Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдардағы медициналық қызметкерлердің уәждемесі

Жұмыстың мақсаты ірі қалалардағы бастапқы медициналық – санитарлық көмек ұйымдарда медициналық қызметкерлердің уәждеме деңгейін зерттеу болып табылады. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында, БМСК дамыту бойынша бірінші кезекте «медицина қызметкерлерінің уәждемелерін көтеру тетіктерін жетілдіру» туралы шаралар көрсетілген. Ірі қалаларда зерттелетін көрсеткіштердің салыстырмалы талдауы, кадрлардың жас ерекшелігі мен олардың тәжірибесі және біліктілік деңгейі, БМСК ұйымдар қызметкерлерінің уәждемелігін көрсететін көрсеткіштердің айырмашылығы айтарлықтай емес екенін көрсетеді.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) денсаулықты сақтаудың ұлттық жүйесі мен жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процесінің ажырамас бөлігі, орталық байланыстырушысы болып табылады.

1978 жылғы Алма-Ата декларацияда бастапқы медициналық-санитарлық көмек туралы анықтамадажекелеген тұлғалардың, отбасының және қауымның денсаулық сақтау жүйесімен алғашқы деңгейдегі қарым-қатынасы – медициналық-санитарлық көмекті адамдардың тұрғылықты мекеніне және жұмыс орнына барынша жақындататын, халықтың денсаулығын қорғау процесіндегі ең әуелгі кезең болып саналады [4].

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық персонал қызметінің нәтижелігін қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ұйымдарының бағалы ресурсы болып табылады. Персоналды уәждеудің тиімді жүйесін құрған жағдайда ғана медициналық ұйымдардың, оның ішінде АМСК ұйымдарының кадрлық әлеуетінің тиісті деңгейін сақтауға және қамтамасыз етуге болады [1]. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында БМСК дамыту бойынша бірінші кезекте «медицина қызметкерлерінің уәждемелерін көтеру тетіктерін жетілдіру» туралы шаралар қарастырылған [2].

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» және 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және Денсаулық сақтау министрліктің 2012 жылғы жұмыстарының қорытындысы бойынша 2013 жылға арналған міндеттерінде «Медицина қызметкерлерінің кәсіби дамуына уәждемесін арттыруды көздейтін денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіби дамыту» көрсетіліп отыр [3].

Қызметкерлер уәждемесінің деңгейін одан әрі арттыру мақсатында әсіресе тиімді менеджменті бар медицина ұйымдарында түпкілікті нәтижеге бағдарланған медицина қызметкерлеріне сараланған еңбек ақы төлеуді дамыту жалғасуда, бұл дәрігерлердің қазіргі жалақысына қосымша ақы төлеуге мүмкіндік береді.

Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

Осыған байланысты зерттеу жұмыстың мақсаты ірі қалалардағы (мысалы Алматы және Қарағанды қаласы) бастапқы медициналық – санитарлық көмек ұйымдарда медициналық қызметкерлердің уәждеме деңгейін зерттеу болып табылады.

Зерттеу материалдар мен міндеттеріЗерттеу жұмысы 2 пилоттық өңірлер (Қарағанды, Алматы қалалары) БМСК ұйымдардағы медициналық қызметкерлер арасында (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, педиатрлар, терапевттер, жалпы тәжірбиелі дәрігерлер) әлеуметтік зерттеу сауалнамасы жүргізілді. Сауалнамаға жұмыс орынында отырған (еңбек демалысы мен іссапарға кеткендерді қоспағанда жалпы санның 10%-ын құраған) барлық медициналық персоналдардың көрсетілген категориялары қатысқан. Алматы қаласының №12 емханасында – 57 адам, Қарағанды қаласының №3 емханасында – 45 адам қатысты.

Зерттеу нәтижелері: Сауалнама нәтижелері бойынша БМСК ұйымдар деңгейінде профилактикалық бағытта және медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудегі медициналық қызметкерлердің жас шамасы, кәсіби еңбек өтілі, біліктілік санаты және т.б. қарастырылды.

Алынған нәтижелер бойынша АМСК ұйымдарда көпшілігін әйелдер Алматы қаласында 91,7%, ал Қарағанды қаласы 88,6% алады. Ал ер адамдардың үлес салмағына сәйкес Алматы қ. 8,3%, Қарағанды қ. 11,4% құраған.

Медициналық қызметкерлердің жас шамасы бойынша 22-30 жас аралығындағы дәрігерлер Алматы қ. -37,5%, Қарағанды қ.34,3%, ал 31-45 жас аралығындағы дәрігерлер Алматы қ.-18,8%, Қарағанды қ.31,4%, ал жас шамасына қарай көбін 45 жастан жоғары адамдар Алматы қ.41,7%, Қарағанды қ. 34,3% құраған.

Сауалнамадағы «Сіздің кәсіби стажыңыз» сұрағы бойынша 15 жылдан жоғары стажы бар медициналық қызметкерлер саны Алматы қ. 45,8%, ал Қарғанады қ.-37,1% құрады. Екінші орынды стажы 5 жыл алатын медициналық қызметкерлер Алматы қ.35,4%, Қарағанды қ.31,4%. Алынған мәліметтерге сәйкес 5 жылдық кәсіби еңбек өтілі бар медициналық қызметкерлердің үлес салмағын, еңбек өтілі 15 жылдан астам медициналық қызметкерлермен салыстырғанда төмен. Бұл медициналық қызметкерлердің жұмыс орынын жиі ауыстыратыны және басқа мамандық бойынша қайтадан дайындықтан өтуі немесе тәжірбиелік денсаулық жүйесіне кетуіне байланысты болып отыр.

Жалпы медициналық санат және кәсіби еңбек өтілі бір-бірімен өте тығыз байланысты болғандықтан, жоғары санаттағы пікір алушылар арасында Алматы қ. – 37,5%, ал Қарағанды қ.-25,7% құрайды. Алматы қаласының жоғары санаттағы дәрігерлерді Қарағанды қаласының дәрігерлерімен салыстырғанда едәуір жоғары екендігін көрсетеді.

Медициналық қызметкерлер арасында бірінші білікті санаты бар Алматы қ.-12,5%, Қарағанды қ.-20% алды. Сондықтан пікір алушылардың жартылайы жоғары және бірінші біліктілік дәрежесіне ие болса, ал қалған жартысы дәрежесі жоқ жас мамандар 43,8-48,6% алады.

БМСК ұйымдардағы қызметкерлердің негізгі уәждемесін зерттеу кезінде жұмыстағы сауалнамаға жауап берушілердің көпшілігі «Жұмыстың нәтижелігіне қанағаты» деп көрсеткен: Алматы қ.75%, Қарағанды қ.60%.

Жалпы сауалнамаға жауап берушілер «Кәсіби өсу мүмкіндігін» уәждеме ретінде көрсетіп, Алматы қ.58,3%, Қарағанды қ.54,3%-ды құрады. Сондықтан уәждеменің бірден бірі ақша болғандықтан, материалдық сыйақы Алматы қ.39,6%, Қарағанды қ.48,6%.

БМСК ұйымдардағы медициналық қызметкерлер немесе басқа жұмыс мамандардың негізгі уәждемесі, егер кәсіби өсу мүмкіндігі мен жұмыс нәтижесіне қанағаттанатын болса, материалдық сыйақы төлеу қажет деп санайды. Жалпы денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жұмысқа деген уәждемелерінің төмен болмауы, БМСК ұйымдарда жалақының аздығы, әлеуметтік жағынан жеткілікті деңгейде қорғалмауы, бұл салаға жас кадрлардың аз келуіне және дәрігер кадрлардың «қартаюына» кері ықпалын тигізеді.

сонымен, зерттеу жұмысын қортындылай келе ірі қалалардағы БМсК ұйымдардағы медициналық қызметкерлердің уәждемесін зерттеу бойынша жас шамасының көбін 20-30 жас немесе 45 жастан жоғары адамдаржұмыс стажы 5 жылға дейін немесе 15 жылдан жоғары. Бұл көрсеткіштер жұмыс орындарын жиі ауыстыратына немесе басқа мамандық бойынша қайтадан дайындықтан өтуіне, тәжірбиелік денсаулық жүйесіне кетуіне байланысты. Ірі қалалардағы зерттелетін көрсеткіштердің салыстырмалы талдауы, кадрлардың жас ерекшелігі мен (медициналық жоғары оқу орындары бар ірі қалаларда жас кадрлардың үлес салмағы басым), олардың тәжірибесі және біліктілік деңгейі, БМСК ұйымдар қызметкерлерінің уәждемелігін көрсететін көрсеткіштердің айырмашылығы айтарлықтай емес екенін көрсетеді. Жалпы барлық бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарға жас мамандарды жұмылдырыу және олардың кәсіби дамуына, біліктілігін арттыруға, қызметкерлердің уәждемелігіне және қанағаттануына жағдай жасау қажет деп ойлаймыз.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Афонин Ю.А., Сагдеев Р.Р. Проблемы мотивации медицинского персонала // Вестник самарского государственного экономического университета.-2012.-№7(93).-С.10-14
  2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 –2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алқа қаулысы Астана қаласы 1/1 2013 жылғы 29 қаңтар www.mz.gov. kz/sites/default/.../post_itogi_2012_kaz_okonch.doc
  4. World Health Organization. Primary health care. Report of the International Conference on Primary Health Care, Alma-Ata, USSR, 6-12 September 1978. (Health for All Series, No 1) Geneva, 1978.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.