Қазіргі кезде экологиялықжағымсызаймақтардатұратын балаларда қоршаған орта жағдайы сапасымен мен тыныс жолдарының функциясымен , респираторлық аурулардың деңгейімен, иммунологиялық резистенттілігінің жағдайымен нақтылы байланыс анықталған. Өлім көрсеткішінің жоғары екенін көрсететін және өлім құрамының ерекшелктері бар екеніне меңзейтін жекелеген ғана жұмыстар бар. Солай бола тұрсада хромөңдейтін кәсіпорындар аймақтарында тұратын нәрестелердің денсаулық және өлім көрсеткішьерінің құрамын кешенді зерттеуге бағышталған ғылыми жұмыстар жоқ деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының 2011 – 2015 жылдардағы даму «Саламатты Қазақстан» ағдарламасында мақсатты индикатор ретінде халықтың орташа өмір сүру көрсеткішін 2013 жылы 69,9 жасқа, 2015 жылы 70 жасқа жеткізу; аналар өлімін 2013 жылға 100 мың тірі туған балаға 28,1, ал 2015 жылы 24,5 дейін, бір жасқа дейінгі балалардың өлім көрсеткішін 1000 тірі туылған нәрестелерге шаққанда 2013 жылы 14,1, 2015 жылы 12 ,3 жеткізу берілген. осы бағдарлама негізінде біз экологиялық жағымсыз аймақтағы неонатальдық ауыршаңдық және өлім көрсеткіштерін зерттеуді мақсат етіп қойдық.
зерттеу нәтижелері. 2011 жылы тірі 17797 нәресте туылды. (2010 ж - 17707). 1 жасқа дейінгі 209 бала өмірден өткен, 11,7‰ ( 2010ж.- 293 бала өлген. Нәрестелер өлім көрсеткіші -16,7‰) құрады.
ерте неонатальдық өлім (0 –ден 6 тәулікке дейін): 2011 жылы неонатальдық кезеңде – 95 бала шетінеген, көрсеткіші -5,2‰ (2010 ж. 1 жасқа дейін - 162 бала өлді. көрсеткіші - 9,1‰). Неонатальдық өлім құрамында асфиксияға байланысты жағдайлар 46 - 50%, туа біткенақаулар 23 - 25%, ұрық жетілмеуі - 10-10,8%, құрсақ ішілік инфекция 8 - 8,6%, басқа себептер– 8 - 8,6% құрады.
кеш неонатальдық өлім: 2011 жылы кеш неонатальдық кезеңде 31 нәресте шетінеп, көрсеткіш-1,8%о ( 2010 жылы – 50 - 2,8 ‰ ). Өлім құрылымында туа біткен ақаулар - 10
- 32,3%, асфиксиямен шақырылған жағдайлар 10 - 32,3%, басқа себептер – 6 - 19,3%, құрсақішілік инфекциялар- – 4
- 12,9%, оРи - 1- 3,2% құрады.
неонатальдық өлім 2011 жылы 126 бала -7,0‰ ( 2010 жылы – 212 бала -12‰) болды. Неонатальдық өлім құрамы: асфиксиямен шақырылған жағдайлар - 56 - 44,4%, туа біткен ақаулар- 33 - 26%, басқа себептер- 14 -11,1%, құрсақішілік инфекциялар - 12 - 9,5%, жетілмеуі- 10 - 7,9%, оРи -1-0,8%.
Туылған нәрестелер ішінен ауырып тірі туылған және ауырғандар саны 2011 жылы 461 бала болып, 114‰ құрады. Бұл көрсеткіш өткен 2010 жылдан төмен. Нәрестелер аурушаңдығы 2011 жылы 124‰ құрады. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 24‰ -ге төмен.
Нәрестелер ауыршаңдығын талдау көрсеткендей алғашқы бесінші жүлделі рагалық орынды тыныс жүйесі аурулары, оНж перинатальды зақымдалуы, неонатальдық сарғаю, респираторлы дистресс синдром және құрсақ ішілік гипотрофия алады. Барлық топтағы аурулардың азаюға бейімділігі байқалатынын аьтап өту керек. Бірінші рангалық орынды оНж перинатальдық зақымдалуы алады. Сонымен қатар құрсақішілік инфекцияның көрінісі болып келетін туа біткен гипотрофия алатын орны жоғары болып қалып отыр.
Қортынды. ақтюбе обылысында неонатальдық өлім көрсеткіші төмендеуге бейімділік білідіреді. Дегенмен, құрсақішілік инфекциядан және туа біткен ақаулардан нәрестелер мен одан ересектеу балалардың ауыршаңдығы мен өлім көрсеткішінің арытуға бейімділігі байқалады. Бұндай жағдайды біз ана бола алатын жастағы әйелдер мен жүкті әйелдерді агрессивті құрсақішілік инфекцияларға тексерудің жүргізілмеуінде деп есептейміз. осыған байланысты көптеген аурулар кеш анықталады да, балалардың өміріне қауіп тудырады. осыған орай фертильді жастағы барлық әйелдерді (жүкті әйелдерді міндетті түрде) құрсақішілік инфекцияға тексеруді хаттамаларға енгізуді өмір талап етіп отыр.