастар арасында кәсіби бағдар жұмысны жүргізу;
- адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде делдалдық іс атқару;
- жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу.
Экономикасы дамыған елдер кәсіпорындар мен компанияларында жұмыс күшін жалдау екі жағдайды ескере отырып жүргізіледі:
- біріншіден, фирманың ағындағы тұтыныстарын, оның қосымша даму стратегиясын және фирманың өз ішінде кадрларды дайындау мүмкіндіктерін ескеру керек;
- екіншіден, жұмыс күшінің ұлттық нарығының жағдайын ескеру керек.
Жұмыс күшін жалдау кезінде төмендегідей тәсілдер қолданылады:
- жоғарғы және орта оқу орындарынан мамандарды тарту;
- жұмыспен қамту орталығы арқылы кадрларды жалдау; жарнамалық хабарлау мен жаппай ақпараттық құралдар көмегімен кадрларды тарту;
- орналасатындарды конкурстық негізде мұқият тандау, сондықтан бір жұмыс орнына бірнеше орналасатындарды тарта білу.
Талдау әс-әрекеті мұқият талқыланып, онда әртүрлі тестілерді қолдану ескеріледі. Тестілер жұмыс орнына таласатын іздемпаздың лауазымды қызметіне байланысты әртүрлі болып құрылады. Тесті жалпы интеллектуалды деңгейі тексеруге, кейде әртүрлі дайындық деңгейін байқататын, жалпы және өндірістік сипатты көрсететін сауалдарға, оның ішінде талапкердің тандап алған мамандығы бойынша сұрақтарға негізделіп жасалады.
Жұмыспен қамту Стратегиясын іске асыру бойынша бүгінгі күні барлық ұйымдық және қаржы мәселелері толық шешілді, қажетті нормативтік- құқықтық база жасалды. Жұмыспен қамту стратегиясы шеңберінде, стратегияның барлық инвестициялық бағыттары бойынша іске асырылатын 163 млрд. теңге (республикалық бюджеттен - 112 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерден 51 млрд. теңге) сомасындағы 4 700 жобадаң астамы тізбесі айқындалды, солардың есебінен 254 мың жұмыс орны құрылатын болады.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарындағы жөндеу жұмыстары» бағыты бойынша 795 жобаны іске асыруға 58,4 млрд. теңге бағытталады (80 мың жұмыс орны құрылатын болады), мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу және жылыту жұмыстары» бағыты бойынша 2295 жобаны іске асыруға барлығы 49,0 млрд. теңге бағытталады (99 мың жұмыс орны құрылатын болады), жол жөндеу жұмыстары бойынша 942 жобаны іске асыруға 49,9 млрд. теңге сомасында бағытталады (55 мың жұмыс орны құрылатын болады), қаланың (ауылдың) әлеуметтік-мәдени нысандарын жөндеу жұмыстары» бағыты бойынша қаржыландыру көлемі 6 млрд. теңгені құрайтын 788 жобаны іске асыру кезінде 20 мың жұмыс орны құрылатын болады.
Жұмыспен қамту стратегиясының инвестициялық бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттері бюджеттік бағдарламалардың республикалық әкімшілері бойынша айқындалды.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап барлық өңірлерде Жұмыспен қамту стратегиясы шеңберінде жұмыс жүргізуге арналған конкурстарды жариялау басталды. Жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру шеңберінде 4,8 мың жоба көзделіп отыр. Оның ішінде көлемі 4 мың АЕК асатын 3,4 мың жоба бойынша ерекше тәртіп қолданылатын ашық конкурстар жарияланады. Қалған 1,4 мың жоба бойынша сатып алулар баға ұсыныстары тәсілімен жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу өткізу туралы 2 592 хабарландыру жарияланды, олар 2 788 жобаны қамтиды, бұл жұмыспен қамту стратегиясы бойынша инвестициялық жобалардың жалпы санының 58 % құрайды. Келесі кезеңде жергілікті қоса қаржыландыруды ескере отырып, біз бюджетқаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын және түпкілікті мақсатты – жүмыссыздықтың өсуіне жол бермеуді қамтамасыз етуіміз қажет.
Белгіленген жоспардың нәтижелі іске асуына жүмыспен қамту органдарының қызметін кеңейту және олар көрсететін қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады. Қазіргі уақытта бүл жүмыс белсенді жүргізілуде.
Бюджеттік бағдарламалардың республикалық әкімшілері мен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әкімдерінің арасында Жүмыспен қамту стратегиясының жобаларын іске асыру жөніндегі тиісті келісімдерге қол қойылды.
Іс-шараларды қаржымен уақытында қамтамасыз ету мақсатында, Жүмыспен қамту стратегиясының тиісті бағыты бойынша лимиттің жалпы сомасының 30 %-ы мөлшерінде республикалық бюджеттен алдын ала қаржыландыру көзделді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әйелдердің қүқығын қорғау бойынша да белсенді жүмыс істейді. Әзірленген және қазіргі кезде ҚР Парламентінде талқыланып жатқан ҚР Еңбек кодексінде ауыр (аса ауыр) жүмыстарда, еңбек ету жағдайы зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті (аса қауіпті) жүмыстарда әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салатын нормалар көзделген. Қазіргі таңда жалданып жүмыс істейтін әйелдерге туылған балалардың жалпы санының үштен біріндейі тура келетінін ескере отырып, Кодекстің ерекше ережелері жүкті әйелдер мен бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдердің қүқықтарын қорғайды. Әйелдердің орташа жалақысының деңгейін көтеру және оның еркектердің орташа жалақысына қарағанда қалып келе жатқанын түзеу мемлекет саясатының маңызды бағытының бірі болып табылады. [5]
Жастар тәжірибесіне жүмысқа орналастыру - бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін-жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ретінде анықталады.
Жастар тәжірибесі жеке меншік нысанына қарамастан, ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және үйымдарында (бүдан әрі – жүмыс беруші) үйымдастырылады және жүргізіледі. Уәкілетті орган жүмыс берушілермен шарт негізінде өзара іс-қимыл жасайды.
Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ағымдағы жылға белгіленген ең төменгі мөлшерінде жалақы көлемінде нақты жүмыс істеген уақытына Уәкілетті органмен жүргізіледі.[7]
Жастар саясатын іске асыру үшін жас адамдардың қоғамға, экономикалық өзара қарым-қатынастар жүйесіне кіру жағдайын жақсарту, олардың қүқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарға көмек және әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі жүмыс үнемі жүзеге асырылуда.
Еңбек және жүмыспен қамту саласындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру «Халықты жүмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында да көрініс тапты, оған сәйкес өзгелермен қатар21 жасқа дейінгі жастар да жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік шаралармен қамтамасыз етіле отырып, мақсатты топ ретінде айқындалған.
Жастар проблемаларын шешу және олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету барысында мемлекет тиісті қажеттілікке дейін қаржылай қолдауды біртіндеп өсіретін болады. Жастарды жұмыспен қамтудың жаңа қағидаттары мен жүйесін қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетіктерді қалыптастырудың маңызды элементтері мыналар болуы тиіс:
- -кәсіптік білімнің мемлекеттік стандарттары мен оқу-өндірістік үдеріске қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді ескере отырып, кәсіптік оқытуды нормативтік бюджеттік қаржыландыруды енгізу;
- -жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін мемлекеттік кредит беру жүйесін құру;
- -жастар ұйымдарын (жұмысшыларының 50%-дан астамының жасы 29 жасқа дейінгі ұйымдар) мемлекеттік қолдау жүйесін құру;
- -кәсіптік білім беру ұйымдарын көп арналы қаржыландыруға, кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларды өндірісішілік (фирмаішілік) оқытуға кәсіпкерлерді ынталандыру;
- -білім беру ұйымдары (әсіресе ауылдық жерлерде) базасында мәдени-білім беру, оқу-өндірістік, медициналық-сауықтыру орталықтарын құру;
- -кәсіпорындар базасындағы бейінді оқу өндірісін мемлекеттік қолдау;
- -әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация өз қызметін жүзеге асыратын өңірдің жастары мен жастар ұйымдарының (коммерциялық және коммерциялық емес) әлеуметтік, экономикалық және мәдени жобаларын іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар табысын қайта инвестициялау.
Жастардың халықаралық стандарттарға сәйкес отандық кәсіптік білім алуы мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- -кәсіптік білім берудің беделін арттыру және жастардың жұмысшы кәсіптерін (мамандықтарын) алуға оң қатынасын қалыптастыру;
- -кәсіптік мектептерді, лицейлер мен колледждерді жаңғырту және олардың материалдық-техникалық және оқу-өндірістік инфрақұрылымын нығайту;
- -мемлекеттік бюджет қаражаты мен жұмыс берушілер қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жер қойнауын
пайдаланушылардың инвестициялық қызметінің модельдік келісім- шартында көзделген инвестициялардың жалпы көлемінің 1%-ы мөлшеріндегі аударымдар қаражаты есебінен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің ұлттық кадрларын даярлау мен қайта даярлауға тапсырыстар қалыптастыру тетігін әзірлеу есебінен жұмысшы кәсіптеріне кәсіптік оқыту.
Жастарды еңбек және жұмыспен қамту саласындағы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында мынадай мәселелерді пысықтау орынды болады:
- -жетілдіру мақсатында жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызмет туралы заңнамаға мониторинг жүргізу;
- -кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілерді еңбек нарығында жылжыту жөнінде тиімді тетіктер жасау (шарттың негізінде кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер үшін «бірінші» жұмыс орнын броньдау мәселесін пысықтау);
- -базалық кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын жаңғырту;
- -жастар үшін кәсіптік бағдарлау, жұмыссыз жастарды оқыту және жұмысқа орналастыру мен маргиналдық жастар мен еңбек мигранттарын бейімдеу жөніндегі республикалық және өңірлік әлеуметтік қызметтерді құру және оның жұмыс істеуі;
- -жастар үшін, оның ішінде шетелдік жұмысшы күшін тартатын ұйымдарда жұмыс орындары квотасын белгілеу бөлігінде халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы жетілдіру.
Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру уәкілетті органның жолдамасымен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету шарт талаптары бойынша кәсіптеріне сәйкес жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемдері және еңбекақының мөлшері мен шарты, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімдері мен көздері болуы керек.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басым құқыққа ие. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады, ол орындалған жұмыстың түрі мен көлеміне байланысты болады.
«Жастар тәжірибесіне» жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны жергілікті (қалалық) бюджеттен ең төменгі жалақының көлемінде алты айға дейінгі мерзімге өтеледі.
Еңбек нарығы нарық түрлерінің ішіндегі ең жетілмегені болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, әдетте, олардың еңбегіне сұраныстың бар немесе жоқтығы туралы мәліметтермен толық ақпараттанбаған. Нарық жағдайында экономикалық еңбекті ауыстыру заңы жұмыс атқарады. Оның мәні мынада: өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсенді жұмыс жасауы керек, ол басқа тұрақты жетілдіруді қажет етеді және бүкіл өмір бойы еңбек еткен кезеңде қызмет сапасы түрін өзгерткені абзал.
Әдебиет
- ҚР Еңбек кодексі:жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттеудің ерекшеліктері. №10 (22), 2007.
- ҚР Конституциясы, 30.08.1995 ж.
- ҚР еңбек туралы заңы, 10.12.1999ж. №493-13 ҚР. Алматы.2000 ж.
- Назарбаев Н. “Қазақстан-2030”.
- Закон Республики Казахстан "О занятости населения" от 30 декабря 1998г.
- Еңбек инспекторы басты тұлға»//Егемен Қазақстан, 2005, 28 сәуір.
- «Біз отандастар мүддесін қорғаймыз»// Заң газеті. 2011 ж. 6 маусым.
- Еңбек қорғау «28 сәуір - Бүкіл әлемдік Еңбекті қорғау күні». - № 4. - (16) 2007.
- Еңбекті қорғау «Қазақстан Республикасындағы техникалық заңнама». - №2 (14), 2007.
- Еңбекті қорғау «Еңбек саласындағы негізгі бағыттар мен құқықтарды жүзеге асыру». - №6 (18), 2007.
- «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» ҚР заңы. Алматы: Юрист, 2004.
- ҚР еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің 20052007 жылдарға арналған бағдарламасы. Үкіметінің іс-шаралар жоспарының 6.3.3 -тармағы.
- Қазақстан мамандар анықтамалығы «ҚР Еңбек Кодексі еңбек қатынастарын реттудің жаңа нормалары». - №7 (19), 2007.
- ҚР Жаңа еңбек кодексінің еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандартты. - №8 (20), 2007.
- Қазақстан республикасының Президентінің 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақты бірге құрамыз» атты жолдауы аясында ҚР статистика агенттігінің статистикалық мәліметтері.