Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Төрт түлік малға қатысты салт-дәстүрдегі ұлттық-мәдени сипаттағы фразеологизмдер.(А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармалары бойынша)

Қазіргі тіл білімі тілді адамның танымымен, соның негізінде тілдік деректерді тілдік тұлғамен, олар өмір сүрген ұжыммен, ортамен тығыз байланыста зерттеуде. Осымен байланысты сол тілде сөйлеуші халықтың тілдік құбылыстарының көріністерін, тілдік бірліктерді тіл-этнос-мәдениет деп қарастыру қажеттігі туындап отыр. Тіліміздегі сөздер арқылы айналадағы қоршаған заттар мен құбылыстарға тілдік тұрғыдан баға беру, сипаттау арқылы сол халықтың менталитетін, көзқарасын, дүниетанымын аңғартады. Ол тілдік бірліктер сол ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа қалдырылған материалдық және рухани мәдениетінде ғана сақталған.

Қазақ тіліндегі сөз тіркестері ғана емес ана тілінің сөздік қоры байлығының көрсеткіші ретінде ұлт мәдениетін немесе ұлт тарихын, халықтың қоғамдық өмірінде бейнелеп, танытады. Осындай халық мәдениетінің бір бөлшегі салт- дәстүрлердегі ақпарат.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып қоғамдағы әлеуметтік қатынас түрлерін, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының маңызды формаларын, тәрбие талаптарының негізін құрап, сонымен бірге қоғамның мәдени деңгейін көрсетеді. Жер жүзіндегі әрбір халықтың, ұлыстың өзіне ғана тән салт- дәстүрлері, әдет-ғұрыптары бар. Салт-дәстүрлер - халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, рухани байлығы. Әрбір халықтың өзіндік ерекшеліктері олардың салт-дәстүрлерінен көрінеді. Сонымен бірге салт-дәстүр өзгермейтін нәрсе емес, ол да қоғам дамуына сәйкес көнеріп, жаңарып, жаңғырып, одан дамытып отырады.

Әдет ғұрпы жоқ, салт-дәстүрі жоқ халық болмайды. Салт-сана тарихи негізде қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын, адамдардың бәріне бірдей тәртіп пен этикет (әдеп, инабат) нормасы болып табылады және оның өзінің табиғаты жағынан барынша ұлттық, халықтық сипаты болады. Олай болса, халықтық дәстүр жалпы адамзаттық өркениетке ұлттың сипатымен үлес қосады.

“Құлаққа ұрған танадай“ тұрақты тіркесінің де қалыптасу уәжі қазақ халқының малға қатысты тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Осы тұрақты тіркестің қалыптасу уәжі мынадай дерек арқылы түсіндіріледі. “сиырдың жас тілінде “айналшық”деген дерт болды. Оны ғылыми түрде “ценнуроз“ деп атайды. Олай ауырған мал сенделіп, тұрған жерінде айнала береді. Ертеде қазақтар ауырған малды жұдырықпен құлаққа қатты соғу арқылы жазған, сонда есеңгіреп қалған төл, аздан кейін шөп жеп, су іше бастайды [1,81]. Қазақтың тып-тыныш халді “Құлаққа ұрған танадай” деуі содан болса керек. Яғни, о баста мал емдеудің бір тәсілі болған құлаққа ұру, кейін уақыт өте келебастапқы мәні ұмыт болып, тек тұрақты тіркес түрінде тілде орын алса керек. ҚТФС-да “Құлаққа ұрған танадай“ тұрақты тіркесінің тып-тыныш, жым-жырт” мағынасы ғана берілгенін жоғарыда айттық, әйтсе де, кейде көркем әдебиетте осы тіркестің есеңгіреп қалу деген нұсқасы да қолданылады. Мысалы: танк құлаққа ұрған танадай есеңгіреп сырт тоқтап қалды. (М.Момышұлы). Біздіңше, құлаққа ұрған танадай тіркесінің ең негізгі мағынасы- есеңгіреу. Бұл мағына ең алдымен теңеу мәнінде қалыптасқан. Акад. Ә.Қайдар да бұл тіркестің мәңгіру деген мағына беретінін айтады. Есеңгіреу мен мәңгіру өзара мәндес сөздер.Ал тілімізде полисемиялық құбылыстың нышаны ретінде жалғаса туған “тыныштық, жым-жырт“деген мағынасы жиі қолданылады. Сонда бұл тіркестің екі мағынасы бар: бірі-есеңгіреу, екіншісі-жым-жырт тыныштық.

Сол сияқты тіліміздегі бастан құлақ садаға, ат арылту, делбе болған жылқыдай, айналшық жегендей т.б. сияқты тұрақты тіркестердің де уәждері халықтың мал шаруашылығының негізінде қалыптасқан тұрақты тіркестер.

Қазақ халқы ұжымдық, қоғамдық мәні бар және жеке отбасы тұрмысындағы маңызды оқиғаларды салтанатты түрде атап өтуді әдетке айналдырып, көне замандардан бері өзінің салт-дәстүрін, жол-жоралғыларын, ғұрыптық рәсімдерін қалыптастырып, оларды қоғамдық тұрмыс елегінен өткізіп, сұрыптап келді. Әдет-ғұрып, дәстүр адамдардың қоғамға, өзін қоршаған әлемге көзқарасына этикеттік нормаларына әсер етіп отырады. Салт-дәстүр қандай да бір халықтың мәдени даму дәрежесін,психикалық ерекшеліктерін көрсететін қасиетіне байланысты оны басқа халықтан айырып танитын белгілерге айналады. «Әр елдің салты басқа, иттері кара қасқа» деген мақал салт- дәстүрдің осындай қасиетіне орай қалыптасса керек. Сонымен бірге салт- дәстүрден адамдар өзінің өзгелерден айырмашылығын, жеке басын танып біледі. Өйткені, мұнда жеке адамның айналадағы заттарға, табиғат құбылыстарына қатынасындағы ұлттық және кәсіби өзгешеліктер көрініс табады. Мәселен, қазақта қойдың басын сыйлы қонақ ретінде ер адамға ұсынса, қырғыз халқында бас әйелге тартылады. Мұндай мысалдар өте көп.

Қазақ халқындағы салт-дәстүрдің атқаратын қызметі сан-салалы. Салт- дәстүр адамдар арасындағы тұрақтылықты ретке келтіріп отыру, шектеушілік, жақындастыру, ұжымдастыру, ақпараттық, жеке адамдардың жан дүниесіне жағымды әсер етіп, қуанышқа бөлеу, әлеуметтік, психологиялық ахуалды жақсарту, әлеуметтік іс-әрекеттерді ретке келтіріп, тәртіпке түсіру т.б. қызмет атқарады.

Қоғамдық қатынастардың тұрақтылығын реттеп отыру - салт-дәстүрдің ең маңызды қызметі болып саналады. Өйткені, әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың тұрақтылығы болмаса, даму да жоқ. Демек, дәстүрсіз, салт- санасыз қоғамдық қатынастардың қалыптасуы да, өзгеріп дамуы да мүмкін емес.

Салт-дәстүрдің шектеушілік қызметі адамдардың әдет-ғұрып, жол-жора талаптарын орындауға міндеттілігінен көрінеді. Адамдар дәстүрді қажетсінгендіктен, оны сақтауға мүдделі болады. Демек, дәстүр адамдарды біріктіреді, әрі сол бірліктің ыдырамауын қамтамасыз ету тетігі болып саналады.

Дәстүрдің адамадарды жақындастыру, топтастыру қызметі оның әлеуметтік бірлікті қалыптастырудың қүралы және үйытқысы, бүлжымас қағидасы сипатында көрінетіндігімен анықталады. Бұған нақты мысал ретінде рулық қауымдастықтарды, олардың ауызбірлігін, түтастықтарын сақтауға ұмтылушылығын айтуға болады. Халық дәстүрлері ақпараттық қызмет атқарады. «Ол әлеуметтік ақпардың жиналуының, сақталуының және басқаларға берілуінің өзгеше қүралы рөлін де атқарады. Ақпараттар дәстүр арқылы екшеленіп, қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның арқасында ғасырдан-ғасырға жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жаңа ұрпақтары өзара қарым-қатынас нормаларын қайтадан жасап, қалыптастырып, әуреленіп жатпайды. Өздеріне дейін түзілген қоғамдасып өмір сүрудің дайын жүйесін, яғни бұрыннан қалған жол жосынды басшылыққа алады. Дәстүрде жинақталған ақпарлар арқылы ата-бабадан қалған материалдық және рухани мәдениетке ие, мұрагер болады. Мысалы, халқымыздың «Ата салған жол бар, ене пішкен тон бар», «Ата көрген оқ жонар, ене көрген тон пішер», - деуінің мәні бұрынғыдан қалған жол-жосын, әдет-салттың басшылыққа алынуға міндеттілігін білдіреді [2, 20].

Салт-дәстүрлер әлеуметтік іс-әрекетті ретке келтіретін, тәртіпке түсіретін тетіктердің бірі ретінде жеке адамға қандай қажет болса, қоғам үшін де сондай маңызға ие. Өйткені, олар адамдардың бүкіл іс-қимылын үйлестіріп, тұрмысын жақсартады, өмірлеріне жарастық береді, адамның өз міндетіне жауапкершілікпен қарауына әсер етіп, этикет талаптарын аяулы қасиеттер ретінде бойына сіңіреді.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерде ежелден келе жатқан сабақтастық та, тарихи аралас-құраластық та, ұзақ көршілес отырғандықтан болатын ауыс - түйістер де, сондай-ақ халықтың өзіне ғана тән, басқа жұртқа ерсілеу көрінетіндері де болады. Ұлттық менталитетімізді, мәдениетімізді, имандылығымызды сақтап келген салт-дәстүрлер қазақ қоғамының қажеттері негізінде пайда болып, өзіндік белгі сипаттары арқылы қоғамды, үжымды қүрайтын жеке түлғаларды біріктірудің, үжымдастырудың қуатты қүралы қызметін атқарған. Қазақ халқы да басқа үлт өкілдері секілді дүниетанымдық көзқарасын, салт-дәстүрін т.б. тілінде түйіндеген. Оларды түтас қүрылым жүйесінде анықтап сақтаған, халық өмірінің, мәдениетінің бейнесі немесе «дүниенің тілдік бейнесі» деп сипаттауға болады. Әр этностың өмір сүру сипаты үлттың рухани ерекшеліктерімен анықталуы арқылы ана тілінде сақталады. Себебі, тілде әр үлттың өзіндік ойлау үғымдарын сипаттайтын лексика қалыптасады. Осыған орай салт-дәстүрлер атаулары рухани мәдениеттің мүрасын сақтап жеткізетін қүрал. Салт дәстүрге байланысты сөздер мен сөз тіркестері мәдени әрі тарихи ақпараттар көзі.

Қазақ фуанасының негізі - төрт түлік. Бүған халықтың ертеден бері келе жатқан ата кәсібі - мал шаруашылығы әсер етсе керек. Осыған байланысты халық танымында оларға қатысты символдық мән қалыптасқан. Мысалы, қазаққа ен даласын танытқан, оның шегі мен шексіздігін сездірген киелі жануар жылқы - күннің, қозғалыстың, түрақтылықтың символы, айрықша күш- қуаттың, күн нүрынан дарыған ғажайып қасиеттің иесі. Бүлардың ішінен төрт түлікті (олардың мифтік иесі - Ойсыл қара, Қамбар ата, Зеңгі баба, Шопан атамен Шекшек ата) тірі қазына деп ерекше бөліп айтқан. Бұндай тіркестерді А.Байтұрсыновтың шығармаларынан да кездестіруге болады:

Ғайып ерен, қырық шілтен

Ойсыл қара, зеңгі ата.

Жаны ашыған ағайын. [3. 127]

Ойсыл қара – түйенің пірі [ҚТТС 626]. Зеңгі ата – сиыр малының пірі [ҚТТС 344].

«Түйе» малы қазақтар өмірінде бірнеше ұғымдық коннотацияны қалыптастырған. Ол ұғымдар бір күн немесе бір жылдың ішінде тумайды. Көп уақыт өте келе, салыстырмалы ұғым дами келе, адамдар әбден танып білген соң, ұқсату заңдылығымен метафора арқылы балама ойын екінші атаумен жарыққа шығарады. Түйе малының көзі қазақтар түйені тұрақты тіркес жасауға эталон, символ ретінде қабылдаған. Түйеге мінген адам әдетте биіктеу отырады. Ебедейсіз адам қай жерде жүрсе де ебедейсіз.

  • Түйе үстінен сирақ үйтіп; түйе үстінен ит кµпкµн - ебедейсіз, болбыр адам
  • Бір күн бие, бір күн түйе - жағымсыз мінез
  • Сөзі түйеДен түскенДей - дөрекі сөз.
  • Түйенің тұяғы түскен жер - алыс, қашықтық
  • Түйенің жарты етінДей - шектен тыс семіздік
  • Қуырдақтың көкесін түйе сойғанДа көресің; ақ түйенің қарны жарылу - молшылық

үстінен түйе жүріп өтсе де - маубас, момындық т.б. Тілімізде парақор, жемқор адамдар туралы түйені түгімен, биені бүгімен жұтқан тіркесі бар. Мұндай тіркестерді Міржақып Дулатов өлеңдерінен де кездестіруге болады. Мысалы:

Түйені түгіменен жұтысады,

Харамнан нәфсі тыйып бір қашпаған. [4,45]

Адамның қасиеттері көбінесе малға қарасты, мал бойында кездесетін қасиеттерге ұқсатылған. Бұған қарағанда төрт түлік мал, әсіресе, адамның ішкі жан дүниесі, бір-біріне деген көзқарасы сияқты адамдық қасиет мінез-құлық, жүріс-тұрыс ертеңнен қара кешке дейін малмен көз ашқан ұлттың мәдени тіршілігінде осындай ұлттық мәдени элементтер мен оның семантикалық қырларынан көрінуі заңды. Өйткені фразеологизмдердегі образдылық адамның дүниетаным ерекшелігіне байланысты. Ұлт менталитетіне тән кейбір қасиеттер тек бір сөзбен ғана тілде берілуі мүмкін емес жағдай. Маубас, момын, жуас деп жүз жерден жазып, қақсағанмен, бұл ұғым образды жеткізілмесе, қой аузынан шөп алмас - Жуас үстінен түйе жүріп тсе де былқ етпейді маубас бейнесін есте қаларлықтай етіп суреттеуде тек фразеологизмдер көркемдік тәсіл ретінде көмекке келеді.

Ал қой - қазақ үшін бейбітшілік, тыныштық, үндестік символы.Осы түлікке байланысты семіздікті қой ғана көтереді, қойдан жуас, қой аузынан шөп алмас, қойдай қоңыр т.б. тілдік оралымдар қойдың жуас та биязы мінез-құлқын талдап, сол мінездің қазақ үшін қасиеттілігінен қалыптасса керек. Мысалы: Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап,

Зорлықты бұрын көрген ұмытарға [4,48].

Осындағы қой үстіне бозторғай жұмыртқалап тіркесі тыныштық, бейітшілік заман орнады. [ҚТФС 341] дегенді білдіреді. Ақын осы сөз орамдары арқылы бейбітшілік заманды, халықтың тыныштықта өмір сүруін арман еткен ой толғаныстарын жеткізген.

Мысалы қара халық үріккен қойдай,

Бақпаса кетпеуші ме еді қасқыр тоймай? [4, 46].

Осындағы ақынның үріккен қойдай-деп суреттеуі өзіндік қазақ ұлтының ғұрыптары мен көріністері бейнеленген сөздің ішкі формаларын аңғартатын сөз үлгілері арқылы оған өзіндік қазақы тілдік бейнесін береді.

Қой-ешкі түлігіне қатысты атаулардың бейнелік (символдық) мәндері.

Қазақ тіліндегі қой,ешкі түлігіне қатысты атаулардың мәні мен мағыналарын ашу үшін тілдік деректермен бірге этнографиялық, фольклорлық және тарихи- мәдени мәліметтерді пайдаланамыз. Осы түлікке қатысты атауларды тек қана жай тілдік фактілер деп қарамай, бұларды халқымыздың өзіңдік рухани болмысы мен мәдени байлығының белгісі, көріністері деп түсінеміз. Сол себепті бұл тарауда тіліміздегі қой-ешкі түлігі атауларының қалыптасуын халқымыздың наным-сенімдерімен сабақтастырамыз.

Солардың бірі халық арасына кең тараған аңыз бойынша жер бетін топан су қаптаған кезде Нұх пайғамбар өз кемесінде әрбір хайуан түрінен бір-бірден сақтап, осы күнгі жан-жануарлар содан тарапты-мыс. Бұдан басқа да мал түліктері табиғат құбылыстарынан жаралды деген мифтік нанымдар болған. Халық түсінігі бойынша әр түліктің өзіне тән "пірі". «қамқоршысы" бар. Мысалы Шопан ата, Сексек ата және т.б. Әрине, бұлар халық қиялы тудырған мифтік тұлғалар десекте, кейбір пірлер бір кездерде өмір сүрген адамдар болуы мүмкін. Мәселен, Маңқыстау облысында қошқар ата, шопан ата зираттары бар және олар осы күнге дейін сақталған. Мал түліктерінің пірлері мифтік болса да, бертін келе халық арасында өмір сүрген адамдарға, ауысып халық бұл адамдарды пір санап, әулие тұтуы мүмкін.

Шопан ата - қазақ халқының, ерте кездегі түсінігі бойынша қой түлігінің пірі, иесі әрі сақтаушысы. Тілімізде шопан сөзінің, Шопан атамен, осы түліктің атауы арасында логикалық байланыс бар сияқты. Шопан - қой бағатын кісі, қойшы. Ал ертедегі түркі жазба ескерткіштерінен шопан, Шопан ата атауларын кездестіре алмадық. Осыған қарағанда түркі тілдеріндегі шопан сөзі жүйесі басқа тілден кейінгі кездерде ауысып, қалыптасқан сиякты.

Қазақ тіліндегі шопан сөзінің парсы тіліндегі "шопанмен" тұлғаластығы байқалып тұр, "Шабан " сөзінің білдіретін мағынасы мал бағушылық, мал жаюшылық деп түсіндіріледі [5,162 б.]. Кейін келе мал бағушы адамға берілетен осы атау, әсіресе қой мен ешкіні күтіп, жаюшыларға меншіктеліп, қазақ тілінде "шопан ата"- төрт түлік мал ішінде қой мен ешкінің пірі, қасиетті иесі болып қалыптасқан сияқты.

Ал "Сексек ата" жөнінде деректер аз. Қазақ тілінде Сексек ата немесе Шекшек тұлғасында да қолданыла береді. Орфографияық сөздікте "Шекшек ата "деп берілген. Аталмыш сөздің шығу төркіні, ешкіні шақырудағы қараша сөздермен немесе сегіз сан есімімен байланысты тәрізді.

Міне осы мысалдардан ұлттық мінез, ұлттық көзқарасты халқымыздың қастерлі қасиетін, тек пен сіңіп, сүтпен дарыған замандардан заманға жалғасын тапқан ұлттық нақышы басым фразеологиялық тіркестерден ұлттық әлемнің тұтас бейнесі сақталғанын көреміз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұқанов С. Қазақ қауымы. Алматы: 1995.-81 б.
  2. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері. Оқу құралы. – Алматы: Рауан, 1998. – 20 б.
  3. Байтұрсынов А. Б.20 Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – (Құрастырушылар: Шәріпов Ә., Дәуітов С) Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
  4. Дулатұлы М. Шығармалары. Алматы 1996.- 250 б.
  5. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы, 1971. – 340 б.
  6. Кеңесбаев І.К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, «Ғылым» баспасы, 1997-712 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.