М.Сакеновтің «Электр энергетикасын реформалау» мақаласында автор жазады: ««KEGOK» компаниясының болжамдары бойынша Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 2010 жылға қарай 75-82 миллиард кВт^сағ жетеді, ал 2015 жылға қарай 86-95миллиард кВтхағ жетеді».
Бүгін республикада жалпы белгіленген қуаты 18 миллион кВт-сағ құрайтын 71 электр станциялары жұмыс істейді, электр тұтыну өсуін жабу үшін, 2015 жылға дейін жұмыс істеп тұрған электр станциялары мен жаңадан салынған станциялармен 2002 жыл деңгейімен салыстырғанда өндірісті 1,5-1,65 есе арттыру керек. Бірақ мынадай тұтыну болжамдарында жұмыс істеп тұрған электр станциялар қоры 58 % құрайды, сонымен қатар саладағы негізгі қордың тозуы 70-75 % құрайды [ 1] .
Жүргізілген модерлендіруге қарамастан, қорлардың ескіруі мәселесі электр станциялардың сату бағаларының біртіндеп өсуімен қоса жүреді.
Маңызды инвестициялық қор алу мүмкіндігі соңғы тұтынушылар үшін бағаға «мәжбүрлеп» қосу есебінен электр энергетикасы кәсіпорынын жеке инвесторлар іздеу қажеттігінен босатады, тиімді жобаларды іріктеу талабын төмендетеді. Сонымен қатар, электр энергетикасын баға арқылы қаржыландыру бүкіл инвестициялық қауіп қатерді, электр энергиясын тұтынушыларға артады, өндірісті модерлендіру бойынша өз мүмкіндіктерін қысқартады, электр үнемдеуді болдырмайды.
Энергия жүйенің құралдарының моральды және физикалық маңызды тозуының қолайсыз тенденциялары, электр тұтыну құрылымының өзгерісі, энергия үнемдеу технологияларының болмауы, қоршаған ортаның ластануы осының барлығы энергетикалық кешен қызметіндегі күрделі мәселелердің қабаттасқанын дәлелдейді.
Барлық электр желілерінің жартысынан астамы электр энергиясын беруден оның пайдаланылуына қажет кіріс әкелмейді, бірақ міндетті техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді.
Активтердің тозуы энергетика жұмысын тиімді және сенімділігін арттыруда жоспарлардың жүзеге асуына ірі ақшалай қаражагтың салынуының пайдалылығын көрсетеді, оған құралдар қатарын алмастырумен қайта құру кіреді.
Сонымен қатар, энергияның меншікті көздерінің дамуына аймақтық қызығушылық жоқ.
Энергетикалық қауіпсіздік заңына сәйкес 25-30 % энергия тәуелсіз энергия көздерінен, энергиямен қамту жүйесінің өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін өндіріледі.
Электр энергетикасы жүйесінің өміршеңдігі деп факторлардың жиынтығы: қуаттар концентрациясы, энергетикалық байланыстар, қуаттар резерві, коммуникациялық резервтер, құралдар қоры, жүйе дайындығы, жүйе сенімділігі, құралдардың техникалық деңгейі, қорлардың тозуы, электрмен қамтуды қалпына келтіру тәсілдері, электр энергиясын жеткізу монополизациялары, қаржылық күйі.
Қазақстан Орталық Азиядағы булы газдар шығаратын ең ірі көзі болып табылады.
Қазақстан елді мекеніндегі әрбір жанға 16 тонна булы газдар шығарылады, бұл ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
Қазақстанның энергетикалық саласы қоршаған ортаны ластайтын көмір түріндегі алғашқы энергия қорлардың айтарлықтай санын тұтынады, сонымен қатар булы газдарды да (БГ). ҚР 88 % басқаратын қуатын жылу электр станциялары құрайды. Түтін газдарын тазалаудың ескі жүйесінде бұл кәсіпорындар қала атмосферасын айтарлықтай ластайды.
Экономика өсуімен және электр энергиясына, басқару қуатына сұраныстың өсуімен олардың бағасы өсуі арта береді.
Қостанай облысының тұтынушылары үшін (эксперттер болжауы бойынша) 2015 жылға 2009 жылға салыстырғанда 2,45 есе өседі, 22,45 теңгені құрайды. (сур. 1).
Қазақстан жаңғырмалы энергияның су, күн, жел және термальды энергия және т.б. түріндегі маңызды ресурстарға ие. Жылына желдік энергияның техникалық потенциалы – 820 бағаланады, ал экономикалық потенциалы – 336 млрд. кВт^сағ, бірақ бұл ресурстар қазіргі кезде толық түрде қолданылмайды.
Әртүрлі жаңғырмалы көздерден алынған электрмен қамту кезіндегі электр энергиясының құны дәстүрлі өндірілген электр энергиясы құнынан кем.
Жүргізілген зерттеулер желдік энергетика, әсіресе шалғайдағы жақсы және желдік жағдайлы жерлер үшін қазірдің өзінде электр энергиясының тиімді көзі болатынын көрсетеді. Жел электр станцияларының артықшылығы болып, су және жылу электр станцияларымен салыстырғанда құрылысының қысқа мерзімде салынуы болып табылады [ 2].
Қостанай облысында күн энергиясын қолдану келесі деректер көрсетеді:
- күн радиациясының тығыздығының орташа шамасы ашық күнде - 315,9 Вт/м2 сәйкес, бұлтты күні – 176,4 Вт/м2 (сур. 2) құрайды.
72
Шілдедегі бұлтсыз күнгі күн радиациясының жиынтығы құрайды:- көлденең бетке түскен максималь -845 Вт/м;
- - орташа тәуліктік – 329 Вт/м;
- тік бетке түскен максималь -784 Вт/м;
- орташа тәуліктік – 197 Вт/м.
Келтірілген есептер қанша жеке тұтынушы үшін де, сонша тұтынушыларды электрмен қамту қоры үшін де, электр энергиясын алуға күн энергиясын қолдану мүмкіндігін көретеді.
Солтүстік Қазақстанның бірден-бір ерекшелігі автономды энергиямен қамтамасыз етуге зәру біршама аз қуатты және айтарлықтай мөлшердегі объектілерді, электр энергиясын және басқа да отын қорын көптеген тұтынушылардың аймақтық бөлігімен сипатталатын дамыған ауыл шаруашылық өндірісі болып табылады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісі дәстүрлі емес және жаңғырмалы энергия көздерінің ірі тұтынушылары болады деп сендіруге болады [3]. Жел қондырғыларының келтірілген талдауы энергияны тұтынуда және алуда белгілі кестесіз немесе электр энергиясының түрлену және жиналу құрылғыларының үйлесімді пайдаланылуы тарбағытты сипатты иеленетінін көрсетті. Осының барлығы олардың тиімділігін, белгіленген қуатын пайдалану коэффициентін, сенімділігін және басқада көрсеткіштерін едәуір төмендетуге әкеп соқтырады.
Жинақталған біріңғай жүйеде жұмыс істейтін, дәстүрлі емес электр қондырғылары (жел, генератор қондырғылары) болып табылатын дәстүрлі
73
емес энергия жүйелерін құрудың келешегі зор. Бұл олардың тиімділігін әртүрлі энергия көздері мемлекеттік энергия жүйелері мен тұтынушылар арасындағы энергетикалық ағынды ұтымды тарату есебінен жоғарылатады. Сонымен қатар, дәстүрлі емес энергия жүйелері осы күнгі ауылдық электр берілу желілерінің инфрақұрылымын және трансформаторлық қосалқы станцияларды қолдана отырып, қуат «тапшылығын» төмендетуге мүмкіндік беретін Мемлекеттік энергия жүйелеріне артық қуат бере алады [4].
Осылайша, электр энергиясының жаңғырмалы көздерін қолдану, аймақтық энергиямен қамту мәселелерін аздап шешуі мүмкін, аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін жоғарылатады, отынды айтарлықтай үнемдеуге, атмосфераға зиянды қалдықтар санын азайтуға, шағын энергетика сферасында жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес кәсіпорындар мен ұйымдар құруға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Сакенов М. Реформирование электроэнергетики. Промышленность Казахстана. 5-2004. - 2021 с.
- Мак-Вейг Д. Применение солнечной энергии: перевод с англ. под ред. Б.В. Тарнижевского. - М. Энергоиздат, 1981. стр. 128-145.
- Д.Муканов, М.Ющенко, В. Эпиктетов. Учет энергетических ресурсов. Промышленность Казахстана, 12.2002 - 290 с.
- Н.Буктуков,А.Жакып, «Альтернатива атомной электростанции», Промышленность Казахстана, 12.2002 - 371 с.