TYHlH
Денсаулық сақтау жүйесінде заманауи те×нологияларды енг¡зу тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін, сапасын жəне тиİмдİлİгíн көтерудің б¡рден-б¡р ажырамас бөлігі болып отыр. Инновация ұйымдастырудың мониторинг™ жүйесі төңірегінде болуы тиіс жəне денсаулық сақгау жүйесіне жаңа инновациялық әдістер мен те×нологияларды енгізу көрсеткіштеріне сәйкес сипатталуы керек.
äенсаульìĶ сақтау саласында 2010жылдың 29 қарашасындағы Мемлекет басшысының 1-2015жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудағы «Саламатты Қазакстан» Мемлекетгік бағдарламасы туралы»№ 1113 жарлығы бойынша, диагностикалық, емдеу, реабилитациялық жəне профилактикалық кемекті ұйымдастыру мен жүргізудің заманауи технологияларын енгізу негізінде басымды бағыттары ретінде медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасы туындап отыр∣ İ].
Денсаулық сақтау жүйесінде заманауи технологияларды енгізу түрғындарға керсетілетін медициналық көмектің деңгейін, сапасын жəне тиімділігін көтерудің бірден-бір ажырамас бөлігі болып отыр [2]. Демек, диагностикалық үдеріс пен жүргізіліп отырған емнің дүрыстығын бақылаудың эдістемелік шешімдері, яғни ғылыми, техникалык жəне дэстүрлі білімге негізделген денсаулық сақтаудың мэселелерін шешуге бағытталған жүйелі ic-əреĸеттер түбегейлі өзгереді [31.
Инновациялылық кез-келген елдің заманауи экономикасының ажырамас бөлігі болып отыр. Қазақстан сияқты елдің экономикасында инновация тек қуатты стратегиялық құрал ғана емес, бірқатар мағынада ендірістік күштердің тұрақты, таусылмас қүрамды бөлігі екендігі айқындалып отыр.
Экономиканың диверсификациясы мен модернизациясы, өнімдердің бэсекелестік түрлерін өндіругежағдайжасау мен экспорт деңгейін арттыру негізінде елдің түрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысымен 2003 ж. 17 мамырында № 1096 «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» қабылданды. Стратегияның күтілетін нэтижелері бойынша елімізде білім мен инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми жəне инновациялық саясатты жүргізу болып отыр, ол өз кезегінде адам, өндірістік жəне табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген экономика мен дснсаулық сақтаудың қүрылымында сапалы өзгерістер жүргізуге, оның түрақты өсуіне. Қазақстанның жаңа элеуметтік дамуы мен қоғамның қолайлы қалыптасуына ықпал етеді [4].
ҚР инновациялық кызметті мемлекеттік көтермелеудің дэлелі республикадағы инновациялық қызметті қүқықтық, экономикалық жəне ұйымдастырушылық негізде ынталандыруды жəне оны Мемлекеттік көтермелеу шараларын анықтайтын Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 23 наурызда №135 «Инновациялық қызметті Мемлекеттік көтермелеу туралы» Заңын қабылдау болды [5].
Бүгінгі таңда əлемдíк қауымдастықта Қазақстанды нарықтық экономикасы дамыған мемлекет ретінде мойындау алған деп, қабылдауға болады. Стратегиялық түрғыда республика, салаларды диверсификациялау мен сервистік-технологиялық экономикаға кешу мақсатындағы экономикасы ашық мемлекет ретінде қалыптасуда [6,7].
Сапалы түрде ретке келтірілген инновациялық үдеріс негізіндегі, мемлекеттік деңгейде көтермеленетін жəне нақты қалыптасқан инновациялық саясат болғанда ғана денсаулық сақтау саласында жоспарлы түрде реформалау жүргізуге мүмкіндік туады. Бүл жағдайда сапаны бағалау критерий ретінде жаңалықтарды енгізудегі экономикалық тиімділікті елшеу алынады [8,9].
Саланың ХХІғасырға, яғнижоғарғы технологиялар ғасырына аяқ басуы -заманауй жоғары технологиялық медициналық кемек түрлерін қалыптастырумен ерекшеленеді. Денсаулық сақтаудың дамуының заманауй аспектілерін қарастыра отырып, түрғындарға көрсетілетін медициналық көмек технологиясының артқандығын айту керек. Өткен ғасырдың соңында жүргізілген зерттеулер кардиология, онкология, акушерлік, пульмонология, эндокринология, фтизиатрия, неврология, ревмотология, хирургия, радиациалық медицина, фармакология, иммунологияда бірқатар жаңа, тиімді медициналық технологияларды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Инвазиялылығы аз хирургияны қолдануға байланысты хирургиялық жолмен емдеу спектрі де кеңейді.Денсаулық сақтаудың дамуында медициналық көмектің сапасы маңызды фактор болып табылады. Оның емдеу үйымдарының материалдықтехникалық жабдықталуымен, денсаулық сақтау саласының кадрлармен, ғылыми, ақпараттық жəне технологиялық қорлармен қамтамасыз етілетіндігі белгілі. Заманауй медициналық үйымдар кэсіптік, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған, жоғары мамандандырылған емдеу-диагностикалық жүмыстарды жүргізетін үйымдарға айналуы қажет. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа заманауй технологияларды енгізу барлық уақытта жоғары сапалы көрсеткіштерге қол жеткізетін (шектеулерге байланысты бүрын қол жетімсіз болған) кепілденген мүмкіндіктермен баламаланады [10]. Осы шаралар эрбір адамның, сонымен катар бүкіл қоғамның денсаулығын қорғау мен жақсартуға бағытталған. Қазіргі уақытта, шет елдік стандарттарға сəйкес инновациялар нарыққа енгізілген жаңа немесе жетілдірілген тауар; сондай-ақ тэжірибеде технологиялық үдерісте қолданылатын тауар ретінде инновациялық қызметтің соңғы нэтижесі түрінде анықталады. Инновация алдыңғы қызметке Караганда жоғары технологиялық деңгейімен жəне жаңа түгынушылық сапасымен сипатталады [11].
Қолданылып отырған багалąу эдістері алынған нəтиже мен жұмсалған шығынның немесе алынған тиімділік пен шығынныңқатынасына негізделген. Нəтиже мен шығынның қатынасы оның құны мен шынайы мөлшері түрінде көрсетілуі мүмкін [12].
Пациенттер медициналық қызметтің кең көлемін қажет ететін болса, медициналық қызметкерлер өз кезегінде заманауй, тиімді, бірақ сонымен бірге аз шығынды медициналық қызмет түріи көрсетуге талпынады.
Инновациялар үйымның мониторинг жүйесімен үнемі қадағаланып отыруы, яғни денсаулық сақтау жүйесіне енгізілген жаңа инновациялық эдістер мен технологиялардың сəйкес керсеткіштерімен сипатталуы қажет:
- клиникалық жəне диагностикалық тиімділігі дəлелденген прогрессивті медициналық технологиялардың енгізілуімен;
- үйымд астырушы лық, қаржы лықэкономикалық, ақпараттық, басқарушылық жəне басқа да сипаттағы жаңа инновациялық жобалар мен технологиялардың енгізілуімен;
- емдеу-профилактикалық үйымдарының құрылымында жаңа кішігірім технологиялық кэсіпорындардың қүрылуымен.
Инновацияларды қалыптастыру мен оны іске асыру үдерісі өндірістің мемлекеттік, салалық жəне басқа да деңгейлерінде жəне экономикалық қатынаста іске асырылады [13]. Кез-келген нақты жағдайда инновацияларды қалыптастыру жаңалығының масштабы, оны пайдаланатын жүйеге қатысты бағаланады. Бүл жағдайда инновациялар төмендегідей жіктеледі [14]:
- элемдік деңгейдегі инновациялар;
- мемлекет деңгейіндегі инновациялар;
- бір сала деңгейіндегі инновациялар;
- кəсíпорындагы инновациялар.
Инновация өндіріс аясы мен қоғамды басқару саласына енгíзуде экономикалык тиíмдí жəне əлеуметтíк, экологиялық тургыда мацызы зор болып табылатын зияткерлíк меншíкке жататын ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нəтижесí [5].
Соңғы жылдары мемлекеттік басқару үйымдары эртүрлі салаларда инновациялық технологияларды қүруға, енгізуге жəне олардың кең таралуын қамтамасыз ететін жаңа механизмдерді белсенді түрде қарастыруда. Осыған орай, медициналық инновацияларды жасау жəне енгізу қажеттілігі жоғары жəне келешекте оның көлемі арта түсетін салалық инновациялық саясатты қалыптастыру қажеттігі денсаулық сақтау саласында да туындап отыр.
Айта кету керек, қазірп кезенде жіберілген олқылықтардың орны толтырылып келе жатыр жəне де дамыған елдердің ағымында келе жатқан технологиялардың қол жетімділігі қамтамасыз етілуде.
Сонымен қатар денсаулық сақтау саласында инновацияларды енгізуге кедергі келтіретін түтас бірқатар елеулі факторлар бар [11-16]:
- медициналық инновацияларды дайындау, оларды денсаулық сақтау тэжірибесінде қолдану мүмкіндіктерімен үйлестірілмеген. Бүл жағдай олардың қажеттілігіне кедергі жасап, инновациялардың келесі кезектегілерінің туындауын қиындатады;
- біздің елде, қазіргі уақытта шет елдерде белсенді қолданыстағы медициналық инновациялық технологиялар туралы толық жəне ез уақытында таратылуы қажетақпарат жоқ;
- басқару жүйесінің жекелендірілуі (орталықсыздандырылуы) ғылыми-зерттеу, кадрларды дайындау жəне тəжɪрибелíк медицина жүйесінің бытыраңқылығының күшеюіне алып келді;
- ғылыми-зерттеу жəне сынақконструкторлық жүмыстарды жүргізу мен алынған нэтижені денсаулық сақтау тəжİриõесíнде қолдану үсыныстарын іске асыру арасында алшақтық байқалады;
- денсаулық сақтау тэжірибесінде белгілібір технологиялардың қажеттілігін нақты негіздейтін тапсырыс беруші ретінде талап сту мүмкіндігі бола бермейді;
- денсаулық сақтау саласы ақпараттықкоммуникациялық технологиялармен қажетті жылдамдықпен қамтамасыз етіле бермейді.
Денсаулық сақтау саласында ХХғасырдың 70-ші жылдарынан бастап технологиялардың тиімділігін бағалауға кеңіл бөліне бастады. Технологиялардың тиімділігін бағалаудың міндеті -қолдағы бар технологияға қатысты өз уақытындағы, нақты жəне адекватты ақпаратқа қатысты жауапты қызметкерлердің шешім қабылдаудағы жауапкершілігін қамтамасыз ету. Медициналық технологияларға баға беру қоғамның экономикалық, этикалық, элеуметтік, занды жəне саяси аспектілерін қамтиды [16-18].
Науқастарға жоғары мамандандырылған жоғары технологиялық медициналық көмек корсету кез-келген медициналық ұйымның мақсаты. Нақты ғылыми жəне статистикалық критерийлерді қолдана отырып, зерттелген технологиялардың нэтижелілігітуралы нақты мэліметтерді біріктіру арқылы алынған технологиялардың тиімділігіне баға беру нəтижелерí объективті ақпаратты қамтамасыз етеді.
Медицинаның экономикалық қатынастардың арнайы саласына жатқызылуы эділетті. Осыған қарамастан, экономикалық теорияның кептеген үстанымдары емдеу-диагностикалық, профилактикалық жəне қайта қалпына келтіру шараларының тиімділгін талдау, болжау жəне бағалауда қолданылуы мүмкін жəне солай болуы қажет. Саланың шектеулі қоры жəне халықтың медициналық тауарлар мен қызметке деген қажеттілігінің артуы жоспарлау мен нэтижелерді бағалауды «алынған тиімділік-жұмсалған шығындаряаралығында жүргізу қажеттігі туындап отыр [19].
Қазіргі уақытта қымбат бағалы стационарлық қызметті қыскарту денсаулық сакдау саласының стратегиялық тапсырмаларының бірі болып табылады, осыған байланысты сүрақтың зерттелу келемі де артуда. Түбегейлі қызмет корсету көлемін үйлестірудің едэуір танымал бағыты -қонақүй қызметі деп аталатын кемектің құнын есепке алмау арқылы үнемделетінстационар алмастырушы технологияны енгізу болып отыр. Денсаулық сақтау саласының қаражатын үнемдеудің басқа да бір эдісіне -емдеудиагностикалық үдерісінің сапалық сипаттамасын сақтайтын жəне жақсартатын емдеу мерзімін қысқарту болып отыр. Госпиталдық кемек көлемін емдеу үдерісінің интенсивтілігін арттыру арқылы қысқартуға да қызығушылық артуда. Атап айтатын жағдай, холециститпен ауыратын науқастарды эндоскопиялық (жоғары технологиялық эдіс) немесе лапоротомиялық (дэстүрлі эдіс)емдеу эдістері қарастырылды [20-23]. Инновациялық тиімділіктің керсеткіштері ғылыми-техникалық, экономикалық, ақпараттық жəне аналитикалық сипаттағы өзгеріс енгізе отырып,инновациялық үдерісті реттеуге мүмкіндік беретíн дəлдíк пен объективтíлíк деңгейімен ерекшеленедí.
Қ о р ы т а айтқанда, қазіргі уақыттадиагностикалау мен емдеудің жаңа əдíстерíн енгізу сапасын бағалау мəселесí жəне саланың ерекшеліктерін ескере отырып нақты эдістемелік критерийлерді дайындау қажеттігі маңызды болып отырған жағдайда, жаңа медиициналық технологиялардың тиімділігі мен олардың нэтижесін медициналық тəжɪрибеге енгізу сүрақтары маңызды болып отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Указ Президента Республики Казахстан от 29 ноября 2010г. № 1113 «Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Саламатты Қазақстан» на 2011-2015 гг.».www.zakon.kz.
- Аканов AA.. Рыскулы М. Подходы и принципы реформирования и развития медицинской науки Казахстана. Астана-Алматы, 2005. 115 с.
- Доскалиев Ж.А., Аканов А.А. Состояние медицинской науки в Казахстане // Информ, вести. МЦ УДП PK. 2003. №4. С. 7-10.
- Указ Президента Республики Казахстан от 17 мая 2003 г. №1096 «Стратегия индустриальноинновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 гг.». www.zakon.kz.
- Закон Республики Казахстан от 23 марта 2006 г. №135 «О государственной поддержке инновационной деятельности». www.zakon.kz.
- Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира // Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана. Астана, 18 января 2006 г. www. zakon.kz.
- Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации // Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана. Астана, 18 февраля 2005 г. www.zakon.kz.
- Оıиамбекова Г.А. Анализ существующей системы инновационной поддержки здравоохранения с позиции участников инновационного процесса // Проблемы социальной гигиены и управление здравоохранением. 2002. №23. С. 98-104.
- Исаев Д.C., Тобулбаев А.К. Разработка организационных и инновационных технологий реабилитационной службы в условиях крупной городской больницы // Проблемы социальной гигиены и управление здравоохранением. 2002. №23. С.29-31.
- Хуторской М.А., Мартыненко В.Ф. Технологические основы обеспечения высоких показателей качества медицинской помощи // Проблемы управления здравоохранением. 2003. № 1(8).С.21-23.
- Куралбаев Б. С. Инновационные технологии в медицинском обслуживании государственных служащих // Проблемы социальной медицины и управления здравоохранением. 2001. №21. С. 24-32.
- Kyneiuoea С. Инновации как ключевой фактор развития экономики. Аль-Пари. 1999. №2. С. 45-48.
- Кислицына О.А. Управление инновационным потенциалом промышленных предприятий: стратегические подходы и методы оценки: автореф. дне. ... канд. экон, наук: 08.00.05. Новосибирск, 2003. 25 с.
- Фатхут∂инов Р.А. Инновационный менеджмент. M.: ЗАО «Бизнес-школа «Интел-Синтез», 2000. 624 с.
- Беляков В. К. Новые подходы к внедрению инновационных технологий // Экономика здравоохранения. 2006. №3. С.22-25.
- Miller W., Morris L. 4-th Generation R&D: Managing Technology & Innovation. N.Y., 1999.128p.
- Лин∂енбратен А.Л., Шаровар T.M., Васюкова В.C. Оценка качества и эффективности медицинской помощи: метод, матер. M., 1999 73 с.
- Уũба В.В. Медико-экономическая эффективность сети лечебно-профилактических учреждений // Экономика здравоохранения. 2005. № 5-6. С. 45-56.
- Артюхов И.Л., Волков Ю.М., Шулыпıн А.В. Оценка эффективности инвестиций в здравоохранение на примере применения высоких медицинских технологий в хирургии // Экономика здравоохранения. 2003. № 7. С. 25-30.
- Калинская А.А. Экономический эффект от рационализации использования коечного фонда стационаров // Экономика здравоохранения. 2001 №3. С.23-26.
- Молчанова Л.Ф., Кудрина Е.А. Анализ экономической эффективности лечения язвенной болезни в стационарзамещающих условиях // Экономика здравоохранения. 2002. № 11. С. 11-13.
- Tan Min, Zheng Chao-Xu, Wu Zhi-Mianet al. Laparoscopic splenectomy: The latest technical evaluation // World J. Gastroenterol. 2003.Vol. 9, №5. P. 1086-1089.
- Nawojczyk T Brit. J. IT in community care good in parts! // Healsthcare Comput. and Inf Manag. 2000. Vol. 17, №4. P. 31-32.