Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер, тіл құдіретінің образ жасаудағы икемділігі мен қолданылу ерекшеліктері қызықтырады. Өлеңдерінің тақырыптық және идеялық мәні, образ жасаудағы ізденістері мен ақындық мәдениетінің тереңдігі мен кеңдігі туралы келтірген дәлелдері жеткілікті. Жұмысты жүйелі түрде, өзіндік танымы тұрғысында ақын шығармаларын, көркемдік қасиеті, шеберлігін нақты мысалдармен орынды талдай алған. Жасаған талдаулары мен қорытындылары орнықты және дәлелділігімен ерекшеленеді.
Мағжан Жұмабаев поэзиясы- қазақ поэзиясындағы ерен құбылыс. Ұлы Абайдың ақындыққа, сөз өнеріне қойған талаптарының биігіне шығып, толық жауап бере білген ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі айтулы ақындарымыздың бірі. Бүгінде оның поэзиясы жан-жақты зерттелуде, алайда оның ақындық ерекшелігі, қазақ поэзиясына қосқан үлесі толық ашыла қойды деуге болмайды.
Ол - қиялы жүйрік, ойы - ұшқыр, қаламы – жүрдек ғажайып қасиет иесі, ол - өз халқының ана тілінің мол байлығын қапысыз меңгерген ғажайып суреткер!
Суреткер - өз заманының ұлы, өз дәуірінің үні. Ол өзі өмір сүріп отырған мезгіл мен мекендегі қандай құбылысқа болса да енжар, бейтарап қарамайды, оны бәрі тебірентеді. Ол осының бәрін өз жүрегінің елегінен өткізеді. Көргені мен білгенін әділетті жүректің сынына салады.
Мағжан Жұмабайұлының шығармаларына талдау жасасақ:Троп грекше «tropos – иін, иірім сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп айту» дегенді білдіреді. Оның түрлері көп.
Әдеби тілдегі басты құбылтулардың бірі – ауыстыру (метафора)
І. Ауыстыру, (метафора) Дегеніміз екі нәрсенің бір-біріне ұқсастығына қарай бір-бірімен ауыстырып айту арқылы мазмұнынын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Арыстанмын айбатыма кім шыдар?!
Жолбарыспын қайратыма кім тұрар?!
Көкте – күнмін, жерде – желмін гулеген
Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?!
257
Ана тіліміздің қасиетті құндылығын, икемділігі мен нақыштылығын, сөздік қорының қисапсыз байлығы туралы білгісі келген жанға Мағжан поэзиясы таптырмас мектеп, адастырмас бағдаршамдай.
Пайдаланылған әдебиеттер
- М.Жұмабаев шығармалары 1-2-3 том. “Білім” 1995.
- Ж.Аймауытов “Мағжанның ақындығы туралы” мақаласы.
- Ш.Елеукенов “Мағжан”, “Санат” 1995 жыл.
- А.Құнанбаев Өлеңдер жинағы. Алматы. 1998 жыл. 5.З.Қабдолов “Сөз өнері”.