Туберкулез мәселесі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауының ең басты бағыттарының бірі. ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев өзінің 2011 жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан халқына арналған Жолдауында туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейін төмендетуге, оның ішінде қылымыстық-атқару жүйесіне қатаң назар аударылуы керектігін атап өтті [1].
«Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 18 тараудағы туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық әлеуметтік көмек көрсету, 2010 жылдың 29 қарашасындағы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға 100 мың адамға шаққанда 94,7-ге дейін туберкулезбен сырқаттанушылық төмендеуі; пенитенциарлық жүйедегі туберкулезден сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейін төмендету, туберкулезден аяғына дейін емделмеген бостандықтан айырылу орындарынан босатылған тұлғаларды іздеу жəне емдеуді жалғастыру жоспарланып отыр [2,3].
Туберкулез бойынша орын алған күрделі ахуал, қылмыстық-атқару жүйесінде, соның ішінде көптеген жəне кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулез түрінің жоғарлауымен, бостандықтан айырылу орындарынан босатылған қақырығынан туберкулез таяқшасын бөлетін, емделуден бас тартқан науқастармен әлеуметтік бейімделмеген топтардың (мекен-жайы белгісіз жандар, нашақорлар, маскүнемдер жəне т.б.) диспансерлік бақылауын жеткіліксіз қамтумен байланысты. Көптеген дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарға мәжбүрлеп емдеуді жеткіліксіз қолдану жəне қоғамда оқшауланбауы Қазақстандағы қауырт эпидемиялық жағдайды шиеленістіру деген сөз.
Туберкулезбен ауыратындарды пенитенциарлық жүйеден азаматтық қоғамға ауыстыру қиын да күрделі мəселе болып табылады, себебі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен келген науқастарды тіркеу, емдеу, бақылау жəне есепке алу керек. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен шыққан көптеген науқастар босату кезінде баратын жерінің басқа мекен-жайын көрсетіп әдеттегідей, тіркелімсіз өмір сүреді, кездейсоқ табыспен күнелтуге мәжбүр болады, осының нәтижесінде олар ұзақ уақыт бойы ортаға аурудың көзі болып жүреді. Бұл эпидемиялық тұрғыдан едәуір қауіпті, сонымен қатар, тексеру жəне емдеу үшін ең дұрыс ұйымдастырылмаған, берекесіз жəне әрең жететін тұрғындар санатына жатады [4].
Сондықтан осындай топтарды сот шешімі арқылы мәжбүрлеп емделуге арналған мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу бөлімшесінде емдеу оңтайлы шешім болмақ.
Туберкулез дұрыс емделмесе, оның ең қауіпті түріне, яғни көптеген жəне кең ауқымды дәріге көнбейтін түріне айналады. Мұны емдеу өте киын, ұзаққа, кем дегенде 18-21 айға созылады, əpi қымбатқа түседі, оның үстіне мұнда өлім қатерлі жоғары дəрежеде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжауы бойынша, туберкулезге қарсы емнің нашар бақылануы, емді аяқтамау салдары туберкулезбен емделмегеннен де қауіпті [5].
Авторлардың бір қатары туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткішінің кенет көбеюін талдауға алынған мерзім ішінде қоғамда болған əлеуметтİк жəне экологиялық зардаптармен байланыстырады. Туберкулездің эпидемиологиялық қауіпті түрлері бар науқастарға оның қозғалысын шектейтін туберкулезге қарсы мекеменің мамандандырылған бөлімшесі жағдайларында еріксіз жатуын ұйымдастыру туберкулез бойынша эпидемиялық ахуалды жақсартуға жол береді жəне осындай бөлімшеде ем алған науқастарда емдеу тиімділігі жоғарғы екенін дəлелдейдİ [6].
МəжбÝрлеп емдеудің ерекшелігі, қарқынды кезеңмен (бактерия бөлудің тыйылуы жəне дəрİге көнбейтін штаммдардың дамуының алдын алу) жалғастыру кезеңінде де науқас емді толық ауруханада алады, яғни дəрíнí көзбе көз бақылап қадағалаумен қабылдайды. Сондықтан ауруханалық режим бұзылмағандықтан, емнің белгілі уақытта қадағаланып жүргізілуі, құнарлы да сапалы тамақ, науқастардың жатқан жерлерінің таза əpi жылы болуы, туберкулездің негізгі емімен бірге патогенетикалық жəне иммунитетті көтеретін емдермен бірге науқастардың санитарлық салауаттылығын көтеруге де өз деңгейінде мəн берілгендіктен, емдеу көрсеткіші жоғары болады.
Барлық туберкулезбен ауыратындар арасында ДОТС Плюс емдеу бағдарламасы іске асырылып жатқанына қарамастан, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын емнен жалтарған науқастарда көптеген дəрİге көнбейтін туберкулездің алдын-алу, туберкулезден өлім-жітімді төмендету жəне халық арасында оның таралуының алдын алу өзекті мəселе болып отыр.
Елімізде туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын емнен жалтарған науқастарды мəжбÝрлеп емдеуге арналған 550 төсектік 17 мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу алдын алу бөлімшесі, соның ішінде 90 төсек Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істейді [7].
«Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 18 тараудың 107, 108, 109 баптарынасəйкес туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын емнен жалтарған науқастар мəжбүрлеn емдеуге жіберіледі.
Бірақ, қазіргі кездегі ведомства аралық əрекеттестíк пен нормативтік-құқықтық актілер əлí де жеткіліксіз, сондықтан іс жүзінде тиімді ведомства аралық сабақтастықтың жоғары деңгейіне жетуде қиыншылықтар тудырады. Емдеуден қол үзген науқастарды емге тартуды ұйымдастыруда облыстық туберкулезге қарсы диспансерлер жəне ішкі істер департаменттері өзара жұмыс жасайды. Туберкулезге қарсы біріккен шаралар ведомства аралық өзара əрекет етулеріндегі бұйрықтар мен жоспарлар негізінде жүргізіледі.
Бірақ нормативтік – құқықтық актілер мен мекемелер арасындағы жүргізілген тікелей шаралар толық жетілдірілген болып саналмайды жəне қойылған мақсатқа жетуге ықпал ете алмайды. Берілген мəселе бойынша шараларды реттеуші қабылданған бұйрықтарда, негізінен денсаулық сақтау жəне Əдíлет Министрліктері арасында қабылданған бұйрықтарында ішкі істер органдары жағынан əрекет етулер ескерілмеген. Қылмыстық – атқару жүйесі мекемелерінен босатылған науқастарды ары қарай емдеу мақсатында іздестірулерді медициналық қызметкерлер атқарады, бірақ олардың мүмкіндіктері шектелген, ал осы мəселенí шешуге Ішкі Істер Департаменті қызметкерлерін қатыстыру толық шешусіз.
Мамандандырылған туберкулезге қарсы бөлімшенің бар болуы көптеген науқастарды тəртíпке салатынын ескере отырып, туберкулезді мəжбүрлеп емдеу – туберкулез жұқпасы əрí қарай таралуымен күрестен, моральдықэтикалық тұрғыдан алғанда ең маңызды да қажетті, алайда өте күрделі əд^терЫщ бірі болып табылады [8].
Орын алып отырған мəселенщ бірі арнайы емдеуге жатпайтын туберкулезбен ауыратын науқастарды халықтан оқшаулау. Осы мақсатпен 2005 жылдан бастап туберкулез микобактерияларының тұрақты бөлетін, арнайы емдеуге жатпайтын науқастарды жасына қарамай, өмірінің соңына дейін оқшауландыруға арналған Облыстық туберкулезге қарсы диспансер (хоспистер) жанынан жабық бөлімшелер ұйымдастырылды. Бірақ хоспистерде күзет қызметі қарастырылмаған, бұл қараудағы науқастардың хоспис ауласынан еркін кіріп шығуына жол берді.
Сонымен қатар, туберкулез науқастарын əлеуметтíк қолдаудың мəселелерí баяу шешілуде, олардың тұрмыстық жəне еңбекке орналастыру мəселелерí қаралмауда. Туберкулезге жəне маскүнемдікке қарсы емделуден бас тартатын ішімдік пен жұқпалы өкпе туберкулезінің науқастарын емдеуге арналған жабық түрдегі туберкулез – наркологиялық бөлімшелердің ашылуын бекітетін құқықтық актілер ұшыраспайды. Бір қынжыларлығы арнаулы заң болғанмен, оны жүзеге асыруда қажетті басқа құжаттардың, қосымша заң актілерінің жоқтығы. Сондықтан емделуден қасақана қашқақтайтын ауруларды кім іздеп тауып, емдеу орындарына тапсыратыны белгісіз. Медицина қызметкерлеріне ондай құқық берілмеген. Заң орындары мұны қылмысқа жатпайды деп, қашанда кері қайтарып тастайды. Ал жергілікті билік орындары бұған араласпайды.
Сот шешімін шығару тəртíбíн анықтау жоспарында заңды жетілдіру, шығарылған шешімдер негізінде науқастарды емделуге тарту механизмі мен мерзімдерін шығару, туберкулездің эпидемиологиялық қауіпті түрлері бар науқастарға оның қозғалысын шектейтін туберкулезге қарсы мекеменің мамандандырылған бөлімшесі жағдайларында еріксіз жатуын оқшауландыру мүмкіндігін қолдану, сонымен қатар сот шешімі кезінде қылмыстық жауапқа тарту туберкулез бойынша эпидемиялық ахуалды жақсартуға жол береді. Осының бір шарасын көріп, тығырықтан шығар жолын іздеу керек.
Сондықтан, туберкулездің жұқпалы түрлері бар науқастарды емдеудің тиімділігін жоғарлатуға бағытталған мəжбүрлеп емдеу, оның ұйымдастырылуы жайында, сонымен қатар мамандандырылған туберкулезге қарсы бөлімше қабырғаларында ғана емес, оның кейінгі сатыларда да іске асырылуын талап етеді.
Қорытынды
- Тұрғындар арасында əлеуметтíк бейімделмеген топтардың көбейіп жəне осындай науқастардың мəжбүрлеп емдеуді қажет етулерін ескере отырып, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын жəне емделуден жалтаратын науқастарға мəжбүрлеп емдеуге арналған жабық түрдегі туберкулез-наркологиялық бөлімше ашып, төсек қорын көбейту қажет.
- Туберкулездің жұқпалы түрін емдегенде фтизиатр дəрíгерден басқа емдеу үрдісіне нарколог, психотерапевт, əлеуметтíк қызметкерлерді де қатыстырып, маскүнемдікке, нашақорлыққа қарсы кешенді емнің барлық түрін қолданып бірге жүргізілуі тиіс.
- Мəжбүрлеп емдеу уақыты аяқталғаннан кейін, жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке араласуына жəне тұрмыстық жайласуына, əлеуметтíк жəрдем ақы немесе үйсіз адамдарға түнеу-тұрғын үй, жатақхана жағынан көмек көрсетуі тиіс. Тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұрып, аурудың қайталануын болдырмау мақсатында ем жүргізілуіне аса көңіл бөлу қажет.
- Бактерия бөлетін, туберкулезге қарсы емдеуге жатпайтын науқастар, айналасындағыларға ерекше қауіпті болуына байланысты, бас бостандық құқығын шектеумен, мəжбүрлеп оқшауландырудың жабық мекемесінде өмір бойы болуы тиіс.
Қолданылған əдебиеттер
- «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан халқына арналған Жолдауы
- «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген
- http://centralasia.usaid.gov/Веб-сайт агентствасы
- Исмаилов Ш.Ш. Туберкулезбен күрес тоқтамауы тиіс! // Денсаулық. – Алматы, 2008. – С. 1-3.
- Муздыбаев С.К., Самойленко Г.И., Сидорова Н.С., Искакова Б.Б. Результаты лечения больных в специализированном противотуберкулезном отделении для принудительного лечения за 2002 год в Восточно –Казахстанской области // Фтизиопульмонология. – Алматы, 2003 -№2(4).
- Қазақстан Республикасының туберкулез бойынша статистикалық шолуы (Т.Ш. Абдилдаевтың редакциясымен). – Алматы, 2010.
- Несипбаев А.Н., Тагирова Р.С., Медведев Л.А., Опыт организации принудительного лечения туберкулеза в Жезказганском регионе // Физиопульмонология. –Алматы, 2003 №1(3). – С.1415.