Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ҚР қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы

Елбасы өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - қазақстан дамуының» атты жолдауында ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін жаңа «Қолжетімді баспана- 2020» бағдарламасын әзірлеп қабылдауды тапсырды.

Президенттің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы елдің алдағы 5 жылдағы даму бағытын айқындап берді. Елбасы он бағыт бойынша атқарылатын қадау-қадау міндеттерді атап-атап көрсетті. Оның ішінде ең бастысы әрі негізгісі халықты жұмыспен қамту.

Биыл «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасының барлық тетіктері іске қосылады деді Елбасы. Президент Үкіметке «Қолжетімді баспана» бағдарламасын 1 шілдеге дейін бекітуді нықтап тапсырды. Алдағы 5 жылдағы маңызды міндеттердің бірі өңірлерді дамыту. Шағын қалалардың дамуы жаңа өндірістер мен жұмыс орындарының пайда болуына, әлеуметтік сала мен бизнестің дамуына септігін тигізеді.

Бүгін ҚР Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің өкілдері ведомстволық бағыныстағы ұйымдар «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-пен жəне Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп ағымдағы жылдың қаңтар айында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша әзірленген «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы енгізілді.

Жастарды әуелі оқытып, кейін жұмысқа орналастыру, өз кәсібін ашқысы келетіндерге арзан несие арқылы қолдау көрсету, экономикалық әлеуеті төмен аймақтарда тұратын азаматтарды экономикасы белсенді орталықтарға жұмысқа жұмылдыру. Жұмыссыздықты жою - осы үш бағыт арқылы жүзеге аспақ.

Мемелекет басшысының айтуынша, бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын жылына 1 млн. шаршы метрге жеткізу қажет. Оған қоса жалға алғаны үшін жасалатын төлем әл-ауқаты орташа отбасы мүмкіндігіне сай болуы тиіс. Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жергілікті атқарушы органдармен және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорымен бірлесіп, Президенттің барлық тапсырмасын орындауға ниет білдіреді. Бүгінгі таңда қаржыландыру және құрылыс көлемі бойынша барлық мәселелер әкімдіктермен және қормен пысықталды.Бюджеттік өтінімдер мен алдын ала есептер қаржы, эконономикалық даму және сауда министрліктерінің есептеулеріне енгізілді. Жаңа «Қолжетімді баспана- 2020» бағдарламасын әзірлеу үшін негіз бар деп айтуға болады, барлық дайындық жұмыстары басталып кетті.

Жаңа бағдарламада шеңберінде мынадай негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау көзделеді:

  1. Жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй салуы
  2. Кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу
  3. Жас отбасыларға сатылатын жалға берілетін тұрғын үй салу
  4. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ жалға берілетін тұрғын үй салу.

Жас отбасыларға және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ сатылатын жалға берілетін тұрғын үй салу осы тізбедегі жаңа бағыттар болып табылады. Жас отбасыларға сатылатын жалға берілетін тұрғын үй бойынша 2 жол қарастырылуда – тұрғын үй құнының 10 пайыз кепілді жарна енгізе отырып, 20 жылда мерзімін ұзарту арқылы өтей отырып, сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға беру және тұрғын үй құнының 20 пайыз кепілді жарна енгізе отырып, 5-10 жылда мерзімін ұзарту арқылы өтей отырып, сатып алу құқығымен қысқа мерзімді жалға беру.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ жалға берілетін тұрғын үй салу бағыты бойынша мерзімін ұзарту арқылы төлей отырып жалға алу жолымен кейін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді салу жолдары қарастырылып жатыр.

Алдын ала жасалған есептер бойынша 2016 жылға қарай Елбасы қойған міндеттерге – 1 млн. шаршы метр жалға беретін тұрғын үйді іске қосуды қамтамасыз етуге қол жеткізу керек.

Бағдарламада елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басым міндеттерінің бірін шешу үшін тұрғын үй құрылысын мемлекеттік 38

қолдау шараларының кешені көзделген. Мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты мақсаты тұрғындарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Тұрғын үйдің қолжетімділігі мемлекеттік қолдаудың мынадай шараларымен қамтамасыз етілетін болады: инженерлік коммуникациялары жеткізілген жер учаскелерін дайындау; қаржылық құралдар табысы жоғары емес азаматтарға оларды пайдалануға нақты мүмкіндік беруі тиіс; құрылысты индустрияландыру құрылыс көлемінің өсуін және мерзімдерінің қысқаруын, озық технологияларды қолдану негізінде өзіндік құнының төмендеуін қамтамасыз етеді.

Бағдарламада тұрғын үй параметрлерінің, оның салынуының және төлемнің кең диапазоны қамтылған. Тұрғын үй құрылысының барлық бағыттары бойынша республикалық бюджеттің 10 процентіне дейінгі мөлшерде резервті құру көзделуі тиіс. Белгіленген құн асқан жағдайда айырма жергілікті бюджеттің есебінен өтелетін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бағдарламада тұрғын үй құрылысының көлемдері бойынша мынадай негізгі мақсаттар анықталған: 2014 жылға қарай жалға берілетін тұрғын үйді 1 млн. шаршы метр деңгейіне жеткізу және 2020 жылға қарай құрылыстың көлемін 10 млн. шаршы метрге дейін ұлғайту.

Қолжетімділіктің маңызды факторларының бірі тұрғын үйді сатып алушылардың орташа айлық төлемдерінің мөлшері болып табылады. Алаңы 40 шаршы метр пәтердің мысалында Бағдарламаның 4 бағыты бойынша орташа айлық төлем 30 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін болады.

Бұл ипотека бойынша орташа айлық төлемнен айтарлықтай төмен - мұндай пәтер үшін 86 мың теңге және табысы жоғары емес халықтың көпшілігі үшін анағұрлым қолжетімді болады.

Тұрғын үй құрылыстары жүйесін мемлекеттік қолдау табысы жоғары емес азаматтардың, оның ішінде жас отбасылардың тұрғын үйді сатып алуы мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Бағдарламада 2015 жылға қарай Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша тұрғын үй құрылысының көлемін 530 мың шаршы метрге дейін немесе жыл сайын 6,5-тен астам пәтерге дейін жеткізу жоспарланған, соның ішінде азаматтардың барлық санаттары үшін 330 мың шаршы метр немесе 3,5 мың пәтер және жас отбасылар үшін 200 мың шаршы метр немесе 3 мың пәтер.

Азаматтардың барлық санаттары үшін тұрғын үй сатып алушылардың қалыптасқан пулына әкімдіктердің тапсырысы бойынша салынады және объекті салынғаннан кейін бірден сатып алынады. Стандартты схема бойынша қаражат 3-3,5 жыл ішінде жинақталады, одан кейін банк жылына 5 % ставкасы бойынша 6 жылға дейін мерзімге қарыз береді. Ай сайынғы жалдау төлемі - 50 мың теңге.

Схема бойынша жас отбасылар үшін қаражат 8 жылға дейін жинақталу мүмкін, бұл орайда отбасы сатып алынатын пәтерде тұрады.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін тұрғын үйді сатып алуға болады. Қаражат жетпеген жағдайда жылына 4 % ставка бойынша 15 жылға қарыз алуға болады. Ай сайынғы жалдау төлемі 30 мың теңгені құрайды.

Екі жағдайда да банктегі жинақтардың қажетті көлемі тұрғын үйдің құнынан 50% құрайды. Бағдарламаның ең басым бағыттарының бірі Қазақстандық ипотекалық компанияның (ҚИК) желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үй құрылысын дамыту болуы тиіс. Жылына 530 мың шаршы метрге дейін салу жоспарланып отыр. Осы тетікті іске асыру үшін Тұрғын үй құрылыс корпорациясын құру көзделген, ол ең үздік құрылыс компанияларымен және құрылыс индустриясының кәсіпорындарымен ынтымақтасатын болады.

Осы схема бойынша жалдаушы жалдау төлемін 15 жыл бойы төлейді. Ай сайынғы жалдау төлемі - шаршы метр үшін 1 мың теңге шегінде. Шартқа сәйкес жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалдаушының меншігіне өтеді. Бұл ретте 10 жыл жалдағаннан кейін оған тұрғын үйді мерзімінен бұрын қалдық құны бойынша сатып алуға құқық беріледі.

ҚИК-та Қазақстанда ипотекалық кредит беруді дамыту мәселелерінде жеткілікті тәжірибе бар. Компанияның қызметі басталғанан бері шамамен 48 мың адамға, оның ішінде Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде шамамен 20 мың азаматқа кредит берілді.

Құрылыс нормаларын және «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының талаптарына сақтау бойынша Тұрғын үй құрылыс корпорациясының қызметін ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі бақылайды. Құрылыстың барлық барысы: жобалаудан бастап, құрылыс салынатын учаскені дайындау, техникалық тапсырманы және тендерлер өткізу шарттарын келісу - тұрғын үй қабылдағанға дейін бақыланады, сондай-ақ құрылыстың құны бойынша. бұл үшін Агенттікте қажетті өкілеттілік пен мүмкіндіктер бар: «ҚИК» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін Агенттіктің басқарады; Агенттік ҚИК АҚ-тың директорлары кеңесінде ұсынылды және Тұрғын үй құрылыс корпорациясын құрылу барысын және оның басқару органдарының қалыптасуын міндетті түрде бақылайды; Бағдарламаның осы бағыты бойынша барлық құжаттарды Агенттікпен міндетті түрде келісу көзделген; МСҚБ және Мемсараптау органдарының өкілеттіктері толық шамада қолданылады; авторлық және техникалық қадағалау толық жүзеге асырылады; оңтайлы жобалардың, оның үлгі жобалардың іріктелуі бақыланады

Бағдарламаның келесі бағыты - кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу. 2014 жылдан бастап жыл сайын жыл сайын тұрғын үйің 275 мың шаршы метрін немесе 4500 пәтер салу жоспарланып отыр, ал қазір шамамен 2-2,5 мың пәтер.

Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен жергілікті атқарушы органдар кезекте тұрған мынадай санаттар үшін: Ұлы Отан 40 соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; халықтың әлеуметгік жағынан әлсіз топтарына (11 санат); мемлекетгік қызметшшерге, бюджеттǐк ұйымдардың қызметкерлерше, әскери қызметшшерге; жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға тұрғын үй салуды ұйымдастырып жатыр.

Бұл ретте, алаңы 35 шаршы метрден басталып (бір бөлмелі пәтер) 73 шаршы метрге дейін (4 бөлмелі пәтер) тек 4-сыныпты тұрғын үй ғана салынады. 1 шаршы метрдің құны - 80 мың теңге.

Осы бағыттың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, ағымдағы жылы бюджетті нақтылаған кезде оны қаржыландыру 10 млрд. теңгеден 20 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Бағдарламада сондай-ақ тұрғын үй құрылысының басқа бағыттары көзделген. Солардың бірі авариялық тұрғын үйді бұзу бойынша пилоттық жобаларды орындау болып табылады. Әзірлеу барысында қалалық ортаны қалпына келтіру бағдарламасын іске асыру бойынша Анкара қаласының тәжірибесі қолданылды. Бұл жаңа бағыт, мұндай жобаларды Астана қаласында және Маңғыстау облысында іске асыру жоспарланып отыр.

Сату тетігі мынадай - салынған тұрғын үйдің 30 % үйлері бұзылатын тұрғындарға беріледі, қалған 70 % қайтарымдылықты және айналымға қайта тартуды қамтамасыз ету үшін нарықта сатылады.

Қаржыландырудың мынадай көлемдері жоспарланып отыр: Астана қаласы бойынша - 40 млрд. теңге, 2013 және 2014 жылдары жыл сайын 20 млрд. теңгеден, Маңғыстау облысы бойынша - 10 млрд. теңге, 2013 және 2014 жылдары жыл сайын 5 млрд. теңгеден.

Бағдарламаның маңызды бағыты жеке тұрғын үй құрылысын қолдау болып табылады. Бағдарламаның шеңберінде 2020 жылға дейін жеке тұрғын үйдің шамамен 28 млн. шаршы метрін немесе жыл сайын шамамен 30 мың үйден іске қосу жоспарланып отыр.

Тұрғын үйдің негізгі құрамдауыш қолжетімділігінің бірі жер учаскелерімен және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру үшін инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға қаржыландыруды ұлғайту көзделген. Осы жылы республикалық бюджеттік комиссия инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды қаржыландыруды 57 млрд. теңгеге дейін жеткізе отырып, 11 млрд. теңгеге ұлғайтуға қолдау көрсетті.

2014 жылдан бастап қаржыландыруды 100 млрд. теңгеге дейін ұлғайту ұсынылып отыр, ол жаңа құрылыс салынатын аудандарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен барынша қамтамасыз ету үшін қажет.

Сонымен 2012 Қорғаныс министрлігінің бюджетінен әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге (пәтерлер сатып алуға) 2,9 млрд.теңге бөлінді. Есепті кезеңде жекеменшік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдар және халық іске қосқан тұрғын үйдің жалпы алаңы 5,4 млн. Шаршы метр. Соның ішінде халық қаражатынан 3,6 млн. Шаршы метр үйсалынды немесе республикадағы пайдаланануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 54,6-%.

Республика бойынша барлығы 55 511 пәтер пайдалануға берілді, олардың 24 260-ы жеке тұрғын үйлер. 2015 жылға қарай халықтың экономикалық белсенді бөлігіне шаққанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың үлесін 6%-ға (600 мыңға жуық тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары) және меншікті капиталдың тиімділік көрсеткішін 10,0%-ға дейін көтеру банктің негізгі стратегиялық мақсаты болып табылады.

Негізгі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін Банктің 2010-2015 жылдарға арналған дамуының қаржылық, маркетингілік, операциялық және корпоративтік бағыттағы стратегияларын жүзеге асыру көзделген. Осылайша, 2015 жылға Ұзақ мерзімді стратегияның негізгі көрсеткіштері мынадай:

  • Жұртшылық салымдарындағы Банктің нарықтық үлесін 3,3% дейін жеткізу жоспарланады;
  • Тұрғын үй салуға және сатып алуға берілетін заемдар бойынша Банктің нарықтық үлесін – 8,2% дейін;
  • Банкте бір жылда жасалатын тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының санын – 117 мыңға дейін;
  • Банкте агенттер арқылы жасалатын тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының үлесін – шарттардың жалпы санының 35% дейін;
  • Банкте қызмет көрсету сапасын көтеруді – 95% дейін;
  • Банктің танымалдық деңгейін 65% дейін жеткізу.

Бағдарламаның банк арқылы жүзеге асырылатын негізгі бағыттарына тоқталатын болсақ, бұл арада екі міндетке басымдық беріледі: біріншіден, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына жергілікті атқару органдарының тұрғын үйлер салуына және оны банк несиесінің көмегімен сатып алуына, екіншіден, кейіннен Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатып алу жолымен жас отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үйлер салуына.

Аталған бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жергілікті атқару органдарының тұрғын үйлер салуы қолданыстағы 20 1 1 -2014 жылдарға арналған ҚР тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жалғасы болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар біздің банкке өз объектілерін ұсынады, ол нысандар көңілімізден шығып, келісімімізді берсек, қолжетімді тұрғын үйді сатып алуға тілек білдірген салымшылардың пулы ұйымдастырылады. Тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін, жергілікті әкімдіктер мен банк салымшыларымен сатып алу-сату шарттары жасалады және бөлінген пәтерлерді сатып алу үшін біздің банк бағдарлама қатысушыларына несие береді. Салынған тұрғын үй несиесі бойынша қамтамасыз ету есебінде қабылданады.

Екінші бағыт бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылысатып алу құқығымен жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйлерді салу механизмі қарастырылып жатыр.

Жас отбасыларға арналған жалға берілетін үйді салуда тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау мерзімі ішінде (8,5 жылға дейін) бағдарлама қатысушысының жалға алу ақысы бойынша төлем жасамай-ақ, сол баспанада түруға қүкық беретін мүмкіндік мәселесі де қарастырылып жатыр. Жалға берілетін тұрғын үй құнының 50 пайызын жинақтағаннан кейін, бағдарламаға қатысушы түрғын үй қүрылыс жинақтары жəне банк қаражаттары есебінен теңгемен жылдық 4-5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 15 жылға дейін мерзімге берілетін түрғын үй несиесінің есебінен пәтерді өз меншігіне сатып ала алады.

Жалға берілетін түрғын үйге үміткер жас отбасыларды іріктеу жəне оның есебін жүргізуді салымшының түрғылықты орны орналасқан жергілікті атқарушы орган іске асыратын болады. Іріктеуден өткендерді жергілікті әкімдік төлем қабілеттілігін растау үшін банкке жібереді. Түрғын үй қүрылыс жинақ банкінде төлем қабілеттілігін растаған жас отбасыларды олар балл жүйесінің негізінде әрі қарай сатып алумен жалға берілетін түрғын үй алатындар тізіміне кіргізеді.

Республикада түрғын үй қүрылыс жинақтау жүйесін жетілдіру бойынша жүмыстар жүргізіліп жатыр.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты қазақстан Республикасының президенті үлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан халқына жолдауы.
  2. Казахстанская правда № 303 от 08.09.2012 г.
  3. Деловой Казахстан - республиканская экономическая газета
  4. ( постановление Правительства РК от 28.08.2012 г).
  5. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты қазақстан Республикасының президенті үлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан халқына жолдауы.
  6. Деловой Казахстан - республиканская экономическая газета .
  7. ( постановление Правительства РК от 28.08.2012 г) .
  8. Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты.
  9. Қазақстан республикасының Президентінің 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақты бірге қүрамыз» атты жолдауы аясында ҚР статистика агенттігінің статистикалық мәліметтері.
  10. Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты.
  11. Қазақстан республикасының Президентінің 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақты бірге қүрамыз» атты жолдауы аясында ҚР статистика агенттігінің статистикалық мәліметтері.
  12. Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2012 года № 821. Программа «Доступное жилье- 2020».

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.