«Тәрбие - тал бесіктен» деген сөздің мағынасына үңіліп қарасақ, бала шырылдап жерге түскен сәтінен бастап ананың ақ сүтімен, әлдиімен, бесік жырымен бойына рухани-адамгершілік қасиеттер мен қүндылықтар жүйесін сіңіреді. Ал өсе келе, қоршаған орта, ауыл, табиғат, адамдар қарым-қатынасының үйлесімді тағылымдарын сана желінсінен өткізе отырып, жақсы мен жаманның ара қатынасын ашып, ел сыйлайтын азамат болып өсуге талпынады. Бабамыз қазақ Л.С.Выготскийдің бала тәрбиесіндегі «дамудың алдыңғы шеңбері», психикалық дамудың негізі «баланың әр жас кезінде пайда болып отырыпатын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік жағдай жасау» теорияларын білмесе де үлкен үлағаттықпен осы қағиданы болашақ үрпақ тәрбиелеуде қатаң үстанған. Осыған байланысты «әлеуметтік инфантилизм», «тірі жетім», «нашақорлық», «өзге діндерді жағалау» т.б. әлеуметтік келеңсіз жағдайлар қазақ даласында кедеспеген. Бір ауылда ата-анасы шетінеп, жетім қалған бала болса, оны ауыл аймақ болып тәрбиелеп, жетімдік көрсетпей ел қатарына қосуға тырысқан. Бүдан ата-бабаларымыздың рухани- адамгершілік, имандылық пен қайырымдылық сияқты қүндылықтарды берік үстап, қара басының ғана емес бүкіл елдің, үлттың қамын ойлап, өсіп келе жатқан жастарды дүрыс жолға салып отырғандығын көреміз.
Кешегі кеңес өкіметі жылдары қазақтың үлттық тәлім-тәрбие мәселелері тарихи-идеологиялық, жалпы адамзаттық негіздерінен айырылып, жасанды, жалған бағытқа бет алды. Соның нәтижесінде әдеп, инабат, имандылық, адами парасат туралы түсініктер «таптық түрғыдан» бүрмаланып, қоғамдық мінез қүлық іштей ыдырап, шынайы адамди қасиеттердің қадірі кетті.
Одан кейін 1985-1990 жылдары басталған жаңару үрдісі кезінде үл- қыздарға үлттық мағынада тәлім-тәрбие беру туралы ойлаудың өзі үлкен кесепат айналып, үлттық салт дәстүрлерді насихаттаудың өзі айып болып саналды. Ұлттық әдеп-ізет дәстүрлер коммунистік моральмен алмастырылып, адамдардың бойынан үлттық сипаттағы мінез қүлық бірте-бірте алшақтап, жастарымыз тілінен, мәдениетінен, әдет- дәстүрлерінен айырыла бастады. Әдет-ғүрып, дәстүрлер социализмге жат нәрсе, ескіліктің қалдығы деп жарияланады. Мүның бәрі елдің интеллектуалдық мүмкіндігінің төмендеуіне, өресі аласа, өрісі тар шалағай мамандар санын көбейтуге жол ашты.
Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына тән, ана сүтімен сүйекке сіңген ізгі әдет-ғүрыптардан жастардың тыс қалып бара жатқанынбайқаймыз. Көптеген жастарымыз әртүрлі діни ағымдарға ілесіп, солардың туын көтеріп, жырын жырлап мұмылмандықтан кетіп жатса, енді біреулері өз ұлтының өткені мен болашағына бей-жай қарап күнделікті тіршіліктің қамын қуып, рухани адамгершілік құндылықтардан алыстап барады. Ата- ананы сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан хабарсыз кей жастардың болашақта өз отбасында қандай ұрпақ тәрбиелейді деген ой елін, мәдениетін сүйетін адамды мазаламай қоймайды. Сондықтанда өз халқының өнерін игеру - жастарды еңбек сүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерін жалғастыруға баулу үшін тәрбие сағаттарына үлкен мән беру қажет. Ұлттық сана сезімді қалыптастыру отбасынан басталып, кейін оқу орындарында оқу-тәрбие жұмыстарынан өз жалғасын тауып жатса, қазіргідей қазақ халқының қанында жоқ, ата-бабасына жат өзін жарық дүниеге әкелген анасын, әлпештеп өсірген асқар тау әкесін қарттар үйіне өткізіп, нашақорлық пен маскүнемдікке салынғандардың саны азайып, бірте-бірте мүлдем жоғалар еді.
Қазір кезде ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі алпауыт тұғыры биік, елдермен терезесі тең өмір сүруге аяқ басқанда Ахмет Байтұрсынов бабамыз айтқандай «бесігімізді түзеп» өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне имандылық пен инабаттылықты, қайырымдылық пен ізгілікті қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр. Десек те, ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтауға келгенде сексен жыл бойы санамызға сіңіп кеткен кейбір кедергілердің күрмеуінен әлі де шыға алмай қалып жататын кездеріміз кездесіп жатады.
Жас ұрпақты ұлттық негізде тәрбиелеу болашақ жастарға не үйретеді және оның пайдасы қанай болмақ? Ең алдымен жас ұрпақтың ұлтжанды болып, өз елінің қамын ойлап, тілін, дінін құрметтеуге, үлкенді сыйлап, әдептілік пен имандылықты бойына дарыту. Осы құндылықтарды күнделікті өмірде өз мінез құлқында, іс-әрекетінде басшылыққа алу дағдысын қалыптастыру. Екіншіден, ұлтжанды ұрпақ елінің саяси - экономикалық өркендеуіне, мәдениеті мен ғылымның дамуына үлес қосып, еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуына өз үлестерін қосу. Үшіншіден, ұлттық рухы мықты қалыптасқан қазақстандық жастардың әлемдік ғылыми ой - сананың, мәдениеттің таңдаулы жетістіктеріне қол жеткізуге талаптандыру [1].
Ұлттық тәрбиені насихаттаудың жолдары мен әдіс, тәсілдері көп. Солардың ішінде кейінгі кездері ұмыт болып бара жатқан әдістің бірі - әженің ертегісі. Бір уақытта қазақ баласының ойынша ертек білмейтін әже жоқ деп өскен ұрпақтың бүгінгі баласы әже аузынан ертек тыңдамақ түгел оның не екенін де білмесе керек. Есесіне санасын улап жатқан шетелдің мультфильмдері мен триллерлерінен, компьютерлік ойындарынан аса алмай жатқан ұрпаққа, уақыт бөліп ертегі айтатын әженің өзі күйбең тіршіліктің күйкісіне араласып кетіп, кешке ертегі айтуға күш қуаты жетпей немересін бір иіскеп, бара ғой теледидарыңа немесе компьютеріңедейтін әжелер көбейіп бара жатқандықтан болар Аяз бидің ақылдылығын, Алдардың тапқырлығын, Жиреншенің шешендігін, Сырымның алғырлығын білетін бала осы күнде азайп барады.
Ұлттық тәрбиеде ерекше орны бар осы бір ертегі аңыз әңгімелер әдісін, ескінің әжелері еріккеннен айтпаса керек. Олар баланы танып білуге деген қызығушылығын қалыптастырып, қиялын, шығармашылық қабілетін дамытады. Ертегі мең аңыз әңгімелердің берер пайдасы, біріншіден баланың ойлауымен, есте сақтауы дамыса, екінші жағынан оны қайталап өзіне айтумен сөздік қорын дамытатынын ғылыми жағынан дәлелденген. Оның құпиясын біздің әжелеріміз ғылыми білімдері болмаса да тереңнен түсініп, немересінің ертеңін әріден ойласа керек [2].
Аңыз, әңгімелер, ертегілер арқылы әулет, ауызбірлік, ата - әженің заңғарлығын, әке-шешенің құдіретін, аға мен апаның үлкендігін, достық пен сыйластықты құрметтей білу құндылықтарын бала санасына сіңірген.
Қазіргі кезде ертегілер мен аңыз әңгімелерді тәрбие сағаттарында «ертегі терапия» әдісі арқылы жастардың дүниетанымы мен ойлау қабілеттерін, рухани құндылықтарын дамытуда кеңінен қолданылады. Осы мақсатта мұғалімдер мен кураторлар тәрбие сағаттарын ұйымдастыру үшін Т.Д. Зинкевич-Евстигнееваның «Тренинг по сказкотерапии» еңбегінде көптеген құнды материалдар таба алады.
Келесі бір ұлттық тәрбие тәсілі тұрмыс-салт ойындары арқылы баланың психикалық қасиеттерін қалыптастыру, ойындар арқылы әлеуметтік өмірдің қыр-сырын танытуды көзделген. Мәселен асық ойнау арқылы бала дәлдікті, шеберлік пен шымырлықты шыңдаса, ат жарыс, күш сайыс ойындары арқылы арқылы өзінің, елдің намысын қорғауды мақсат тұтқан. «Орамал тастау», «Айгөлек» т.б. оындар балаларды күнделікті тіршілік ағымына бейімдеу, алдағы өмірге икемдеу, өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас құру, адамгершілік қасиеттер мен әлеуметтік нормаларды игеруге жасайтын ықпалын ескерген [3].
Тәрбие немесе психикалық денсаулық сағаттарда, Наурыз мейрамында ұлттық ойындар ұйымдастырып отырса, біріншіден жастардың ұлттық сана сезімін қалыптастыруға негіз берсе, екіншіден танымдық өрісін кеңейтеді. Кейбір жастарымыз, әсіресе қалада өскендері ұлттық ойындар туралы түсінігі төмен. Осы мақсатта Төтеннаев Б.; Нуртазин Т. «Қазақ ұлттық ойындары» атты еңбектерінен әрбір ұстаз өз тәрбие сағатының мақсат, міндеттеріне сәйкес құнды материалдар ала алады.
Ұлттық тәлім тәрбиенің бастамасы отбасынан басталуы қажет. Әрбір ата-ана, ата-әже ата-бабамыздан келе жатқан салт дәстүрлерді, жарасымды әдет-ғұрыптарды ұстана отырып, өскелең ұрпаққа үлгі өнеге ретінде үздіксіз көрсетіп отырған. Сонда ғана осы құндылықтар жастардың санасына сіңіп, олардың өз өмірлерінде ұстануына негіз болатынын жақсы түсінген. Осыған байланысты елбасшымыз Н.Ә. Назарбаев «Ұл- қыздарымыз ұлтжанды, иманды, тілі мен дінін құрметтейтін азамат пен азаматша боп өссін десек ата-баба салт дәстүрін көненің көзі демейтаптырмас тәрбиенің құралына айналдыруымыз керек. Сондықтан да қоғам болып, ата-аналар мен білім беру саласында қызмет жасаушы педагогтар болып ұлттық тәрбиені ұлықтап, салт дәстүрімізді насихаттап жеткіншектеріміздің санасына құндылық ретінде қалыптастыра алсақ, ертеңгі күні «елім», «жұртым» деген ұрпақ әрбиелеп, оларға ел тағдырын аманат ете аламыз» деген.
Сан ғасырлар бойы ширығып, өзінің өзектілігін дәлелдеп келген ұлттық тәрбиені жаңа өмірдің талабына сай жаңғыртып өскелең ұрпақтың толыққанды азамат қалыптастыру әрбір отбасы мен білім беру жүйесінің басты мақсаты. Қазақсан Президенті Н.Ә. Назарбаев Астанада Л.Н.Гумилев атындағы университет студенттерімен кездесуде «әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін- өзі жетілдіру қабілеттіліктерін дамытуда ата-бабадан мұра болып келе жатқан рухани-адамгершілік құндылықтарға сүйену керектігін» айрықша атап өтті [4].
Өркениеттің өріне қарай дамуды бетке ұстаған бүгінгі қоғамымыз білімді де білікті жастарға үлкен сенім артады. Жастар мемлекетіміздің негізгі тірегі. Жастар тәрбиесінің діңгегін босатпай, тілімізді шұбарламай, тектілікпен, бар игі мұрамызды негізге ала отырып ұрпақ тәрбиелеу казіргі кездің өзекті мәселесі.
Жастарды заман талабына сай жаңаша көзқараспен тәрбиелеу үшін, тәрбие жұмысының қыр-сырына шығармашылықпен терең бойлайтын, жан-жақты ойлайтын озық ойлы, оқытудың жаңа тәсілдерін жетік білетін, сенімді білімдар мамандар тартылуы тиіс. Яғни, тәрбие - телегей теңіз, оның тереңдігін төзімді де талапты, тұңғиығын жетік меңгерген, жұмбақ құпияның қыр - сырын ұғына алатын білікті-білімді маман ғана бойлай алады.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын сырын көруге
Көкірегінде болсын көз – деп Абай атамыз айтқандай жастармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстары олардың көкірегіндегі көзін ашып, мәдениет пен әдептілікті, білім мен біліктілікті игеруге негіз беруі қажет [5].
Тәрбие жұмысының басты мақсаты әрбір адамның өзін-өзі тәрбиелеп, өзінің бойындағы табиғи мүмкіндіктерін жетілдіру, өз ісіне, мінез құлқына жауапкершілікпен қарау сияқты құндылықтарын қалыптастыру, дамыту. Өзгермелі өмірдің сан қилы жолдарында адаспай, дұрыс шешім қабылдап, қиындықтарды жеңе білуге үйрету.
Қазіргі кезеңдегі орын алып отырған саяси-экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы,тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтаның азаюы, отбасын құру, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктің төмендеуі, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің белалуы, т.б. мәселелер жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, жаңаша қарауды талап етіп отыр.
Осы талапты іске асыруда қазақ халқының ежелден келе жатқан бай мәдениеті мен әдебиеті, ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан салт- дәстүрлерімізді насихаттай отырып, оқу- тәрбие жұмысында осы қазынаның бар асылын бүгінгі ұрпақ бойына дарыта білсек, онда білім де, тәрбие де өз нәтижесін бермек.
Әдебиет
- Кажығалиева Ж. Ұлттық құндылықтар — рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі. «Өзін-өзі танудағы озат тәжірибе және педагогикалық шеберлік» Халықаралық ғылыми-тәжірибе конференциясының материалдары. 28-29 сәуір, 2010. Арқалық қаласы.
- Жарықбаев Қ.Б. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі.—Алматы.: 2002.
- Нұртазин Т. Қазақ ұлттық ойындары. —Алматы.: 2001. 148б.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде. «Қазақстан — ХХ1 ғасыр» —Астана.: 2009.
- Абай. Шығармалар. —Алматы.: «Мөр» баспасы.2004.- 445 б.