Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
пікір
Осы мақалада, Қазақстанның Солтүстік аймағында балалар мен жасөспірімдер арасында бұл аурушаңдықтың өсуіне байланысты, мен бронх демікпесі туралы мәселені қозғағым келіп отыр. 2010 жылғы мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы тыныс жүйесінің осындай патологиясы бар емдеушілерді уақытында емдеу және алдын алу үшін жағдай жасайды.
негізгі сөз: ДҚ – демікпелі қалі
Қазіргі кезде бронхтық демікпе аурулары көптеп кездеседі. Кейбір адамдардың бұл түріндегі аурулары күндіз сап-сау жүреді де , әсіресе түнге қарай жөтел қысып ,мазалайды. Сондықтан дер кезінде алдын алмаса асқынып кетуі мүмкін.
Бронхтардың көптеген тітіркенгіштеріне сезімталдылығының күшеюімен пайда болатын ауру бронхтық демíкпе деп аталады. Оның көрінісі бронхтардың жалпылама ұстамалы обструкциясымен білінеді және тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруының түрі болып табылады. Ол сыртқы және ішкі факторлардың қатысуымен гетерогенді, көбінесе экология өзгерістерінің салдарынан дамитын ауру екен. Бұл аурудың түрі экологияға тәуелді болып келеді. Бұл аурудың басты себепшісі табиғи аллергендік заттар болғандықтан, аллергиялық реакцияны тудырып, табиғатына қарай: бактерия,вирус, саңырауқұлақшалар жататын инфекциялық аллергендер және шаң-тозаң, жастықтардың мамығы, дәрмектер, жәндіктер жататын инфекциялық емес аллергендер болып екіге бөлінеді.
Мұндай ауру жүйке жүйесі ауруларын басынан өткізген науқастарда байқалады, әрі жүйкелік стресттер күшейгенде өршиді. Бронхтық демікпенің бұндай түрі – неврогендік деп аталады.
Бронхтық демікпенің 3 клиникалық сатысын атап өтуге болады:
- Бұл сатыда адамның демікпесі ұзаққа созылып, тұншығу, қақырықтың түсуі тоқтамай, 12 сағат бойы созылып емге берілмейді. Бірақ жағдайдың ауырлығына қарамастан, қанның газдық құрамы шамалы өзгереді. Бұл кезде гипервентиляция болып жатса, науқас гипокапнияның салдарынан тыныстық алкалозға түсуі әбден мүмкін.
- декомпенсация сатысы. Мұнда бронхтар өтімділігі одан сайын нашарлап, өзектері қою кілегеймен бітеледі. Науқастың жағдайы өте нашар, есі бірде кіріп, бірде ессіз, цианозі күшейеді, тер шығады, тахикардия минутына 120-ға дейін барады.
- Гипоксемиялық және гиперкапниялық команың сатысы. Мұнда терінің бозғылт-көкшіл түсі қызғылт – көкшілге ауысады. Қанның газдық құрамының ауыр өзгерістері мен респирациялық ацидозға байланысты церебральдік, неврологиялық бұзылыстар пайда болып, науқас есінен айрылады. демікпелік қалі (дҚ) – бронхтық демікпенің ең жиі және қауіпті асқынуы, 5 пайызы өлімге әкеледі.
Осы ауруды жалпы диаграмма түрінде қарастыратын болсақ, мынадай көріністен байқауға болады диаграммасын (Місгөэөп Excel) – ден көруге болады.
Сол |
түстік - Қазақста |
н облысында (100 000 адамға шаққанд |
а |
|
Барлығы |
0-14 жас |
15-17 жас |
18 жастан артық |
|
2010 |
45,7 мың |
114 ауру |
37,9 ауру |
29 ауру |
2011 |
66,7 мың |
138 ауру |
108,4 ауру |
46,2 ауру |
Брохтық демікпенің диагностикасын жасау.
Демікпенің өршу кезеңінде қанда эозинофилияның болуы, қақырықта бронхтардың кілегейлік таңбалары және көп мөлшердегі эозинофилдер табылуы мүмкін.
Бронхтық демікпенің емдеу тәсілдері:
Этиологиялық емді жүзеге асыру шаралары:
- Себепші аллергенді немесе аллергендер тобын анықтап, науқастың олармен жанасуын тоқтату. Мұндай жағдайда науқас сауығып кетуі мүмкін.
2.Эллиминациялық ем (гипоаллергендік диета, ашығу, энтеросорбция). Энтеросорбцияның мақсаты – ішек бойында зиянды заттарды байланыстырып, залалсыздандыру. Қолданылатын сорбенттер (активтендірілген көмір, вазулен, полифепан, энтеродез, белосорб).
- спецификалық гипосенсибилизациялық ем. Бұл әдісті себепші белсендірілген жанасуды тоқтату мүмкін болмаса қолданады, мәселен науқас үйдің шаңына,бактериялық аллергендерге, өсімдік тозаңдарына т.б. сенсибилизацияланған болған жағдайда
- Бейспецификалық сенсибилизациялы ем тәсілі – мүмкіндігінше гистаглобулинді ерте қолдану қажет. Ем әдісі: гиста – глабулинді алдымен 1 мл тері астына салып, 3 күннен соң 2 мл, содан кейін арасына 3 күн салып 3 мл 3 иньекциясын жасайды. Қажет болса,емді 1-2 айдан кейін қайталауға болады. Бұл ем бронхтық демікпенің өршуден тыс кезеңінде ғана қолданады.
Бронхалық демікпе ауруларын өсімдіктерден жасалған дәрілерді пайдалану да тиімді нәтижені берері сөзсіз. Оларға лимонник, женьшень, пантокрин, аралия, В, Е, С дәрумендері жатады.
Қорытынды:
Кез келген аурудың алдын алу үшін, науқас адам өз бетінше ем қолданбай, алдымен медициналық көмекке жүгіну қажет. Дәрігерге қаралып тиісті тұжырымдама алғаннан кейін, дәрігер ұсынған дәрілермен емделу шарт. Өз бетінше дәрігердің нұсқауынсыз емделген ем жақсылыққа апармайды. Сондықтан өзденсаулығыңызға немқұрайлы қарауға болмайды. Сіздің денсаулығыңыз - өз қолыңызда. «Тазалық - денсаулық кепілі» - деген нақыл сөздерді жадыңда сақтаған жөн.
Әдебиеттер тізімі
- «Саламатты Қазақстан» Мемлекттік бағдарлама. // 2010 ж.
- Федосеев. Г. Б. «Справочник по пульмонологии». // М.1987 г.
- Федюкович. Н. И. «Внутренние болезни». // Феникс. 1999 г.
- Чазова. Е.И. Справочник «Неотложные состояния и экстренная медицинская помощь». // «Медицина».
- Қалимурзина Б. «Ішкі аурулар». // Алматы. 2005 ж. 1 том.
- Мұратбекова С. Қ. «Терапиядағы медбикелік іс». // Көкшетау. 2006 ж.
- Мұратбекова. С. Қ. «Мейірбике ісінің негіздері». // Астана. 2007 ж.
- Сейсембеков К. Т. «Ішкі аурулар». // Алматы. 1997 ж.