Алматы қаласының жедел медициналық жəрдем станциясы жүмысының ти∣мд∣л∣г∣н бағалау

ТҮЙІН

Жедел медициналық жәрдемнің қалалық қызметі шұғыл госпитализацияланатын науқастар мен келіп түсетін қоңыраулар ағынының тұрақсыздық сипаты кадр қызметінің жетілдірілуін, көмек көрсетілім мерзімінің қысқартылуын, мамандандырылған медициналық қызметтің жақындастырылуының қажет екендігін айқындайды. Мақалада жедел және шұғыл медициналық жәрдемнің желілік бригада стансаларының дәрігерлері мен орта медициналық қызметшілердің жұмыс тәжірибесі мен категорияландыру талдауы жасалған

Денсаулық сақтау жүйесінің даму үрдісі біздің мемлекетіміз үшін стратегиялық тапсырма болып қалуда. ҚР-ның Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясында халық денсаулығының приоритеттік бағыт және мемлекеттің XXI ғасырдағы саясаты екендігі мойындалды. Оның орындалу негізіне ҚР- ның ДСМ-мен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі жасалды, сонымен қатар жедел және шұғыл медициналық көмек қызметінің негізгі даму бағыттары анықталған ҚР-ның денсаулық сақтауды дамыту және реформалаудың Мемлекетт¡к бағдарламасы құрылды және жедел медициналық көмек көрсететін ұйымдардың дербестігі қарастырылған [1,2,3]

ҚР-да жылдан жылға ЖМЖ-ге жүгіну саны күн санып артып келуде. Жыл сайынғы өсу 3,4% құрайды. Жүгінушілердің жартысы профильді емес науқастар: жедел медициналық көмек 25% созылмалы ауруы бар науқастарға көретіледі, амбулаторлық-емханалық бөлімше жұмысының сағат 8.00-ден 18.00-ға дейінгі кезеңдегі шақыртулар 45%-ды құрайды. Жастық көрсеткіштер бойынша шақыртулардың 40%-ға жуығын қарт адамдар қамтыған [4].

Қалалық жедел медициналық көмек қызметінің сипаттамасына шақыртулардың және науқастарды госпитализациялау ағымының тұрақсыздығы жатады. Бірақга, бұған қарамастан госпиталға дейінгі және госпиталдық этап- та шұғыл медициналық көмектің ең негізгі қағидалары сақталу керек: көмек көрсету уақытының минимизациясы, мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі және қажетті қабылдап алумен қамтамысыз ету [5, 6]. Жедел медициналық жәрдемнің инновациялық техноло- гиялармен, қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықгалуы, мамандандырылған медициналық кадрлар санының оптимальді болуы кенеттен пайда болатын аурулардың және қайғылы жағдайлардың әсерінен болатын халықтың өлім көрсеткішінің азда болса төмендеуіне алып келеді.

Біздің зерттеу әдістемелік базамыз жедел және шұғыл медициналық көмек қызметі жұмысын жүйелік талдауға негізделген. Сәйкесінше ұйымдастырушылық ерекшелігінің кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін қызметті белгілейді, нәтижесінде науқастармен зардап шегушілерге шұғыл көмек көрсетудің артықшылығын қамтамасыз етеді (1 кесте).

1 кесте

Көрсетілген мәліметтер кадр ағымдылығының жоғарлағанын кəрсетед¡‚оньщ негізгі себебі

шақырту бригадалар қызыметкерлерінің физикалық жəне психоэмоционалдық медициналық жүктемелерінің жоғарлауымен сәйкес.

Осы мақсатпен қазіргі заманда денсаулық сақтаудың үш негізгі звеносы ЖМК пен амбулаториялық-емханалық, стационарнық мекемедегі қызметкерлердің жұмыстарын бағалау үшін әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Анкеталық сұрастыруда 130медициналық жұмыскер қатысты, оның ішінде 70 дәрігер мен 60 фельдшер болды. ЖМК бригадасын респонденттер бойынша бөлуді 2 кестеде көрсетілген. Дәрігерлер құрамында бойынша респонденттерді қарастырғанымызда, реанимациялық бригада - 15,7±4,35%, БИТ - 15,7±4,35%, тізбектік дәрігер - 30,0±5,48% жəне педиатр - 7,2±3,07% үлесін құрайды. Фельдшерлер арасында: реанимациялық бригада - 21,7±5,32 %, БИТ - 31,7±6,01 %, тізбектік дәрігер- 21,6±5,32% жəне фельдшерлер - 25,0±5,59% санын құрады.

Әлеуметтік зерттеудің нәтижесі бойынша жалпы медициналық жұмысының біліктілік тәжірибесі 20жыл болған дәрігерлер 10% және 5% көрсетсе, 15-20жыл - 17,1 % дәрігер, 8,3% фельдшерлер, 5-15жыл - 27,2% және 20,1% сәйкесінше (Зкесте). Жұмыс стажы 3-5жыл не- месе Зжыл бар фельдшер, орташа мамандық бойынша негізгі респонденттердің үлесі- 33,3%. Дәрігерлердің максималды үлесі жалпы медициналық тәжірибелік біліктілігі Зжылы бар жас мамандар үлесі (28,6%) құрады.

Жедел медициналық көмектің біліктілік тәжірибесіне сәйкес респонденттерді таралуы (4κecτe). Жедел медициналық қызметінің Зжыл біліктілігі бар негізгі мамандар үлесі (сәйкесінше 32,8% и 36,6%).

Қорыта келе, ЖМК көрсететін көмегінің сапасының төмендеуі де респонденттер- мен бағаланады, оның негізгі себептеріне медикаментоздық заттармен аз қамтылу деңгейі, техникалық құралдың аздығы, кад- рлар қамтылуының 65% дәрігер және 58% фельдшердің аздығы жатады. Медициналық персоналдың біліктіл ік деңгейінің жеткіліксізд ігін өзін-өзі бағалауы төмендігі 35,7±5,73% дәрігерлер мен 10,0±3,87% фельдшерлердің жұмысының сапасына эсер етеді.

 

Әдебиеттер

  1. Аканов А., ТулебаевК. Советское здравоохранение: уроки на будущее // Исторический опыт и пути развития здравоохранения Казахстана. - Алматы, 2003. - С. 12-19.
  2. СулейменоваБ. А., ДубицкийА.А. К вопросу о деонтологии в практике врача скорой медицинской помощи И Здравоохранение Казахстана. - 1999. - №9-10 - С. 2-3.
  3. Основы организации экстренной специализированной медицинской помощи ⁄ под ред. Б. Д. Комарова. - M.: Медицина. - 1986. - 272с.
  4. RyanT.J., Anderson J. L., Antman Е. М. еţ а∣. АСС/АНА Guidelines for the Management of Patients With Acute Myocardial Infarction. A Report of the American College of CardioIogyZAmerican Heart Association Task Force on Practice Guidelines (Committee on Management of Acute Myocardial Infarction. - J.Am.Coll.Cardiol. - 1996. - №28. - P. 1328-1428.
  5. MuIIinsR. J., VeumStoneJ., HeIfandM. et al. (1994) Outcome of hospitalized injured patients after institution of a trauma system in an urban area, Journal OftheAmerican MedicaIAssociation, 271:1919-24.
Жыл: 2014
Қала: Алматы
Категория: Медицина