Тесттік бақылауды жоспарлы түрде жүргізіп отыру оқытушыларға мемлекеттік білім беру стандарты талаптары бойынша оқыту Деңгейіне сәйкестігін жəне өткен тақырыптар бойынша меңгеру сапасын анықтауға, топтың толығымен немесе жеке әрбір стуДенттің ДағДысы мен іскерлігіне, білім алуындағы кемшіліктері мен түсініксіз болып қалған сұрақтарын анықтауға, оқудағы табыстарын айқындауға жəне белгілі бір кезең аралығында студенттердің оқу матери- алдарын игеру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Тест жүргізу арқылы – қоғамдық ғылымға деген қызығушылықты жоғарлату тәсілі жəне де тестермен жұмыс жасау арқылы оқулықтарда берілмеген, білімді толықтыруға қажетті көптеген ақпараттарды алуға болады. Ғылымға алғаш рет «тест» сөзі ағылшын тілінен енген, мағынасы «байқау, сынау, тексеру» деген ұғымды білдіреді. Сөздік бойынша қарастыратын болсақ, тест – бұл сандық жəне сапалық жеке – психологиялық айырмашылықтарды бекіту үшін, стандартталған уақыт бойынша шектелетін бақылау түрі. Бұл терминді алғаш рет Р. Кэттелл ұсынып, ал алғаш рет тесті ағылшын ғалымы Френсис Гальтон құрастырған болатын [1].
Тестпен жұмыс қалай басталады? Алғаш рет тесті дай- ындаудан бұрын, оны құрастырудың мақсатын айқындау ке- рек. Бір жағынан тест – бұл студенттердегі белгілі бір ғылым саласындағы білім мен дағдылар жиынтығын, олардың білімді игеру деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы түрдегі тапсырмалар жүйесі ретінде қарастыратын болсақ, екінші жағынан, оқытушының педогогикалық іс - әрекетін талдауға жағдай жасайтын жəне оқу сапасы мен дайындық деңгейінің тексеру құралы ретінде қарастыратынымызды автор қашанда түсіне білу жəне оны әрқашан есте сақтай білуі керек.
Тұлғаның білімін, іскерлігін жəне бейімділік бағытын айқындау үшін тест жүйесін қолдану, тестің негізгі диагностикалық қызметін көрсетеді. Тест - тек бақылау құралы ғана емес, сонымен қатар білімді жүйелеудегі іскерліктің мүдделерін қалыптастыру мен жаңа ақпараттарды игеруге мүмкіндік беретін тапсырмалар жиынтығы. Тесттік тапсырмаларды қолдану қысқа уақыт аралығында көптеген білім алушылардың білімін анықтап жəне алдынғы өткен мәліметтерді жүйелеп қайталауға жағдай жасайды. Олар үйренушілердің нені білетінін, нені білмейтініне көз жеткізуге көмектеседі. Дұрыс емес жауап берген жағдайда дұрыс жауапты нақтырақ ойлап, анықтау қажеттілігін көрсетеді. Тест жүйесін басқа бақылау түрімен бірге қолдану оқытушыға үйренушінің оқу мате- риалдарын игеру дәрежесі туралы мәлімет береді. Яғни, осы алынған бақылау нәтижесінің мәліметтері оқытудың бағытын анықтау арқылы, тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Тесттік тапсырмаларды орындау барысында үйренушілерде сыншылдық ойлау дағдылары, сұрақтарға өзіндік талдау жасай білу қабілеттері, жауаптың ұсынылған вариант түрлерін бағалау жəне дұрыс жауабын анықтап, таңдау жасау дағдылары қалыптасады [2].
Қазіргі кезде тесттік жүйе АҚШ, Великобританияда, Голландияда, Японияда, Австралияда жəне басқа да дамыған елдерде кеңінен қолданылуда. Тесттік техноло- гияны қолдану бойынша ешқандай ел АҚШ-мен теңесе алмайды. АҚШ-да тесттік жүйе 1840 жылдан бастап білім беру саласында реформа жүргізудің саяси құралы ретінде қолданылған [3].
Дамыған елдердің білім беру саласында тесттік бақылау, бағдарламалық материалдарды зерттеумен, оның мағынасын түсіну, бекіту, қолдана білу, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудағы оқыту үдерісінің бір бөлігін құрайды. Бақылауды тесттік түрін жоспарлы түрде жүргізіп отыру оқытушыларға мемлекеттік білім беру стандарт талаптары бойынша оқыту деңгейіне сәйкестігін жəне өткен тақырыптар бойынша меңгеру сапасын анықтауға, топтың толығымен немесе жеке әрбір студенттің дағдысы мен іскерлігіне, білім алуындағы кемшіліктері мен түсініксіз болып қалған сұрақтарын анықтауға, оқудағы табыстарын айқындауға жəне белгілі бір кезең аралығында студенттердің оқу ма- териалдарын игеру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оқытушының қатысуымен тесттік бақылау түрін басқа да бақылау түрімен бірге жүргізу, әрбір студенттің өзіне бақылау жасай отырып, анықталған кемшіліктерін түзетуге жағдай жасайды. Студенттердің оқу үдерісі барысында тестті жəне тесттік формаларды кешенді түрде қолдану оқытудың сапасын жоғарлатуға бағытталған.
Қазіргі таңда білім беру саласында оқу жұмысының нәтижесін бағалаудың екі түрі бар - субъективті, яғни топтық сарапшылармен немесе оқытушымен бағаланатын жəне объективті, педогогикалық тестің нәтижесімен анықталынатын бағалау. Осы бағалаудың екі түрі де қажетті жəне бірін - бірі толықтырады. Объективті бағалауға жеткіліксіз көңіл аудару мамандарды дайындау сапасының төмендеуіне алып келеді. Студенттердің оқу жұмысын объективті тесттік бағалау, тəрбиелеуде жəне білім беруде маңызы зор. Тесттік бағалаудың білім берудегі рөлі студенттердің білім алу деңгейінің нəтижесİ туралы объективті ақпараттар алуына негізделеді. Студенттің өзін өзі бағалауы мен оқытушының субъективті бағалауын біріктіріп, толықтыру нəтижесİнде студенттердің білім деңгейін, дағдыларын жəне біліктілігін жетілдіруге, сабақ барысында түсініксіз болып қалған сұрақтары бойын- ша материалдарды оқытуға жəне оның алдын алуға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді. Тесттік бағалаудың тəрибиелİк рөлі студенттерге əртÝрлİ оқу жұмыстарының түрлерін жетілдіру тəсíлдерíн жəне оқытудың тиімділігінжоғарлатуға болатындығын сезіндіру. Студенттердің оқу жұмыстарына əдíл, шынайы, объективті баға бере білу, олардың бойында болашақта тұлға ретінде танып білу қызығушылығы, адалдық, еңбекқорлық, белсенділік, еркін ойлаушылық, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік, кездесетін әртүрлі қиындықтарды жеңе білу сияқты оңтайлы қасиеттердің қалыптасуы үшін маңызды болып табылады. Оқытушыда алынған мəлíметтер бойынша оқу үдерісін басқаруға мүмкіндік пайды болады. Оқу материалдарының мазмұны бойынша алынған топтың нəтижелíк көрсеткіші, оқытушыға студенттерге жоғарғы деңгейде сабақ тақырыптарын игеру үшін қандай тақырыптар бойынша сабақты қайталап өту қажеттілігін айқындауға көмектеседі.
Жоғары медициналық оқу орындарындағы оқу үрдісіндегі тесттік технологияның тиімділігін бағалау мақсатымен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – нің 158 студентке (сұхбаткерлерге) сауалнама жүргізілді. Сауалнама жүргізу барысында, төмендегідей мəлíметтер алынды. Сауалнамаға әртүрлі факультетте жəне курста оқитын студенттер қатысты.
Оқу курсы бойынша 2-ші курс студенттері -39%, 3-ші курс студенттері -18%, 4-ші курс студенттері -16%, 5-ші курс студенттері -26,4%, ал 6-шы курс студенттері- 0,6% құрады. Оқу факультеттері бойынша қарастыратын болсақ, сауалнамаға белсенді түрде ат салысқан медициналық – профилактикалық факультет студенттері (68%), тіс ем- деу - 12%, ал ең төменгі пайыз мөлшерін – емдеу (9%), жалпы медицина (4%), педиатрия (3%), фармацевтика (3%) жəне мейірбике ісі (1%) факультеттерінің студенттері құрады. Университеттегі білім деңгейін «Өте жақсы» деп – сұхбаткерлердің 16,5% бағалаған, ал, «Жақсы» деген көрсеткіш бойынша - 55,1%, «Орташа» деңгейде - 25,3% жəне «Қанағаттанарлықсыз» деп есептейтіндер - 3,1% құрады. Сұхбаткерлердің - 64,6% емтиханды тек тест арқылы тапсыратынын қаласа, 13,3% - тек ауызша жауап берген дұрыс деп санайтындықтарын айтты, ал, 22,1% - емтиханнның аралас түрде өткенін, яғни тест тапсыру, билет сұрақтары жəне жылдық қорытынды бағаны қосып, ортақ баға шығарғанды тиімдірек екендігін көрсетті. Оқу үрдісінде тесттік жүйенің қолданылғанын қалайтын респон- денттер - 77,2% құраса, қаламайтын респонденттер 13,3% құрады, ал жауап беруден қиналған респонденттер 9,5% тұрды. Сұхбаткерлердің - 56% тесттік жүйені қолдану білім сапасын жақсартуға тиімді деп есептесе, ал 30% - тиімді емес деп есептейді. Сұхбаткерлердің - 30% оқу үрдісінде емтиханды тест құралымен тапсыру сапалы білім деңгейіне əсер етеді деп көрсетсе, 15% - мүлдем əсер етпейді деп есептейтінін анықтадық. Студенттердің көп мөлшері, яғни, 55% - білім деңгейін қалптастыру əркíмнщ өзіне байланы- сты деп бағалаған. Білім сапасын жақсартуға тесттік жүйені қолдану «тиімді» деп 56%, «тиімсіз» деп 30% жəне жауап беруден қиналған респонденттер 14% құрады.
Қорытындылай келе, жоғарғы медициналық оқу орнындағы білім сапасы «жақсы», студенттердің емти- ханды тек тест түрінде тапсырғанды қалайтындықтары анықталды. Сонымен қатар, сұхбат беруші студенттер тестің тиімді жағымен қоса тиімсіз жақтарында атап кетті. Тестің тиімсіз немесе кері жақтарына пəн бойынша қорытынды емтиханды тапсырғаннан кейін пәннің тез ұмытылуы, өз ойларын толықтай жеткізу қабілеттерінің төмендеуі, ауызша емтихан тапсыру кезіндегі сөздік қорларының жеткіліксіздігі мен тек жаттандылық қасиеттерінің қалыптасуы сияқты кемшіліктердің бар екендігі айқындалды.
Список использованной литературы
- Красильникова, В. А. Теория и технологии компьютерного обучения и тестирования / В. А. Красильникова. М.: Дом педагогики; ИПК ГОУ ОГУ, 2009. 33 с.
- Алёшина Т.Н., Савинцева Н.В. Тесты как форма контроля //Начальная Школа – 1993, № 1.
- ASSESSMENT IN TRANSITION: learning, monitoring and selection in international perspective (1996).