Larva migrans миграцияланушы личинка бұл келесі ерекшеліктері бар үлкен зоонозды аурулар тобы: адамдар олардың қоздырғыштары үшін өзіндік иесі емес; қоздырғыштар адам организмінде жыныстық жетілу сатысына жетпейді; симптомдық кешені гельминттер личинкасының миграциялары адамдардың терісінде немесе ішкі ағзаларында өтеді. Жануарлардың әртүрлі мүшелерінде гельминттердің жыныстық жетілген түрлері жəне адам организмінде гельминттердің личинкалы сатысы паразиттік өмір сүруі, науқастарда «Larva migrans» синдромымен белгілі, айқын дерматит жəне токсико-аллергиялық синдроммен көрінеді.
Жануарлардың гельминттер личинкасымен шақырылған ауруларға келесі аурулар жатады:
Церкариоз (шистосоматидті дерматит, шомылушылардың қышымасы,сулы қышыну, церкаридті дерматит) суда жүзетін құстардың (үйрек, қаз, аққу жəне т.б.) трематод личинкаларымен шақырылады.
Спарганоз адамдарда цестодтардың личинкалы кезеңінде паразиттік өмір сүруі Spirometra erinacei europei '(үй жəне жабайы жануарлардың ішегінде паразиттенуі).
Ценуроз Multiceps тұқымдастығындағы жануарлардың цестодтың личинкалы кезеңінде шақырылатын аурулар.
Токсокароз – нематод классына жататын ит жəне ит тектес жануарлардың ішегінде мекендейтін, рецидивпен жүретін созылмалы личинкалы тіндік геогельминтоз.
Анизакидоз – теңіз сүтқоректілерінің (кит т.б.) ішегінде кездесетін нематод личинкаларымен шақырылатын аурулар.
Гнатостамоз – үй жəне жабайы мысық, иттер мен шошқаларда кездесетін нематод личинкаларымен шақырылатын адамның көзін, бауырын, өкпесін,тері жəне басқа ағзаларды зақымдайтын ауру.
Ауырған адам бұлардың барлығы үшін биологиялық түығы жəне кездейсоқ аралық иесі болып табылады.
Церкариоз.
Эпидемиология. Церкариоз үйректерді зақымдайтын глисттер личинкасымен шақырылады. Бұл личинкалар су қоймаларының жанындағы ылғалды шөптерде кездесуі мүмкін, сол себепті залалданған су қоймаларының маңында жалаң аяқ жүруге болмайды. Метацеркарилер кептірген кезінде тез өледі. Инцистирленген метацеркарилер төмен температураға тұрақты, мұздатқанда 30-минутқа дейін сақталады.
Метацеркарилер əрí қарай дамуын жалғастыру үшін су қоймаларына түсіп, маллюскаларға енеді. Личинкалар өздерінің иелерін іздеу барысында (суда жүзетін құстар), суда жүзіп жүрген адамның терісіне түсуі мүмкін.
Патогенезі. Церкарилер адамның терісіне енген соң, біренеше сағаттан кейін өліп ыдырайды, теріде қабыну токсико-аллергиялық реакциясын шақырады. Церкариоз кезінде терінің барлық қабаты, тері асты клетчаткасы, қан тамырлардың қабырғасы зақымдалып қышымалы дерматит пайда болады.Терінің зақымдалуы папула,эритематозды бөртпелер, дақтану(пигментация) ретінде көрінеді. Клиникалық көріністері 20-30 минуттан бірнеше сағаттың ішінде тез дамиды. Жиі үйқының бұзылуы, бастың айналуы,
Larva migrans симптомокомплекс, обуслевленный миграцией личинок зоонозных гельминтов в коже и внутренних органах человека. Человек для всех них является биологическим тупиком и личинки в организме человека не достигают половозрелого состояния. К заболеваниям, вызываемых личинками гельминтов животных, относятся церкариоз, спарганоз, ценуроз, токсакароз и др. Паразитирование личинок в организме человека сопроваждается токсико-аллергическим синдромом, дерматитом и высокой эозинофилией.
Ключевые слова: Larva migrans, зоонозный гельминтоз, паразитирование личинок.
Larva migrans гельминттер личинкасының миграциялары адамдардың терісінде немесе ішкі ағзаларында өтетін симптомдық кешен. Адам организмінде қоздырғыштар жыныстық жетілу сатысына жетпейді биологиялық түығы болып саналады. Жануарлардың гельминттер личинкасымен шақырылған ауруларға келесі аурулар жатады: церкариоз, спарганоз, ценуроз, токсакароз жəне т.б. Адам организмінде қоздырғыштардың паразиттік өмір сүруі айқын дерматит, токсико-аллергиялық синдроммен жəне эозинофилиямен көрінеді.
құрғақ жөтел,дене қызуының көтерілуі байқалады. Ауруды жұқтырғаннан 1,5-2 аптадан кейін асқынбаған түрінде клиникалық көріністері жойылып кетеді.
Клиникасы. Көп мөлшерде жұқтырғаннан кейін бірінші жарты сағат ішінде тері қызарып, ісінеді жəне бірнеше сағаттан кейін тығыз түйіршіктермен қапталады. Түйіршіктердің шекаралары анық, олардың көпшілігің үстінде мөлдір көпіршіктер пайда болады. Жас балаларда бөртпе шығу барысында жалпы жағдайы нашарлап дене қызуы 38С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Бөртелер шығу кезінде қысып ауру жəне қатты қышу сезімімен сипатталады. Осы кезде теріні қасыу өте қауіпті: инфекция еніп асқынулар пайда болуы мүмкін. Церкарии кезінде науқасты күндіз түні қатты қышу сезімі мазалайды. Церкарии қауіпті емес, емделетін жағымсыз ауру.
Диагностикасы. Эпидемиологиялық анамнезіне, клиникалық көріністеріне жəне лабораторлық зерттеулердің нəтижесíне қарай отырып негізделеді.
Диагноз теріден алынған биопсия нəтижелерíне қарай отырып қойлады.
Серологиялық əдíстер. КБР, ТГАР, ИФА қолданылады.
Емі. Терінің қышуын азйтатын қарапайым суық сумен немесе содалы ерітіндімен приочка жасау, ментол, анестезин майын қышу орнына қолдануға болады. Антигистаминды препараттар (тавегил, димедрол,диазолин, кларитин жəне т.б.).
Арнайы химиотерапия. Празиквантел.Сонымен қатар үшвалентті сурьма (фуадин, астибан),ниридазол препараттарын қолдануға болады.Шистосомды дерматиттің емі жоқ, қышуды азайтатын глюкокортикоидтар жəне антигистаминды препараттарды қолдануға болады.
Алдын алу. Су қоймаларындағы моллюскаларды жою. Құдықты балық аулағаннан кейін құрғатын хлорлы немесе сөндірілмеген əкпен дезинфекциялап құрғатады.
Церкариоз ауруын болдыртпау үшін қажет:
- -құстардың үялары бар, моллюскалар мекендейтін су қоймаларында сулы өсімдіктермен қапталған суларда шомылуға болмайды.
- -сумен жанасқаннан кейін тез арада таза сумен шайынып немесе құрғақ қатты орамалмен сүртіп, су болған киімдерді ауыстыру керек.
- -теріні қорғайтын репелленттерді қолдану.
- -су қоймаларында суда жүзетін құстардың санын азайту.
Иммунопрофилактика.
Қазіргі уақытта екі типті бинантты вакцинаның клиникалық сынағы өтуде
Бірінші типі шистосом s-трансфераза глутатион рекомбинант, паразиттердің өмір сүруге қабілетті жұмыртқаларының санын азайтады.
Екіншісішистосомның беткей антигені, гельминттерге сезімталдылықсыздықтың дамуын қамтамасыз етеді.
Спарганоз.
Спарганоз қоздырғшы (Sparganum) цестодтардың процеркойды немесе плероциркодтардың Spirometra erinacei europei личинкалы кезеңіндегі көзді, тері асты клетчаткасын жəне ішкі ағзаларды зақымдайтынбиогельминтоз.
Этиологиясы. Қоздырғышы (Sparganum) цестодтардың личинкалы кезеңі.
Жалпы даму схемасы: жұмыртқа-корацидийпроцеркоид-плеоцеркоидспирометрдің жыныстық жетілген стробилласы.
Личинкалар өте қозғалмалы, личинкалардың ұзындығы олардың қозғалу кезінде денесінің қысқаруына байланысты. Адамдар спарганум үшін кездейсоқ иесі жəне паразит үшін экологиялық түйығы болады.
Эпидемиологиясы. Зақымдану дұрыс термиялық өңдеуден өтпеген құрамында плероцеркоид тірішілік етіп жатқан жылан, бақа етін пайдаланған кезíнде‚жəне жарақатталған тері шырышты қабат, көз коньюктивасы арқылы адамдар жұқтырады.
Патогенезі. Патогенезінің механизмі миграцияланушы личинкалардың ішкі ағза мен тіндерге аллергиялық əсерí жəне механикалық зақымдалуымен анықталады.
Клиникасы. Паразиттер жиі көзді əсíресе қабақты зақымдайды. Қабақтың тері асты майлы қабатында паразиттік өмір сүріп жатқан плероцеркоидтар қабақтың ісінуін, көз жұмылып, қозғалғыштығы төмендейді жəне қышу сезімі , теріде бөртпелердің пайда болуымен сипатталып, қабыну ошағы жəне түйіндер пайда болады.
Спарганоздың коньюктивальді түрі. Личинкалардың шырышты қабаттың астында орналасқан кезінде дамиды. Блефароспазм, коньюктиваның ісінуі, хемоз байқалады.
Орбитальді түрі. Паразиттер көз алмасында орналасады. Көз алмасында қабыну экзофтальм дамиды. Ауыр түрінде көздің мөлдір қабығы зақымдалып, көз үясының ісініп көру нервісі қысылады.
Бас миының спарганозы. Бас миының ошақты зақымдалуы, парездер жəне гидроцефалия дамиды.
Паразиттің тері жəне бұлшық етте орналасуы терінің қабынуын, қышк сезімін жəне бөртпелердің шығуымен сипатталады. Науқастар тері астында ісіктің пайда болғанын байқайды. Паразиттің орналасқан жерінде ісік немесе абсцесстер пайда болуы мүмкін.
Асқынуы.Кисталардың іріңдеуі жəне абсцесстің пайда болуы.
Диагноз. Клинико-эпидемиологиялық жəне хирургиялық жолмен алынған личинкаларды анықтау арқылы қойылады.
Емі. Негізгі әдісі личинкасы бар капсуланы операциялық жолмен алып тастау.Празиквантел (азинокс) – бір күндік курсы 50 мг/кг тəу.
Болжамы қолайлы, ми зақымдалған кезінде қауіпті.
Алдын алу.Ауыз суын қайнатып ішу.
Ет тағамдарды дұрыс термиялық өңдеуден өткізіп қолдану.
Ценуроз.
Ценуроз – қоздырғышы жыныстық жетілген түрі иттерде паразиттік өмір сүретін Multiceps тұқымдастығына жататын гельминттердің личинкалы түрімен шақырылатын, бас миының зақымдалуымен, сирек жұлын миын жəне басқа ағзалар мен тіндерді зақымдайтын сирек кездесетін гельминтоз.
Этиологиясы. Ценуроз адамда Multiceps: М. multiceps, M. Serialis, M. Brauni, M. Glomerialis жəне т.б., тұқымдастығының личинкаларымен шақырылатын ауру. Ең қауіптісі бас миын зақымдайтын М. Multiceps личинкалары.Ценураларыдң соңғы үш түрі бұлшық ет аралығында, дəнекер тінінде, тері асты клетчаткасында, іш жəне кеуде қуысында, көзде орналасады. Құрттар облигатты иесінде 1 метрт ұзындыққа дейін өседі.
Эпидемиологиясы. Ауру көзі жəне ақырғы иесі иттер.
Адамдардың зақымдануы(аралық иесі) инфазирленген жануарлардың нəжíсíмен залалданған тағам жəне суларды арқылы болады. Аурудың берілу факторы лас қол.
Патогенезі. Иесінің организміне ларвоцистердің механикалық жəне токсикалық əсер етуі.Көпіршік тəрíздí личинкалар бас миында немесе оның негізінде орналасады.
Клиникасы. Бас миының ценурозы ұстама тəрíздí бастың қатты ауруы, құсумен, мойын, омыртқа аймағының ауруымен, әлсіздік, тершендік, апатиямен көрінеді. Əлсíздíк біртіндеп ұлғая бара гипер кинез, атаксия, естің бұзылуы, уақытқа жəне кеңістікке дезориентациясы,парез, эпилептикалық ұстамалар болуы мүмкін.Обьективті қарағанда сезімталдықтың ошақты жоғалуы, Кернинг симптомының оң болуы, шүйде бұлшық етінің кернеуі,көру нервісінің іркілуі байқалады.Цереброспинальді сүйықтықтың жоғарлауы болады. Ценуралардың бас миының қарыншаларында орналасуына байланысты Брунс синдромы дамидықатты бас аурудың ұстамасы, бастың айналуымен, терінің бозаруы немесе қызаруы, тершендікпен,тыныс алудың бұзылысымен, брадикардия мен, сирек жағдайда естің бұзылысы, тоникалық құрысумен көрінеді.
Паразиттің жұлын миында орналасуы спастикалық параплегия,таз мүшелерінің қызметінің бұзылыстары дамуы мүмкін.
Паразиттің көз ішінде орналасуы экзофтальм, көрудің төмендеуі, көздің ауруы, көз ішілік қысымның көтерілуі болады.
Болжам диагнозды. Клиникалық, эпидемиологиялық анамнезге жəне қосымша зерттеу əдíстердщ УДЗ,КТ,МРТ нəтижелерíне қарай отырып қойылады.
Нематодоздар
Анизакидоз – токсикалық-аллергиялық құбылыстарменжəне ас-қорыту жолдарының әртүрлі зақымдалуларымен сипатталатын созылмалы зоонозды биогельминтоздар тобы.
Этиологиясы. Қоздырғышы – Anisakdae тұқымдастығына, Anisakis тегіне жататын нематодалар личинкасы.
Эпидемиологиясы. Адам инвазияланған балықты, шаян тəрізділерді жəне моллюсктерді термиялық толық өңделмеген күйде тағамға қолданғанда залалданады. Таралу жолы – тағам арқылы.
Патогенезі. Адамның асқазан-ішек жолдарына түскен анизакидалардың личинкалары жойылады немесе нəжíспен қоршаған ортаға шығып кетеді. 90 %-да личинкалар асқазанда, сирек жағдайда – ішекте жəне басқа мүшелерде орналасады. Личинкалар енген орнында абыу рекциясы жүріп, эозинофильді инфильтрация, ісіу, жаралар жəе геморрагиялар пайда болады, ода кейін гранулемалар жəне некроз дамуы мүмкін.
Клиника. Инкубациялық кезеңі – 1-12 сағаттан 7-12 күнге дейін. Ауру жедел жəне созылмалы түрде өтуі мүмкін. Анизакидалар асқазанда орналасқан жағдайда аурудың жедел сатысы эпигастрий аймағындағы айқын ауыру сезімімен, лоқсумен, құсумен, метеоризммен көрінеді. Кейде қызба, қалтырау, бөртпе болуы мүмкін. Личинкалардың асқазаннан өңешке миграцияласа, тамақтың қышуы, жөтел мазалайды. Созылмалы сатысында личинкалар айналасында абсцесстер түзіледі, шамамен 6 айдан кейін олардың орнын грануляциялық тін басады. Личинкалар ішекте орналасқан жағдайда іштің төменгі аймақатырнда ауыру сезімі, диарея, шырыш пен қан араласқан нəжíс пайда болады. Кейде «жедел іш», ішектің түйілуі көріністері кездесуі мүмкін. Созылмалы сатысында ішек шырышты қабатының гиперемиясы, ісінуі, некроздануы байқалады (Артюс феномені). Ішектен личинкалар басқа мүшелерге таралуы мүмкін. Бұл кездегі клиникалық көріністер паразиттің орналасуына байланысты болады.
Лабораторлық диагностика
Лейкоцитоз жəне эозинофилия, асқазан солінің қышқылдығының төмендеуі байқалады. Асқазан немесе ішек шырышты қабатының эндоскопиялық зерттеуі (немесе биопсиясы) личинкаларды табуға мүмкіндік береді. Моноклональді антигендермен жүргізілетін ИФА қолдануға болады.
Асқынуы Ең ауыр асқынудың бірі – ішек қабырғасының тесілуі жəне перитониттің дамуы.
Салыстырмалы диагностикасын гастритпен, жаралы аурумен, панкреатитпен, холециститпен жəне ісіктермен жүргізу керек. Емі. Хирургиялық.
Алдын алу.өағарту жұмыстары. Теңіз өнімдерін тек қана термиялық өңделген түрде қолдану. Егер термиялық өңдеу мүмкін болмаса өнімді -20°С температурада 5 тəулíк бойы сақтау.
Гнатостомоз – Gnatostoma spinigerum құртымен шақырылатын тіндік гельминтоз. Адам шикі балықты тағамға қоданғанда немесе ашық су көздерінен су ішкен кезде залалданады.
Этиологиясы. Паразиттің денесі тікенектермен басылған. Басында 9-12 қатар ілмектер орналасқан.
Аталығының ұзындығы – 12-25 мм, аналығының ұзындығы 25-49 мм. Жұмыртқалары овал тəрíздí.
Эпидемиологиясы. Адам ауыз арқылы, кейде тері арқылы залалданады. Гнатостомоз зоонозды табиғиантропоургиялық биогельминтоз.
Патогенезі. Асқазан қабырғасынан личинкалар бауырға өтеді, одан кейін тері астындағы майлы шелге жəне басқа мүшелер мен тіндерге миграциялайды. Сондықтан, клиникалық көріністері әртүрлі болып келеді. Инвазияның жиі кездесетін белгілері ауыспалы бөртпе, тері астындағы түйіндер, миграциялаушы ісінулер жəне абсцесттер. Терең бұзылыстардан асқазан-ішек жолдарының жəне ми зақымдалуының белгілері тəн. Бас миындағы личинкалар менингитке əкеп соғады.
Клиника. Инкубациялық кезеңі анықталмаған. Қызба, зақымдалған аймақтың ауыру сезімі, бөртпе тəн. Жалғасқан миграция нəтижесíнде уртикарлы ісінкілер, тері астындағы жолдар, абсцесстер дамиды. Көздер зақымдалуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесі бойындағы миграциясы өлімге ауыр эозинофильді менингитке əкеп соғады. Оған аяққолдардағы ауыру сезімпмен жəне парездермен көрінетін радикуломиелоэнцефалит тəн. Сонымен қатар, түбіршектік ауыру сезімдері, парестезиялар, параплегиялар пайда болуы мүмкін. Бас миындағы қан құйылулар немесе некрозданулар өлімге əкеп соғады. Тері зақымдалған кезде ауыру сезімді жəне қышитын миграциялаушы ісінкілер пайда болады. Көбінесе аяқ-қолдардың дистальді аймақтары жəне көз қабақтары зақымданады. Аурудың белгілері личинкалардың орналасуына байланысты. Егер құрттың личинкасы өкпеде болса, жөтел пайда болады; құықта болса зəрге қан қосылады.
Диагностикасы. Жалпы қан анализінде эозинофилия болады. Жұлын сұйықтығында эозинофильді цитоз, кан жəне ксантохромия. Диагностика мен емнің ең тиімді әдісі паразитті хирургиялық жолмен алу.
Емі. Вермокс күніне 1 таблеткадан, 10-20 күн бойы. Орталық жүйке жүйесі зақымдалған кезде симптоматикалық ем. Кейде альбендазол қолдануға болады. Емді хирургиялық еммен үйлестіру дұрыс болып табылады.
Алдын алу. Құс етін жəне балықты термиялық өңдеуден өткізу, суды қайнатып ішу.
Қолданылған əдебиет:
- Шувалова Е . П . « Тропические болезни ». Москва , 2000 г .
- Лысенко А . Я . « Тропичекие болезни ». Москва , 1979 г .
- Сулейменова З. И . (доцент, жұқпалы аурулар кафедрасы, АМБДЖИ),
- Шопаева Г.А. (профессор, жұқпалы аурулар кафедрасы, Каз ҰМУ),
- Сейдуллаева Л.Б. (доцент, жұқпалы аурулар кафедрасы, Каз ҰМУ),
- Ергалиева А.А. (ассистент, жұқпалы жəне тропикалық аурулар кафедрасы, Каз ҰМУ),
- Байхожаева Р.Ж (ассистент, жұқпалы жəне тропикалық аурулар кафедрасы, Каз ҰМУ),
- Утаганова Т.К. (ҚКЖ аурулар ауруханасының бас ŏəрíгерíнщ орынбасары).