Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Рухани-адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу

Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе орта арнаулы оқу орындарындағы студенттердің рухани дамыту, соның ішінде менің тоқталатыным кәсіптік білім беруде студенттердің имандылық тәрбиесін қалыптастыру.

Кәсіптік білім беру оқу орындарында студенттердің өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіруге тәрбиелеу маңызды шара.

Рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту үшін балалардың бойына кішкентай кезінен бастап ең маңызды адамдық сапаларды, жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру қажет.

Абай-ұлттың атасы, рухани әкесі: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп және хак жолы осы деп әділетті»-деген асыл қасиетті қастерлеумен бұл дүниеден өтті. Осы қасиеті оны халқына қамқор, ұлтына жанашыр болуымен қатар, күллі адамзатқа мейірбан гуманистік өреге көтеріп, әлемдік сана деңгейіне жетеледі.

Рухани бай адам ең алдымен ең әділ, мейірімді және қанағатшыл болады.

Тұлғаның бай руханилық санасы-өмірдің мәнін сезінуге, өзінің өмірдегі орнын табуға, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсінуге, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезінуге, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындауға сара жол ашады.

Жас ұрпаққа рухани тәрбие, білім беру адам дамуының рухани үйлесімділігін, өмірдің құндылықтарын түсінуге, өзін қоршаған ортамен

үйлесімдікте ұстай білуге, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етуге көмектесеміз.

Рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын тұлға бойына сіңіреді.

Жеке тұлғаның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге рухани көзқарас қалыптастырамыз.

Жас ұрпақ бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды \руханилық, адамгершілік, қаырымдылық және т б\ сіңіру-тәрбиенің басты мақсаттарының бірі.

Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы-руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап жетілдіруге ұмтылады.

Жеке тұлғаның іс-әрекеті мен тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын, өмірлік ұстанымының беріктігін анықтайтын, адамзатқа, қоғамға, идеологияға, саясатқа, имандылыққа, білімге, ғылымға, өнерге қатысты өзі терең түсініпқабылдаған және өзінің іс-әрекетін, тұрмыс-тіршілігін солардың негізінде құрған идеялардың жиынтығына сенім де тұлғаның дүниетанымын кеңейте түседі. Адамның көзқарасы оның ішкі сеніміне айналған жағдайда ғана оның дүниетанымы, қоршаған ортаға деген қатынасы қалыптасты деуге болады.

Тұлғаның меңгерген білімі оның өмірдегі атқаратын барлық істеріне, қоғамда, отбасында өзін ұстауға ұмтылдыратын түрткі дәрежесіне дейін көтеріледі. Ерік-жігері, сенімі қалыптасқан жағдайда сол армандарына жету жолында әрекеттер жасайды.Осы әрекеттердің барысында өзінің мақсат еткен идеалына байланысты адамда құндылықтар дүниесі қалыптасады.

Құндылықтар дүниесі-жеке тұлғаның дүниетанымына негізделген іс- әрекет пен тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын, өмірлік ұстанымының беріктігін анықтайтын, адамзатқа, қоғамға, идеологияға, саясатқа, имандылыққа, білімге, ғылымға, өнерге қатысты, өзі терең түсініп қабылдаған, ішкі және сыртқы әсерлерге байланысты адам бойында қалыптасқан, биік мақсат көздеген ізгі қасиеттердің өмір сүру барысындағы көрінісі деп тұжырымдауға болады.

Қазақ қоғамының өмір сүру салтында рухани құндылықтарды жоғары бағалау, өскелең ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған.

Белгілі философ Н.Бердяев: «Рух-сүйіспеншілікте, қайырымдылықта, жанашырлықта, әділеттілікте, шығармашылықта, еркіндікте, борышта т.б көрініс табады » деген.

Еліміздің егемендігін алып, әлеуметтік өмірдегі салауаттандыру мақсатындағы жұмыстың бір қыры ұлтымыздың ғасырлар бойы кәдесіне жарап келген тәлім-тәрбие мазмұнын, қазіргі жастарды оқыту мен тәрбиелеуде пайдалана білу қажеттігін анықтайды.

Тәрбиелеу мен оқыту процесінде ұлттық тәрбиенің алатын орны ерекше.

Ұлттық тәрбие-тұлғаның тілін құрметтеуге, дінін қастерлеуге, ділін қалыптастыруға, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге бейімдеуге, ұлттық, құндылық қасиеттерін үйренуге, бүгінгі күн талабындағы жетістіктерді нақты жағдайда пайдалануға үйрететін теориялық сипаттағы ғылым.

Ұлттық тәрбиені оқыту барысында ұлттық қадір-қасиеттерді қалыптастыруда діни білім негізін оқыту негізгі факторларының бірі ретінде қызмет етеді.

Дін дегеніміз-тәнге дәрі, жанға шипа. Ол ең алдымен имандылыққа бастау алса, оның негізі тәртіптілікпен жалғасып жатады

Ұлттық тәрбиені салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты дәріптеп оқыту арқылы білім алушының бойына күнделікті өмір тұрғысындағы тәрбие нақыштарының сан белесінен хабардар етеміз. Сол дәстүр нақыштарымен, әдет-ғұрыптардың бүгінгі таңдағы рөлін айқындай отырып, жастардың халық үрдістеріне деген сүйіспеншілігін оятуды мақсат етуді негіздейміз. Жалпы, салт-дәстүр, әдет- ғұрып адам психологиясымен етене байланысып, замана жаңаруына сай өзгеріп отыратын құбылыс.

Ұлттық салт-дәстүрлер адамның дүниетану көзқарасын қалыптастырады.

Тұлғаның ұлттық ерекшеліктерін айқындайтын қасиетінің- діл .

Діл дегеніміз-тұлғаның ұлттық ерекшелігі, мінез-құлық сипаты, мәдениеті, қоршаған ортасын айқын тануы, ортаға сай келбеті, мінез-құлық ерекшелігі.

Ұлттық ділді дәріптеп оқыту барысында өз ұрпағымызға және кез -келген өзге біздің елде мекендейтін ұлттардың сүйіспеншілігін қалыптастырарымыз анық.

Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып табылады.

Ата-ана өз баласын өнегелі сөзбен, жеке басының үлгісімен тәрбиелейді.

Қазақ отбасында тәрбие басы, біріншіден, әдептілікке үйретуді көздеген, әке-шеше баласына «әдепті бол»дегенді басты міндет етіп қойған.Екіншіден, олар баланы қайырымды, иман жүзді, мейірімді болуға тәрбиелеген.

Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулыған. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден, өнегелі ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін тыңдап, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол, дегенді, бойларына біртіндеп сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы силап құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған.

Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол, әсіресе каріп кісілердің табиғи кемдігін мұрны пұшық, көзі қисық т б бетіне баспа деп үйреткен.Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді ерінбей, жалықпай айтып қоймай, жеке өнегелер арқылы көрсетіп отырған. Сөзімді қорытындылай келе, айтарым, ұлттық тәрбие - тәрбиенің қайнар көзі, оны өз сабақтарымда негізге аламын, мақсатым: тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын жаңа қоғамға лайықты етіп тәрбиелеу, оның дүниетанымын, көзқарасын, ақыл-ойын қалыптастыру, бар күш-жігерін туған жері мен елі үшін жұмсауға үйрету, туған тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен дінін қадірлеуге баулуды басты міндетім деп санаймын.

Келешегіміздің діңгегі білімді де тәрбиелі жастар. Сондықтан тәрбие мәселесін білім беру жолында нақтылап өз деңгейінде қоя біліп, басты назарда ұстайық ағайын-туыстар!

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ш. Құдайбердіұлы «Үш анық» Алматы1991ж
  2. М. Арын «Бес анық» Алматы Арыс 1996ж
  3. Сейтбеков С. «Имандылық негіздері»Алматы, Қаскелен-Б 2008 -376б
  4. М.М Бахтин. «Жеке тұлға туралы»
  5. Білім журналы 2010ж №2,3,5

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.