Экономикалық контробанданы ескертудің бағыттары және негізгі мәселері туралы

Қазақстан өз алдына егеменді ел болғандықтан мемлекеттік шекарасын нығайтуға және кеден қызметтерінщ үздік жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мәжбүр болды. Егемендік елдің негізгі атрибутының бірі, ол шекараның беріктігі мен қырағылығы болып табылады. Ал шекараның мемекеттік қаупсіздігін қамытуға басты мәселе, ол елдің байлығын, мүлкін басқа да ұлттық қорын, басқа да тарихи құнды заттарын сыртқа бей берекетсіз тасымалдауға, жайбырақат талан-таражға үйлестіуге жол бермеу үшін, тосқауыл жасау әрекетінің негізгі әдіс-тәсілі десек қате болмайтыны бәрімізге белгілі. Кеден қызметіне көңіл бөлудің негізгі себебі - ол мемлекеттегі сыртқы экономикамен байланысты болғандықтан және осы аталған мемлекеттік органның негізгі мақсаты елдің экономикалық қаупсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Ал экономикалық қаупсіздік ол дегеніміз ұлттық қаупсіздіктің бір саласы, бөлігі екені баршамызға айқын белгілі. Қазақстанмен көршілес елдерге екі ірі мемлекеттерден тұратыны әлемге белгілі, атап айьқанда: Қытай Халық Респбуликасы мен Ресей Федерациясы. Осы екі ел туралы қысқаша шолу жасағанымыз жөн болады. Аталған екі мелекеттің экономикасы күннен - күнге дамуы туралы Еуропа мен Азия елдеріне толық мәлім екені белгілі. Әсіресе Қытай елін алатын болсақ оның халқының саны дүние жүзінде бірінші орын алса, ал экономикалық дамуының мәселесі де жүлделі орында деуге болады.

Қытай туралы мына бір деректерге тоқтауға болады:

  1. Бүкіл әлемде шығарылатын қазба рудасының саны 140 түрі болатын болса, ал соның қытайда шығарылатын саны 134-ке жетеді .
  2. Көмір қоры мен темір рудасы, вольфрам, жез, сурьма, марганец, цинк және т.б. Қытай елі алдағы елдің бірінде келеді [1].

Міне осындай жоғарғы көрсеткіште келе жатқан елдердің бірі ретінде Қазақстан да өзінің нарықтық экономикасын нығайтуын қазіргі кезең аса қажет етеді.

Қазақстанның келесі көршіс елі Ресей мемлекеті. Бұл ел туралы біздің елге айқын мәлім. Аумағы мен халықының саны жағынан ірі елдердің бірі деуге болады. Бұл бұрынғы Кеңес одағы ыдыраған соң КСРО аумағындағы зауыттар мен фабрикалыр, ауыр өнеркәсіп орындары Ресей аумағынада қалды. Ал біздің Қазақстанға өзінің индустриалық және басқа да өндіріс кәсіпорындарын қайта жаңадан қалыптастыруға мәжбүр болды.

Оның себебі, қазірдің өзінде Қазақстан аумағында бірде - бір машина шығаратын зауыттар жоқ. Ең аяғы трактор мен комбайын т.б. ауыл шаруашылық техникасын шет елдерден сатып алуға мәжбүр болудамыз. Осы жағдайларды айта келе, біздің ел сол одақ кезеңінен бұрында патшалық Ресей империясының тұсынан бастап, ал кейіннен Кеңес одағы кезінде де шикізат қоры болып әлі күнге дейін болып келудеміз.

Оған мысал ретінде қазіргі Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында мұнай көздерінің өте көп екендігі біздің ғалымдар анықтағаны туралы бүкіл әлемге белгілі. Саясат жағынан егемендікке ие болсақ та, ал шын мәнінде экономика жағынан әлі күнге дейін шет елдердің құрсауында болып келеміз. Біздің Қазақстанның табиғи байлығының көп екеніне ешкім күмәнданбайтыны анық . Бірақ , әр - нәрсенің шегі, мөлшері бар емес пе?

Сол себептен бұл мұнай қорының таусылатын күні де келетіні анық емес пе? Ал осы мұнай қоры сарқылған соң кейінгі уақытта біздің елдің күні не болмақ? Ал одан басқа маңызды мәселенің бірі - ол, Жезқазған өңіріндегі Сатпаев қаласының «Қазақмыс» кенбайыту комбинатын басқарушысы Владимир Ким ол біздің халқымызды қаң қақсатып, олардың табысын өз қалтасына оңды - солды жымқыру нәтижесінде әлемдегі милиардердің бірі ретінде «Форбос» журналының тізімінде бар екендігі баршаға мәлім. Ол, олма Қазақстан индустриясының орталығы Қарағанды облысындағы шахтаны және Теміртау метал комбинатын қазіргі иесі ретінде Арцелло Лакшми Митталл біздің отандастарымыз әр жыл сайын 40 - 45 апатқа ұшырап қаза болғаны, талай жанұялар асырушысыз қалғандарын еске алғанда ауыз бармайтыны бүкіл Қазақстан біледі. Сонда біздің қазақ халқымыз өз еліне, өз жеріне ие болмағандығымызды, бүкіл дүние жүзіне мазақ болғанымызды көрсеткеніміз ба?

Міне осындай маңызды мәселені қазірден бастап ойламасақ кейінгі ұрпаққа нені қалдырамыз және бізге не айтады деген сауал туады.

Әрине қазір мұнай қорын апыл -ғұпыл қазып, тасымалдап, жердің бәрін жанталасып қопарып келеміз. Осы аталған мән – жайларды айта келе біздің экономикамыздың көтерілуі әлі де болса төмен және баяу жүрудеміз. Бұл туралы ақпарат жүйелерінде күнде айтылып келеді. Осы мәселе туралы өткен 19 қыркүйектегі сайлау мәжіліс депутатына тіркелген кандидаттар өздерінің алуан түрлі бағдарламасын айтқан болатын. Сол ұсыныстың ең бір маңызды ұсыныстары - ол мұнайдан түскен ақшаны халық игілігіне жаратылсын деген барша халықтың көңілі риза болған еді. Егер осы айтылған сөз іс жүзінде қалай орындалар еді, деген ой туады. Сонда осы аталған ақшалар бұрын қайда кеткен деген сұрақтар күннен- күнге қайталануда. Оған әрине жауап жоқ. Бұл туралы көптеген ақпарат көздерінде және мәжіліс депутатына кандидаттар да өздерінің көзқарастарын айтқан болатын.

Ендігі көкейтесті мәселе- ол Қазақстан аумағының мемлекеттік шекарасын заңсыз бұзып өтіп, бойтасалап сауда жасау, ондай қылмыстың түрін экономикалық контробанда деп атайды. (ҚР ҚК-209 бап). Айтакететін бір жай және мысал ретінде көршілес Өзбекістан елінен бес “Камаз” автокөлігіне тиелген ұнды Оңтүстік - Қазақстан облысының кеден қызметшілері ұстады. Бірақ тергеу органдары іс қозғауға ешқандай негіз жоқ деп істі жауып тастады. Кейіннен прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде осы мәселе бойынша іс қозғалып қылмысқа қатысушылар тегісімен жауапқа тартылды [2]. Міне осындай мән-жайды байқайтын болсақ сонда кеден қызметшілері не бітіріп жүр деген сұрақ туады. Ал егер прокуратура тексеруге үлгіре алмаса ше, сонда әлгі бес «Камаз» автокөлігі жауаптан сытылып тайып тұруға әбден жағдай туатыны айдай анық екені көрніп тұр. Сол себептен кеден қызметінің жұмыстарны мұқият қатаң түрде бақылауға алынуы керек. Бұл жөнінде 2002-2004 жылдарда «Қорғас» кеден бекетіндегі ҚР ҰҚК органдарының арнайы іс-шараларын жүргізуі нәтижесінде сондағы кеден органның көптеген лауазымды тұлғалары құрыққа түскені мәлім.

Аталған фактілер күннен - күнге көбейуде. Осыған орай тағы бір мысал ретінде Қостанай облысының “Қайрақ” кеден бекетінің қызметшілері әр жыл сайын егін науқаны кезінде егін өнімдерін (бидай, арпа т.б.) көршілес Ресей облыстарына Челябі, Орынбар т.б. автокөлікпен кеден шекарасын айналып өтуге немесе жалған құжаттарды пайдаланып, ал кей жағдайларда кеден қызметшілерімен ымырласуы немесе пара беріп өтетіндер де аз емес.

Экономикалық контробанданың жасалу тәсілдерінің бірі - ол темǐржол келпінде тасымалдау арқылы жүзеге асырылады.

Бұл туралы: Қостанай теміржол келігіндегі ішкі істер белімінің бұрынғы 9-шы басқарма қызметшілері жолаушы поезының вагондарының жолсеріктері Ресей елінен халыққа қажетті деген тауарларын тасымалдаумен кеден қызметінен бойтасалап еткендердің ұсталғандары туралы фактілер де аз емес. Вагон жолсеріктері бұрын осындай жүкті немесе билетсіз мінген жолаушыларды тасығаны үшін Қ.Р. ҚК 182-бабы бойынша жауапқа тартылатын. Ал 2001 ж. бастап Қ.Р. ӘҚБ туралы кодекстің шығуына байланысты бұл бап бойынша қылымыстық іс қозғау тоқтатылды. Оның орнына, осындай теріс қылық жасағаны үшін әкімшілік түрде жауапқа тартылу нысанына ауыстырылды. Бірақ ҚР. ӘҚБ туралы кодексіндегі 479-бап тек билетісіз мінген жолаушылар туралы айтылған, ал, қол жүгінің белгіленген мелшерден жоғары (36 келіден) асатын болса жүк иесі айыппұл телеуге міндетті болады. Бұл фактілер туралы тек 480- бапта керсетілген, оның езі тек автокелік тасымалдауы туралы айтылған, ал теміржол келігінднегі жолаушыларды тасымалдау ережесі туралы ештеңе айтылмаған. Міне осының езі де Қ.Р. ӘҚБ туралы кедексінің мазмұны осы мән - жайдың кезден тыс қалдырғаны туралы байқалуда. Дәлірек айтқанда осы аталған әкімшілік құқық бұзушылық фактісімен күрес жүргізуге, процессуалдық шешім қабылдауға қазіргі Қ.Р. ӘҚБ туралы кодекстің мазмұны және талабы сай келмейді. Сондықтанда болар, теміржол келігіндегі жолаушы поезындағы жолсеріктер ездерін судағы балық секілді емін - еркін сезінетін болады. Ол дегеніміз теміржолкөлігінде талан таражылық әліде болса тоқталар емес, оның үстіне қайта үдей түсуде деуге болады. Өйткені жолаушы вагонындағы жолсеріктер мемлекет органдарының ешқандай заңды шара қолдануына заңның дәрменсіздігін, талабының сай келмейтінін пайдаланып, өздерінің білгенін істейтін болады. Яғни əй дейтін əже, қой дейтін қожа жоқ екендігін сезінеді. Соның бірі шетелден тасымалданатын жүктер мен басқа да бұйымдарды немесе наркобизнестер, атылатын қаруды да тасуға кеден қызметінен бойтаслап өтуге жағдайдың бар екендігі байқалуда. Сондықтан да осы мəселе туралы заң шығару органдарының аса назар аударуларын қажет етеді.

Қазақстан Республикасы өз алдына егеменді ел болса да оның экономикалық дамуы әлі де мәз емес екені белгілі. Ал табиғи байлыққа келетін болсақ, біздің елде атақты химик Д.И.Менделеев таблицасының барлық элементінің көрсеткіштері бар екендігі баршаға мәлім. Бірақ осы байлықты өз халымыздың қажетіне жаратуға, іске асыруға, оны үлгіртуге біздің қазақ ғалымдарымыз бен мамандарымыздың қабілеттігі дәрменсіз бе деген ойлар толғандырады. Мысалы, қиыр шығыстағы Жапон елін алатын болсақ олардың жерінде ешқанадай қазба байлығы болмаса да, шығаратын бұйымдары мен өнімдері дүние жүзінде ең алдғы елдердің бірі екендігі бүкіл әлемге мәлім екені белгілі.

Осы аталған мәселені қолға алуы үшін, оны ұйымдастыру үшін елде жақсы мамандар мен ұйымдастырушылық іс - шараларын реттеуші тұлғалардың қажет болуын талап етеді. Ондай тұлғалар өз қалтасын ойламай халықтың, елдің қамын ойлайтындай көңіл болуы керек. Бірақ, өкіншішке орай біздің елдің кейбір жоғарғы лауазымды тұлғалары А.Мырзахметов т.б. секілділер сыбайлас жемқорлықтың жаңа жолдарын жəне өздерінің қызметтік билігін пайдаланып жеке бастың қамын ойлайтындар да аз емес. Сонымен қатар біздің елде құқыққорғау органдарының басшылары мен лауазымды тұлғалары жəне басқа да мемлекеттік қызмет органдары мен мекемелерінде жоғарыда аталған тұлғалар сыбайлас жемқорлықтың тыңқұйығына терең сүңгіп кетті деуге болады. Олардың ойлайтындары тек жеке бастың пайдақорлыққа ие болу жолдарын қарастыру болып табылады.

Ресей Федерациясының заңгері, профессор Лунеев В.В. айтқандай: ”Мемлекеттік қызметтің кейбір басшылары мемлекеттік мүлікті жекешелендіргенде оны иеленетіндер де аз емес”. “Бұл дегеніміз билік пен меншіктің жəне ақшаның өзара қабысуы болады” деген [3].

Криминололгия ғылымның саласына нақты назар аударатын болсақ онда бір қылмыс келесі қылмыстардың туындауына себеп болады. Яғни бір қылмыс екінші немесе үшінші одан да көп қылмыстың жасалуына жағдай жасайды. Осыған орай көптеген мысалдар мен фактілер жеткілікті. Мысалы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алып қарасақ осындай қылмыстың нәтижесінде біздің елдің экономикасының дамуына нақты кедергі жазсаудың себепшісі болады десек қателеспейміз. Өйткені осы сыбайлас жемқорлықтың нәтижесі мемлекеттің мүлкін талан таражығасалудан басталып кейǐннен халықтың тапқан табыстарына иемденǐп қол сұғушылқ әреткетін жасайды.

Балық басынан шǐридǐ дегендей, басшылар жемқорлықпен айналысатын болса, сонда қарауындағы қызметшілер не ǐстемекшǐ деген ой туады. Бұл әрине айтпасада түсінікті.

Кеден қызметшілері өздеріне жүктелген қызметтерін шынайы атқаратын болса экономикалық контробанда және нашақорлық бизнестері азаяр ма еді?

Экономикалық контробанда қылмысы ол орман - тоғай арқылы өтетін немесе соқпақ жолсыз іздері емес, бұл дегеніміз алдын -ала келісіп, ойланып - толғанып ұйымдасқан түрде және мемлекет қызмет саласында қолдаушылыры мен қорғаушылары бар лауазымды тұлғалардың тікелей немесе жанама түрде қатысу «төбелеу» ету арқылы жасалатын қылмысты айтады. Оның себебі бұндай жойқын қылмыстар бір адамның қолынан келмейтіні баршаға мәлім.

Экономикалық контробанданың жасалу себебінің бірі - ол, кедендік салықты төлему болып табылады. Сонымен қатар заңсыз импорттық және экспорттық операцияларын кедендік және салық органдарының бақылауынан көзтаса болып өтетіні айқын болады [4].

Эконмикалық контробанданың жасалу тәсілдерінің бірі қазіргі ААҚ, АҚ, ЖШС кәсіпорындардың өз бетінше көршілес елдердің жеке фирмаларымен өзара қарым-қатынас жасауға құқылы болғандықтан бірнеше қылмыстық әрекеттерін жасауға жағдайың туындауы ықтимал. Осы аталған құқықты пайдаланып кейбір шағын кәсіпорындар мен ЖШС кәсіпорындары жалған фирмалардың атын бүркеніп, жалған түрде келісім шарт жасап, жалған құжаттармен кеден шекеарасынан өтіп кететіндер де аз емес. Осындай жалған іспен жасалатны сауда - саттық істері салық қорына “бір тиында” түспейтіні анық. Ал бұл дегеніміз Қазақстан экономикасының қаупсіздігіне қауіп төндіру әрекеттері осындай ұсақ- түйектен басталып одан әрі ірі көлемге ауқым басуына әбден мүмкіндік туады.

Осындай мән-жайларды айта келе Атырау, Маңғыстау облыстарын алатын болсақ, онда экономикалық контробанда қылмыстың алуан түрлері жасалуда. Көршілес Ресей, Иран елдеріне қара уылдырық, бекіре балықтарын кеден және шекара бекеттерінен бойтасалап өтетіндер де аз емес. Осы аталған аймақта шетелден келген азаматтар біздің мемлекеттік қызметшілермен сөзбайланыс, ымырласу жасап, біздің елдің байлығын жасырын түрде кеден шекарасынан алып өтетіндер де бар.

Экономикалық контробандаға тағы бір нақты болған оқиғаны айтуға болады – ол, Қостанай облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті мына бір қылмыстық іс ой толғатады: Лисаковск қаласында орналасқан «Шеройл» ЖШС мен РФ Орынбар қаласында орналасқан «Брыз» ЖШС өзара келісім шарт жасау нәтижесінде Қазақстанның бюджетіне 8410400 млн. теңгенің түспегені анықталды. Осы аталған ақшаның бюджетке түспеген себебі мында:

  1. Тергеу барысында РФ. Орынбор қаласында «Брыз» ЖШС мүлдем болмаған болып шықты;
  2. Лисаковск қаласындағы «Шероил» ЖШС директоры «Р» тергеу барысында келісім шарттағы қойылған қолы оныкі бомай шықты. Ол қолды қойған бұдан алты ай бұрын қайтыс болған бас бухгалтердің қолы болып шықты.

Міне осындай жалған құжаттар мен жалған фирмалардың атын бүркеме жасау арқылы шекарадан өтіп біздің экономикамызға осындай іс- әрекеттер нәтижесінде зардап шегетін фактілер әлі күнге дейін жоқ емес екендігіне ешкім кепіл бере алмайтыны анық [5]. Осы аталған қылмыстың болуына мынадай шараны қолдануға болар еді, егер біздің кейбір заңнамаларымыз қазіргі нарықтық экономиканың талабына сай болса, яғни дәл осы іс бойынша әрбір мүлік иесі сауда жасаған кезде келісім-шарттың қол қойғанын растау рәсімін нотариат қызметі арқылы расталған болса онда жоғарыда айтылған директор «Р» жауаптан құтылмаған болар еді және бюджетке де осы аталған ақша да түсер еді.

Кәзіргі кезеңде нарықтық экономиканың “кең” жолын пайдаланып, мемлекеттíк органдарының басышлары шағын немесе ЖШС кəсíпорындарын бíреудщ атын бүркемелу арқылы, мелекеттíк тǐркеуден өткізіп, кейǐннен салық органының тíркеуíнен өткiзетiн болады. Осы аталған кəсíпорындар арқылы ездерíнщ “пайдақорлық ǐстерǐн” нығайтады. Осы аталған кəсíпорындар атына мемлекеттíк кәсшорындадың атынан кептеген ақшаны аударады. Ал, ол ақшаны кíм алды, кімнің пайдасына түседі? Бұны тек мемлекеттíк кəсíпорынньщ басшысы ғана бíледí. Шын мәнінде айтатын болсақ, осы аталған бүркеме кəсíпорындары түбшде жалған болып шығады.

Осы айтылған жағдайға байланысты мысал ретíнде, темíржол объектíсíндегí экономикалық саласында жасалатын қылмыстар туралы айтуға болады. Ол, бұрынғы келíк және коммуникация министрí Абылай Мырзахметовты айтуға болады.

“Мәселен, 1998 ж. одан екí жыл бұрын қайтыс болған С. Драчук пен Л. Карчина дегендердщ атына құрылған “Лига” ЖШС, осы фирманың атына ҚТЖ есебíнен 67,9 миллион тенге аударылған”[6].

Мíне осындай əдíс - тəсíлдерíн пайдаланып А.Мырзахметовтың тíкелей басқаруымен В. Гетманов деген адамның атына он тоғыз жалған кəсíпорын тíркелген. Осындай экономика саласында бес жыл бойы жасалған қылмыс бíздщ елге келтíрген зардаптың мелшерí зор деуге болады. Оны ақшалай еспетегенде 22 миллиардтан астам болады [7].

Бíраĸ, екíнíшке орай осындай деңгейдегі лауазымды тұлғалар қылмыстық жауаптан оп-оңай құтылып кететíнí баршаға мəлíм. Оның себебí, бíздщ елде адам баласына қонған ауру дерт секíлдí, сыбайлас жемқорлық кещнен таралғанын ашып керсетедí. Дəлíрек айтқанда сыбайлас жемқорлық деген, кəдíмгí, Ýйреншíктí әдетке айналған сияты керíнедí.

Келесі көңіл аударатын мәселе -ол, контробанда қылымысына қарсы күрес жүргізудің жалпы және қарапайым түрін де пайдалануға болады. Оған мысал ретінде шекара аумағында орналасқан мемлекеттік немесе мемлекеттік емес кәсіпорында мен мекемелердің шекара қызметімен қоғамдық тәртіпті сақтау және отан мүддесін қорғау үшін республика азаматтарының патриоттық сана - сезімін нығайту жолында бірігіп жұмыс істеу аса қажет болар еді. Бұл жөнінде Сарқанд орманшылыарының шекара бекетімен бірлесіп жұмыс істеу айқын мысал бола алады [8]. Міне осындай ауызбірлестік барлық республика аумағында өзара түсінушілік болса ұлттық намыс пен патриоттық сана - сезім де үнемі нығая берер ме еді.

Экономикалық контробанданың басқа да қылмыстармен байланысты бар екендігі ол айдай анық екені белгілі. Оның себебі контробандамен айналысу үшін бұл қылмыстың түрі бір адамның қолынан келмейді. Оның себебі осы қылмыс әрекетін жүзеге асыру үшін басқа да лауазымды тұлғалармен байланысты болуы немесе ымырласуға мәжбүр болады. Ол дегеніміз шекара арқылы өту үшін кеден бекетіндегі кеден қызметшілерімен сөзбайласу жасауы, ал онда міндетті түрде пара беруге жүк тасушы немесе мүлік иесі белгілі бір ақшаның сомасын төлеуге мәжбүр болады. Міне осындай қылмыстық іс-әрекет жасау нәтижесінде бір қылмыстан екінші, ал одан әрі бірнеше қылмыстар туындай бастайды.

Осы жоғарыда айтылған мән-жайларды айта келе мынадай тұжырымға келеуге болады.

  1. Кәсіпорындар мен мекемелер, олардың меншік нысандарына қарамастан, сонымен қатар мұнай, газ өндірістік кәсіпорындарында депутаттық, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың бақылау жұмысын орнату қажет болады;
  2. ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне өзгерістер мен толлықтырулар енгізу керек, атап айтқанда: 480-бап: теміржол көлігінде 36 килограмнан асатын жүк болған жағдайда оның иесіне орташа мөлшерде айыппұл және осы жүкті вагонға енгізуге рұқсат бергені үшін вагон жолсерігін үлкен мөлшерде айыппұл салу керек.

3.Осы әкімшілік істерін өндіу органдарына келетін болсақ, ол үшін ҚР ӘҚБ туралы кодекстің 570-1-бап: ”Қаржы полиция органы” қарауына 480-бап бойынша жасалтын әкімшілік құқық бұзу фатлерін қарау туралы осы аталған органға беру керек.

4.Экономикалық контробандаға қарсы күресті нығайту үшін кеден қызметшілерін қатаң бақылауға алу керке, яғни дәлірек айтсақ ұлттық қаупсіздік комитеттің бақылауында болса әділдік орнатылар ма еді. Өйткені еліміздің экономикалық қаупсіздігін қамыту мақсаты осы кеден органына жүктелеген.

  1. Кәсіпорындар мен фирмалардың арасындағы келісім- шарттарын бекіту кезінде, міндетті түрде, нотарияалдық бекіту арқылы жүзеге асырылатын болу керек.

Бұл дегенǐмǐз жалған фирманың бар жоғын анықтау, немесе алааяқтыққа жол бермеудің, немесе жалған сауда-саттықпен айналысуға жол бермеудің бір әдісі деуге болады. Осыған орай Қ.Р. Азамат кодексǐне толықтыру жасау қажет болады.Бекітілетін шарттарда кім қол қойды және сол шартта көрсетілген лауазымды тұлғаны дәл өзі қол қойды ма? Мǐне осы мән жайларды анықтау үшін нотариалдық бекǐту міндетті түрде қажет болады.

  1. Қазіргі жаңадан құрылатын Парламентке мұнай және газ саудасынан түскен ақшалар 6іздің халықтың қажетіне жаратылуын, үнемі, тоқтаусыз бақлау жасау керек болады.
  2. Шетелмен немесе ел ішінде де нақты ақша сомасынан аспайтын мәмле жасалатын келісім-шарттарға әр тараптың лауазымдары қол қойғанын растау үшін міндетті түрде нотариат қызметінің бекітуі қажет болады. Бұл дегеніміз алаяқтыққа және жер соқтыртып кетпеуге жол бермеудің бір тәсілі болып табылады.
  3. ҚР Азамат кодексінің мынадай толықтырулар енгізілуді ұсынамын:

7-бап, 406-бап, 1104-бап,2-бөл. заңды тұлғалар немесе шағын, орта бизнес, кәсіпкерлер арасында бекітілетін келісім-шарттар мен жасалатын мәмілелер белгілі бір (мемлекет орнатқан ақша сомасынан) асатын болса міндетті түрде нотариат қызметінің бекітуі бойынша орындалуға тиісті ал онсыз жасалған және бекітлген келісім-шарттар мен мәмілелер заңсыз деп танылуы керек.

Мǐне осы аталған ұсыныстар орындалатын болса, 6іздің еліміздің экономикасы дамып , халқымыз тапышлықтан құтылар ма еді?

 

Қолданылған дерек көздері

  1. Материал составленный сотрудниками отдела Азиатско – тихиокеанского Региона Института востоковедение МО и Н Р.К. // Саясат., 2004г., № 3., 4-5С.
  2. Қ.Мамаев. ”Шекара асқан шетелдік айыппұлын төлемей кетеді”// Заң және заман., 2004 ж., № 7., 11-12 бет.
  3. Лунеев В.В. ”Углубление социального контроля преступности – одна из предпосылок решения социально-экономических проблем.” // Государство и право. М., № 9 1999, С. 60-86
  4. Т.Күсен. Кеден ǐсǐ саласындағы прокурорлық қадағалауды қалайұйымдастыруға болады? //Заң және заман.,№ 9, 2004., 26-б.
  5. Абылкадиров С.Қ. «Салық және кеден қызмет саласында жасалатын қылмысты алдын ала ескерту —экономикалық қаупсіздікті қамтамасызету». Материалы Республиканской научно - методической конференции «Юридическое образование: проблемы разработки и внедрения инновационных технологий», Астана, Каз ГЮУ., 2004 г., 450С.
  6. Сәулебек Жәмкенұлы. ”Темǐр жолдағы талан таражы” // Заң және заман. 2003 ж.,№ 1., 41-45 бет.
  7. Сәлебек Жәмкенұлы. Осы аталған көзде., 41-45 бет.
  8. Е. Камал. АЙҚАС немесе сарқандық орманшылар шекара бұзушыны қалай ұстады? // Заң және заман., 2004 ж., № 11., 34-Б.
Жыл: 2012
Қала: Қостанай
Категория: Құқық